1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (16136) 7 шілде, бейсенбі 2016

Кiм не десе, о де­сiн, Әсет Исекешев Астанаға қыдыр боп дарыды. Әйтпесе кiм келiп, кiм кетпеген Астана бұл?! Сол әкiмдердiң қайсысы халық санын еселеп арттыруға үлес қоса алып едi? Ешбiрi де! Ал Исекешев қала тiзгiнiн қолына алғанына екi апта толмай жатып, астаналықтарды 1 миллионға жеткiздi. Ендi осы көбейгенiмiз көбейген. Құдай қаласа, шiлде туған сайын Астана жұрты миллиондап арта бередi. Нұрекең тоқсанға толғанда тiптi қазақтың саны 100 миллионға жетуi де мүмкiн.

БАЯНАУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ АЙТАРЫ БАР
Жер реформасына қатысты шу шыққалы берi дүрлiгiп жатқан негiзiнен қалалық жердегi қазақтар. Ал, ауылдағы ағайынның көбi бұл шаруадан құлағдар болғанымен, қолдан келерi жоқ, тек сырттай ғана кiжiнулi. Олардың арасына барып, жай-жапсарды түсiндiрiп жатқан және ешкiм жоқ.

Жоғарғы шендi шенеунiк “шең­бе­рiндегi” адам “түлен түртiп” түрмеге түскенде болмаса, қызметтен кеткен күннiң өзiнде, таза есептен шығып қалмайды. Сойы сондай сойқанның бiрi — О.Сосковец. Кеңестiк кезеңде Қарметкомбинаттың жұмысшылығынан одақтық министрге дейiнгi жолдан өткен ол — бүгiнде ресейлiк, түбi — Талдықорғанның тумасы.

Шiлдеге ең төменгi күнкөрiс деңгейi 22 182 теңге көлемiнде белгiлендi. 182-сiн былай қойғанда, 22 мың теңгеге осы күнi адам өмiр сүре ала ма? Басқасын қозғамағанның өзiнде, Астана мен Алматы сияқты қымбат қалаларда 22 мың теңгенi “Магнумге” бiр барғанда-ақ қалдырып кетесiң. Сонда қалған күндерi қалай өмiр сүруге болады?

Алматы қаласының әкiмдiгi қала тұрғындарын тұрмыстық деңгейден бастап ұлттық рухта тәрбие­леудi қолға алмақ. Қала билiгi мұндай жоғарғы материялы мақсат­қа жетуге 170 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Қала билiгi Алматыда қоқыс салатын жә­шiктердiң тапшылығына алаңдаулы. Соңғы кездерi қаланы басқан топан суға бiр жағынан арықтар мен көшелерде шашылған тұрмыстық қалдықтар кiнәлi екен. Шенеунiктер бұған санасы төмен тұрғындарды кiнәлайды. Мұндай жандар қоқысқа арналған темiр жәiшiктердi ұрлап, кесiп әкетедi дейдi.

Беларусьтiң 2000 жылдан бастап қолданысқа енген ескi ақшасы 4 нөлi қысқар­ған жаңа банкноттармен алмастырылды. Деноминацияға сәйкес, тауар құны мен қыз­меттiк тарифтер ендi 1:10 000 шамасында қайта есеп­те­ледi. Яғни бұған дейiн 100 мың рубль болған заттың бағасы бұдан былай небәрi 10 рубльдi құрайды. Бұл еңбек­ақы, зейнетақы, шәкiртақы сияқты басқа төлемдерге де қатысты.

Ұлт-азаттық көтерiлiсiне – 100 жыл
1854 жылды Верный бекiнiсiнiң iргесi қаланған жыл десек, Ұлы жүз қазақтарының басым көпшi­лiгiнiң Ресей бодандығына кiрген жылы да болып табылады. Айналасы отыз жылдың әр-жақ бержағында Қытай шекарасына де­йiнгi жерлерге орыс, украин қоныстанушылары орналасып, Нарынқол ауданында бiрқатар елдiмекендер пайда болды.
Қазір футболдан Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Бұл ойындар «Қазспорт» телеарнасынан түгелге жуық көрсе­тілуде. Менің айтайын дегенім, футбол ойыны жайында емес, футбол комментаторлары жөнінде.  Еуропа чемпионатынан көрсетілетін футбол ойындары бізде екі тілде жүргі­зіледі: қазақ және орыс тілінде. Жасы­ратын не бар, екі тілдегі коммен­татор­ларға да көңілім толмайды. Сондайда ойлаймын: «Апыр-ай, бізде осы Есей Жеңісұлы деген спорт комментаторы бар емес пе?! Ол неге жүргізбейді?» деп.
ОНЫ ӘЛЕУМЕТ ӘШКЕРЕЛЕДI
Бүгiнде бiлiм саласынан құт қашты. Министр болып келгендер оны тышқанды тәжiрибеден өткiзетiн зертханаға айналдырып алды. Есесiне бiлiмдегi былықты әлеумет әшкерелеп жатыр. Бұл тұрғыда Жезқазғанда да жетiскен жағдай жоқ. Биыл қаңтарда қалаға қарайтын Кеңгiр ауылында сегiз жастағы Д.Прохоров балалар ойын алаңының қасында қараусыз ашық жатқан сарқынды суды тұндыратын ыдысқа түсiп кетiп, тұншығып өлдi. Үш жарым мыңдай
Кеңшілік Мырзабеков – 70
Өткен ғасырдың 60–70-жылдары қазақ поэзиясының даңқы шығып, дәуірлеген тұсы еді. Алдыңнан Алатаудың самалы ескендей ерке сылқым күйімен та­мылжыған Тұманбай өлеңдері, мұңы мен сырын ішке бүгіп, алқына, талпына шарқ ұра шыққан Мұқағали мақам­дары, әр сөзі сақаға құйған қорға­сындай ақыл мен парасаттың парқын сездіретін Қадырдың қастерлі жырлары, көктем күніндей елжіреп, көк­тем гүліндей үлбіреп тұрған Сағи саздары. 

– Биыл біздің Тұщықұдық орта мектебін бітіргенімізге елу жыл толды. Бәріміз де қазір самайын ақ қырау шалған атаға, әжеге айналдық. Бірақ балалық дәурен, жастық шақ көкіректе мәңгі сақталып қалады екен. Бір жаманы, тай-құлындай тебісіп өскендердің бірсыпырасы қазір арамызда жоқ. Бірақ сонда да болса мектеп бітіргенімізге 50 жыл толуын атап өтейін деп жатырмыз, – деген еді осыдан біраз бұрын 70-ті алқымдап қалған Жолды Азанбаев ағамыз

Жақында үйге ескі досым Вла­димирдің Ресейде тұратын әпкесі Мария Ивановна әжей қонаққа келді. Адам жатырқауды білмейтін, өте әңгімешіл, ақсары жүзді, толық денелі 75 жастағы әжей әлі бақуат көрінді. Жанына жақындап қалсаң болды, әңгіме тиегін бірден ағыта жөнеліп, жуық арада жанынан жібере қоймайды.

Президент Н.Назарбаев Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасына қатысатын спортшыларды қабылдап, ақ жол тiледi. 5-тамызда салтанатты ашылу рәсiмi өтетiн Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасында елiмiздiң делегациясын таеквондошы Руслан Жаппаров бастап шығатын болды. Ту ұстаушы таеквондошы туралы сәл кейiнiрек. Алдымен жазғы Олимпиада ойындарында жағамызды ақ жайлау ететiн саңлақтардың арасында

Сонымен Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының салтанатты ашылу рәсiмiнде елiмiздiң делегациясын таеквондошы Руслан Жапаров бастап шығатын болды. Ту ұстаушы Руслан Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының жолдамасын сәуiр айында Филипинде өткен iрiктеу додасында иелендi. Азия құрлығы бойынша өткен електiк сайыстың жартылай финалында пә­кiстандық таеквондошыны ұтып, финалда қытайға жол бердi.

Желаяқ жүгiрмей ме?
Жазғы Олимпиада ойындарының 6 дүркiн чемпионы, әлем чемпионатының 11 дүркiн жеңiмпазы желаяқ Усейн Болт Ямайка чемпионатында өз мүмкiндiгiн көрсете алған жоқ. 100 метрге жүгiруде жартылай финалда қара үзгенiмен, финалға қатыспады. Жарақаты сыр берiп, емделу үшiн Германияға аттанған желяқтың Рио-де-Жанейро жазғы
(әзіл-шыны аралас)           
Сәлем қазақ дегенде, сәлем қазақ! 
Сағындырмай өзіңе келем қазақ!  
Айтысуға талайдан іздеп жүр ем,      
Қолға өзің түстің бе, бәлем, қазақ!  

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Ой-толғау» бағдарламасында (19 маусым, 2016 жыл) Есмұхан Обаев пен Асанәлi Әшiмов ағаларымыздың «Бiр сиыр бiр үйдi асырайды», – деген сөзiн естiп қалдым. Тыңдап отырып, «бiр сиыр бiр үйдi қалай асырайды?» деп таң қалдым. Бұл кiсiлер сиырдың жем-шөп жейтiнiн бiлмейдi-ау, сірә. Бiлген күнде де шөптiң, жемнiң қанша тұратынынан бейхабар шығар.