1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (16126) 2 маусым, бейсенбі 2016

Астанадағы Еуразиялық экономикалық кеңестiң отырысы салы суға кетiп, бiр-бiрiне томсарған бес президенттiң өзара ренiштерiн анық байқатты. Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерi одақтың алдына қойылған бiрде-бiр мақсатқа қол жетпегенiн мойындауға мәжбүр болды. Уәде етiлген ұлттық экономиканың бәсекелестiгi адыра қалып, тауар айналымы құлдырап кеттi, қаржы, еңбек күшiнiң еркiн айналымының орнына Ресей мигранттарды қуып жатыр, одақтастар өзара бiресе ет үшiн, бiресе сүт үшiн “жүз шайысып” қалуда.

Бiздер – “Жас Алаш”, “DAT” (Общественная позиция), “Қазақ елi”, “Ашық алаң – Трибуна”, “Президент және халық” газеттерiнiң, “Аңыз Адам” – “Жұлдыздар отбасы” журналының ұжымдары сiздермен бiрлесе отырып, жерiмiздi бей­бiт жолмен қорғау бас­тамасын көтермекпiз. Жер заңнамасындағы мемлекеттiк, ұлттық мүд­де­лерiмiзге орасан зор залалын тигiзетiн қиғаштықтарды күзеп тастауға үкiметтегiлерде құлшыныс жоқ. Оны прези­дент­тiң мораторий жа­рия­лағанда құрған жер комиссиясының жұмысынан

2016 жылдың 6 маусымы – қасиеттi Рамазан айының бiрiншi күнi!
Аса қамқор, ерекше Мейi­рiмдi Алланың атымен бастаймын!
Құрметтi мұсылман бауырлар, отандастар!
Баршамызды қасиеттi Рамазан айына аман-есен жеткiзген Алла тағалаға сансыз шүкiрлер болсын. Сiз­дердi мүбәрак Рамазан айының келуiмен құттықтаймын!
Таяуда Астанада Қазақстан президентi жанындағы шетел инвесторларының кеңесi өттi. Бұл жиын президенттiң қатысуымен жылда өткенiмен ел экономикасының дамуына қандай үлес қосып жатқанын ешкiм бiлмейдi. Әйтеуiр кеңес мүшелерi жиылып Қазақстанның инвестициялық ахуал-ауанын жақсарту жөнiндегi ұсыныс-пiкiр, ақыл-кеңестерiн айтып жатады. Осы басқосуда бiр оғаш ұсыныс айтылып қалды. Оғаш дейтiнiмiз, әйгiлi Baker & McKenzie фирмасы бас директорының орынбасары, халықаралық атқару комитетiнiң мүшесi Эрик Шеер Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiс енгiзу мүмкiншiлiктерiн қарастыруды сұрады. 

“Менен озу үшiн өзiңнен озатын бала таптырып ал!”. Құнанбай Абайға айтыпты дейтiн осы сөздi Кенжекең ұлына мысал қыла алмаса керек. Өйткенi кiшi Сағадиевтiң аты жер жарып тұр. Сүйкiмiн қайдам, жарты жылға жетер-жетпес уақыттың iшiнде бiлiм саласының астын үстiне шығарған ол қазiр Қазақстандағы ең сұрапыл шенеунiкке айналды. Бiрақ оған бола әкенiң абыройы төмендеп қалды деуге болмайды. Жердiң әңгiмесi қозғалса бiттi, Кенжекең шапанын шешiп тастап, “сату керекке” шығады. Қысқасы, екеуi де елдiң аузында. Әке – балаға, бала – әкеге сай.

21 мамыр билiк үшiн өткен күннiң есебiнде. Алайда жазықсыз қамалып, кiнәсiз жапа шеккендер үшiн олай емес. Адвокаттар арасында сол күнгi сұрқиялықты айыптап, халықтың құқын қорғауға бел шеше кiрiскендер бар. Солардың бiрi – Гүлнәр Жуаспаеваға бiрер сауал қойған едiк.

31 мамыр саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу Күнiнде Алматы қаласының әкiмi Бауыржан Байбек (бұрынғы НКВД ғимаратының алдындағы) саябақтағы шараға қатысты. 23 жыл бұрын саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарынына ескерт­кiш ашылады деп қойылған қара тас қалада бес әкiм алмасса да, сол мызғымаған күйiнде тұр. Ескерткiш орнындағы тастұғырға гүл шоғын қойған соң Байбек қысқаша сөз сөйлеп, осы уа­қытқа дейiн түрлi сылтау

“Халықты баспанамен қамтамасыз етейiк” қоғамдық ұйымының ипотекалық несиеге үй алған өкiлдерi Алматыда АҚШ бас консулдығының алдында 31 мамырда наразылық акциясын өткiздi. Несие алғандар акциясын “Президенттi қорғаймыз” деп атапты. Наразылық бiл­дiру­шiлердiң айтуынша, елi­мiзде “жерге қатысты митин­гiлер” өткен соң АҚШ-та тұратын қазақтар да көшеге шығып, Қазақстан билiгiн жердi сатпауға шақырған. “Халықты баспанамен қамтамасыз етейiк” ұйымы мүшелерi АҚШ-тағы наразылық акциясын, анығында, жастардың “Шал, кет!” деп

...Мен ата-енемді көргем жоқ. Атам мен осы әулеттің табалдырығын аттардан – 22, ал апам – 20 жыл бұрын дүниеден өтіпті. Ата-анасынан айырылған тұста күйеуімнің өзі де оң-солын әлі танып үлгермеген бала болған... Қарашаңырақтың төрінде ілулі тұрған ескілеу суреттеріне ең алғаш көз салған сәттен бастап-ақ өзім ешқашан көрмеген, білмеген осынау ғазиз жандар менің ойша сырласатын жақындарыма айналды.

Қазіргі күні жаһандануға орай ағыл­шын тілі ұлттық тілдерді ығысты­рып-ақ жатыр. Міне, осындай жағдай­да бүкіл әлем өздерінің ұлттық тілде­ріне басымдық беріп, оны қорғау қа­мын жасауға кірісті. Мысалы, жақында ғана өзбек тілін, осы тілде жасалынған рухани құндылықтардың қоғам өмі­рін­дегі орнын күшейте түсу мақса­тымен Өзбекстанда Өзбек тілі мен әдебиеті университеті ашылды. Өз­бекстанның

Менің әкем Мәсғұт Нұрғожаұлы (суретте) –1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған азамат. Ол кісі Павлодар облысының Баянауыл ауданында аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып жүргенде тұтқын­да­лады. Содан, яки 1937 жылдан 1948 жылға дейін Коми автоно­миялық респуб­ликасында «жазасын» өтейді. Сасоль ауданындағы Княж-Погасы станциясының іргесіндегі Солтүстік теміржол лагерінде.

Ұсыныс-үндеу
Ардақты ағайын, ақ ниетті Алаш жұрты!     Дүниені әлдилейтін де, аялайтын да, Әлемді алақанында тербететін де – жұмыр басты пенденің бір-біріне деген мейірімі. Көңілге қанағат беріп, кеудеге рақым нұрын құятын бауырмалдығы. Сол екі ұлы сезімнің де мынау сын сағатта жүректеріңнен табылып жатқанына қатты шүкіршілік етудемін, Алаш азаматтары. Өйткені жер тағдыры
(Шетел әдебиетінен)
Мені әке-шешем құмар ойын тұрмақ жай ғана ойынның өзіне жолатпай, өте қатал тәрбиеледі. Балалар жиналған жерде қол ұстасып, мэнко, нэцуки, бай деген ойындарды ойнайды ғой? Кішкене күнінде кім де болса осы ойындарға қатысты емес пе? Ал маған ойын құралдарына да қол тигізуге рұқсат етпейтін. 
Әрбiр ғалым ғылымға, сонан кейiн ғылыми идеяға, ғылыми ұстанымға адал болуы керек. Ал ендi ғылымға адал емес ғалымдардан ештеңе шықпайды. Олар да бiр, жерге шаншыған қуыс қурай да бiр. Мен мұны неге айтып отырмын? Қазiр құлақ естiмеген, көз көрмеген қасiретке тап болып отырмыз. Мәселен, бұдан былай орта мектептерiмiзде қазақ тiлi мен қазақ әдебиетi бiр пән ретiнде бiрiктiрiлiп оқытылайын деп жатыр (Мұндай тәжiрибе дүниежүзiнiң бiрде-бiр елiнде жоқ!). Осыған “Оу, бұларың қалай?

Жерді сату және шетелдік­тер­ге жалға беру туралы мә­селе соңғы уақытта ушы­ғып, халық арасында зор толқу туғызғаны мәлім. Еліміздің әр тарапында ашынған жұрт ашық бой көтеріп, ереуілге шықты. Мұндай қадамға баруы заңды да, өйткені бұл малмен, егіншілікпен жан бағып отырған қарапайым көпшілікті күнкөрісі­нен айырумен бірдей ағаттық еді. БАҚ-да үкімет шенеуніктері 1млн 700 мың гектар алқаптың Қазақстан аза­маттарына саты­ла­тынды­ғын және шетелдіктерге 25 жылға дейін жалға берілетін­дігін мәлімде­ді.

Семейдегi Мұқан Төлебаев атындағы оқу ғимараты – Әмiре Қашаубаев, Жүсiпбек Елебеков, Бекен Жылысбаев, Бибiгүл Төлегенова, Еркеғали Рахмадиев, Роза Рымбаева, Жолан Дастенов, Мырзағали Айдаболов, Темiржан Базарбаев, Секен Тұрысбеков, Мәулiт Рахымбаев, Дауыл Қайроллин, Олег Джанияров, Тұрсынғазы Рахимов секiлдi өнер қайраткерлерiн тәрбиелеп шығарған алтын ұя. Өнер тарландарының алтын ұясы.

Астананың iргесiндегi, Алаш тас жолының бойындағы “Софиевка” деген ауылдың аты әлi күнге дейiн қазақшаға ауыстырылған жоқ. Кезiнде осы өңiрде совхоздың тұрғындарына арақ сатқан София деген кемпiр болған екен. Кейiнi­рек бүкiл ауыл осы әйелдiң атымен аталып

Өткен күнде белгi бар
Үлкендер қалмасын деп қара-жарым,
Оқыттым ликбезге елдi қалың.
Айнала көп ауылда мектеп ашып,
Балаларға бердiм мен бiлiм нәрiн.
«National Geographic-тің» таңғалдырған үздік 50 фотосуреті Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне қойылды. Көрме Орталық Азия өңірінде тұңғыш рет жарық көрген «National Geographic Қазақстан» журналының тұсаукесері аясында ұйымдастырылды. Халықаралық журналдың отан­дық нұсқасының ашылуына жур­налдың Вашингтоннан келген бас­шылығы, шетелдік меймандар, Қазақстан Республикасы Парла­ментінің депутаттары, еліміздегі
“Жас Алаш” газетiнiң №38 (12 мамыр, 2016 жыл) санында “Ақсақалдарды алдаған мекеме” атты мақала жарық көрдi. Мақалада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентiнiң тұрғыны, 01.11.1938 жылы туған азамат Рашид Жарылқасынов “тыл ардагерi” мәртебесiн ала алмай жүргенiн жеткiзiп, бос әуре-сарсаңға салғаны үшiн “Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық-хал актiлерiн тiркеу бөлiмi”
Санатта жоқ ақын Сенат­қа кiрiптi.
***
Ғылым құлдырағанда бүкiл әкiм ғылым докторы болады
***
Затың құл болса, Атың Нұр болғанын қайтейiн?!

“Спортта өзiме бұйырған биiкке шықтым. Ендi отбасыма көңiл бөлу үшiн, спорттағы сапарымды доғару керек деп шештiм”. 18 жасында әлем чемпионатының күмiс медалiн иеленiп, әлемнiң назарын аудартқан ауыр атлет Светлана Царукаева спорттан кеттi. Ресейлiк басылымдар жарыса жазған ақпарат рас болса, Лондон Олимпиадасының күмiс жүлдегерi Царукае­ва Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасына бармайды.

Еркiн күрестен Бейжiң Олимпиадасының күмiс жүл­десiн алып берген Таймураз Тигиев бұл күнде Ресейдiң құрамасын баптайтын бап­керлердiң қосынында қызмет етiп жүр. 2006 жылдан бастап Қазақ елiнiң намысын қорғап екi Олимпиада ойындарына қатысты. Бейжiң Олимпиадасының финалында Таймураз Тигиев Ширвани Мурадовтан ұтылды. Лондон Олимпиадасының алғашқы айналымында ресейлiк Абдусалам Гадисовтан аса алмай қайтты.

БЕС САҢЛАҚТЫҢ БIРI – ДӘУЛЕТ
Еркiн күрестен әлемдiк рейтингтiң жаңартылған тiзiмiнде Дәулет Ниязбеков қана үздiк бестiкке енiптi. Әлем чемпионатының қола жүлдегерi 61 келi салмақта 4-сатыда тұр. 57 келiде Артас Сана – 8, 70 келiде Нұрлан Бекжанов – 15, 74 келiде Ғалымжан Үсербаев – 17, 86 келiде Аслан Кахидзе – 14, 97 келiде Мамед Ибрагимов – 20, 125 келiде Дәулет Шабанбай 8-орында тұр.