1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (19131) 21 маусым, сейсенбі 2016

“Демократиялық ел” болғаннан кейiн президенттiң ауысып тұрғаны жөн. Әйтпесе бiр адамның таққа жабысып алғаны қай жақсылық дейсiз?! Ал егер ауыспаса ше? Онда қызық үшiн ауызша “ауыстырып” тұруға тура келедi. Қазақ басшысы Ресейдегi сапарында осыған келiңкiрейтiн бiр тосын пiкiр айтты. Негiзi оны қойылған сауалдың жауабы есебiнде жеткiздi. Өкiнiшке қарай, CNN жүргiзушiсi тәп-тәуiр әңгiменi өрбiтiп әкете алған жоқ. Әттең, “Әп-бәрекелдi! 3 қызыңыз болса, бәйбiшеңiз жұмаққа барады екен. Ал ендi сол үшеудiң қайсысының президент болуға құлқы бар?” деп қойса, Нұрекең шешiлiп сала беруi мүмкiн едi.

Жер реформасы жөнiндегi комиссияның көшпелi отырысы сенбi күнi Алматы облысында өттi. Бес сағатқа созылған жиында 73 адам сөз сөйледi. Мұның сыртында облыстағы барлық аудандар селекторлық байланысқа шығып, жердi сату және жалға беру мәселесiне қатысты өз пiкiрлерiн бiлдiрдi. Келесi жиыннан бастап комиссия жұмысының тiзгiнiн Асқар Мырзахметовке тапсыратын Бақытжан Сағынтаев халықпен байланыс үшiн ашылған арнайы орталықтарға келiп түскен хабарламалардың жай-жапсарын жеткiздi.
Өткен аптада Қырғызстанның Әскери соты елдiң бұрынғы прези­дентi Құрманбек Ба­киевтiң қорғаушыларының рақымшылық жасау туралы шағымын қабылдамай тастады. Сөйтiп, Қырғызстанның экс-президентiн өмiр бойына бас бостандығынан айыру туралы шешiм қабылдаған бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiн қолдады. Сонымен бiрге сот Бакиевтi үш жыл бойы мемлекеттiк қызметке тұру құқығынан айырды және оның дүние-мүлкiн тәркiлеудi бұйырды.
Қазақстанның сыртқы қарызы 155 млрд АҚШ долларына жеттi. Кейiнгi жылдары бұл мәселенi БАҚ шырылдап тұрып жазды. Бiрақ оған назар аударған адам болмады. Ендi мiне, “бара жер, басар тау” қалмаған тұста депутаттардың даусы жапа-тармағай шыға бастады. 2015 жылғы республикалық бюджеттiң орындалуы жайлы парламентке есеп беруге келген премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтi депутат атаулы сұрақтың астына ал­ды.
16 маусым күнi “Қазақалтын” АҚ-ның иелiгiндегi Бестөбе алтын кенi­шiнде кәсiп­орын күзетшiлерi мен жұмысшылардың арасында жанжал шығып, бiрнеше адам оқ жарақатын алып, Степногорск қаласының емханасына түстi. Ресми ақпарат көздерiнiң ұсынған мәлiметi бойынша, сол күнi кенiштiң күзет қызметi мен заңсыз алтын iздеушiлер арасында атыс болып, 10 адам зардап шеккен.

Жас жеттi. Қартайдық, қайғы ойладық. Арманды ұлғайттық. Күш сынас­қан күндестiктен әбден запыланып бiттiк. Күндiз күлкiңдi, түнде ұйқыңды бұзар, бiрде тыртың еткiш, бiрде бұлтың еткiш тұстастар көбейдi. Өзiнде жоқты өзгелерден де жоқ қылуға барын да, жанын да салып тырбанып бағатындар бүгiнде аяқ аттатпауға айналды. Құдай құлқын алған сол шiркiндерден “Жұртым! Ұлтым!” деген тiлек түгiл, әлгi сөздердi есту мүмкiн емес.

2 жыл бұрын Украинаның Донецк облысында құлаған малайзиялық ұшақ жолаушыларының туыстары Ресей мен оның пре­зидентi В.Путиндi Еуропалық адам құқықтары жөнiндегi сотқа бердi. Австралиялық LHD заң­герлiк компаниясы арқылы берiлген шағымның иелерi MH17 рейсiмен Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшқан ұшақтың апатына Ресейдi кiнәлi деп санайды. Шағымға қаза тапқандардың ең жақын 33 туысы қол қойған, олардың 24-i Малайзия азаматтары,

Қарлығаш Байсейітова – Қанабек Байсейітов пен Күләш Байсейітованың ортаншы қызы. «Көрер жарығым бар болса, тамыз айында 76-ға шығамын» деген асылдың сынығы анасының арын қорғай келіпті. Астанадан редакцияға арнайы соққан Қарлығаш әжейдің қолында бір бума құжаты бар. Анасына қатысты деректерді жиыстырып, мемлекеттік мұрағатқа өтініш жазып бейне және дыбыстық жазбаларға сұрау салдырыпты.

Ауылшаруашылық мақсаттағы игерілмей бос жатқан жерді ше­тел­діктерге жалға беру мәселесі көтерілгенде халық Жер-Ананы қорғап дүрк көтерілді. Бәрін сатып, сәті келсе, арын да именбей саудалап жіберетіндерге қа­ра­пайым халықпен бірге қоғам қай­раткерлері де, ақындар да, зиялылар да, ғалымдар да, әнші, актерлер де наразылықтарын білдірді. Осы күйіп тұрған мәселеге сазгер, әнші Әбиірбек Тінәлі ән жазды. 

КЕШ ӨТКІЗУДЕН КЕШІГІП ҚАЛҒАН ЖОҚ ПА?
Даусының өзіндік бояуы бар Мақсат Базарбаевтың «Мұзарт» тобынан бөлініп шыққанына он жылдан асыпты. Мақсат неге жеке ән кешін өткізбейді екен? Эстраданың есігінен бүгін ғана сығалап, босағадан жаңа аттаған шикіөкпелер де өздерінің қолтаңбасы, ән айту мәнері қалыптаспаса да, ел аралап концерт өткізіп, Алматы мен Астанада «есеп те беріп» жүр ғой. Олардың деңгейін Базарбаевтың бедел-биігімен салыстыруға әсте келмейді
Қапез Байғабылұлы – 120
Биыл Қапез Байғабылұлының туғанына 120 жыл толды. 1896 жылы Ақтоғайда туып Ыстамбұлда білім алып, ағартушылық жолда қазақтың сауатын ашқан қайраткердің айтылмай, жазылмай, зерттелмей жатқан мұрасы әлі де көп. Дала қона жүріп елге пана болған Қапез 1937 жылы «халық жауы» атанып айдалып, 1939 жылы 45 жасында Коми АКСР-нің Ухта қаласында атылды. «Айхай», «Дүние-ай», «Үш Меркі», «Қапездің қоштасуы» сынды әндерді тудырған жүректің ақтық демі Ухтада үзілді.
– Мархабат аға, жақында халықаралық «Түркі әлеміне қызмет сыйлығымен» марапат­тал­дыңыз. Құтты болсын!  Жалпы бұл сыйлық түркі тілдес халықтардың әдебиеті мен мәдениетіне, өзара байланыстарды, бірлік пен ынтымақты нығайтуға елеулі еңбек сіңірген тұлғаларға бұйыратыны белгілі. Көзіқарақты қауым біледі, сіз түркі дүниесі, түркітілдес халықтардың тағдыр-талайы, мәдениеті мен әдебиеті жөнінде бұрыннан-ақ айтып, жазып келесіз.

Төрт жыл бұрын қалай қуанып едiк. Тәуелсiздiк алғанына 21 жыл ғана болған мемлекет әлемнiң 200-ден аса елi спортшысын қосқан жазғы Олимпиада ойындарында 7 алтын, 1 күмiс, 5 қола медаль ие­ленiп, бейресми есепте 12-сатыға тұрақтаған. Қазақ елiнiң орасан жетiстiгiн төрт жылдан кейiн Антидопингтiң бүкiләлем­дiк агенттiгi (WADA) қызғанып отыр. Олар

АЛАҢСЫЗ ӘЗIРЛIК ӨТКIЗЕДI
Францияда өтiп жатқан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңiне шыққан ұжым алаңсыз әзiрлiк өткiзедi. А тобынан Франция мен Швейцария құрамалары плей офф кезеңiне өттi. Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысқан Албания құрамасы Румынияға қарсы ойында жеңiске жетiп (1:0) плей офф кезеңiнде ойнауға деген сенiмдерiн күшейтiп қойды.

Осыдан 40 күн бұрын аяулы азамат, қимас жолдасымыз Мұрат Жалғасбайұлы Сұлтанов бақилық бол­ған едi. Ол 1941 жылы Гурьев (қазiргi Атырау) қаласында дүниеге келген. Әуелi 1960 жылы Гурьев Мұнай техникумында, одан кейiн 1969 ж. Мәскеудiң энергетика институтында энергетик мамандығын игерген азамат. 1969-1989 жылдары Гурьев жылу-электр орталығында инженер, цех бастығы, бас инженер қызмет­терiн атқарады.