1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №61 (16143) 2 тамыз, сейсенбі 2016
Кәрiм Мәсiмов кейiнгi кезде әрнәрсенi астарлап жүр. Бiрақ оның кiмге не айтпақ болғанын тап басып тану мүмкiн емес. Ел “е, мәселе былай екен ғой” деп ой түйiп үлгергенше, Мәсiмов тағы бiр қызықтың шетiн шығарады. Мысалы, күнi кеше шайтаншақпен аңыратып автобанда жүрген тәртiпсiздiгi үшiн айыппұл төледi де, түбiртегiн шырт еткi­зiп суретке түсiрiп, әлеуметтiк желiге “атып” жiбердi. Ал қалай түсiнсеңiз, олай түсiнiңiз, үкiмет басшысы – айыпкер. Iлгерiдегi бiр суретiнде “алаяқ” болған. Ал ертең кiм болады? Мiне, осы сұрақ бiздi ойланта-ойланта, мынадай тоқтамға келтiрдi:
ЦАЙДЫҢ ӘҢГIМЕСIН ОРТАСЫНАН ҮЗЕ САЛДЫ
29 шiлдеде ҚР пре­зи­­дентi жанындағы орталық коммуникациялар қызметiнде өткен кезек­тi баспасөз мәс­ли­хатына “Қамқорлық” қоғамдық бiрлестiгi кеңесiнiң төрағасы Евгений Цай шақырылды. Би­лiктiң шамына тиетiн ашық әңгiме айт­қан қонақтың сөзiн баспасөз мәслихатын жүргi­зу­шi араға 16 минут салып тоқтатып тастады.

Президент Н.Назарбаев премьер-министр К.Мәсiмов­ке тамыз айының аяғына дейiн жер комиссиясы жұмысының қорытындысын жариялауды тапсырды. Әу баста билiктiң тапсырысымен құрылып, Ақорданың тiзiмiмен жасақталған бұл комиссия не тындырды? Ең бастысы, жер мәселесi қалай шешiлмек? Жер, ел үшiн алаңға шығып, Атырауда митингi ұйымдастырған белсендiлердiң тағдыры не болмақ? Бұл сұрақтарға билiктiң не айтатыны белгiлi. Ал қоғам не дейдi? Жер мәселесiнiң шешiмi қандай болуы тиiс?

Iшкi iстер департаментi басшысының орынбасары С.Абдулаев мұны растамады да, жоққа да шығармады
“Мақтаарал ауданы Ералиев ауылдық округiнде тәжiк азаматы жас қызды зорламақ болыпты, осыдан кейiн ауыл жiгiттерi тәжiк отбасыларының үйлерiн, көлiктерiн өртептi” деген жайсыздау ақпарат апта басында елдi кәдiмгiдей елеңдетiп тастады. Дүйсенбi күнi таңертеңнен бастап полиция мен облыстық әкiмдiк қызметкерлерiнiң жаппай
АЛ АТА-АНАЛАР МЕН МЕКТЕПТЕР ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?
Бұдан бұрын елiмiздiң бiрнеше өңiрлерiнiң прокурорлары оқушылардың мектепте смартфон пайдалануына тыйым салуды ұсынған болатын. Қызылордалық прокурорлар смартфонның оқу процесiне жағымсыз әсерi болатынын ескерте келе, “ең қорқыныштысы, балалар смартфон арқылы өздерiнiң адамгершiлiк және рухани тұрғыда дамуына керi ықпал ететiн нәрселерге толы ғаламтор кеңiстiгiне қадағалаусыз қол жеткiзедi
БҰРҒЫЛАУШЫЛАР КӘСIПОДАҚ ТӨРАҒАСЫН АУЫСТЫРДЫ
Жаңаөзендегi бес күнге жалғасқан мұнайшылар ереуiлi өткен жұмада кәсiподақ ұйымын сайлаған жиналыспен аяқталды. Жұмысшылар құқық қорғау органдарына жауаптауға шақырылып жатқандарын хабарлайды. Жаңаөзендегi “Бұрғылау” жауапкершiлiгi шектеулiгi се­рiктестiгi жұмысшылары өткен апта бойы бiрнеше сағатқа жұмысты тоқтатты. Олар жұмыс iстеп жатқан мекемедегi кә­сiподақ ұйымын өздерiнiң құқын қорғамайды, жұмыс берушiнi жақтайды деп айыптады
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ЛАҢКЕСТIККЕ ИТЕРМЕЛЕЙТIН НЕ?
Қазақ қоғамына қазiргi сипаттағы лаңкестiк – террор 2001 жылы Ақтөбе оқиғаларымен ендi: 17 мамырда ҰҚКД кеңсесiн­де 25 жастағы Рахымжан Махатов өзiн-өзi жарып, 30 маусым – 9 шiлде аралығында Кеңқияқ пен Шұбарши атыс алаңына айналды. Қарулы қақтығыстан 9 салафит өлiп, алтауына iздеу жарияланды. “Арлан” арнайы жасағынан Руслан Жолдыбай, Кеңқияқ полицей­лерi   Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбай
АЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРДIҢ САҚАЛДЫЛАР СОТКА САТАДЫ ЕКЕН ДЕП ЕНДI ДҮРЛIГIП ЖҮРГЕНI АҚЫЛҒА ҚОНА МА?
Ақтөбе мен Алматыдағы қанды қырғын терактi деп бағаланғалы терiс ағымдарға қатысты тәртiп қа­таятын шығар деген үмiттемiз. Оқиғаның қызуы басылған соң бәрiн сол  бәз-баяғы қалпына түсiрiп алатын әдетiмiз әлi қалмаған. Әйтпесе Шұбарши мен Кеңқияқтағы оқиғаларды былай қойғанда, Тараздағы терактiде жалғыз өзi жетi адамды жайратып сал­ған Қариевтiң лаңы жеткiлiктi сабақ едi ғой бiзге.
Редакциямызға полиция қызметкер­лерiнен жәбiр көрген, әдiлетсiз сот шешiмi­нен кейiн кiмге шағымданарын бiлмей тауы шағылған жандар жиi келедi. Төменде баяндалатын оқиғаны айтып берген азаматтың елдегi сот жүйе­сiнен жерiгенi соншалықты, 18 жылға сотталған ұлына ара­ша бола ма деп қоғамдық ұйымдар мен журналис­тер­дi ғана жағалап жүр.

1916 жылдың 25 маусымындағы қатын патшаның әскерге адам алу жөнiндегi жарлығы, оған дейiнгi 1-дүниежүзiлiк соғыстың езгiсi әбден титықтатқан ел, өрiсiн тарылтып, қыстауы мен жайлауынан амалсыз ығысып ашынған халық бас көтердi. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiстiң алғашқы дүмпуi дәл осы Мыңжылқы жайлауында бұрқ етiп едi. Жәрмеңкесiмен әйгiлi болған Қарқарадағы қырғында 400-ге тарта үй өртенiп, 1905 адам (ресми дерек) оққа байланып,

Осыдан бiрнеше күн бұрын Түркия тарапы Феттулах Гюленнiң iлiмiн насихаттайды деген күдiкпен елiмiз­дегi қазақ-түрiк лицейлерiн жабуды сұраған. Ресми Анкара аталған мек­теп­тердi бiлiмдi желеу етiп, астыртын өз саясатын жүргiзiп отыр деп айыптаған.  Осыған орай, ҚР Бiлiм және ғылым министр­лiгi ресми мәлiмдеме жасап, Қазақстанда атал­ған оқу орындарының жұмысы тоқтамайтынын, ата-аналарға, оқушыларға алаңдайтын негiз жоқ екенiн айтты.
Ауыл клубына 60–70 адам жиналып, үштiлдiлiк мәселесiн қызу талқылап жатыр. Жиналыс жүргiзушi Жақан Жаппарұлы отырғандарға қарап: – Ал, ағайын-туыс, ауылдас, тағдырлас бауырлар! Не iстеймiз? Мiне, 1 қыркү­йек те келiп қалды. 1 қыр­күйектен бастап әрбiр мектепке үштiлдiлiк енгiзiлетiнi бәрiңiзге мәлiм. Бұл пәледен қалай құтыламыз? Әркiм өз ойын, ұсынысын ашық айт­сын!– дедi.
Бiр құрбақа тасбақаға мұңын шағыпты:
–Бiз де өзгелер сияқты ауылдан ұзап шығып көрсек қайтедi? Ауылдың сиқын өзiң де көрiп отырсың: кисек– киiмге, iшсек – тамаққа жарымаймыз. Астанаға тартып кетсек қайтедi, осы? Содан екеуi келiсiп, кеңесiп, Астанаға жол тартады. Тасбақаның жүрiсi белгiлi ғой, құрбақа Астанаға бiр жыл бұрын жетедi. Бiр жылдан кейiн митың жүрiспен тасбақа да келiп жетедi Астанаға.
 – Анау тұрған керемет данышпан адам!
– Апыр-ай,ә! Шамасы ғылым жолында басын тауға да, тасқа да соғып, талай ғылыми жаңалықтар ашқан ғұлама ғалым болды ғой.  – Жоқ, ә. Сiз қайдағы-жайдағыны айтпаңызшы. Оның ғылыммен еш шаруасы жоқ. Бiрақ академик.
Бүгiнде қай жерге барсаң да алдыңнан алақайлап ақылы қызмет қарсы алады. Ақылы қызметтiң жер-жаһанды құмырсқадай жаулап алғаны сонша, қарыс қадам басуымыз мұң болды. Таяуда өрен-жаранымды тау бөктерiне демалдыру үшiн апара қалдым. Көлiгiмдi ойпаңдау жерге қойған едiм, едiреңдеп бiреу жетiп келдi.
– Бұл жерге неге тоқтайсыз? – дедi салған жер­ден.
– Тоқтаса не болыпты? – дедiм мен де оған кiсi екенiмдi көрсеткiм келiп ежiрейiп.
–“Не болыпты?” дейдi тағы. Болды. Бояуы сiңдi. Менiң жекешелендiрiп алған жерiме рұқсатсыз кiрдiң бе? Кiрдiң. Ендеше, айып төлейсiң, шырақ.
АЙТШЫ, АҒАТАЙ…
Болашақтың неге өртендi өткелi,
Жұрттың бәрi содан сiзге өкпелi.
Айтшы, ағатай?
Суық қысқа айналды,
Елдiң неге көктемi?!
СҮЙIНБАЙ ЕРАЛИЕВ ТЕ ӨТТI ДҮНИЕДЕН
Қырғыздың Сүйiнбайы, қырғыз халқының аса көрнектi ақыны Сүйiнбай Ералиев өттi дүниеден. 94 жасында. Сүйiнбай Ералиев қазақ ақындарымен етене араласты. Әсiресе, Сырбай Мәуленовпен. Етене аралас-құраласумен қатар С.Ералиев қазақтың мықты ақындарын қырғыз тiлiне де аударды. Қазақ поэзиясы туралы талай мақалалар жазды. Қырғыз және орыс тiлдерiнде.

Өтедiсiмен күттiрген Рио-де-Жанейро жазғы Олим­пиа­дасы да келiп жеттi. Сарша тамызда жер жүзiнiң спортшыларын жинайтын Бразилиядағы ұлы аламан­ға   қосылатын саңлақтардың iшiнде шоқтықтысы аз емес. Сол шоғырдың iшiндегi шоқтықты спортшы – Каори Ичоу. Еркiн күрестен сынға түсетiн бұрымды балуанның бұл – төртiншi жазғы Олимпиадасы. Бiр мүшел уақыттан берi   ешкiмге есесiн жiбермеген балуан өзi қатысқан үш жазғы

АЛҒАШҚЫ ЖЕҢIСI
Қазақстандық кәсiпқой боксшы Фируза Шәрiпова өзiнiң алғашқы жеңiсiне қол жеткiздi. Испанияның Санта-Поло қаласында өткен жекпе-жекте тiсқаққан боксшы, кәсiпқой бокста 5 жекпе-жек өткiзiп, тәжiрибе жинаған  итальялық Анжела Канецароны ұпай санымен ұтты.
Албан көтерiлiсiнiң 100 жылдығына орай Мыңжыл­қы жайлауында ас берiлiп, балуандар күресiп, ат бәйгесi өттi. Салмақ өлшемiне қарамастан, күреске түскен 33 балуанның арасында Руслан Әбдiразақовтың мерейi үстем түстi. “Қазақстан барысы” республикалық турнирiнiң күмiс, қола белбеу иегерi Р.Әбдiразақов – түйе балуандықтан елiмiзде өтетiн додаларда олжа салып жүрген саңлақ. Руслан финалда алакөлдiк балуанды ұтып, теледидар иеленсе, екiншi орын алған