1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (16140) 21 шілде, бейсенбі 2016

Кеше алматылықтар тағы да дүрлiктi. Қаланың қақ ортасындағы – Көк базар маңындағы көшелерге әскерилер мен полицейлер қаптап кеттi. Қару асынған жасақ көлiктерден топырлап түсiп, көше қиылыстарын бөгедi. Бiрнеше кварталды айналдыра қоршауға алды. Бейқам жұрт түсiнбестiкпен шошына қарап, ол маңнан аулақ кетуге асықты. “Тағы не бәле болып қалды?” деген сұраққа қайтарылған жауап: “Арнайы операция өтедi”. Бiттi. Неғылған операция?

Бұл сұрақ жұртты бұрын да ойландыратын. Өйткенi 2011 жылы жалғыз Қариев Таразды төңкерiп кете жаздаған. Оның қолынан бес полиция қызметкерi мен екi бейбiт тұрғын қаза тап­қан едi. Мұндай оқиға Алматыда да қайталанды. Күлiкбаевтың бүлiгi бүкiл Қазақстанды дүр сiлкiн­дiрдi. Бұл жолы бейбiт тұрғындарды қоспағанда төрт полиция қызмет­керi оққа ұшты.

Дүйсенбi күнгi атыстан кейiн Алматы бiрте-бiрте қалыпты өмiр ырғағына көштi. Қауiп-қатердiң қызыл деңгейi сарыға ауыстырылған соң ертесiне көпшiлiк орындар, дүкен-базарлар, банктер жұмыс iстей бастады. Қоғамдық көлiк те өз тәртiбiмен қызметiне кiрiстi. Әйтсе де, бiздiң көзiмiзге көшедегi халық сақтықпен жүрген секiлдi көрiндi.

18 шiлдеде Алматыда болған жағдай туралы әркiм әртүрлi көзқараста. Бiреулер мұны күш құрылымдарына кектенген адамның өш алуы десе, ендi бiреулер саяси-әлеумет­тiк, тiптi дiни астары бар арнайы шабуылға жориды. Ал саясаттанушылардың бұл оқиғаға қатысты пiкiрi қандай?    Соңғы уақыттағы жағдайларды саралап көрер болсақ, негiзгi шабуыл ең алдымен күш құрылымдары өкiлдерiне бағытталып жүр. Бiздегi радикалдардың бiр ерекшелiгi осы деуге де болады. Бұл арада ақпараттық фактор үлкен маңызға ие

Алматы облысынағы Сарыөзек әскери лазаретi тек соңғы екi айдың iшiнде үш солдаттың мәйiтiн шығарды. Оның бiрi 19 жастағы жас сарбаз шаруашылық паркiндегi жұмыстармен айналысып жатып қаза болса, тағы бiрi асылып қалған жерiнен табылды. Ал 18 жастағы маңғыстаулық Даниэль Сайфуллин осыдан он шақты күн бұрын ғана ересек сарбаздардың соққысынан көз жұмды. Әр өлiмге қорғаныс министр­лiгi­нiң өз ай­тары бар. Бiрақ ол өрiмдей жастардың өмiрiн қайтармайды.

ЭКС-ӘКIМНIҢ КАДР САЯСАТЫНДАҒЫ ҚАТЕЛIГIНЕН ЖҮЗ МИЛЛИОНДАҒАН ҚАРЖЫ ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСКЕН
Оңтүстiк Қазақстан облыстық құрылыс басқармасын уақтысында кiм басқармады дейсiзi Оңтүстiктiң бас құрылысшысы болу механиктiң де, инженердiң де, кеденшiнiң де пеше­несiне бұйырды. Егер жаңылыспасақ, құрылысшы мамандығы бар, осы салада тәжiрибесi жеткiлiктi соңғы басшы Альмира Орманшина болуы керек. Өкiнiшке қарай, ол пара алды деген күдiкпен сотталып кеттi.

Соңғы кездерi елiмiзде “отан­дық өнiмдi сатып алайық”, “жер­гiлiктi үлестi көбейтейiк” сынды үгiт-насихат жүргiзiлiп жатқанынан хабардармыз. Әрине, отандық кәсiпкерлердi қолдағанымыз дұрыс. Кезiнде отандық көлiктi сатып алуға үгiттеген шенеу­нiктер де болды. Бiрақ олардың көбi сөзден нақты iске көше алмай отырғаны анық.

1 маусым күнi елдi елеңдеткен Алғабас-6 ықшам ауданындағы №136-үй сол күйi қисайып тұр. Бүгiн тоғыз қабатты үйдiң тұрғындарының көшiрiлгенiне тура 50 күн толды. Елу күнде не өзгердi? Осы күнде Алғабас-6 ықшам ауданында “күлтөбенiң басында күнде жиын”. Ықшам аудандағы №82 мектептiң акт залында әр аптаның сенбiсiнде қисайған үйге қатысты жиын өтедi. Алматы қаласы әкi­мiнiң орынбасары

Елдегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жұмада Қарағандыға жолы түсiп, кеңей­тiлген кеңес өткiздi. Оның облыстық мекеме басшыларын қалай “қысқанын” аймақтағы шен-шекпендi бейнебайланыстан бақылап отырды. Облыста былтыр және биыл тиiсiнше 79 және 21 мемлекеттiк қызметкер тәртiптiк кеңестiң талқысына түсiптi. Қаржылық бақылау органы былтыр —
Бұл арызды жазып отырған себебiм, мен әдiлдiк үшiн күресемiн деп, жазықсыз жаланың құрбаны болдым. Сiз­дерге түсiнiктi болу үшiн бәрiн басынан бастап айтқаным жөн шығар деп ойлаймын. Менiң негiзгi мамандығым – педагог. 40 жылға жуық осы Панфилов ауданында қызмет еттiм, кезiнде аудандық Пионерлер үйiн басқардым, педагогикалық колледжде мұғалiм, одан кейiн завуч, аудандық бiлiм бөлiмiнде басшысы, мектепте директор болдым.

Көрнекті ақынымыз Серік Тұрғынбекұлы 70 жасқа толды. Жақсы ақын туралы кімнің жазғысы келмейді дейсіз, редакциямызға Серік Тұрғынбекұлы туралы да талай мақала келіп түсті. Бірақ, біз ақынның өзін сөйлеткенді орынды көрдік те, оқырмандары­мызға Секеңнің соңғы кездері жазылған жаңа өлеңдерін ұсынып отырмыз.

Мен – алыс-жақын шетелдерде 18 жыл жұмыс істеп, сонан кейін Қазақстанға қайта оралған қазақпын. Сондағы айтпағым – біздегі кейбір «мәселелер» туралы. Шетелде бәрі ашық, бәрі жария істеледі ғой. Мәселен, үйдегі бір баламыз өте қорқақ делік. «Баламыз тым қорқақ...» дейміз де, өзіміз жайбарақат жүре береміз. Ал шетелде әлгі баланы психологқа, дәрігер-ғалымға алып барады. Өйткені, қорқақтық – ауру. Ауыр дерт.
Кешкілік мезгіл. Қалааралық телефон шырылдады. Хабар­ласқан Ұласбек Анартаев деген ескі құдамыз екен. Амандық-есендік сұрасқаннан кейін:
– Баяғыда Бекбосын ақсақал менің қарындасыма құда түсіп еді ғой. Одан хабарың бар шығар? – деді аздап қарлығыңқы дауыспен.
– Иә, бар.
Бойында өнерi мен қа­бiлетi бар мүмкiндiгi шек­теу­лi жастардың табиғи талантымен, еңбегiмен, оп­тимистiк көзқарасымен жеткен жетiстiктерi жайлы газет беттерiнен оқып, телебағдарламалардан көрiп таңдай қаға таңғалып жатамыз. Сан мыңдаған тыңдармандары бар, көзi көрмейтiн зағип жiгiттерден құралған “Сәт” триосы, суда жүзуден әлем чемпионы атанған екi қолы иықтан жоқ жас жiгiт, арбаға таңылғанына мойымастан ән айтып, өнерiмен өрге жүзген әншi жiгiт

Біраз уақыт бұрын бір көпшілік асқа бардым. Менен кейін жұпыны киінген бір көрікті жігіт келіп, дастарханның төменгі жағына елеусіз отыра салды. Қазекеңнің басы қосылса, белгілі ғой, егдесі бар, жасы бар, әңгіменің тиегін ағытты да жіберді. Ең әуелі саясат туралы айтып, билікте жүрген талай марқасқаларды орнынан «түсіріп», біраз нарқасқаларды жұмсақ, жылы орынға қон­житып тастады. Одан кейін арай шашқан

Кезінде «Жас Алаш» газетінде «Ел ішінде Балуан Шолақ бабамыздың біз естімеген әндері көп» деген мақала басылған соң, әйгілі сазгердің «Ғалия» деген әнінің мәтінін жібердім. Оны газет жариялады. Содан екі ай өткеннен кейін маған Ардақ Мұқышев деген азамат хабарласты. Түн ортасында. «Қара­ғанды облысы, Шет ауданынанмын. Дәстүрлі әнші едім. Әлгі әннің нотасын беріңізші» деп жалынды.

Демалыс үйіне әйелімен барғандарды «самаурынымен келіпті» дейтін бір сөз бар екен. Бір жігіт демалысқа кететін болып жолдас-жорасының басын қосады. Қызыңқырап қалған қонақтың бірі: – Самау­рының­мен барасың ба, жалғыз барасың ба? – деп қайта-қайта сұрап қоймапты. Сонда белгілі айтыс ақыны Қонысбай Әбіл:

Рио-де-Жанейро жазғы Олим­пиадасына грек-рим күресiнен толық құрамда қатысатын елдер мыналар: Ресей, Иран, Мысыр (Египет). Таңат Сағындықов баптайтын елiмiздiң ұлттық құрамасына 3 жолдама тидi. Былтыр АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен әлем чемпионатында Алмат Кебiсбаев 59 келiде қола медаль олжалап, жазғы Олим­пиа­да ойындарына қатысу құ­қығына ие болды. Сол әлем чемпионатында Алмат египеттiк, норвегиялық, балуандарды ұтып

ӨЗГЕНIҢ НАМЫСЫ ҮШIН КҮРЕСЕДI
Рио-де-Жанейро жазғы Олим­пиадасына ұлты қазақ бiрақ өзге елдiң туы астында өнер көр­сететiн спортшылар да қатысады. Солардың iшiндегi ең тә­жiрибелiсi – Елмұрат Тасмұратов. Өзбекстан елiнiң атынан 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысты. Әлем чемпионатының екi дүркiн қола жүлдегерi, Азия чемпионатының үш дүркiн чемпионы.