1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (16144) 4 тамыз, бейсенбі 2016
КРЕМЛЬДIҢ АГРЕССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА БАҒЫТТАЛА МА?
Cоңғы апталарда Батыс елдерiндегi жекелеген саяси орталарда аяқастынан «Ре­сей Қазақстанды басып алуы мүмкiн» деген тақырыпта пiкiрталас қызды. Ресей көршiсiнiң сол­түстiк облыстарына қарсы “Қырым сцена­рий­iн” қолдануы ғажап емес дейтiн сәуегей-сая­саткер, саясаттанушылар табылды. Әлеу­меттiк желiлерде бұл әңгiменiң желдей ескенi соншалық, ақырында Ақорда қорғаныс ми­нистрiнiң аузымен елдi сабырға шақыруға мәжбүр болды.

Тәуелсiздiк алғалы бiр миллиард 400 млн тонна мұнай өндiрiппiз!.. Сонда қалайша ғана дағдарысқа ұшыраймыз?.. Елiмiзде бар болғаны 17 миллиондай ғана тұрғын бар... Тiптi түсiнiксiз жағдай, миға сыймайды!.. Соншама көл-көсiр дүниенi малданып отырып, неге бiз дағдарысқа ұрындық?.. Мұнайдан басқа да қазба байлықтарымыз шаш-етектен емес пе?.. Бұл аз болса, 2009 жылы Қазақ елiнiң мұнай өндiруiне 110 жыл толуына орай

Оқырманның есiнде болуы тиiс, мау­сым айының басында “Жас Алаш”, “ДАТ” (Общественная позиция), “Қазақ елi”, “Ашық алаң - Трибуна”, “Президент және халық” басылымдары мен “Аңыз Адам” - “Жұлдыздар отбасы” журналының, “Абай” порталының ұжымдары қазақ жерiн бейбiт жолмен қорғау бастамасын көтерген. “Жер сатылмасын! Шетелдiктерге жалға берiлмесiн!” атты бүкiлхалықтық қол жинау науқанына елiмiздiң түкпiр-түкпiрiндегi азаматтар үн қосты.

Медеу аудандық сотында тәуелсiз “Трибуна” газетi бойынша iс қаралып, басылымға 5 миллион теңге айыппұл салынғаны оқырман есiнде болар. “Ар-намысыма кiр келтiрдi, моральдық шығынға ұшыратты” деп сотқа арыз берген “Алматыжарнама” компа­ния­сының басшысы Сұлтанбек Сыздықовтың талабы солайша қанағаттандырыл­ған.

Елеусiздеу болып көрiнгенiмен, бүгiнде көңiл аударарлықтай бiр жағдай бар. Мысалы, ресми деректер бойынша, өткен жылы Қазақстаннан кеткен халық келгендерден екi есе көп болған және қоныс аударғандардың көпшiлiгi ТМД елдерiне табан тiреген. Ал ендi бұған не себеп, астарында не жатыр дегенге келсек, мамандардың бұл орайдағы пiкiрi әралуан.  

ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУГЕ ОБЛЫСТЫҢ ДӨЙ БАСШЫЛАРЫ КЕЛДI 
“Жас Алаш” газетiнде бұған дейiн жазылғандай «жетi жастағы қазақ қызын 15 жастағы тәжiк жiгiтi зорламақ болды» деген ақпараттан Мақтаарал ауданында тұтанған жаппай тәртiпсiздiк кезiнде бiрнеше тұрғын жай, көлiк өртенiп, азаматтар дене жарақатын ал­ған. Бастапқыда оқиға орнына орынбасарына барып қайт деген Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Бейбiт Атамқұлов
Ақпарат құралдарында журналист, қоғам қайраткерi Гүлжан Ерғалиеваның Қазақстан президентi Н.Назарбаевқа ашық хаты жарияланды. Ұзақ жыл оппозиция қатарында жүрген Гүлжан Ерғалиеваның саяси үндеу сарынындағы ашық хатының мазмұнымен қысқаша таныстыруды жөн көрдiк. Президентке ашық хатын Гүлжан Ерғалиева 20 жыл iшiндегi билiкпен,
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Нұртас Шмановтың назарына
Маңғыстау облысындағы “Ақ бұлақ” бағдарламасының орындалуы елдiң көңiлiнен шықпады. Тұщықұдық ауылы тұрғындары Фейсбук әлеуметтiк желiсi арқылы “сапасыз мұнай құбырлары арқылы жеткiзiлiп, тазартылмаған су қоймада сақталғандықтан, iшуге жарамсыз болып қалды” деп дабыл қақты. Олар тiптi бейнебаяндарды орналастырып, суреттерiн де iлiп қойды. Аудан әкiмдiгi “суды iшiп көргендерiн айтып, айтылған жайттың шындыққа жанаспайтынына” сендiруге тырысты

Бүгiнде бiздiң Қазақстан – бизнес-республика. Бизнес де­генiмiз – сартылдаған сауда. Ухит-сухитпен уысыңа түскендi бересiң де аласың, қосасың да бөлесiң. Ненi не қылсаң да, ол сенiң қолыңнан басқаларға қымбаттап кетiп, басқалардан саған арзандап қайтып келуi керек. Екi арадағы делдал ақша – дедектеген бизнес. Мұны қалай түсiнгi­лерiң келсе, солай түсiнiңдер, ал менiң көзiмнiң әбден жеткенi – ақшаның “ар-абыройының” аспандағаны!

– Алты жылдан соң, биылғы шiлде айының басында өзiм туып-өскен Моңғолияның батысындағы Баян-Өлгей аймағына баруыма жол түстi. Оған бiр жағынан кiндiк қаным тамған, ата-бабамының сүйегi жат­қан ел-жұртыма, туған жерiме деген сағыныш әсер етсе, екiн­шi жағынан биылғы жылы “Баян-Өлгей қазақ аймағының құрметтi азаматы” атанғаным себеп болды. Маусым айының басында Баян-Өлгей қазақ

АЙТАРЫН АЙТЫП КЕТКЕН ЖАЗУШЫ
Мәскеуде тұратын абхаз жазушысы Фазиль Искандер дүниеден өттi. 89 жас­қа қараған шағында. Абхазияның пре­зидентi В.Хаджимба жазушыны Абхазияға жерлейiк деп ұсыныс айтып едi, оған Ф.Искандердiң туыстары көнбедi. Ф.Искандер Мәскеуге жерлендi. “Жыландар мен қояндар”. Фазиль Искан­дердiң 1970 жылдары жарық көрген осы повесi

Қазiргi қоғамда дәстүрлi исламды жат санайтын жандар көбейдi. “Замуж за муджахида” деген секiлдi дiни топтар да жетiп-артылады. Ондағылар сенiң iшi-бауырыңа кiрiп кете жаздап сөйлеседi. Осындай дiнбұзарлардың кесiрiнен ақидасынан адасып, өкiнiштен өзегi өртенiп жатқан жастарымыз қаншама. Аспанымыз ашық, күнiмiз бейбiт заманда, Таяу Шығыс елдерiне қарай шекара асуға не себеп болды екен?!

Алтын қанат балапаным, Арайлым,
Мен жүзiңе мейiрлене қараймын.
Озып келдiң бiлiм деген бәйгеде,
Жеңiсiңдi бақытыңа балаймын.
 
Бүгiнде Қазақстанда 17 миллионннан аса халық тұрады. Оның 70 пайызы –қазақтар. Қазақстанда тұрып, жергiлiктi халықтың тiлiн үйренген, өлеңiн айтып, биiн билеген қаншама орыс, кәрiс, украин, немiс және т.б. ұлт өкiлдерi бар. Бiрақ өз елiнде, өз жерiнде жүрiп әлi күнге бiр ауыз қазақша бiлмейтiн және бiлуге ұмтылмайтын қазақтар да жетерлiк. “Тәуелсiздiк алғанымызға ширек ғасыр болды”,

КСРО-ның кезi. Облыстық телерадио комитетiнiң бас редакторы едiм. Бiр күнi комитет төрағасы Виктор Роговой екеумiздi облыстық партия комитетiнiң насихат және үгiт бөлiмiнiң меңгеру­шiсi Валентин Болтенко шақырды. Облпарткомдағы тi­келей басшымыз КСРО мем­лекеттiк телерадиосының шетелдерге хабар тарататын бас редакциясының редакторы Владислав Листьев деген журналистiң Шымкентке ертеңдерi келiп қалатынын, оны күтiп алып, қаладағы iргелi кәсiпорындардан

Екi бойжеткен әңгiмелесiп тұр.
–Мен дәл 16 жасымда екiқабат болып едiм. Сен мiне, 18 жасыңда екiқабат болдың. Менен екi жылға қалып қойдың!
–Оның есесiне мен iшiм­дегi сәбидiң әкесi кiм екенiн дәл бiлемiн!
ЕНДIГI ФЕОДОСИЙ ПАТШАҢ ДОПИНГ БОЛЫП ЖҮРМЕСIН
Биыл жаңаша Олимпиаданың басталғанына 120 жыл толды. Адамзат баласы түрлi ойындарды, сайыстарды, спорттық жарыс­тарды ойлап тапқанын бiлемiз. Қазба жұмыстарының, жазба жұмыстарының нәтижесiнде көне Грек жерiнде спорттық сайыс өткенi дәлелдендi. Кейiн оны бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 776 жылы “бұл адам баласына кесiрiн тигiзiп, кедергi болады” деп