1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (16139) 19 шілде, сейсенбі 2016
ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚАУҚАРСЫЗДЫҒЫ ТАҒЫ ДА БIЛIНДI
Кеше Алматы әдет­тегi күйкi тiрлiгiнен “жаңылды”. Қаннен-қаперсiз жұмысқа келген қалалықтарды айдың-күннiң аманында атылған оқ, атыс-шабыс шошытты. Алғашында ешкiм ештеңе түсi­не алмай қал­ды. Ресми ақ­парат өте кеш түс­тi. Соның салдарынан әлеуметтiк желi­лер­­де, ақпарат сайттарында “пәлен жерде атыс болып жатыр” деген рас-өтiрiгi аралас хабар-ошар, оқиға орнынан түсiрiлген суреттер, бейнетаспалар қаптап кеттi.
Бiр қарағанда, Түркиядағы әскери төңкерiс жасау әрекетi бұған дейiнгi әскердiң елдегi жағдайға араласуынан еш айырмашылығы жоқ секiлдi көрiне­дi. Бiрақ бұл төңкерiс бұрынғыларға мүлдем ұқсамайды және сонысымен де саяси сарапшыларды былай қойғанда, түрiк халқының өзi үшiн де түсiнiксiз болып тұр. Түрiк армиясы Османлы империясының жұртында Түрiк Республикасының негiзiн қалаған Мұстафа Кемаль Ататүрiктiң кезiнен бастап зайырлы әрi демократиялық мемлекеттiң қорғаушысы саналады.
Өткен жексенбiде Арменияда патрульдi полицияның полкiне шабуыл жасалып, полиция бөлiмшесiн басып алғандар бiрнеше адамды кепiлге ұстады. Шабуыл кезiнде бiр адам өлiп, төрт адамның жараланғаны туралы дерек бар. Полиция бөлiмшесiн басып алғандар бiрқатар саяси талаптар қойды. Армениядағы жағдайды Түркия­дағы оқиғалардың сарынымен мемлекеттiк төңкерiс ретiнде бағалағысы келетiндер көп. Бiрақ түрiк жерiндегi оқиғалардан айырмашылығы

Кәрiм Мәсiмов Улан-Батырда өткен Еуропа және Азия елдерi саммитiне шыққан сапарында Баян-Өлгийге соқты. Су тасқынынан зардап шеккен халықпен кездесiп, қағазға жазып алған дүниесiн қазақ тiлiнде ежiктей оқып бердi. Екi үлкен кiсiге елден ала барған қамзолы мен шапанын кигiзiп, қазақылық танытқансыды. Сый берiп, құрмет жасаудан ешкiмге қарыз болып көрмеген Баян-Өлгий қазақтары атажұрттан келген қонаққа ақбоз ат мiнгiзiп, қолына қамшы ұстатты.

ТАЛҒАТ АЯН ДА ОСЫ НАУҚАНҒА IЛIГЕ МЕ?
Жер саудасына қатысты митингiге байланысты қамауға алынып, абақтыда жатқан Талғат Аян жуырда халыққа хат жазған едi. Онда ол өзiнiң кiнәсiз екенiн дәлелдей отырып, тағылған айыптаулардың күл-талқанын шығарған. Дегенмен әлеуметтiк желiде Талғатқа тағы бiр айып тағылуы мүмкiн екенiн әйгiлейтiн және бiр ақпарат пайда болды.
“Жомарт” — құнарлы кенiмен “Қазақмыстың” кем-кетiгiн жауып отырған, Жезқазғаннан жырақта, “Жаман-Айбат” жағында жатқан жалғыз кенiш. Қатарға қосылғанына биыл — 10 жыл. Осыны атап өтуге арналған салтанат кейiнге қалдырылды. Себебi, комбинаттағылардың айтуынша, ойламаған жерден оқыс оқиға орын алған. Қаза тапқан 42 жастағы проходкашының денесiн желдеткiш оқпанның бiрiнiң аузынан лай суды сору арқылы әрең шығарған. Ал маған осы “ойламаған жерден” емес, солай болуға тиiс жазатайым жағдайдай көрi­недi. 
“Қазақ үнi” ұлттық порталына екi күннен берi техникалық зиян келтiрiп, тұсаулау шабуылы жасалуда. Бұл ту­ралы qazaquni.kz  сайты хабарлайды. “Қазақ үнi” ұлттық порталының рейтингi бiр күннiң iшiнде алдыңғы қатардағы 35-40-ыншы орындардан 300-орынға  бiр-ақ түстi. Порталдың техникалық жұмысын қадағалайтын арнайы программистер тобының жұмысы нәтижесiнде сайт серверiне шабуыл жасалғаны анықталды.
(Новелла)
Ең жақсысы, менiң тып-тыныш барып ұйықтағаным едi, бiрақ мен өйте алмаймын. Себебi, түсiнiктеме жазып, апарып беруiм керек. Әйелiм мен бала-шағам баяғыда жатып қалды. Балалардың ендiгi ұйықтап қалғандарын да бiлiп тұрмын, ал әйелiм, әй, ұйықтай қойған жоқ. Ол менi күтiп жатыр. Бар шындықты өз аузымнан түгел естiмейiнше тынышталатын түрi жоқ. Менiң ендi iстi болатынымды, менен айырылып қалатынын бiлсе де, мойындағысы келмей, қор­қып жатыр-ау.
Азаматтық белсендi Ермек Нарымбаев Қазақстаннан жасырын шығып, Украинаны паналады. Заңсыз митинг үшiн әкiмшiлiк жазаға тартылып, 15 тәулiкке қамалған Мөлдiр Әдiлованың да Ермекпен бiрге елден кеткенi расталды.  Бұдан бұрын Ермек Нарым­баев Алмалы аудандық сотының үкiмiмен үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда Алматы қалалық соты бұл үкiмдi аталған мерзiмге дейiн бостандығын шектеу жазасымен алмастырған.

Оңтүстiк жұрты тау мен тастан, құм мен шөл даладан әсемдiк iздеген, қобыздан керемет бiр күй тартылып тұрмаса қолы жүрмейтiн, қазақтың күйлерiн өз өнерiнiң өрiсi санаған Аманжол Найманбайды еске алды. Облыстық тарихи-өлкетану музейiнде. “Түркiстан” сарайының директоры Күлия Айдарбекованың ұйытқы болуымен. Күнi кешеге дейiн Айдарбекова облыстық мәдениет басқармасын бiрнеше жыл бойы

Алдымен Кеден одағы, одан кейін Еуразиялық экономикалық одағы құрылар тұста мемлекет басшысы: «Біз 160 млн халық өмір сүретін ірі нарыққа бет алып барамыз, бұл отандық экономика үшін мол мүмкіндік» дегенді сан мәрте қайталағаны сонша, тіпті күні бүгінге дейін жадымызда жаңғырып тұр. Рас, көкейде күдік-күмән көп болғанымен, білдей бір елдің прези­денті айтып тұрғаннан кейін сенбес­ке амал қайсы. Мардымсыз өнім шығарсақ та, шикізат дегеніңіз бізде шаш-етектен: «е, Ресей мен Беларуссияның нарығын жарылқайтын болдық» деп кәдімгідей күпсініп те қалғандар да табылды.

Сонау 2010 жылы Павлодар облысының Ақсу қаласы аймағындағы Ребровка ауылынан қараталақ (сибирская язва) індеті шығып, ел іші біраз дүрліккені есімізде. Сол жолы осы қауіпті дерттен бір әйел адам қаза болған. Сол кезде жергілікті атқару ұйымдары жұқпалы індетке себеп болған, ауру малды сойып, етін пайдаланғаннан деген ақпарат берген болатын.

Ақтөбе қаласының сасық иіспен демалып отырғанына бірнеше жыл. Жаз айларында күнбатыс жақтан соққан желдің екпінімен ауадағы сасық иіс 500 мыңға жуық тұрғыны бар қаланың барлық көшелерін жайлап кетеді. Әсіресе, осы шілденің ыстығында өңменіңнен өтер иіс тым күшейді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыс­тағы барлық атқамінерлерді – табиғат қорғау департаменті, коммуналдық қызмет, тазалық мекемесі,
2015 жылдың желтоқса­нынан бері Шымкенттегі тергеу абақтысында отырған жергі­лікті ипотекалық борышкерлер қозғалысының жетек­шісі Қыздығой Ажарқұлова­ның соты қалың көпшілікке аса танымал болмаса да, бұл іс елдегі азаматтық белсенді­лер­мен алысып жатқан билік­тің әрекетін әшкерелеуге тамаша мысал. Бұл сот 2011 жылы «Баспана­мыз­ды қорғайық» атты ұйымның құры­луымен тікелей байланысты.
БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ТІРКЕЛУІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНУЫ МҮМКІН
Қазақстан үкіметі ата-аналар­дың келісімінсіз балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салу туралы бастаманы қоғам талқылауына ұсынуды қа­растыруда. Қолданыстағы заң­ға сәйкес, мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерлерінен, оның денсаулығына рухани дамуына нұқсан келтіретін ақпараттан, үгіт-насихаттан қор­ғауға міндетті.

Алғашында арғымақтың шабысын күшейту мақсатында қолданылған допинг­тiң адам ағзасында жүрге­нiне де жарты ғасырдан асыпты. Осыдан ғасыр бұ­рын американдық атбегiлер сәйгүлiктерi желден де озу үшiн ет пен терiнiң арасына ине сұғып допинг құйған екен. Жүрегi көтермеген жылқылардың көбi көмбеге жетпей өлiп те кеткен.

Маған шетелге шығуға салынған тыйым алып тасталғанымен, атқарушылық іс бойынша әлі тыйым алынбаған. Емделу үшін шетелге баруым керек. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі жө­нін­дегі» заңның 33-бабы, 3-тар­мағы бойынша жеке және заңды тұл­ғаның басшысына қатысты шетке шығуға қойылған уақытша шектеу Қазақстан Респуб­ликасынан тыс аумақта ем алу қажет болған жағдайда тоқтатыла тұрады.
Сот отырысы – көпшілік үшін жағымсыз әсері басым шара. Дегенмен бұл істің де өзіндік тәртіп, ережесі бар және оны азаматтардың қаперде ұстағаны абзал. Сот отырысында төраға­лық ету тек судьяға ғана мін­деттелген. Төрағалық етуші судья қаралатын іс бойынша іс жүргізудің процессуалдық талаптарын сақтай отырып, іс туралы толық, жан-жақты, нақты зерттеп, әділдікті анық­­тауы тиіс. Сот отырысы­ның алдында судья қа­тысу­шыларды
86 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙДIҢ 86 ШӨБЕРЕСI БАР
АҚШ тұрғыны Мэри Фрейдiң шөберелерiнiң саны өзiнiң жасымен теңестi. “People” баспасының мәлiметiнше, Мэри мен оның күйеуi Джеральд 15 бала сүйген екен. Немерелерiнiң саны – 68, оның iшiнде 15-iн асырап алған. Бұл күнде Джеральд о дүниелiк болған. Ал Мэридiң 86 жасқа тол­ған шағында шөберелерiнiң саны 86-ға жеттi.