1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (16146) 11 тамыз, бейсенбі 2016

“Халықтарымыздың жоғарғы мүдделерi мемлекетаралық қарым-қатынастарымыздың деңгейiн қалпына келтiрудi талап етедi”. Ресей президентi Владимир Путин Түркия президентi­мен бiрлесiп өткiзген баспасөз мәслихатында осылай дедi. Владимир Путиндi бес мәрте “қымбатты досы” есебiнде атаған Ережеп Ердоған: “Бүгiн мен және менiң қымбатты досым Владимир Путин қарым-қатынасымызды жақсарту мәселелерi бойынша бiрдей ұстанымда екенiмiздi көрсеттiк. Бiз екi елдiң әлеуетiн өңiрдегi тұрақтылық жолында пайдалануымыз керек” деп ағынан жарылды.

Шетелдiктерге тоқымдай жердi де жалға беруге болмайды деп шыр-пыры шыққан халықтың күмәнi ақыры шындыққа айналды. Бұл – нақты дәлел. Қазақстанға келiп, бiрiк­кен кәсiпорын құрған қытайлық компаниялардың көкейiнде не жатқанын әйгiлей­тiн кеп. Билiк басындағылар бұдан кейiн де әуелгi ниетiнен айнымаса, онда қазақ жерiнiң бүтiндiгiне, қазақ елiнiң тәуелсiздiгiне төнген қатердiң шындап күш алғаны. Бiз осылай ойлауға мәжбүрмiз.

9 тамызда Бауыржан Байбектiң Алматы қаласының әкiмi болғанына бiр жыл толды. Осы уақыт iшiнде әкесiнiң президентпен бiрге оқығанын мақтан ететiн жас әкiмнiң не тындырып үлгергенiн және қандай iсiмен есте қалғанын саралап көрейiк. Ағаттықтарын тiзуден бұрын елiмiздегi ең iрi қаланың жас әкiмi атқарған оң iстердi де айта кетейiк. Бауыржан Байбек Астанадағы жақсы тәжiрибенi өзiмен ала келдi. Бұған дейiн елiмiздiң бас қаласы

Бүгiнгi ару Алматының орнында бұрын көне қоныс болғаны бүгiнде екiнiң бiрiне аян. Кеңестiк саясаттың кесiрiнен қасақана бұрмаланып, әдiлет­сiздiкке ұшыраған Алматы тарихы археолог ғалымдарымыздың арқасында өзiнiң шынайы бағасын ала бастады. Ал тамыры тереңде жатқан көне шаһардың шынайы жасын кемiтуге тырысқандар оның тарихын орыстар “Верный” бекiнiсiн сал­ған 1854 жылдан басталады деп негiздеуге мейлiнше тырысып бақты. Ал Верный бекiнiсi – Алматы тарихының құрамдас бөлiгi ғана.

Тамыздың 9-ы күнi Маңғыстауға премьер- министр Кәрiм Мәсiмов келдi. Батыс өңiрiн кезектi жұмыс сапарымен аралаған үкiмет басшысы Атыраудан кейiн кеш бата Ақтауға жеттi. Әрине, премьер- министр болған соң елдi аралайды, халықтың жайын бiледi. Ол – оның жұмысы. Бiрақ оның әр сапары елдi дүрбелеңге салатыны қиын-ақ.

Өз-өзiн өртеу деген сұмдық жиi қайталанатын болды. Қазақстан қазiргi уақытта суицид бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұрған елдердiң бiрi саналады. Өз-өзiне қол салу әсiресе, жасөспiрiмдер арасында көп. Алайда оның құпиясына үңiлiп, себебiн түсiндiрiп жатқан маманды әзiрге көре қойғанымыз жоқ.

Қартайсаң, қартая бер қайран халқым,
Мен сенiң пенсияңа жармасамын.
ЭКСПО-ны салып бiтпей, шашып-төктiм,
Бос ақшаны ендi қайдан табамын?!

Адвокат Ботакөз Бейсенованың «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясындағы қаражат жымқыру iсi бойынша айыпталған Талғат Ермегияевтiң iсi бойынша қосымша куәгер ретiнде Ерболат Досаев пен Қайрат Келiмбетовтi және Р.Жошыбаевты сотқа шақыру туралы өтiнiшi қанағаттандырылмады. Бұл туралы Астана сотының қылмыстық iстер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Асқаржан Кенжеғарин мәлiмдедi.

Билiк пен халық арасындағы жер дауы талай былық-шылықтың бетiн ашуда. “Шетелдiктерге жер бермей­мiз” деп шамырқан­ған жұрт мыңдаған гектар жердiң осыдан 5-6 жыл бұрын-ақ қазақ-қытай бiрiккен компанияларына өтiп кеткенiн ендi бiлiп жатыр. Мұны алдымен Жер комис­сия­сының отырысында қоғам белсендiсi Айдын Егеубаев көтерген. Кейiн оны Жер комиссиясы нақтылады. Кейбiр мәселелер бойынша тiптi Қаржы министрлiгiнiң Кiрiстер комитетi қылмыстық iс қозғаған.

Ай-күннiң аманында адамды сандалтып, сергелдеңге салып қою бiздiң билiкке түкке тұрмайды. Облыстың бұрынғы және бүгiнгi әкiмiне жазып, жерге қатысы бар-ау деген мекеме бiткеннiң табалдырығын тоздырып, кейiнгi үш-төрт жылдан берi табанынан таусылған ұлытаулық фермерлер “Жас Алаш­қа” мұңын шағыпты.
АҚЫНДАР
Басымызды мұнарлаған мұң егiз,
Бәрi жалған екенiн де бiлемiз.
Бiреулерге ұқсағымыз келмейдi,
Бiреулерге ұқсай алмай жүремiз.
Жоқ әлде бұған қарсы бiр шара қолданамыз ба, қайтемiз...
Тарих дегенiмiз – адам санасының, елдiң, ұлттың даму қозғалысы мен қоғамдық қа­рым-қатынастардың қалыптасу кезеңдерiн сипаттайтын, өткеннен сыр шерте­тiн шежiре. Өт­кенiңдi бiлме­сең, қалай жаратылып, қайдан шыққаныңды, қалай өмiр сүргенiңдi, жiберген қателiк­терiң мен кемшiлiк­терiң­дi саралап салыстырмасаң, алға қалай жылжисың?

Апта басында Ұлттық банк елiмiзде несие алған 5 миллион адамның бiр миллионы алған несиесiн төлей алмай жүргенi жөнiнде ақпарат таратты. Анығында, әлгi бiр миллион клиент банктен алған қарызын өтеу мерзiмiн 90 күн кешiктiрген. Демек, осыншама несие алушының төлем қабiлетi әлсiреген. Әлсiреген деп әншейiн жұқартып, жұмсақтау айтып жатқанымыз ғой, әйтпесе, осы дерек­тiң өзiнен-ақ, қараша халықтың жай-күйi анық байқалып отырған жоқ па?

Отарланған ел тәуелсiз­дiкке қол жеткiзгеннен кейiн ең алдымен отарсыздану мә­селесiн қолға алуы керек. Бұл – әлемнiң үлкен ғалымдары айтып, жазып, дәлелдеп кеткен мәселе. “Бәрiн қолға алмасаң да, отарсыздану мәселе­лесiне ерекше көңiл бөл!” дейдi олар. Демек, бiз де осы отарсыздану мәселесiне айрықша көңiл бөлуiмiз керек едi.

Атамекен ауылымыз – бабалардан кейiнгi ұрпаққа қалған аманат, мұра. Ұлтымыздың салт-дәстүрi мен өнерi, мәдениетi сақталған құнды қазына. Осы бiр қазынамыз бүгiнгi таңда тозып, тоз-тоз болып тұр. Тозығына жеткiзген де өзiмiз. Маңдайымызға берген бес елi бағымыз – жерiмiздi ұқыпты пайдалана алмай отырмыз.

“Жас Алаш” газетiнiң №44 санында (2 маусым, 2016 жыл) “Софиевка” болып сорлап тұр” деген мақала жарық көрдi. Мақалада Астананың iргесiндегi “Софиевка” ауылының атын өзгерту туралы ұсыныс айтыл­ған. Айтары жоқ, өте орынды ұсыныс. Мiне, содан берi ауыл тұр­ғындары бiрауыздан келiсiп, жұмыла кiрiсiп, ауыл әкiмiне хат жазып, ауылдың атын қазақы атқа ауыстыру үшiн еңбектенiп келедi.

Қарап отырсаңыз, қарапайым халықтың тоналмайтын күнi жоқ. Несие алсаңыз, пайыз төлеткiзiп тонайды. Сауда жасасаңыз, қосымша құн салығы деп тағы тонайды. Еңбегiмiздiң ақысын аларда қайдағы-жайдағы белгiсiз салықтарды ұстап қанайды (Еңбекақымыздың он пайызын “зейнетақы қорыңызға” деп ұстағанда, кейiн өзiмiз аламыз ғой деп мәз болатынбыз, ендi сол зейнетақының өзiн тонаудың

Бала күнiмде шашымды тарап, айнаға қарап, қолыма тарағымды микрофон ретiнде ұстап, өзiмше қысқаша ауа райын “хабарлаушы” едiм. Келе, келе Рәбиға Аманжоловаға елiктеп, соның даусына салып сөйлей­тiнмiн. Бiрақ, өсе келе тележурналист болу менiң қолым емес екенiн айқын түсiндiм. Бiрақ, газетшi-журналист болуды еш ойымнан шығарған емеспiн.

Мұхтар Мағауиннiң “Жас Алаштағы” тiл тазалығы жө­нiндегi мақаласын (“Туылған” мен “өлiнген”) сүйсiне оқы­дым. Жарайсың , Мұхтар! Мұхтар Мағауин айтқандай, шанында да, бiз қазiр тiл тазалығына мән берудi қойдық. Бiр ғана мысал. “Айқын” газетi “100 бас”, “10 бас мал” деп жазады (4 мамыр, 2016 жыл). Бұл – орыстың “100 голов”, “10 голов” деген­дерiнiң тiкелей
Депутат – халықтың аманатын арқалаған адам. Рас қой? Рас. Ендi осы мәселе жөнiнде бiр ауыз пiкiр бiл­дiрсем деймiн. Депутаттардың халыққа сайлау алдындағы бағдарламаларын тықпалап, баршамызды мезi ететiнi де белгiлi. Бiрақ, ол депутат болып сайланып алғаннан кейiн-ақ бұл уәделерiн бiр күнде ұмытады да кетедi. Берген уәделерiнiң барлығы берген жерiнде қалады. Тiптi орындағанның өзiнде оны керiсiнше, терiс орындайды...

“Жас Алаш” газетiн жетпiсiншi жылдардан берi оқып келе жатқандар мен қазiргi орта буын саналатын оқырмандарымыз үшiн Несiп Жүнiсбаевтың есiмi ерекше. Ерекше болатыны 1975 жылдың 9 қаңтарында газетке жұмысқа қабылданған ол талай додалардан ре­­портаждар жазды, сан қилы сұх­бат­тар алып, спорттың қатпар-қатпарын ақтарып, айтыла бермейтiн ақпарат, деректердi газет оқырмандарына жет­кiздi.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтiп жатқан ХХХI жазғы Олимпиадалық ойындардан газетiмiздiң арнаулы тiлшiсi Несiп Жүнiсбайұлы хабарлайды. Ауыр атлеттердiң айқасына тағы айналып соғуды жөн көрдiм. Жерден 12 мың метр биiкте қалықтап, Бразилияға ұшып бара жатқанда Алексей Нимен сұхбат құрдық. Сонда Ни “Бiз Рио-де-Жанейроға тек қарсыластарымызбен ғана күш сынасуға емес, WADA деген ұйыммен де айқасуға бара жатырмыз” деген едi.
ҚОРЖЫНҒА ТАҒЫ ҚОЛА МЕДАЛЬ ТҮСТI
63 келiге дейiнгi салмақта сынға түскен қызымыз Карина Горичева кескiлескен тартыста қола медаль жеңiп алды. Құрама командадағы жас спортшы алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыс­қанына қарамастан, мiнездiлiгiн көрсете бiлдi. Жұлқа көтерудiң алғашқы сынында көтере алмаған қызымыз соңына дейiн айқасып, Олимпиада жүлдегерi атанды.

Бокстың екiншi сайыс күнiнде үш боксшымыз да сенiм үдесiнен шықты. 49 келiде Бiржан Жақыпов намибиялық боксшыны ұтты. Африка елдерiнде де бокс­тың қарқынды дамып келе жатқаны белгiлi. Бiрақ Бiржанның қарсыласы мына қара бала қос қолын көтерiп алып алға ұмсына бергенi болмаса, бәлендей қарсылық көрсете қоймады. Үшiншi рет жазғы Олимпиада ойындарына кiрген Бiржан Рио рингiне алғаш шыққандықтан ба, әлем