1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16130) 16 маусым, бейсенбі 2016
Ауылдан Ақордаға хат
Нұрсұлтан ата, менiң атам туған күн жасағанды өте жек көредi. Дүниеде басы артық ырду-дырдуды жақтырмайтын екi адам болса, соның бiрi – менiң атам. “Сiздiң туған күнiңiз қашан, ата?” десем болды, “әжең ет асқан күннiң бәрi – менiң туған күнiм” дейдi. Осындай да жауап бола ма? Мүмкiн, оқымаған кiсi болғаннан кейiн де сөйтетiн шығар. Ал шешем керiсiнше, өзi өмiрге келген күнi мiндеттi түрде дастарқан жаяды.

Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов бiр саты жоғары жылжып, Мәсiмовтiң iргесiне келiп тоқтады. Мұны осы аптаның ең үлкен жаңалығы десек те болатын шығар. Өйткенi бүкiл ел назары тегiс ауған Жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмысына жетекшiлiк ету мiндетi де Мырзахметовке жүктелдi. Оның үстiне қолына алғанына бiр айдан ендi ғана асқан аграрлық саланың ауы мен бауы әлi уысында.

Кеше Мәжiлiсте жердi сатуды және жалға берудi тоқтататын заң жобасы мақұлданды. Бұл туралы вице-премьер – ауыл шаруашылығы министрi ­Асқар Мырзахметов мәлiм­дедi. Ол өз сөзiнде “ҚР Жер кодексiнiң кейбiр нормаларының жұмысын тоқтату туралы және 2015 жылдың 2 қарашасынан ҚР Жер кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” заң жобасын жасауға президенттiң 2016 жылдың 6 мамырындағы “
ҰЛТТЫҚ ҚАУIПСIЗДIК КОМИТЕТI НЕ ҚАРАҒАН?
Маусымның 14-i күнi Астанада iшкi iстер министрлiгiнiң жұмысы туралы халыққа есеп берген министр Қалмұхамбет Қасымов Ақтөбе қанды атысы жайында көбi­рек сөйлеуге мәжбүр болды. Министрдiң айтуынша, атыс күнi яғни, маусымның 5-i күнi шабуыл жасауға шыққандар     туыстарына және басқаларға қоңы­рау соқпас үшiн өздерi тоқтаған пәтерге ұялы телефондарын түгел тастап, тыңғылықты дайындалған.

Ақтөбедегi қанды оқи­ғалардан соң Қазақстан билiгi терроризм және экс­тремизмге қарсы жаңа науқан бастары сөзсiз. Және бұл үшiн қазынадан тағы қыруар қаржы бөлiнетiнiне де шүбә келтiрмеймiз. Тек, лаңкес­тiкпен күресу жолдары туралы билiк өкiлдерi айта бастаған ұсыныстары мен бұған дейiнгi терроризмнiң алдын алу шараларының “жетiстiк­терi” оның нәтижелi болатынына күмән тудырады.

Жасыратыны жоқ, соңғы кездерi халықтың көңiлi көп жағдайға алаң. Оған бiрден-бiр себеп, елiмiзде ретсiз, репетсiз жүргiзiле бастаған сан түрлi реформалар. Қоғам неге алай-түлей күй кешiп жатыр? Бұл халықтың қазiргi саяси басқару жүйесiне қарсылығы ма? Әлде саяси-әлеуметтiк сана-сезiмнiң көтерiлгенi ме? “Жас Алаш” осы және басқа сауалдарға жауап iздеу ниетiмен Орталық Азиялық демократияны дамытудың қорының бас директоры, саяси ғылымының кандидаты Толғанай Үмбетәлиеваға жолығып, әңгiмелескен едi.

Ешқандай заңмен тыйым салынбаған, халықаралық келiсiмшарттар аясынан тыс қалған, нақтырақ айтқанда, көзге көрiнбейтiн, бiрақ ең қауiптi әрекет – ақпараттық шабуыл. Ол қай кезде де тоқтаусыз жүрiп отырады, тек жұрт оны байқай бермейдi. Ақпараттық шабуылдың көмегiмен кез келген елдiң iшкi жүйесiне килiгiп, қанды қырғынсыз-ақ жаулап алуға болады. Сарапшылардың пiкiрiнше, бәрi ақпараттық тәуелсiздiк шебiн бұзудан басталады.

Редакциямызға Алматы об­лысының Еңбекшіқазақ ауданынан Алтынбек Әбілбеков жә­не Алтынбек Смаилов есімді екі ақсақал келді. Бірі – Тескенсу ауылдық ақсақалдар алқасы­ның төрағасы, енді бірі сол ал­қаның мүшесі екен. «Ауыл тұрғындарын мазалаған сан түйткілді айта-айта аузымыз ақжем болды» деген қос қария әкімдерге жеткізе алмаған мұң-зарын «Жас Алаш» арқылы жария қылуды қош көріп келіпті. Аудан басшылығы бұл мәселеге назар аударар деген үмітпен ендігі әңгімені ақсақалдардың өзіне берейік:

Президент мораторий жариялап, үкiметтiк комиссия құрып, парламент кеше заң қабылдап жер заңнамасындағы аса қауiптi баптардың iске асып кет­песiне уақытша тоқтам жасады. “Жаудың бетi” әлi қайтқан жоқ. Уақыт өткiзе келе, елдi ұмыттырып барып, кейбiр қиғаш баптарды күзеген, түзеген болып, бiр­ақ мақсат-мәнiн өзгертпестен қайта бекiте салуы да мүмкiн. Үкiметтiк комиссияны басқарған адамды ауыстырудың күдiк туғызғаны және бар.
Біз, Ақтөбе қаласының тұр­ғындары, оның ішінде 11-ші ықшамауданда орналасқан № 32, 35, 37 орта мектеп оқушы­ларының ата-аналары, осы үш мектептің ортасында тұрған стадионды құлатуға наразы­лық білдірудеміз. Алғашқыда стадион ма­ңында құрылыс техникасын көргенде, жөндеу жұмыстары жүргізілгелі жатыр екен деп қуанған едік. Бірақ жұмысшы­лар­дың стадионды құлатып жатқанын көргенде...

осылардың барлығы да «Ол қазаққа қандай жақсылық жасады? Қазақтың қолын қандай рухани, материалдық игіліктерге жеткізді? Қазақ зиялыларына, қазақ жастарына қалай қарады? Қазақтың мүддесі мен мұратына адал қарай алды ма?» деген сауалдардың жауабына қарай бағаланып жүр. Барлығы да!

Жаз. Рамазан айы болатын. Жұмысқа жаңадан тұра­­й­ын деп жүрген кезім. Бір үлкен тойға бару керек болды. Үсті­ме киетін тәуірлеу киім қал­мапты. Қолымда бар-жоғы бес мың теңге ғана. Бұл ақшаға не көйлек, не аяқ киім ала алмайсыз. Сонымен, ауыз бекітуге ниет етіп, таң намазында дұға қылып, Аллаға тәуекелмен Алматының аты мәлім қара базарына жол тарттым. Ең әуелі аяқ киім алайын деп, қатар-қатар тізілген сөрелерді аралап, аяқ киімдердің бағасын көріп жүрген кезде бір әдемі аяқ киім көзіме оттай басылды.

Осыдан бес-алты жыл бұрын сазгер, ақын, сатирик Жарылқасын Дәулет бауырымыз теледидар арқылы «Шофер әні» атты әннің авторын іздеп, сұрау салды. «Кім не дер екен?» деп күттік. «Бұл ән менікі еді...» деп ешкім шыға қоймады. Осы ән туралы енді өз білгенімді ортаға салсам деймін. 1970 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының аударма бөлімі жақсы жұмыс істеді. Сол кезде талай-талай «Тәжікфильм»
Біз, Ақтөбе қаласының тұр­ғындары, оның ішінде 11-ші ықшамауданда орналасқан № 32, 35, 37 орта мектеп оқушы­ларының ата-аналары, осы үш мектептің ортасында тұрған стадионды құлатуға наразы­лық білдірудеміз. Алғашқыда стадион ма­ңында құрылыс техникасын көргенде, жөндеу жұмыстары жүргізілгелі жатыр екен деп қуанған едік. Бірақ жұмысшы­лар­дың стадионды құлатып жатқанын көргенде...

2001 жылы біздің ауыл­дағы мемлекеттің меншігін­дегі ғимарат кәсіпкер Н.Тұр­ғымбековке «аукцион» ар­қылы жасырын сатылды. «Жасырын» дейтінім, ғима­раттың ішінде кітапхана бар. «Сатқыштар» мемлекет мүл­кі бар екенін біле тұра қалай сатқан? Ал ауыл тұрғыны   Н.Тұрғымбеков мұндай даулы ғимаратты қалай сатып алған? Кейін дау туындап, кітапхананы сол кездегі облыс әкімі Б.Сапарбаевтың араласуымен елге қайтаруға атсалыстым. «Кітапхана ғи­ма­раттың ішінде қалды­рылсын»

Осыдан төрт жыл бұрын, V Астана экономикалық форумына келген Түркияның сол кездегі премьер-министрі Реджеп Ердоған өз ана тілінде сөйлеп, аудармашысы оны әдеттегідей қазақ тіліне аударды. Сол кезде залда қазақ тілінен ілеспе аударма жасайтын маманның жоқ­тығынан, бірнеше минут бойы оның сөзін қатысушылардың басым көпшілігі түсінген жоқ. Өйткені, мұндайда қазақ тілінде сөйленген сөз әуелі орыс тіліне, одан сатылап басқа тілдерге ілеспе аударма жасалады.

«Жер бетінен бір ұлтты жоқ қып жіберу үшін ол ұлтқа қостілділікті енгізсе жетіп жатыр» дегенді «Тілдер ажалы» деген ғылыми еңбегінде тек Дэвид Кристал ғана емес, әлемнің талай ғалымдары талай жерде айтқан. Ал енді қазіргі биліктің «қа­зақты үштілді етіп, оны әлемдегі ең бі­лім­­ді, ең озық ұлтқа айналды­ра­йық, сондықтан сәбилерің жа­рық дү­ние­ге көзін ашар-ашпас­тан үш тіл­де күліп, үш тілде жылап, үш тілде сөйлейтін болсын» деген қитұрқы саясатына сеніп, қуанып жүрген­дер де аз емес.
Мектепте оқып жүргенде осындай көнбiс, қандай қиындыққа тап болса да морт сынып кетпейтiн қайратты бала едi. Дардай жiгiт болып есейiптi. Оқанмен (аты-жөнiн өзгертiп алып отырмын) бiр ауылда бiр көшеде көршi тұрдық. Өзi менен бес жас кiшi. Мектептi тауысып Алматыға кеткеннен ауылға жолымыз түсе қоймады. Үйдiң кенжесi болғандықтан менiң мектептi бiтiруiмдi күткен ата-анам қыз­метiнiң ауысуына ауылда көп аялдамай қалаға көштi.

Мен ендi спортпен қош айтысамын. Мұндай қысастан кейiн Токио (2020 жылы өтедi – ред.) жазғы Олимпиадасын да күткiм келмейдi. Менiң арманым Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасына қатысып, ел намысын қорғау едi” дейдi Дәулет Сұлтанбеков. Байдаркада ескек есу спортынан жазғы Олимпиада ойындарына ұлты қазақ спортшылар қатысқан емес. Дәулет Олимпиада дуына қатысу мүмкiндiгiн иеленгенде ерекше қуанып едiк. Қуанышымыз тез басылды. Каноэде ескек есуден

МАЖАРЛАР МОЙЫНДАТТЫ
F тобында Австрия Венгрияға есе жiбередi деп ешкiм сенген жоқ. Салайдың 62-минутта соққан голы бiр есеңгiреткен Австрия құрамасының қорғаушысы Драгович 66-минутта ойын тәртiбiн бұзып екi рет ескерту алғаны үшiн алаңнан қуылды. Екiншi голды Штибер 87-минутта соқты. Венгрия құрамасын Еуропа чемпионатына бастап келген бапкер Бернд Шторк бiзге жақын таныс. Елiмiздiң жастар құрамасын, ұлттық құраманы баптады.

Байырғы журналист, кезiнде “Лениншiл жас”(қазiргi “Жас Алаш”), “Социалистiк Қазақстан” газеттерiнде қызмет iстеп, осы екi басылымның да Оңтүстiк Қазақстан облысындағы меншiктi тiлшiсi болып қызмет атқарған, онан кейiнгi жылдары да қолынан қаламын тастамай, журналистiк қызметтiң ащы-тұщысын бiр кiсiдей-ақ татқан белгiлi қаламгер, абзал азамат, бiздiң аяулы да қадiрмендi құдамыз