1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (16145) 9 тамыз, сейсенбі 2016

Бiздiң ауылда бiр кiсi болып едi. Қисық сөйлеп, бәрiн терiс iстейтiн. Елдiң бәрi мақұлдаған iске жалғыз өзi қарсы шығып жүретiн. Қазiргi жағдайымыз тура сол кiсiнiң мiнезiн еске салады. Ағаштың жаңқасынан жиһаз жасаймыз, таза ағаштан қоршау тұрғызамыз. Қарапайым жұрттың зейнеткерлiк жарнасын банктерге беремiз, ал байлардың ақшасы басқа елге кетсе де қыңқ демеймiз. Кедейлер салық төлейдi, бiр басында бiрнеше компания тiркелгендер бiр тиын салық құймайды.  

Қазақ-түрiк лицейлерiнiң мәселесi Н.Назарбаевтың Түркияға күнi кешегi сапары кезiнде де сөз болды. Н.Назарбаев әртүрлi қауiп-қатер өршiп тұрған бүгiнгiдей уақытта әлемдiк қауiпсiздiк пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшiн екi елдiң күш бiрiктiруге дайын екенiн мәлiмдей келе, Түркия тарапының аталған бiлiм ошақтарына қатысты күмән-күдiгiне де тоқталды. Ол өз сөзiнде қазақ-түрiк лицейлерiнiң мемлекеттiк мектеп екендiгiн, ондағы бiлiмнiң 4 тiлде, яғни қазақ, орыс, ағылшын және түрiк

Шiлде айындағы Жер комиссиясының Астанада өткен отырысында “Алаш жолы” қозғалысының және “Нұр-Отан” партиясының мүшесi Айдын Егеубаев ел азаматтары атынан нақты ұсыныс жолдаған едi. Оның мәлiмдемесi талайдың төбесiнен жай түскендей әсер еткенi анық. Себебi дерек көп. Сол деректердiң денi жер дауына, Қазақстанда жұмыс iстеп жат­қан қытайлық компанияларға, олардың қазақ жерiн қашан, қалай алғанына қатысты өрбiген.

Кеше Ұлттық банк бекiткен ресми бағам бойынша бiр доллардың құны – 348 теңге 97 тиын болды. Алматыда ақша айырбастау пункттерi “көк қағазды” 350-350,5 теңгеге саудалап жатыр.  Өткен жылы бас банк долларсыздандыру амалын қолға алғанда, оған көпшiлiктiң күмәнмен қарағаны бар. Ел iшiнде үйдi теңгемен бағалап сатармыз, мәшиненi де өз ақшамызбен саудалармыз дейтiндер кездесе қоймайды. Өйткенi бәрi шотты доллардың бағамына сай қағады. 

4 тамызда Қазақстанда тыйым салынған оппозициялық «Алға» партиясының жетекшiсi Владимир Козловты түрмеден мерзiмiнен бұрын босату туралы сот шешiмi шыққаны белгiлi болды. Қазақстандағы адам құқықтары мен заң үстемдiгi бойынша халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис әлеуметтiк желiдегi парақшасында бұл шешiмнiң 15 күннен соң күшiне енетiнiн хабарлады.

Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы ғана күндер қалды. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметiнше, биыл Қазақстан бойынша 410 мың оқушы тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттайды. Басты жаңалық, биылғы 2016-2017 оқу жылынан бастап мектептерде жаңар­тылған бiлiм беру бағдарламалары енгiзiледi және бұл бағдарлама тек 1-сыныпқа баратын балаларға ғана қатысты. Жаңартылған бағдарла­маның негiзiнде бес күндiк оқу аптасы да бар.
ШЕТЕЛДIК ИНВЕСТОРЛАР ҮШ АЙДЫҢ IШIНДЕ ҚАЗАҚСТАННАН 700 МЛН ДОЛЛАРДЫ АЛЫП КЕТКЕН
Елдiң экономикасын, халықтың әл-ауқатын көтерiп, жақсарту үшiн iшкi-сыртқы көздерден инвестиция тартудың маңызы зор. Бұған дамыған елдер де, дамушы мемлекеттер де мүд­делi. Бiз сияқты дамушы елдiң қабiлет-қарымы мол болғанымен, қаржы тапшылығы бiраз шаруаға қолбайлау. Соның салдарынан инвестицияны сырттан iздеуге мәжбүрмiз. Бiр қарағанда, билiк инвестициялық

Тәуелсiздiкке қол жеткiзгеннен бастап ел басқару жүйесi озбырлықтарға жол берiп, конституциялық құқықтарды өрескел бұзумен, сөз бостандығын тежеумен келедi. Бұдан 5-10 жыл бұрын болған оқиғаларды еске алсақ, қоғамға шындықты жеткiзген басылымдар мен ұлт жанашырларының бәрi қуғын-сүргiндi бастан кешiрiп келедi. Ал соңғы жылдары сөз бостандығы бұрын-соңды болмаған қудалауға, қыспаққа түсiп отыр. Жуырдағы жер дауынан берi билiк репрессияға бет бұра бастады

Қазақстан, Өзбекстан сынды авторитарлық елдерде үкiмет Батыстан құқық қорғау органдары пайдаланатын кибер-құралдарды сатып алып, оны режимге жақпайтын адамдардың электронды құрылғыларына бұзып кiру үшiн пайдаланады деп жазады шетелдiк баспасөз. Бiр топ зерттеушi 2000 жылдардың басынан берi Verint және Nice Systems сияқты компаниялар Өзбекстан мен Қазақстанға адамдарды жаппай әрi құпия аңдуға көмектесетiн құрал-жабдықтар
Ұлт-азаттық көтерiлiске – 100 жыл
Ауылдағы тыңшылары Мiржақыпқа Таран отрядының Торғайға келе жатқанын айтып жiбередi. Қарсы келе жатып Мiржақып: “Анау көрiнген Иманұлының отряды. Өзi әскерiнiң iшiнде қалып менi жiбердi. Торғай қазiр совет өкiметiнiң қолында, Шалқардағы фронтқа бiрге жүру үшiн алдыңыздан шығып тұрмын деп айт. Ол бiз қызыл отрядпыз, Иманұлын iздеп келемiз десе, әскерiнен бөлiнiп шықсын. Бiр-бiрiмiзге документтерiмiздi көрсетiп, сенiсейiк”, – деп Едiрес Байболұлын жiбердi.

Нұрболат Абдуллиннiң есiмi аталғанда ойға “Сүйгенiң қайда?” оралады. Ол көпшiлiкке осы әнiмен танылды. Өзi туып-өскен Ақтөбе өңiрiне өнерпаздығымен танымал Нұрболат 2012 жылы Алматыға келдi. Өнер мен мәдениеттiң ордасы саналатын Алматы тұр­ғы­ны атанғанына бес жыл да болмаған Нұрболат көпшiлiк­тiң, әсiресе, жастардың ұйып тың­дай­тын әншi­сiне айналған.

Әмiре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен дүниежүзiлiк көрмеде “Балқадиша”, “Бесқарагер”, “Смет”, “Дударай”, “Ағаш аяқ”, “Жалғыз арша”, “Үш дос”, “Қараторғай”, “Қызыл бидай” әндерiн шырқағаны белгiлi. Келесi жылы Астанада әлемдiк көрме өтедi. Шiркiн-ай, ЭКСПО – 2017-де әлем елдерiнiң павильондарында Әмiренiң осыдан 91 жыл бұрын шырқаған әндерi естiлiп тұрса.

ТАЛАНТТАРДЫ ТАППАҚ
JADO production мен “МУЗ LIFE” телеарнасы жас таланттарды табу мақсатында конкурс өткiзбек екен. 5-17 жас аралығында жас таланттардың томағасын сыпырып, өнер айдынында желкенiн керуге жөн сiлтеу мақсатында өткiзiлетiн “Жұлдыз лайф” конкурсына өтiнiш бергенде әдiлқазы­лардың алдында өнерле­рiн көрсетiп, талантын сынап көредi.
“Қызыл өрiк” әнiне әлi де билеймiз. Той-томалақта қосыла қалса, делебемiз қозып билеп ала жөнелемiз” дейдi тойдан қалмауға тырысатын бiр кiсi. Расында да, қырғыздың “Қызыл өрiгiн” Ақылбек Жеменей қазақ тiлiнде шырқап, бiрнеше жыл тойдың әнi болды. Осы ән арқылы Ақылбек атағын ғана аспандатып қоймай, тұрмысын да жандандырды.
«Ырғақтың» сұрақтарына ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегерi Ақсұңқар Ақынбаба жауап бередi.
«Ырғақ»: Сiзге аға буын өкiлдерi, не болмаса замандастарыңыз, кейiнгi толқындағы сазгерлер әнге сөз жазып бер деп қолқа сала ма? А.Ақынбаба: Негiзi, мен әнге сөз жазумен танылған немесе табыс қуған ақындардың қатарынан емеспiн. Бiздiң әншiлер қауымы бiр рет сәттi шыққан әннiң сөзiн кiм жазса
Жақында бiздiң мекемеде елде жоқ ерекше ұрлық болыпты. Үнемi кейiн естiп, кеш ұғып жүретiн жайбасар басым бұл жаңалықтан да құр қалғандай екенмiн, ұрылған-соғыл­ған, ұрланған-жырланғанға қашанда құлағы түрiк қызметтестерiм сүйiншi сұрағандай боп кезек-кезек сүйреңдескенде бiр-ақ бiлдiм.

Салтанатты ашылу рәсiмiнен кейiн дзюдо күресiнiң сайысын тамашалауға барған едiк. Алғаш­қы сайыс күнi екi бiрдей спортшымыз күрестi. 48 келi салмақтағы қыздар арасында моңғол қызы Галбадрах Отгонцецег пен ерлер арасында 60 келiде Елдос Сметов татамиге шықты. Жiгiт­тер арасында байқағаным 60 келiде отыз бес балуан тiркелiп­тi. Бұл дегенiңiз өте көп. Неге бұлай болғанын да бiле алмадық

«НОВАЯ ГАЗЕТА» М.БАБИЧКЕ НЕГЕ ҚАРСЫ?
Жақында Ресейдiң Украинадағы елшiсi Михаил Зурабов орнынан кеттi де, оның орнына Михаил Бабич тағайындалды. Мiне, осы М.Бабичтiң елшi болып тағайындалуына “Новая газета” қатты қарсылық бiлдiрдi. “Бабич и немота” атты үлкен материал жариялады.
ЖАНСАЙ ДА ЖЫҒЫЛДЫ
66 келi салмақта сынға түскен Жансай Смағұлов алғашқы айналымда сәттi күресiп, екiншi кезеңде әлем чемпионы кәрiс Ан Баумнан аса алмады. Базари ұпайын еншiлеген Баум соңғы минутта Жансайдың қолын қайырып, ауырту әдiсiмен айқын ұтты. Дзюдо күресiнен әзiрге қоржынымызда екi медаль бар. Татамиде әлi Мариан Урдабаева, Дидар Хамза, Максим Раков додаға түседi.
ХХХI жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсiмi “Маракана” стадионында өттi. Стадионға жиналған 90 мың адамнан сырт теледидар арқылы Рио Олимпиадасының ашылу рәсiмiн 3 миллиардтан аса адам көрдi деген ақпар тарады. Жер ортасы жасына келген бiз осы уақытқа дейiн 8 жазғы, 2 қысқы және жас­өспiрiмдердiң жазғы Олимпиадасының ашылу рәсiмiн көрдiк. Рио Олимпиадасының ашылу салтанаты алабөтен көрiнiспен, өзгеше өттi дей алмаймыз.

“Өтемiстен туған он едiк, онымыз атқа қонғанда жер қайысқан қол едiк” дейтiн Махамбеттiң өлеңi бар ғой. Бокстан ұлттық құрамамыз тұңғыш рет жазғы Олимпиада ойындарына толық құрамда қатысады. Рио Олимпиадасының жеребесiне қатысып қайтқан бас бапкер Мырзағали Айт­жановтан жiгiттердiң жекпе-жегi жайлы сұрадық.