1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (16138) 14 шілде, бейсенбі 2016
Шаңырақ оқиғасына – 10 жыл
Бүгiн “Шаңырақ” ықшам­ауданында болған қанды оқиғаларға 10 жыл толды.   Бұл қаралы күн Қазақстандағы билiктiң әлеуметтiк теңдiк пен саяси тұрақтылық туралы құлағымызға құйған өтiрiгiнiң құйрығы бiр-ақ тұтам екенiн көрсеттi. Халық пен билiк тұңғыш рет осындай ауқымда қақтығысқан оқиғада элита күнiн әзер көрiп жүргендердi Иманғали Тасмағамбе­товтiң тiлiмен “әлеу­меттiк аутсайдер” деп атап, қарашаға деген қабағының қандай екенiн анық танытты. 10 жылда елде көп нәрсе өзгердi, бiрақ Желтоқсан секiлдi, Шаңырақ оқиғасына әлi күнге баға берiлмедi.

Президент не премьер-министр Қытайға барады екен дегендi естiсе, қазақтың құлағы елең ете қалады. Жалпы, бұлайша елегiзу жер мәселесi ушығып тұрған бүгiн ғана емес, сонау 2011 жылы басталған. Естерiңiзде болса, сол тұста Р.Әлиев “Қытайға 99 жылға 1 млн гектар жер беруге уағдаласты” деп бұ­рынғы қайын атасын кiнәлаған едi. Мiне, содан бергi уақытқа зер салсақ, Н.Назарбаев Қытайға жыл құрғатпай сапар шегiп тұрыпты.

Осыдан бiрнеше күн бұрын Фейсбук әлеуметтiк желiсiнде режиссер Талғат Жә­нiбековтiң Мәдениет министрi Арыстанбек Мұхамедиұлын жемқорлыққа байланысты айыптаған бейнежазбасы жария­ланды. Өзiн “Жокер”, “Прелести жизни”, “Қуаныш” фильмдерiнiң режиссерi ретiнде таныстырған Т.Жәнiбеков қазiр “Феникс” картинасын да­йындау үстiнде екен.

“Бәленшенiң сиыры егiз туыпты, иесi ауыл балаларын жиып алып жаяу жарыс ұйымдастырып, бiрiншi келген балаға егiз бұзауының бiрiн жетектетiп жiберiптi”, тағы бiрде “Түген қойшының сиыры егiз туған екен, бұзаулары өскенде тай жарыс өткiзiп, қара үзiп келген балаға бұзауын берiптi” дегендi үлкендерден еститiнбiз. Ал мына оқиға бiздiң аудан түгiлi, елiмiзде бұрын-соңды болды ма екен?

“Алматыжарнама” ЖШС директоры С.Сыздықовтың “Трибуна” тәуелсiз апталығына қар­сы түсiрген арыз-шағымы бо­йынша соттың екiншi күнi “қызық” өттi. Дәлiрек айтсақ, бұл процесс әдiлетсiз сот жүйе­сiнiң Ақ­орданың тапсырысымен тәуел­сiз баспа­сөз­дi қалай жаба алатынын айқын көрсеткен шыжыққа толы болды. Бұл процесс бұрындары талай сотқа қатысып

ҰҚК: “Тоқтар Төлешов 2005 жылы төңкерiс арқылы мемлекеттiң билiгi криминалдық топтардың иелiгiне өткен қырғыз елiндегi жағдайды Қазақстанда қайталамақ болыпты. Осы мақсатын жүзеге асыру үшiн Қырғызстанға бар­ған, жағдайды көзбен көрiп зерттеген. Жоспар құрған. Жаппай тәртiпсiздiк пен әдейi ұйымдастырылған акциялардың барысында ол билiкке ультиматум қойып, өзi үшiн вице-президент лауазымын енгiзудi

Ұлт-азаттық көтерiлiске – 100 жыл
1916 жылы қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерiлiстерi­нен кеңестiк тарихта көбiрек жазылғаны –Торғай көтерiлiсi. Қазақ даласының кiндiгi, Алаш қайраткерлерiнiң туған жерi –Тор­ғайдағы көтерiлiстi кеңестiк тарих Амангелдi Иманұлы, iшiн­ара Әлiби Жангелдинмен байланыстырса да, мұның шындығы мүлде басқа.

Сонымен, үкiметтiң қасынан құрылған жер комиссиясының жетiншi жиыны 9 шiлдеде Астанада көздi ашып жұмғанша өте шықты. Комиссияның алғашқы төрт отырысында 72 мүше бiрiне-бiрi сөз кезегiн берiспей, таласпен өткiзген едi. Одан кейiнгi көшпелi 3 жиынды Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарында өткiзген комиссия мүшелерi Астанадағы бас қосуға асқан сабырлықпен қайта оралыпты.

Жер туралы комиссияның әр отырысына көңіл аударып, қада­ғалап отыруға бейілім бөлек. Бай­қағаным: алғашқыдай емес, эмоция кейін ше­ге­ріліп, байсалды қалыпқа түскендей рай байқатады. Байсал­ды­лықты әрқалай түсінуге болады. Салиқалық самарқаулыққа ұласса, байыптылық байырқаулыққа бой алдырса, онда кез келген келелі жиынның өңі қашып, өзегі суалады дей беріңіз. «Сырт көз – сыншы», өкінішке қарай, кейінгі, әсіресе, Алматы

Құлағдар бола жүріңіздер!
С.М.Киров атындағы Қазақ университе­тінің филология факультетін 1966 жылы бітірген түлектер! Аққан селдей, ескен желдей біздің де университетті бітіргенімізге жарты ғасыр өтіпті. Күні кеше арман қуған студенттер едік, әні-міні дегенше ақсақалға айналып шыға келіппіз. Бәріміз балалы-шағалы, немерелі-шөберелі болдық. 1961 жылы университетке түсіп, 1966 жылы, әртүрлі себептермен одан кейін бітірген
Кейінгі кезде Ресей Қазан төңкерісінің 100 жылды­ғын тойла­мақ­шы деген сыбыс шық­ты. Ресей не істесе соны істейтін қазақ енді осы күнді қосыла тойлап, масқара болмаса еттi деп уайымдайтын бол­дық. Иә, КСРО гимніндегі «көп ал­ғыс айтамыз, ұлы орыс халқы­на» деген құлдық сөздерді өр­шелене әндетіп, «Бақыт берген Октябрь, Шабыт берген Ок­тябрь» деп 70 жылдан астам той тойлаған қазақтың саны

Ұстаздық қызмет атқарып жүрген ерлі-зайыптыларды жақсы танимын. Қазіргі заманға сай тұрмыстары да жаман емес. Орталықта үлкен үйде тұрады. Күйеуі түске дейін мектепте болады да, үйіне қарай асығады. Келе сала жеке көлігімен адам тасиды. Кейде тапсырыс­пен Тараз, Шымкентке де барып қайтады.

Сәті түсіп Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылына бара қалсаңыз, жолдың бойында қаз-қатар тізілген саудагерлерді көресіз. Жабайы саудадан аяқ алып жүре алмайсыз. Аптап ыстықта, шаңы шыққан жерді иеленген саудагерлер құдды бір құмырсқа тәрізді. Таңның атысынан күннің батысына дейін жеміс-жидек сатады. Былай алып қарасаң, олар да тіршілігін жасап, күнделікті нәпәқасын тауып жүргендер.

Бұл өлеңді марқұм әкеміз Мұрат Мұсайбекұлы Әбдірахманов 2003 жылы жазып еді. М.Әбді­рахма­нов­тың мамандығы – журналист. Өмірінің соңғы кезінде ол халықаралық «Қазақ тілі» қоға­мының Павлодар облыстық ұйымын басқарды. Жер сату мәселесі қайта көтеріліп жатқаннан кейін марқұмның еш жерде жариялан­баған өле­ңін «Жас Алашқа» жолдауды жөн көрдік.

8 шілде күні бір танысыммен жолықпақшы болып келістік. «ESENTAI MALL» сауда орталығында. «Кіре­берісте лифт бар. Лифтің жанында күт!» деді танысым. Не керек, лифтің жанында танысымды дәл 40 минут күттім. Айтайын дегенім, танысым­ның мені бақандай 40 минут күттіріп қойғаны емес (ол өзінің кешіккен себебін артынан айтты да ғой), мүлде басқа мәселе!
Биыл Қостанай, Ақтөбе облыстарында киіктердің белгісіз себептерден қырылуы тағы орын алды. Ғалымдар оның себебін пасте­реллезға, біреулері ракетадан аққан гептил деген отынға жапты. Осы жағдайға байланысты менің сөзіме ғалымдар құлақ аса ма, аспай ма, оны өздері біледі, дегенмен ойымды ортаға салуды жөн көрдім. Бала кезімізде әке-шеше­мізге мал бағуға көмектесіп өстік.

Басынан дау арылмаған ауыр атлетика құрамасының бас бапкерi Алексей Ни Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасына қатысатын спортшылардың тiзiмiн түздi. Тамыз айында басталатын жазғы Олимпиада ойындарында бiз сегiз саңлаққа сенiм артамыз. Қыздар арасында Маргарита Елисеева (48 келi), Карина Горичева (63 келi), Жазира Жаппарқұлдың (69 келi), ерлерден Арли Чонтей (56 келi), Фархад Харки (62 келi),

БӘРI БҮГIН ШЕШIЛЕДI
Тайпейдiң Гаосюн қаласында волейболдан жастар арасында Азия чемпионаты өтiп жатыр. 20 жасқа дейiнгiлердiң құрлық додасында бiздiң жiгiттер топтық кезеңде Сауд Арабиясы, Тайпей елдерiнiң құрамасын ұтып, тек Тайланд волейболшыларына есе жiбердi. Дегенмен де Олег Кузнецовтiң шәкiрттерi плей-офф кезеңiне шықты. Кеше Қытайдың жастар құрамасына қарсы ойнаған жiгiттер бүгiн Жапонияның волейболшыларымен күш сынасады.

Бiз қазақ футболының мәр­­тебесiн келiмсектер арқылы жүзеге асырғымыз келедi. Ел футболының ертеңiн ойласақ балалар футболын мықтап қолға алуымыз керек. Елiмiз­дегi балалар футболы дамымауының себебi көп. Баланы төрт жастан футболға деген құштарлығын оятып футбол әлiппесiн үйрете бастаған жөн. Ол үшiн балалар бақшасына футбол федерациясындағылар мен бiлiм саласындағылар бiрлесiп, балалар бап­керiне штат ашу керек.