1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (16137) 12 шілде, сейсенбі 2016

Қазақстанда шендi-шекпендiлер жаппай үн қосатын бiр мереке болса, ол – Астананың тойы. Себебi қала тойының қалтарысында президенттiң туған күнi бұғып жатыр. Сондықтан негiзгi ырду-дырду Астанада өткенiмен, оған елiмiздiң әр аймағы хал-қадiрiнше қатысады. Ұйымдастыратындар – аймақ басшысынан бастап ауыл әкiмiне дейiнгiлер. “Астана күнiне орай” деген желеудiң астарында “көрiнiп қа­лу”, “назарға iлiгу” ниетi жататынын да аңға­ру қиын емес. Тек сол дүниелердiң кейбiрi адамның күлкiсiн келтiрiп, жұрттың жиiркенiшiн тудыратыны жаман.

КЕЗЕКТЕ – “ТРИБУНА” АПТАЛЫҒЫ
Тәуелсiз басылымды жабудың кезектi нау­қаны басталды. 7 шiлде күнi Алматының Медеу аудандық соты “Алматыжарнама” компаниясының директоры Сыздықовтың “Трибуна” газетiне қарсы берген арыз-шағымын қарауды бастады. 2013 жылы 23 миллион теңге жымқырды деп айыпталған шенеунiк тәуелсiз газеттi өзiн “жемқор” деп атағаны үшiн сотқа сүйреп, 15 миллион теңге талап етiп отыр.

НАТО әскери ұйымының кезектi саммитi дәл қазiргi жағдайда Польша астанасында өткенi тарихи мысқыл iспеттi. Өйткенi осыдан 61 жыл бұрын осы елдiң бас қаласында Кеңес Одағының жетекшiлiгiмен социалистiк лагерьге кiрген елдердiң әскери одағы – “Варшава шарты” пайда болған едi. Ал бүгiнде Польша НАТО-ның ең белсендi мүшесi әрi Ресейдiң ұйым аясындағы бiтiспес қарсыласы.

– Комиссияның қазiргi жұмысы орташа деңгейде, жалпы, қанағаттанарлық. “Әттеген-ай” деген жерлер, әрине, бар. Оның негiзгiсi – процедуралық мәселе. Оны Айдос Сарым өткен жолғы отырыста жақсылап айтты. Бұл бiрiншiден, бiзде әлi күнге дейiн жұмыс графигi жоқ. Жиынды қай облыстарда, қашан және қай жерде өткiзетiнiмiздi алдын ала бiлiп отырсақ, бұл уақытымызды жоспарлауға қолайлы болар едi. “Мына жаққа барамыз, мынандай уақытта” деп, бiзге тек 2-3 күн қалғанда ғана хабарлайды.

ҰҚК-нiң оған таққан көп айыбының бiрi осындай
Атышулы шымкенттiк бизнесмен Тоқтар Төлешовке қатысты айыптауларға ел әлi сенбейдi. Ұлттық қа­уiпсiздiк комитетi алғашқыда қызды-қыздымен тым асыра айтты ма, әлде түймедейдi түйедей ететiн кей­бiр әрiптестерiмiз бояуын қалыңдатып жiбердi ме деп едiк. Жоқ, кешегi күнi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Тоқтар Төлешовке қатысты тергеу амалдарының аяқталғанын хабарлап, қылмыстық iске қатысты бiраз тың мәлi­меттердi жайып салды. Не сенерiмiздi, не сенбе­сiмiздi бiлмей тағы да дал болдық.
Өткен аптаның бейсенбi-жұма күндерi Brent маркалы мұнайдың бағасы 46 долларға дейiн түстi. Бұл – алдағы уақытта “қара алтын” құны өсiп, 75 долларға дейiн жетедi” деп болжаған Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) болжамын жоққа шығаратын тәрiздi. Анығында, ХВҚ “егер ОПЕК өнiм өндiрумен бiрге экспортты азайтса, онда әлемдiк нарықта оның үлесi кемiп, Brent мұнайының бағасы 2020 жылға қарай 75 долларға дейiн көтерiлуi ықтимал” деген едi.
11 шiлдеде Алматы қаласының Медеу аудандық соты “Алматыжарнама” компаниясының директоры Сыздықовтың “Трибуна” басылымына қарсы берген талап-арызын қарауды одан әрi жалғастырды. “Ашық сот” деген аты ғана. Судья ә дегеннен “Трибуна” газетi­нiң журналисi Денис Кривошеевтiң мақала жазу барсында “Аzianews kz”, Ratel.kz, ҚазТАГ, Zakon. kz, КТК және т.б. бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан ресми ақпарат көзiн пайдаланғанын, осыған орай, 

Демократиялық “тұрақтылықтың аралы” - Қазақстанның астанасындағы демографиялық дүмпу халық санының өсiмi бойынша әлемдiк рекордтарды жаңартатын қарқынға көштi. Астана тарихи сәйкестiк жолымен Қазақстанның тұңғыш және әзiрге жалғыз президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың 76 жасқа толуы­на орай миллионер қала атанды. Елiмiздегi iрi оқи­ғалардың президент Назарбаевтың туған күнiмен тұс­па-тұс келетiнi бiз үшiн таңсық емес.

ТАЙМАНОВТЫҢ ҚАЗАСЫНА 225 ЖЫЛ ТОЛДЫ
2003 жылы үкiметтiң қаулысымен (№ 497) Орал қаласында Жәңгiр ханға ескерткiш орнатылып, және екiншi бiр университетке оның аты берiлдi. Соңғы жылдары бiрнеше кiтап (пьеса) жазылуы бүгiнде ХIХ ғасырдың Бөкей орда тарихын терiс қаратып оқуға әкелгендей. Ол заманның талапайшы-қасқырлары Исатай мен Махамбет болғандай. 2013 жылы 21 қарашада Оралдағы Махамбет университетi төрiнен астаналық ақынның әйгiлi өлеңi Баймағамбет сұлтанға арналыпты, Махамбеттiң авторлығы да беймәлiм екен деп тарихты тәрiк еттi. Жиналғандар үн-түнсiз қалды.

“Үш тұғырлы тiл” бағдарламасы елде қызу талқыға түсiп, қоғам мен билiк арасындағы кезектi тартысқа айналды. Билiк “үш тiлде бiлiм беру – қажеттiлiк” десе, бiрқатар қоғам қайраткерлерi “бұл – ұлтты жоюға бастайтын жоба” деп Ақорданы айыптауда. Қоғамда билiкке деген сенiм жоғалды. Сол себептi, халық мемлекеттiк тiл тағдырын Ақордадағы ат төбелiндей топқа сенiп тапсыра алмайды.

Өткенiме көбiрек үңiл­тер, алдағымнан жиiрек түңiлтер мазасыз ойлардың қоршауында дөң­бекшiтер жасқа жетiппiн. Содан ба күлiп тұрып та, күйiнiп қамығар адамды өзiмнен табушы едiм. Ал кеше ғана күдiгiмдi жұ­лып тастап, қуаныш күлкi­сiмен жүзiмдi жадыратып, жүрегiмдi бұлқынтқан бiр әсерлi шақты бастан өткiздiм. 75 жастық мерейтойыммен шын жүректерi­мен құттықтап, қаламымның қайырылмауын, дiмкәс ағзамның әлi де сау-саламаттығынан айырылмауын тiлеп

Өткен аптада “Байқоңырдан” ұшқан зымыран атаулының қалдығын көму үшiн Қостанай облысының Жан­гелдi және Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан Ресейге 63 мың гектар жер жалға берiлетiнi белгiлi болған едi. Осыған орай, БАҚ-та алаң ниеттегi мақала кө­бейдi. Қызды-қыздымен Инвестициялар және даму вице-министрi Алберт Рау: “Ресейге қалдық тастау үшiн жалға берiлетiн аймақта халық өмiр сүрмейдi” деп салды.

21 мамырдағы жалпыхалықтық митинг кезінде әлеуметтік желіде ерекше бір сурет пайда болған. Суретте арнайы жасақтың қос сарбазы өрімдей бозбаланың екі қолын артына қайырып, төмен еңкейткен күйі әкеле жатыр. Қолы қайрылса да, сағы сынбаған, керісінше, намысы қайралған жігіттің отты жанарына халықтың бүкіл наразылығы сыйып кеткен. Жастық жігер, ұлттық намыс, отаншылдық рух, бәрі-бәрі осы жанарға ұйып қалғандай.

Осындай бір ерекше, екіұдай сезімді қолына дипломын алған әр адам сезінеді. Өйткені диплом – 4-5 жыл бойы төккен теріңнің өтеуі, күн-түн демей сабаққа дайындалып, жатпай-тұрмай алған біліміңнің көрсеткіші. Әрі болашаққа берілген жолдама. Ендеше мұндай сәтте қалай қуанбауға болады? Әрине, қуанасың, көңіліңді шаттық кернейді. Ата-анаңның сенімін ақтағаның, діттеген мақсатыңа жеткенің жаныңды тебірентпей қоймайды.

Облыстық клиникалық балалар ауруханасының жан­сақтау бөлiмiнде жатқан төрт аяқпен дүниеге келген сәбидiң жағдайы өте ауыр. Ауыр болғандығы соншалық, оның әлсiз ғана соғып жатқан жүрегi жасанды аппаратқа қосылған. 23 маусымда Ақтөбе қаласындағы перзентханалардың бi­рiнде босанған әйелдiң егiз баласының бiрi – салмағы 2 кило, 4 аяқты, жүрек соғысы өте нашар, оттегi жетiспеушi­лiгiмен, асқазаны мен тiк iшегi бiтеу болып дүниеге келген.

Тәжірибеден өтуге келген жас маманды кез-келген мекеме қызметкерлері әдетте барыпкел-шауыпкелге пайдаланады. Тілдей қағазға тәуелді студент бәріне көнуге мәж­бүр. Деген­мен жастар­дың арасында үлкендердің тапсырмасын орын­даумен қатар, өз мамандығына машық­тануға, оның қыр-сырын меңгеруге барын салатындар да бар.

ЧИЛИДЕ СТУДЕНТТЕР КӨТЕРІЛДІ
Өткен аптада мыңдаған Чили студенті көшеге шығып, білім саласына енген реформаға қарсылық танытты. Сондай-ақ, осы салаға жауапты министрдің отставкаға кетуін талап етті. Алдымен ел астанасы – Сантьягода басталған шеру кейін Вальпараисо, Темуко, Вальдивии және Консепсьоне қалаларында жалғасқан. Күштік құрылымдар 140 адамды қамауға алған. Олардың үштен бірі – кәмелеттік жасқа толмағандар.

АҚШ-та жүргізілген зерттеу барысында бүгінгі жастардың есейгісі келмейтіні, дәлірек айт­қанда, ересектерше өмір сүру­ден қаймығатыны анық­талған. Ғалымдар «негізі мұндай сезім жасөспірімдер арасында бұрын да болған, бірақ соңғы онжыл­дықта тіпті күшейген» дейді.

Рио-де-Жанейро жаз­ғы Олимпиадасының алауы тұтанатын сәтке де аз қалды. Тамыз туа түңлiгiн түретiн төрт жылдық додаға елiмiздiң еркiн күрес құрамасын украиналық маман Сергей Белоглазов баптап қоспақ. Жазғы Олимпиада ойындарының екi дүркiн чем­пио­ны Сергей Белоглазов бастап баратын құрама сапында бес балуан кү­реседi: Ресейден келген жиен Артас Сана (57 келi), Ғалымжан Үсербаев (74 келi), Аслан Кахидзе (86 келi), Мамед Ибрагимов (97 келi), Дәулет Шабанбаей (125 келi). Бiрақ 86 келiде мәселе туындап тұр.

Еуро – 2016
Үш рет топ жарған Испания құрамасына, 1968 жылы құрлықта қара үзген Италия футболшыларына, Еуропа чемпионатының ат басындай кубогы мен алақандай алтынын көптен берi аңсап жүрген “Германия мәшинесiне”, жастық жiгерiмен кез келген ұжымды жайпап өтердей әсер еткен Бельгия нояндарына iш тартушылардың қатары көп болғаны рас.
КҮМIСIН СЫЙҒА БЕРДI
Еуропа чемпионатында 6 гол соққан француз Антуан Гризманн “алтын бутсы” киетiн болды. “Күмiс бутсы” Еуропа чемпионатында 625 минут ойнап, үш гол соққан, үш гол­ға ұласқан пас берушi Криштиану Роналдуға бұйырды. Француз Оливье Жиру осы Еуропа чемпионатында 3 гол соғып, “қола бутсыны” иелендi. Финалдық тартыстың 23-минутында жарақатынан жүре алмаған