1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (16129) 14 маусым, сейсенбі 2016

Маусымның 13-i күнгi дерек бойынша, 7 бейбiт азаматтың, сот шешiмiнсiз ресми орындар террорист деп айдар таққан 18 күдiктiнiң өлiмiмен аяқталған Ақтөбе қырғыны қазақ қоғамына жаңа дiни күрестiң жолын ашқандай. Қай ағыммен күресу керектiгiн президент Н.Назарбаевтың өзi айтып бердi. Бiрден емес, әрине. Ресми билiк терракт деп бағалаған маусымның 5-i күнгi Ақтө­бедегi шабуылдан кейiн үш күн өткiзiп барып халыққа үндеу жасаған президент «шетелден нұсқау алған жалған дiни ағым өкiлдерi» туралы айтты. Бiрақ, жалған дiни ағымның атын атап, түсiн түстемедi. Екi күннен кейiн өткен Қауiпсiздiк кеңесiнде ол “мұны дәстүрлi емес салафизм дiни ағымы жолын ұстанушылар тобының террористiк шабуылы екенiн бiз қазiр бiлiп отырмыз. Республикада дiн ұстану бостандығына кепiлдiк бере отырып, дiннiң атын жамылып елдегi жағдайды ушықтырушылардың барлығына қатаң тойтарыс беремiз” дедi.

5 маусымда Ақтөбеде болған қанды оқиғадан бiрнеше күн өткен соң ғана экраннан көрiнген Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев оқиғаны террорлық шабуыл деп атап, оны шетелден нұсқау алған радикалды дiни ағым өкiлдерiнiң жасағанын мәлiмдедi. Назарбаевтың ойынша, олар мұны “түрлi-түстi төңкерiстi” бастау үшiн ұйымдастырған көрiнедi.

Ел көңiлiн алаң еткен атыс тыншыды, аймақтағы қауiптiң “қызыл” деңгейi “сарыға” төмендедi. ҰҚК Ақтөбедегi жағдайдың тұрақталғанын, ел қауiпсiздiгiнiң қатаң бақылауда болатынын хабарлады. Бiрақ тiрi адамның қаза тапқандар қатарында аталуы, қылмыскерлер тiзiмiне оған еш қатысы жоқ адамдардың қосылып кетуi секiлдi рабайсыз қателiктер жұртты екiұдай күйде қалдырды.

нде Ақтөбеде болған қанды оқиға ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналып тұр. Содырлардың бiразы оққа ұшып, қалғандары тұтқындалып түрмеге тоғытылып, қазiр Ақ­төбедегi қауiптiлiк деңгейi “қызыл белбеуден” сарыға ауыстырылғаны жария болды. Бiрақ мәселе осымен шешiлiп болды ма? “Бұл секiлдi лаңкестiк әрекет батыс өңiрлерде ендi қайталана ма? Нелiктен 2011 жылғы Шұбарши оқиғасынан кейiн арнау­лы ұйымдар бақылауды күшейтпеген?

Ақтөбедегi “терактiлер­дiң” төркiнi қайда жатқаны, бұларды кiм ұйымдастырғаны” және не үшiн “ұйымдастырғаны” туралы ел iшiн ал­уан-алуан пiкiр қаптады. Тiптi “Билiктегiлер: “митинг-си­тингiнi қойып, наныңды жеп, шәйiңдi iшiп тыныш отырмасаң, көресiңдi көрсетемiз!” деп халықты қорқытып қою үшiн жасаған жоқ па?!” дейтiндер де жоқ емес. Атыс кезiнде екi жақтан да қаза болған байғұстар бiрiн-бiрi не

“Новая газета” (Ресей) өзiнiң соңғы нөмiрiнде Қазақстан билiгiнiң “жер мәселесiне байланысты митингiлердi Тоқтар Төлешов қаржыландырды” дегенiмен мүлде келiспейдi. “Жасыратын ештеңе жоқ, Оңтүстiк Қазақстан мен Батыс Қазақстанның адамдарының болмыс-бiтiмдерi де, мiнездерi де, түсiнiктерi де сәйкесе бермейдi. Оның үстiне бұл өңiрлердегi кландық құрылымдар да әртүрлi, әртектi.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшiсi Джордж Крол мырзаға Ашық хат
Құрметтi елшi мырза!
Бiрқатар мемлекеттiк БАҚ Қазақстан мен Америка достық қарым-қатынасына ашық ақпараттық шабуыл жасауда. Билiктiң тiкелей рұқсатымен, Алматыда банк борышкерлерi АҚШ консулдығының алдында “президенттi” қолдау акциясын өткiздi. Жердi жалға беруге қарсы өткен бейбiт жиын қатысушыларына 150 доллардан төлендi, митингiлердiң артында АҚШ Мемлекеттiк де­партаментi тұр деген жалған ақпарат та таратылды.
БIРIНШIСI ЕКIНШIСIН ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ ДЕГЕН РЕСМИ АҚПАРАТТАРҒА СЕНЕ АЛАМЫЗ БА?
Көпшiлiктiң көңiлiне күдiк ұялатқан ақпараттың анық-қанығын бiлу үшiн бiз 21 мамырдағы жалпықазақстандық бейбiт жиын-митингiнi ұйымдастырмақ болған белгiлi қоғамдық белсендiлерге мынадай төрт сауал жолдадық:

Соңғы жылдары “мүмкiндiгi шектеулi жан” деген сөз құлаққа кәдiмгiдей сiңiстi болып кеттi. Қазақта мүмкiндiгi шектеулi жандарды мүгедек, жарымжан дейтiнi белгiлi. Ал жарымжан жанның көңiлi де жарымжан екендiгi айтпаса да түсiнiктi. Осындай жандар қоғамның қаншалықты қайырымды екендiгiн сынау үшiн жiберiлгендей көрiнедi. “Мемлекеттiң қаншалықты өркениеттi екендiгi қарттар мен мүгедектерге жасалған қамқорлықпен өлшенедi” деген түсiнiк те бекер қалыптасқан жоқ.

Кеңес заманында Мәскеуде «Прогресс» деген баспа болды. Бұл баспаның өзге баспалардан бір ерекшелігі, кітаптарды көзінен тізіп шығара бермейтін. Екшеп, қатаң іріктеп, биік талғам мен жоғары талапқа жауап бере алатын қажетті, зәру, оқырманның сұранысын қанағаттандыра алатын үздік кітаптарды шығаратын. Кітап дүкеніне кірген кітапқұмарлар да ең әуелі кітаптың қай бас­падан шыққанына назар аударатын.

Алтыншы айдың ми қайнатар аптабының бетi қайтар түрi жоқ. Синоптиктердiң болжамынша, биылғы жаз елiмiз­дiң оңтүстiк, оңтүстiк-шығыс өңiрлерiнде өте ыстық болады және температура, негiзiнен, 40-41 градусқа дейiн көтерi­ледi. Дәрiгерлер мұндай ыстықта мүмкiндiгiнше жалаңаяқ жүруге кеңес бередi, әрине, шыжыған асфальтта емес, шөптiң үстiнде. Iшкi органдар­ға жауап беретiн нүктелердiң басым көпшiлiгi табанда шоғырланған.

«Ұлыс». Бүгінгі қазақ баспасөзі мен саяси өмірдегі ең бір бұзылған, бұрмаланған, кері мағына, басқаша ұғымға көшірілген сөздердің бірі. «Ұлыс» – нешеме ғасырлық ғұмыры бар тарихи атау, Көне Түрік заманынан кешегі күнге жалғасқан, бүгін де әуелгі мағынасын жоймаған, «мемлекет», «хандық», ауызекі тіл, әдепкі жағдайда – «бүткіл халық» деген сөз. Шыңғыс хан империясы «Еке Моғұл Ұлысы», яғни Ұлы Моғұл мемлекеті деп аталды.

Осы бар ғой, біздер үйде отырып алып, әкімдерді кінәлаймыз. Пара алады дейміз, анау екен, мынау екен дейміз. Сөйтсек, пара алу да, пара беру де үлкен өнер екен ғой. Тіпті бір үлкен шоу, сахналық қойы­лым десе де болады. Шынымды айт­сам, өзім осыны басымнан өткерген соң, әкімдерді керемет сыйлайтын болып кеттім.

«ОРАЗАМ БҰЗЫЛЫП КЕТЕР»
Қожанасыр медреседе оқып жүрген кезінде бұзық болыпты. Ораза күндері Қожанасыр тәртіп бұзыпты. Ашулан­ған ұстазы ұзын шыбығын қолына алып Қожанасырға:
– Аузыңды жауып жым болып отырасың ба, жоқ әлде таяқ жейсің бе? – деп ақырыпты.
Күйеуі:
– Егер сен мені тастап кетсең, мен пойыздың астына түсіп өлемін! Естіп тұрсың ба мені? Әлі де болса ойлан! Ақылға сал!
Әйелі:
– Жарайды, ойлансам ойланып көрейін. Бәрібір келесі пойыз ертең сағат 10-да ғой...

Күн сайын еститініміз: үйтіп кетіпті, бүйтіп кетіпті, сүйтіп кетіпті, атып кетіпті, шатып кетіпті, сасып кетіпті, батып кетіпті, жатып кетіпті, қатып кетіпті, шашып кетіпті, зорлап кетіпті, қорлап кетіпті, сорлап кетіпті, алдап кетіпті, атайын деп жалдап келіпті, шашын тықырлап алып, жан-жағын барлап кетіпті, шпиондар өріп кеткен, елімізді шарлап кетіпті...

Неге екенін бір Құдайым білсін, соңғы кездері Сталин жиі түсіме кіре­тін болып алды. Бірде мұрты тікірейе ызғар шаша: “Сен Коммунистік партияны келемеждеп, шалдыр-шатпақ “бірдеңе” жазыпсың ғой. Әттең, кеші­рек туып,   құрығыма түспей қалдың. Келерсің әлі-ақ біздің жаққа да. Көр­сетермін партиямен ойнауды!» – деп тұр.

Мәңгүрттер – ұлттық санасы семіп, тілі мен діні жоғалғандар.
Шенеуніктер – жағымпаздықты жетік меңгергендер.
Зейнеткерлер –мәдени «қайыршыға» айналғандар.            
Депутаттар – үкіметпен ауыз жаласқандар.

Биыл Олимпиада жылы. Олимпиада десе алдымен елiмiздiң көк туын жел­бiреткен жеңiм­паздар еске оралады. Осы орайда, оңтүстiк спорты немесе қазақ боксы десе, алдымен ел абыройын бiр-ақ күнде аспандатып, айтулы бәйгеде қазақ қоржынына алғаш болып алтын жүлде салған Бекзат Саттархановты айтамыз. Бекзат жиырма жасында талайларға арман болған Олимп шыңына көтерiлiп, тәуел­сiз жас

ҮШIНШI РЕТ ӨТКIЗЕДI
Әлемнiң назары ауған Еуропа чемпионаты да басталып, топтық кезеңдегi бiрнеше матч та ойналды. Франция осымен үшiншi рет Еуропа чемпионатын өткiзудiң аманатын арқалап отыр. 1960 жылы да Еуропа чемпионаты Францияда ұйымдастырылды. 1984 жылғы құр­лық аламанында да футболшылар осы елдiң шаңын аспанға ұшырды.

Құрлық додадасына тұңғыш рет ту алып кiрген ұжымның бiрi – Албания. А тобындағы албандар алғашқы матчын Швейцария құрамасына қарсы өткiзiп ұтылды. 5-минутта Фабиан Шердiң соққан голы швейцарлықтарға жеңiс әкелдi. Матчқа төрелiк еткен испандық қазы Карлос Веласко Карвальо 36-минутта албаниялық қорғаушы Лорик Цананы алаңнан қуды.