1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №52 (16134) 1 шілде, жұма 2016
Қоғамдық талқылау
Алтын өзек – ана тiлiмiз, темiрқазық – төл тарихымыз. Мұның қаншалықты маңызды екенiн көзiқарақты қауым терең сезiнедi. Орта бiлiм жүйесiне күшпен таңылғалы жатқан үштiлдiлiкке жан-жүрегiмен шырқырап тұрып қарсы шығып жатқан да – қарапайым халық. Қалың елдiң мақсат-мұратын, сол талап-тiлегiн жоғарыға жеткiзу мақсатында «Жас Алаш» газетi Болатхан Тайжан атындағы қоғамдық қормен бiрлесе отырып, осы мәселе төңiрегiнде қоғамдық талдау ұйымдастырды.
Түркия президентi Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Ресей арасындағы дәстүрлi достық қарым-қатынасты қалпына келтiру үшiн барлық мүмкiндiктердi қарастыруға дайын екенiн мәлiмдедi. Кремль жария еткен Ердоғанның В.Путинге жолдаған хатына жүгiнсек, Анкара басшысы Ресеймен қарым-қатынасты ушықтырып алғанына шын өкiнетiн секiлдi.

Жалпы, қарыз алу дегенiңiз жақсы амал емес. Бiрақ ақшадан қы­сыл­ған кезде амалсыздан борыштануға тура келедi. Ең бастысы, алған берешегiңдi дер кезiнде қайтар­ғанға не жетсiн. Кезiнде осы несие-қарыз мәселесiн журналистер бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Г.Марченкодан сұрағанымызда ол: “өмiрiмде телевизорды да кредитке алып көргенiм жоқ” деп едi. Шынында да, қалтаңдағы ақшаң емiн-еркiн пайдалануға жетiп жатса, қарыз алып нең бар.

Ә ДЕГЕННЕН ӘБДIБЕКОВКЕ ШҮЙЛIКТI
Көмiрлi қалаға келген үкiмет басшысы Кә­рiм Мәсiмов аймақта орын алып, оның соңы адам өлiмiне соқтырған оқыс оқиғаға орай өт­кiз­ген кеңесте облыс әкi­­мi Н.Әбдiбе­ковтiң жеке жауапкершiлiгi “майшаммен” қаралатынын қадап айтты. Оның қандай оқыс оқиға екенi “Жас Алашта” жазылды (“Ажал құштырған ауру”, 28 маусым). Сол мақаланы: “Облыс әкiмi қызметiнен қуғандар Кәкең түгiл, Құдайың келсе де ол жиынға бармасы анық.

Жуырда ғана Бестөбеде болып өткен қанды оқиғадан кейiн, “Қазақалтын” концернi директорлар кеңесiнiң төрағасы Владимир Джуманбаев кенiш жұмыскерлерi және кент тұрғындарымен арнайы кездесу өткiздi. 23 маусым күнi болған бұл басқосудан қандай нәтиже шықты деп, бiз де сол жердегi белсендi топ өкiлде­рiмен хабарласқан едiк (Белгiлi себептермен ол адамдардың аттарын атай алмаймыз).

ШЕНЕУНIКТЕРДIҢ ҚАЛАЙ КИIНГЕНI МЕН ҚАНДАЙ КӨЛIККЕ МIНГЕНI ЕШТЕҢЕНI ДЕ ШЕШЕ АЛМАЙДЫ
Қазақстанның бюро­краттық аппаратында әлсiн-әлсiн шенеунiк­тердiң этикалық беделiн көтерумен ауыратын әдет бар. “Мәңгiлiк Ел” құрылысшыларының моральдық қасиеттерiне қатысты жанашырлықтың асқынғаны соншалық, ол созылмалы түрге ие болды.  Естерiңiзде болса, бiрнеше жыл бұрын “Нұр Отан” партиясы Қазақстандағы барлық мемлекет­тiк қызметкердiң өңiрiне “Мен жем­қорлыққа қарсымын

Маңғыстау облысы IIД күзет басқармасының полицейi Қарлыға Жаңабергенованы белгiсiз бiреулер былтырғы желтоқсанда Ақтау қаласы әкiмдiгiндегi қызмет орнында атып кеткен. Мар­құмның туыстары содан берi жарты жыл өтсе де қылмыстың ашылмай отырғанына күйiнедi. Олардың пiкiрiнше, қылмыстық iстi тергеп жатқан Маң­ғыстау облыстық iшкi iстер департаментi өлiмнiң себебiн ашудың орнына алдымен оны онкологиялық ауру болғандықтан күйзелiстен өлдi деген жалған дерек таратып, кейiн iстi мүлде тоқтатуға тырысқан.

ТҮЙМЕДЕЙ ЕЛДIҢ ТАУДАЙ ҚАЙРАТЫ
Футболдан Англия ұлттық құрамасының бас бапкерi қызметiн атқарған Рой Ходжсон қызметiнен кеттi. Еуропа чемпионатының ширек финалына иек артар тұста ағылшындар күтпеген жерден Исландия құрамасынан ұтылды. Сең соққандай әрi-сәрi күйге түскен Ходжсон футболшыларының исландықтардан дәл осылай жеңiледi деп ойламаса керек, әлi есеңгiреп жүр­ген көрiнедi.