1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №45 (16127) 7 маусым, сейсенбі 2016
Оқиға болған жерден
5 маусымда түске таяу қаланың үш жерiнде Әбiлқайыр хан даңғылындағы “Паллада”, Құрмыш ауылындағы “Пантера” қару-жарақ дүкендерiне бiр мезгiлде қарулы топ басып кiрiп, дүкеншiнi өлтiрiп, қару-жарақты қолға түсiрген. Сол жерде кейбiрi дүкен iшiне бекiнiп, басқалары автоматтарын қолға ұстап, аялдамаға тоқтаған №22 автобусқа кiрiп, жүргiзушi мен кондукторды итерiп тастап, автобусты айдап кеткен.

Ақтөбедегi атыс екiншi күнге ұласқанда билiк бұл сұрақтың жауабын айтты. Қарулы қақтығыстың от көсеушiсi – Тоқтар Төлешов екен. Оның сыбайластары есебiнде бiрнеше адам қамауға алынды. Олардың арасында бұрын бiр облыстың iшкi iстер департаментiн басқарған генерал да, бас прокурордың бұрынғы орынбасары да, тiптi қазiр әскери қызметiн атқарып жүрген командирлер де бар. Бұл тiзiм әлi де жалғасуы бек мүмкiн. Қақтығыстан 21 адам көз жұмып, 38 адам жара­лан­ған. Атыс толық тоқтады деп әзiрге ешкiм

Қош, сонымен не болды? ҰҚК баспасөз қызметiнiң өкiлi Руслан Қарасаевтың айтқанына сенсек: “Тоқтар Төлешев мырза өткен жылдан берi билiктi зорлықпен басып алуға дайындық жұмыстарын жүргiзген. Шиеленiс ошақтарын құру, наразылық акцияларын өткiзу және жаппай тәртiпсiздiктердi ұйымдастыру арқылы елдегi жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқан. Осымен қатар Т.Төлешев үкi­меттiң өзiндiк баламасын жасап-жоспарлаған және қазiргi үкiметтiң құрылымын өзгерткiсi келген.

Франция прокуратурасы аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсiбiндегi француз-герман бiрiккен алып кәсiпорын – Airbus Group басшылығына қатысты бiрнеше тексеру жүргiзуде. Компанияға қатысты жемқорлық дауы туралы жазған француздың Mediapart интернет басылымы француз қаржы прокуратурасы Airbus компаниясының Қазақстандағы әрекеттерiнiң заңдылығын тексерудi 2013 жылы бастағанын хабарлайды.

Өткен аптаның сәрсенбiсiнен берi Алматы қаласы, Алатау ауданына қарайтын “Алғабас – 6” ықшамауданының тұрғындарында маза жоқ. “Қолжетiмдi баспана – 2020” мемлекеттiк бағдарламасы бойынша салынған 72 пәтерлi тоғыз қабатты тұрғын үй қисайған. Қисайғанда да бес-он сантиметрге емес, 31 сантиметрге. Төтенше жағдай төтенше­лiктердi, әкiмдiктегiлердi, поли­цей­лердi де әбiгерге салды. Сәрсенбiнiң түнiнде 72 пәтерде тұратын 200-ге жуық тұрғын Алматы қаласындағы қонақүйлерге уақытша қоныстанды.

Туылған!.. Қазақ тілінің табиғатына жат, түйеден түскен емес, жер астынан жарып шыққандай, сұмпайы, сөлекет сөз. Заманымыздың заңғар тұлғасы, әлемге әйгілі ұлы ақынымыз Мүнхаузен пәленбайыншы жылы туылған. Ол туылған, мен туылғам, сен туылғансың!.. Сұмдық қой. Тіл бұзу ғана емес, түйте-долаң сауат­сыз­дық көрінісі. Арыдағы мың жыл­дық эпостарымызды айтпайық, қазақ әдеби нұсқалары таңбаға түскен соң­ғы екі ғасыр бойы... Абай... Шәкерім... Мұхтар Әуезов

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған Талғат Ермегияев өткен аптадағы сот отырысында соңғы сөзін айтты. Өзіне тағылған айыптың бірін де мойындаған жоқ. Кезінде қоластында істеген адамдардың бірқатары оған қарсы куәлік жасаса, енді бірқатары табан тіреп, ақтап келе жатқанын жұрт білуі тиіс. Үкім санаулы күннен соң шығады.

Казкомның бас акционері Кеңес Рақышев Алматының дамуына инвестиция бөлуді жалғастыруда, Еліміздегі ең ірі банктің бірі – Казкоммерц­банктің бас акционері, кәсіпкер, әйгілі меценат Кеңес Рақышев Алматыда осыдан екі жыл бұрын селден зардап шеккен Наурызбай ау­данындағы спорттық кешен құрылысын қаржы­ландырды.

Маусымның 3-і күні Көкшетау қаласында өткен жер комиссия­сының көшпелі отырысы «ауыл шаруашылық жер шетелдіктерге жалға берілсін, қазақстандықтарға сатылсын» деп жүргендерге өте   ауыр тиді. Астанада үш сенбіде 4-5 сағаттап жиын өткізіп, «дұрыстап түсіндірсек ел қолдайды» деп жүр­ген комиссия мүшелері көшпелі жиынды алдымен Ақмола облысынан бастауды жөн көрген еді.

Көнекөз қариялардың тұр­мыстық танымдары шынайы өмiрмен керемет қабысатыны сонша, кәдеге жарар кеңестi көп жағдайда солардан тауып жатамыз. Ендi ұрыс-керiстi болдырмай, отбасын сақтау үшiн ата-әжелерiмiз ұстанған басты ережелерге назар аударып көрейiк. Мүмкiн, соның арқасында олар 40-50-60 жыл бойы тiзе қосып, тiршiлiк еткен болар?
Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды. Қалжа жемеген әйелдiң баласы ынжық, болбыр, икемсiз болып өседi. Баланы бесiкке саларда ешкiм сөйлемейдi. Егер бiреу сөйлеп қойса, была жылауық, өскенде өсекшi болады.Сәби шалқасынан жатып башайын тiстесе, оны “үйiрiн шақырып жатыр” деп ырымдайды. Яғни оның соңынан тағы бiр бала келедi деген ұғым бар.
Бүгiнде ең жиi кездесетiн кеселдiң бiрi – терi аурулары. Олардың кеңiнен таралуына не себеп? Қалай алдын алған жөн?..
Терi ауруларының жұғатын да, жұқпайтын да түрлерi бар. Көпшiлiгiнiң неден пайда болатыны белгiсiз. Ең көп кездесетiндерi: саңырауқұлақ аурулары және қотыр. Саңырауқұлақ ауруларының iшiнде – трихофития, микроспория аяқ башпайларының арасына

Сұрақ-жауап

Ангинаны алдырып тастауға болады деп естiдiм, бұл қаншалықты дұрыс?
Алтынай НҰРҒАЛИ,
Талдықорған.
Медицина дами қоймаған ерте замандарда адамзат баласы түрлi аурулардың шипасын табиғаттан iздедi. Мысалы, алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, жалбыз, арша сияқты өсiмдiктердiң шипалық қасиетiн ертедегi египеттiктер жақсы бiлген. Дәрiлiк шөптердi кәдеге жарату жағынан үндiстандық­тар­ да қалыспаған. Бұдан 4 мың жыл бұрын олар 760 дәрiлiк өсiмдiктi пайдалана бiлген.
 Өткен бейсенбіден бері елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатыр. Биыл мектеп бітірген 121 мың баланың 87 мыңға жуығы ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Оның 63 мыңы, яғни 72 пайыздан астамы сынақты қазақ тілінде тапсыруда.Басты жаңалық – сынақта сүрінген түлектер жоғары оқу орнына түсу үшін енді бір жыл күтіп жүрмейді. 50-ден төмен ұпай жинаған жағдайда сынақты 1 айдан кейін, ақылы түрде қайта тапсыра алады.

Жамбыл облысындағы Қаракемер ауылына қызыға да қызғана қарайтындар, үлгi тұтатындар көп. Өйт­кенi ауылдың бүгiнгi ажар-келбетi, тұрғындарға жасалған тұрмыстық - әлеуметтiк жағдайлармен қалаңыздағыдан қалыспайтын нысандары кiсi қызығарлық. Ауыл билiкке жаутаңдамай-ақ өсiп-өркендеп, жаңарып –жақсарып келедi. Оған бiрден-бiр себеп – ауыл азаматтарының туған жерге деген сүйiспеншiлiгi.

СтамбҰл қаласында түркiтiлдi әлемдi дамытуға қосқан зор үлесi үшiн берiлетiн “Қызыл алма” сыйлығын тапсыру рәсiмi өттi.
Бұл сыйлықты 2013 жылы жыл сайын түркi тiлдес халықтар тұратын барлық елдер мен аймақтардың саясаткерлерi мен қоғам қайраткерлерiнiң басын қосатын Түркi әлемi форумы тағайындаған. Сыйлық қоғамдық iске, ғылым, спорт, мәдениетке қосқан үлесi үшiн деген номинациялармен тапсырылады.

Бүкiләлемдiк антидопингтiк агенттiк 2008 жылы өткен Бейжiң және 2012 жылы ұйымдастырыл­ған Лондон жазғы Олимпиада ойындарында чемпион атанған бiрнеше атлеттi допинг тұтынды деп айыптады. Iле осы жайтты итальяндық Oasport.it сайты таратты. Италия сайты төрт дүркiн әлем чемпионы, жазғы Олимпиада ойындарының екi дүркiн чемпионы Илья Ильиннiң Лондон Олимпиадасында допинг­ке тапсырған сынамасы оң нәтиже берiп, күмән туғызыпты-мыс.

ҚУАТЫ КЕМИIН ДЕГЕН БЕ?
Талдықорғанда басталған ауыр атлетикадан ел чемпионаты бүгiн мәресiне жетедi.   Лондон жазғы Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова 75 келiден ауыр салмақта сынға түсiп, күмiс жүлденi мiсе тұтты. Подобедова бiрiншi жаттығуында 125 келiнi, серпи көтеруде 161 келiнi еңсердi. Қазақстан чемпионы атанған Надежда Ноғай жұлқып 131 келiнi, серпiп 160 келiнi басынан асырды. Қола медаль Александра Аборневаға бұйырды.

Дөңгеленген дүниенiң дүрмегiнен аңызға айналған адам, даңқты боксшы Мұ­хам­мед Әли де сырт қалып, мәңгiлiк тыныс тапты. 74 жас­тағы Әлидi ұзақ жылдардан берi жабысқан сырқаты алып тынды. 1960 жылы Римде өткен жазғы Олимпиада ойындарының финалында поляк Збигнев Петиш­ковскийдi есеңгiреткен, кәсiпқой бокста 61 жекпе-жекте қарсыластарына шоқпардай тиген күрзi жұдырық иесi дамыл тапты.