1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (16128) 9 маусым, бейсенбі 2016

Иманғали Тасмағамбетов күнi кешеге дейiн БАҚ бетiнен көрiнбей кеттi. Маусым айының басында өткен  KADEX-2016 көрмесiне қатысқаны жайында, 7-8 күндерi Қытайдың қорғаныс ведомствосының басшысы Чан Ваньцюанмен және Ресей Қорғаныс министрi Сергей Шойгумен кездескенi жөнiнде ресми мәлiмет бар. Бiрақ бiрде-бiр телеарна бұл кездесулер жайында ақпарат таратып, Қорғаныс министрiнiң жылт еткен бейнесiн көрсет­педi. Тiптi мамыр айында “Тасмағамбетов үй­қа­мақта екен” деген әңгiме де туған. Дегенмен бiз мұның бiрiне де тоқталғымыз жоқ. Айтпағымыз – мүлде басқа мәселе.

Ойды ой қозғайды. Осыдан төрт жыл бұрын Алматы облысындағы Арқанкерген шекара бекетiнде болған оқиға ерiксiз еске түседi. Аузынан әлi ана сүтi кетпеген сарбаз Владислав Челах түсiнiксiз жағдайда өзiнiң 14 қарулас серiгiн бiр түнде жер жастандырды. Бiр солдат 14 серiгiн қырып салды дегенге сенетiндерден гөрi сенбейтiндер көп. Мынау да дәл сол сияқты. Бұзықтық жасады, тентектiкке барды дегенде, ары кетсе “разборкалардың” iшi-сыртында жүруi мүмкiн шымкенттiк кәсiпкер Тоқтар Төлешов мемлекеттiк төңкерiс жасап, билiктi басып алмақ болды деп айыпталып отыр.

АТЫРАУЛЫҚТАР «АРАША» КОМИТЕТIНЕ ҮМIТ АРТАДЫ
“Бiз қажет болса бұл iске халықаралық ұйымдарды қатыстырамыз. Соттарға шетелдiк ықпалды басылымдарды шақырамыз. Бiз жерге араша түскен, сонысы үшiн қудаланған азаматтарға арашашы болу үшiн келдiк”. Сәуiрде өткен рұқсат етiлмеген митингi­ден соң қылмыстық жазаға тартылғандардың туыстарының отбасымен жолыққан “Араша” мүшелерi алдына қойған мақсаттарын осылай түсiндiрдi.
Жуырда «ҚР Жер кодексiнiң кейбiр нормаларының жұмысын тоқтату туралы және 2015 жылдың 2 қарашасынан »ҚР Жер кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы Парламентке түсiптi. Бұл туралы Мәжiлiстегi аграрлық мәселелер жөнiндегi комитеттiң төрағасы Сапархан Омаров былай дейдi: “Соның iшiнде, шетелдiктерге қатыс­ты нормалар, азаматтығы жоқ адамдарға,

5 маусымдағы түсте екi қару-жарақ дүкенi мен ұлттық гвардияның әскери бөлiмiне лаңкестiк шабуылдан 20 адам өлiп, 38-i жараланған. Қан­ды қақтығыстың құрбандары: “Пал­лада” қару-жарақ дүкенi­нiң сатушысы Максименко Андрей, қармақ алуға кiрген кездейсоқ куәгер Матросов Михаил, 68 жастағы Онищенко Николай, шақыртуға асығыс жеткен “Күзет” қызметкерi Тәжiбаев Мирхан. Ұлттық ұланның бөлiмшесiне шабуыл ке­зiнде лаңкестер қолынан қа­за тапқандар

Күнi кеше ғана ресейлiк Рен ТВ арнасының “Военная тайна” бағдарламасы қазақ патриоттарына күйе жаққан хабар таратты. Ондағы айтылған пiкiрлерге жүгiн­сек, Қазақстанда бүгiнде Ресейге қарсы саясат өрiс алып тұр екен-мыс. Ал жер мәселесiне байланысты осыдан бiр ай бұрынғы жиындардың астарында – Украинадағы сияқты “Майдан” ашу ниетi бар және оның артында батыстық күштер тұрған көрiнедi. “

«Қараша». Ағымдағы баспасөзде жиі ұшырасады, бұқара жұрт, еңбекші қауым, жалпы халық мағынасында. Барды бұрмалаудың әдепкі бір көрінісі. Бұл бұзылған сөздің түп төр­кіні – «қарашы». Арғы заманда ханның кеңесші бегі: «Хан қасында қарашы» деген мәтел де бар. Кейінірек, «ақсүйек» емес, «қара халық», «қалың бұқара» мағынасына көшкен: «Ханның жақсы болмағы – Қарашының елдігі, – Қарашы халқы сыйласа, –

Аудан мен ауыл арасындағы арбакеш арқылы аттандырған аманат емес, атауынан ат үркетін мекеменің жіберген хаты жоғалып жатса, жауап­сыздық емей не? Мәселенің мәнісі мынандай: Медицина саласындағы бір дүдәмал мәселе­нің мән-жайын ашуға жәрдем сұрап мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық Жезқаз­ған аймақтық басқар­масына былтыр 11 жел­тоқсанда жолдаған өтінішім қолды болды.
Шертпе күймен аты шыққан әйгілі Созақтың Аққолтық ауылында 1948 жылы туған көрнекті суретші-дизайнер, ҚР Мәдениет қайраткері, еліміз­дегі этнодизайн саласының негізін салушы, музей экспозициясының шебері, профессор Аманжол Найманбай дүниеден озды. Әрине, халқымыз суретшіге

Біздер – «Жас Алаш», «DAT» (Об­щественная позиция), «Қазақ елі», «Ашық алаң – Трибуна», «Президент және халық» «Ақжайық», «Алтын Орда» газеттерінің, «Аңыз Адам» – «Жұлдыздар отбасы» журналының ұжымдары сіз­дер­мен бірлесе отырып, жерімізді бейбіт жолмен қорғау бастамасын кө­термекпіз. Жер заң­на­­масындағы мем­лекеттік, ұлттық мүд­делерімізге орасан зор залалын тигізетін қиғаштық­тарды күзеп тастауға үкіметтегілерде құлшы­ныс жоқ.

1966 жылы Қытайда “Мәдениет төңкерiсi” етек алды. Осы төңкерiстi iске асырушыларды халық “хун­бей­бiндер”(қызыл белсен­дiлер) деп атады. Хун­бейбiндер аз ғана жылдың iшiнде алып мемле­кеттiң астын үстiне шығарды. Бүкiл мәдени мұраны қиратып, бiлiмдi, бi­лiктi мамандардың көзiне көк шыбын үймелеткен де – солар.

31 мамырда, яғни саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi Астананың Затаевич көшесiндегi қорымға барып, аруақтарға Құран бағыштадым. Бейiттер жақсы-ақ қоршалған. Ескерткiш тастарға мұнда сталиндiк репрессия құрбандары жерленгенi орыс тiлiнде жазылыпты. Қорымның

Қазiр жер туралы үкiметтiк комиссия құрылды ғой. Менiң осы комиссияға бiр тiлегiм бар. Қазақстанның құнарлы, шұрайлы, көрiктi жерлерiн иемденiп алған iрi жер иеленушiлердiң аты-жөнi аталып, олардың тiзiмi жариялануға тиiс. Мәселен, менiң бiр танысым “Түлкiбас ауданының тең жартысына жуығы – С.Терещенконың жерi” дейдi. Осы секiлдi ақпараттарды тексерiп

Әжемiз Әуесхан Қытайда, Құлжа өңiрiнде өмiрге келген екен. Бiрақ сыңары Әсия екеуi екi шаңырақта тәрбиеленген. Жағдай былай болыпты. 1936 жылы Құдайберген деген кiсiнiң үйiнде егiз қыз дүние есiгiн ашады. Бiрақ әйелi босанғанда Құдайберген түзде жүрсе керек. Құ­дайбергеннiң атасының Зақи атты қарындасы болыпты. Зақи 40 жасына дейiн бала көрмеген, бiр нәрестеге зар болып жүрген адам екен.

Қарабұтақ ауданының автобазасында 38 жыл (1959 жылдан бастап) жүргiзушi болып еңбек етiп, 1997 жылы зейнет­керлiкке шықтым. Алайда аталған мекеменiң кадр жөнiндегi инспекторы еңбек кiтапшамды қате толтырып, еңбек өтiлiм дұрыс көрсетiлмей қалды.
Бұл – жақсылық емес.
“Жақсылық емес” дегенде мен бiздiң саяси ойыншылардың кәсiпкер Тоқтар Төлешовтi “қазiргi билiктi құлатуға тырысты” деген айыптауын айтып отырмын. Менiң Т.Төлешовпен бес бересi, алты аласым жоқ. Оны мүлде танымаймын. Бiрақ, билiктi құлату оңай-оспақ шаруа емес.

“Ауылға жас оташы ке­лiптi” дегендi естiгенде, ешқайсымыз елең ете қой­ған жоқпыз. Өйткенi 50-жылдардың аяғында оқуды жаңа бiтiрген дәрiгерлер ауылға көптен келiп жатқан болатын. Солардың бiрi соқырiшекке ота жасаймын деп үш бiрдей азаматты опат етiп едi. Осы жолғы кел­ген оташымыз өз ауылдасымыз Бимағанбет болып шықты. Бимағанбеттiң алғаш­қы отасы сәттi шығып, жұрт көңiлiне дәрiгерге деген сенiм ұялай бастады.

Әбдiсалан Нұрмахановты алғаш рет 1959 жылы Алматыға Қазақ мемлекеттiк университетiне оқуға кел­генiмде көрдiм.Бiр күнi Алматының оқтай түзу әрi жасыл желек жамылып тұратын әсем көше­лерiмен серуендеп келе жат­қанымызда дәл жанымыздан “Әне, әне, Нұрмаханов келе жатыр!” деген дауыс естiлдi. Елең ете қал­дық. Жалтақтап жан-жағымызға қараймыз. Сөйтсек, тура қарсы алдымызда тротуармен екi-үш жiгiт келе жатыр екен.

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел чемпионаты мәресiне жеттi. Ерлер арасында 94 келiге дейiнгi салмақ дәрежесiнде Владимир Седов шеберлiгiн көрсетуi тиiс едi. Ол зiлтемiр тұрған сахнаға көтерiлдi де бiрден кеу­десiндегi киiмiн шешiп алып көрермендерге қарай лақтырып жiбердi. Жай ғана лақтырса бiрсәрi, кiжiне айғайлап “Мiне, сендерге нағыз Олимпиада чемпио­ны” дедi. Сондағы көрсеткiсi кел­генi ресейлiк ауыр атлет Александр Ивановтың бейнесi бар шолақ жең жеңiл киiм.

БАПКЕР УӘДЕСIН ЖҰТПАДЫ
Футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы Қытай футболшыларын тұңғыш рет ұтты, жолдастық матчта. Қытайдың Далянь қаласында өткен тартыста Азат Нұрғалиев гол соғып, жеңiске жеттi. Тартыстың 45-минутында әуелеген допқа талас кезiнде сүрiне құлаған Ұлан Қонысбаев жарақат алды. Оң аяғының сүйегi тобықтың морт үстiнен сынып кетiптi. Ауыр жарақат алған футболшыны