1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (16135) 5 шілде, сейсенбі 2016
5-шiлде – Ораза айттың бiрiншi күнi!
Құрметтi отандастар, бауырлар!
Ораза айт мерекесiне аман-есен жеткiзген Ал­ла Тағалаға сансыз шүкiр­лер мен мадақтар болсын. Сiз­дердi мұсылман қауы­мының ұлық, қас­терлi мерекесi – Ораза айт мейрамының басталуымен құт­тықтаймын. Айт мүбә­рак болсын, ағайын! Қасиеттi Рамазан айы­ның аяқталғанын бiл­дi­ретiн Ораза айт – мейi­рiм­дiлiктiң, игiлiк­тiң, бiр­лiктiң, iзеттiлiктiң, қайырымдылықтың мерекесi. Бұл мейрам барша халықты iзгiлiкке ұйытады.
Байқоңырдан зымыран ұшқан сайын зәремiз зәр түбiне кетедi. Өйткенi, зымыран жай ғана зыр етiп ұшып кетпейдi, қауiп-қатерiн төндiрiп өтедi. Мейлi, ұшырған зымырандары аман-сау ұшып кетсе бiр сәрi ғой, орта жолда құлап, гептил деген уын да, қалдық-қаңқасын да шашып тастайды. Бiрақ бiз үн-түнсiз, қыңқ демей отыра беремiз. Етiмiз өлiп кеткен. “Протоны” құласа құлап жатқан шығар, бiрақ “бiздiң басымыз­ға құлап жатқан жоқ қой” деген керенау кейiп. Оның үстiне билiк бiздi “бюджеттiң бүйiрi шығады” деп алдайды. Бiз, аңқау қазақ, соған кәдiмгiдей сенемiз.

Бiз әдетте “Ақша билеген нарық заманында көр­кем сөздiң қадiрi кеттi. Жазушыға деген сый-құрмет азайды” деп сары уайымға салынып жүремiз ғой. Бiрақ, байыптап қарасақ, өйтiп жалпыға бiрдей баға беруге, қаламгер атаулыны бiр қораға қамап, бiр шыбықпен айдауға болмайды екен. Бұл күнде жiкке, топқа, сортқа бөлiнбейтiн не бар. Қалам ұстап жүрген қауым да қоғамдағы орны жағынан шұбар аттың жүнiндей ала-құла.

ҮКIМЕТ АЛПАУЫТТАРДЫҢ ТIЗIМIН ЖАРИЯЛАСЫН
“Жердi сатамыз, жат жұрттықтар­ға жалға беремiз” дегелi берi менен ұйқы кеттi. Өзiм де, жұбайым да ұзақ жылдар бойы Алматы облысының Талғар ауданындағы төртiншi Қызыл ту ұжымшарында адал еңбек еттiк. Бiрақ сол жерден Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде 

Н.Назарбаевтың бұл жолғы сөзi бұрынғы пiкiрлерiнен бiршама тәуiр шықты. Тәуiр болатыны, “Төрт қабатты үй салып, танк сияқты машина шықса, оны да алуға құмбыл қазақты” қажамады. “Үйленбей тұрып, үй алма!” деп келетiн ақылын да қайталаған жоқ. Керiсiнше, жұртты жұмыспен қамту мәселесiн көтердi. Тiптi 1,5 миллион отбасын баспанамен қамту жөнiнде үкiметке тапсырма бердi. Бiрақ осы мақсаттың орындалар мерзiмi қандай? 15 жыл!

1. БИЛIКТIҢ ТҮРЛЕРI ТУРАЛЫ
365info.kz сайтында америкалық сарапшы Александр Кулидың сұхбаты жарияланды. Бұл сарапшының сөзiне әлемдегi азулы мемлекеттердiң жетекшi­лерi үнемi құлақ түрiп отырады. Өйткенi А.Кулидiң болжамдары көбiне дәл келедi. АҚШ Конгрессi оның сарапшы-кеңесшi есебiн­дегi қызметiне жиi жүгiнедi. 2012 жылы Оскфордтан Александр Кулидiң “Үлкен ойындар, жергiлiктi ережелер: ұлы державалардың Орталық Азия үшiн жаңа бәсекесi” деп аталатын кiтабы жарық көрдi.
ТУҒАН КҮНГЕ АРНАЛҒАН ТАРТУЛАР СЫРЫ
Өткен аптада президент Н.Назарбаев Мем­лекеттiк индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында 8 жаңа кәсiпорынды iске қосты. Олардың қатарында: темiржол бiлiктерi мен жұп доңғалақтарын жасау зауыты, голланд раушандарын өсiретiн жылыжай кешенi, май-тоң май зауыты, санитарлық-гигиеналық қағаз өнiмдерiн шығаратын зауыт, “К-704-4р Батыр” тракторын шығаратын зауыт, жылдам дайындалатын тағам дайындайтын кәсiпорын,

Бұл осыдан жиырма жылдан астам бұ­рын болған әң­гiме. Орталық ме­шiт құрылысы бiт­пей, созалаңдап, соған қаржы жинауға байланысты бiр жиынға бара жатып, белгiлi өнер зерт­теу­шi-ғалым Бақтажар Мекiшев ағамызды ұшыраттым. Сол аралықта өзiмiз жақсы бiлетiн бiр ақын келе қалыпты. Ол кiсi қол берiп амандаса бастағанда, Бақтажар ағаның түрi бұзылып: “Әй, пәленше, – дедi, – сен баррикаданың қай жағындасың?”

Арыстанбек Мұхамедиұлының мемлекетаралық дау туғыза жаздаған ұшқары пiкiрiн бiз ұмыта бастағанымызбен, айыр қалпақты ағайындарымыз ұмытпапты. Осыдан бiрер күн бұрын мектеп бiтiрушiлерге алтын сертификаттарды тапсырып тұрып, қырғыз президентi Алмазбек Атамбаев қазақ шенеу­нiгiн жанама түрде болса да бiр түйреп өттi.

Атақты Шопан ата, Ең­бек Ерi, батагөй абыз ақсақал Жолсейiт Молдасанов өмiрде сирек кездесетiн, қайталанбайтын тұлғалардың бiрi. Оның 1941-1942 соғыс жылдары анасымен бiрге 13 жасында шопан таяғын ұстап, қиыншылық атаулыны алғырлықпен, табандылықпен жеңуi, жүрген жерiнде жұртты күлдiрiп, көңiлдендiретiн әдемi әзiл-қалжыңға ұсталығы, жомарттығы, өмiрге құштарлығы, еңбексүйгiштiгi жастарымызға өнеге.

Апат айтып келмейдi
Әлем ғалымдары сансыз ғарыштық шаң-тозаңдар ағыны әсерiнен ауа кеңiстiгi тозаңдар­ға, микромеруерттерге, өзге ғаламшардан келген   жұлдыздардың жарылыстарынан туған асыл тастарға толып жатқанын жазады. Бiр жағынан алып қарағанда қызық сияқты көрiнгенiмен, оның қоршаған орта мен экологияға залалы өте көп. Тiптi ға­рыштағы қара шаңның салдары iрi табиғи апатқа апарады деген болжамдар да бар. Әлем ғалымдары осыны айтып, дабыл қағуда.

Интернет желiсiнен Ресейдiң мемлекеттiк көпшiлiк тарихи кiтапханасына кiрген кезiмiзде А.А.Миропиевтiң “Қырғыздардың демонологиялық әңгiмелерi” деген кiтапқа кезiгiп қалдым. Этнография бөлiмi бойынша императорлық орыс жағрафия қоғамының хаттары. Х том. 3 шығарылым. Санкт-Петербург. 1888 ж. деп жазыл­ған. Қызығып ақтара бастадым. Шынында да, тартымды екен, ертегi оқығандай елiтiп барамын.

ПАЛЕОЛИТ ШОЛПАНЫ
Амьен деген француз қаласының жанынан археологтар 23 мың жыл болған әйелдiң мүсiнiн тапты. Қолдарына қандай “жәдiгер” түскенiн түсiну үшiн ғалымдар өздерi қазып алған кәдiмгi әктiң сан-мың қалдықтарын жинаған. Нәтижесiнде ұзындығы 12 сантиметрлiк “палеолит Шолпаны” пайда болған.

1997 жылы қыркүйекте қара шаңырағымыз Бұлаққа көшiп келдiк. Жұмысымды бiр кiсiдей-ақ iстеп жүрдiм. 1998 жылы қарашада мектебiмiзге ауданнан тексерiс келдi. Олармен танысуға алғашқы күнi менi де шақырды. Негiзi тексерушiлер келмей тұрып, бiр күн бұрын түс көрдiм. Түсiмде Кенен атамыз мектепке келiптi. Менiмен ұзақ отырып сөйлестi. Не туралы әңгiмелескенiмiз есiмде жоқ.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiне – 100 жыл
Ерейментауда болған халық көтерiлiсi туралы Ереймен жерiнiң өз тумалары, журналистер—Ғалымжан Мұқатов пен Қазыбек Сүлейменовтер азды-көптi жазып кеткен болатын. Және бұл екi қаламгер де көтерiлiске тiкелей қатысқан адамдардың әңгiмелерi­нiң негiзiнде ақпарат жинаған көрiнедi. Сондықтан ол жазбаларды еш алып-қоспасы жоқ, деректi дүние деп танығанымыз жөн.
Қазақ әдебиетiнiң классигi Бейiмбет Май­линнiң “Шұға де­се, Шұға едi-ау” деп басталатын әңгiмесiне ұқсатып, кiтаптың атын да “Нұранбек десе, Нұранбек едi...” деп атапты. Ал ендi Нұранбек кiм? Құрылысшы. Жалпы, қазiр бiздiң баспагерлерiмiз әншi, әртiс, әкiм, жазушы, ұшқыш, ғарышкер, кәсiпкер, саясаткер, депутат, сазгер туралы кiтап шығарады да, ал ендi қарапайым еңбек иелерi – құрылысшыны, шопанды, сауыншыны, диханды мүл­де ұмытып та кеттi ғой.

Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған қазақ күресiнен “Қазақстан барысы” республикалық турнирi­нiң алтын белбеуi жамбылдық жампоз Бейбiт Ыстыбаевқа бұйырды. Бейбiт финалдық белдесуде шым­кент­тiк Жұманазар Ерсұлтановтан басым түстi. Жұманазар биыл да “Қазақстан барысы” турнирiне қатысушы балуандардың iшiндегi ең iрiсi атанды. Бұған дейiн Жұманазардың салмағы 160 келiден аспайтын.

ҚҰРЛЫҚ ДОДАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ
Ширек финалда Польша құрамасы Португалия футболшыларына есе жiбердi. Роберт Левандовскийдiң 2-минутта соққан голына, Пор­тугалия футболының жарық жұлдызына айналар ұлдың бiрi Ренату Сантуш 33-минутта қарымта қайтарып, таразы басын теңес­тiрiп бердi. Тоқсан минут бойы тартысып бiрiн-бiрi ала алмаған екi ұжым экс­тра таймда да сiлкiлесiп, ақы­рында пенальтиге жүгiн­дi.
ЕНДI БАС ТА АУЫСТЫРЫЛАДЫ
Бүгiнде әлем ғалымдары адамның басын ауыстыру мақсатындағы отаға дайындық үстiнде. Соның алдында олар хайуанаттарға тәжiрибе жасап көрген және ол сәттi болып шыққан. Мысалы, осыдан үш-төрт ай бұрын Қытай ғалымдары маймылдың басын ауыстырған. Бiр ғажабы, маймыл тiрi қалған. Ал итальян нейрохирургi Серджио Канаверо ке­лесi жылы ресейлiк В.Спи­ридоновқа ота жасауға бекiнiптi.