1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (16147) 16 тамыз, сейсенбі 2016

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтiп жатқан ХХХI жазғы Олимпиада ойындарында бөктергiге екi алтын медаль байланды. 200 метрге брасс әдiсiмен жүзуде алматылық Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасының чемпионы атанды. Бразилия бассейнiн­де­гi бәсекеде Дмитрий Баландин 2:07:46 секунд­та жүзiп келiп, алтын медаль иелендi. Қазақ елiнiң спортшылары суға жүзуден

МҰНДАЙ КЕСIРЛI «РЕФОРМАНЫҢ» АЯҒЫ ҰЛТТЫҢ ЖОЙЫЛУЫНА ӘКЕП СОҒУЫ ӘБДЕН МҮМКIН
Республика мұғалiмдерiнiң тамыз конференциясына қатысушылар назарына
Ертең, яки 17 тамыз күнi республика мұғалiм­дерiнiң дәстүрлi тамыз конференциясы өтедi. Осы конференцияда үштiлдiлiктiң зияны мен зардаптары жөнiнде сөз қозғалуы мүмкiн бе? Әй, қайдам... Бiзге жеткен деректерге сенсек, Бiлiм және ғылым министрлiгi 5-сыныптан бастап физика, химия, информатика, математика, жалпы жаратылыстану пәндерiн жаппай ағылшынша оқытуды 2019 жылға шегерiптi. “Бұған әлi дайындығымыз аз” дептi.
Түсiмде
Аузымнан
Үш тiл өсiп шығыпты.
Құнарлы топырақты жердi
Сор топырақ басып
Арамшөптер шыққандай

Өткен аптада редакциямызға Алматы облысының Алакөл және Сарқан ауданының шаруалары бас сұққан едi. Олар бiзге Жердi сатуға, шетелдiктерге жалға беруге қарсылықтарын бiлдiрген 43 шаруа қожалығы басшыларының хатын тапсырған. Дегенмен сенбi күнi жердi саудалауға жарияланған мораторийдiң 5 жылға ұзар­ғаны мәлiм болды. Бiрақ бұл шара да жер емген жұрттың көңiлiндегi күмәндi сейiлте алмапты. Бiзбен хабарласқан фермерлер “Мораторий – халықты алдарқату.

Саяси алаңда бары мен жоғы белгiсiз болып қалған Жармахан Тұяқбай басқаратын Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) мүшесi, бұрынғы депутат, қазiргi зейнеткер Серiкбай Әлi­баев­ты тамыздың 13-i күнi Астанадағы ұлттық музейге полицейлер кiргiзбей, жолын бөгеп жатты. Серiк­бай Әлiбаев “Мiне, көрдiң­дер ме! Бұл – масқара! Шектен шыққандық!” деп дауысын көтере тексеру бекетiнен кiдiрмей өтiп жат­қан саясаткерлер мен есiмi елге таныс азаматтардың, тiлшiлердiң назарын өзiне аударғысы келдi.

Өткен аптада премьер-министрдiң Twitter желiсiндегi парақшасында Кәрiм Мәсiмов РФ үкiметiнiң басшысы Дмитрий Медведевтен Хан Кене мен Кейкi батырдың басын қайтаруды сұрамақ деген хабарлама тарады.  “Д.А.Медведевпен кездесуде Кенесары ханның басын ғана емес, Кейкi батырдың да басын қайтару мәселесiн көтерудi жоспарлап отырмын”, – деп жазған едi Кәрiм Мәсiмов. Кейiнiрек Сочиде өткен ЕАЭО үкiметаралық кеңесiнiң жұмысы барысында

Кейiнгi кезде Кәрiм Мәсi­мов өзiн-өзi қиын қамшылап жүр. Әлденеден дәмесi бар ма, әлде тоңқалаң асып, тө­мен сырғымаудың қамын күйттеген түрi ме, әйтеуiр апта сайын бiр өнер шығарады. Сосын “мұным қалай болды?” дегендей бұқара iшiн­дегi бүлк-бүлк әңгiменi мұр­тымен бағып, тың тыңдап қалатыны бар. Әзiрге оның жанкештi әрекетi бiрде олай, бiрде бұлай шығып жатыр. Бiр бастамасы келемежге айналса, оны тастай салып, ке­лесiсiне жармасады.

ҰҚК қызметкерлерi өткен аптаның соңында елдiң қорғаныс министрлiгiндегi ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерiн ұстағанын мәлiмдедi. ҰҚК баспасөз қызметi Қазақстан Қарулы күштерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз ету Бас басқармасы басшысының орынбасары подполковник Төлемiс Жұмқазиевтiң Қарулы күштердiң қажетiне арналған қаржыны жымқыру үшiн қорғаныс және қаржы министрлiктерiндегi лауазымды
Елiмiздегi бiрқатар табиғи қорықтар мен ұлттық парктердiң, көрнектi тарихи орындардың жекешелендiрiлетiнi жөнiнде жыл басында бiр хабар шыққан. Онда Көлсай өзендерi мен Шарын, Түрген, Талғар шатқалдарын, тiптi Бурабай мен Медеудi де қалаған адамның 49 жылға жалға ала алатыны айтылған. Кеше Iле өзенi бойындағы “Таңбалы тас” шатқалының жалға берiлгенi белгiлi болды. Шатқал аумағына кiру үшiн ендi 2 мың теңге төлеу қажет. Тарихи орынның жаңа қожайыны

Қазақ “ауру – астан деп тегiннен-тегiн” айтпайды. Бiздiң күнделiктi тұрмыста iшетiн сусынымыздан тартып, шәйiмiзге қататын сүтке дейiн таза табиғи ма? Мысалы, құтыдағы, қатты қағазбен қапталған, түрлi қалбырдағы сүттердiң сақтаулы мерзiмiн қарасаңыз, бiр жылға дейiн iшуiңiзге жарайды. Сиырдан сауып алған сүттi ашық күнде алты сағат қойсаңыз, ашып кетпей ме? Ал бiз дамыған технология­ның арқасында бiр жылға сақталатын сүттi қатып iшiп жүрмiз.

Әдетте баға жаздың аяғын ала бере көтерiлуге бейiмделе бастайды. Бұған етiмiз өлiп кеткенi соншалықты, бағаның бiзге, бiздiң бағаға қатысымыз жоқтай тыныш өмiр сүре беремiз. Содан күзге салым қымбатшылық қос өкпеден қысқанда да қыңқ демеймiз. “Басқа түскен баспақшыл” деп күнделiктi күйбең тiршiлiктiң соңында кете беремiз. Әуелi мұны заңдылық деп түсiнетiндер де бар, өйткенi бiз нарық заманында ғұмыр кешiп жатырмыз ғой.

Iле Қазақ автономиялы облысының   кезектi ақындар айтысы Алтай аймағы Бурылтоғай ауданының Екiөткел жайлауында сән-салтанатпен өттi.   Облыстық ақындар айтысы – Жүңгүо қазақтары өткiзетiн шаралардың ең iрiсi. Осы сахарада жүңгүо тарихында тұң­ғыш рет фото көрме ұйымдастырылды. 2016 жылдың 20 шiлдесiнде 3 жылда бiр келетiн Iле Қазақ автономиялы облысының   ке­зектi ақындар айтысы басталардан бұрын,

Диафрагма (қалқа) Диафрагма–жарық мөлшерiн қадағалауға арналған объектив iшiндегi арнайы құрылғы. Ол объектив ортасынан қо­сылып немесе ашылатын бiрнеше желектi жарық өт­кiзгiш саңылау бiрде үл­кейедi, бiрде кiшiрейедi. Сәйкесiнше, кiшiге қарағанда үлкен саңылау арқылы жарық көбiрек өтедi. Қызы­ғы, сандық белгiде диафрагма толық керiсiнше көрсетiледi. Фотоаппараттағы Ғ латын қарпi диафрагмалық белгiсi.

Әйел киiмiнiң жиынтығына дамбал, көбiне көйлек орнына   өңiрi жабық жейде, камзол мен шапан түрiндегi қаусырмалы сырт киiм кiредi. Жейде көйлектiң пiшiмi туника тәрiздес болды. Жас әйелдер қызыл немесе алабажақ матаға әуес болса,орта және егде жастағы әйелдер көк немесе ақ матаны қалайды. XIX ғ. ортасынан бастап көйлектердi орыстың сисасынан тiккен. Дәулеттi қазақ әйелдерi жiбектен, атластан

69 келi салмақта сынға түскен ауыр атлетiмiз Жазира Жаппарқұл күмiс медаль алды. Жазирадан әркiм де үмiт күттi, екi рет әлем чемпионатының күмiс медалiн иеленген Жазираны күмiс қыз деп атауы да сондықтан. Күмiстi қазақ алтыннан да ардақ тұтқан. Бiрақ Олим­пиа­даның алтын медалi кү­мiстен салмақты екенiн бiлемiз. Соған қарамастан, Жазираның күмiс медалi бiз үшiн алтынға пара-пар. Өйт­кенi осы күнге дейiн бес Олимпиадаға ауыр атлет­терi­мiздi қоссақ та қазақ баласы медальға маңайлай алмай келген едi.
БҰЙЫРМАДЫ ДЕГЕН ОСЫ
Грек-рим күресi сайысы бiздiң жiгiттер үшiн сәтсiз болды. 59 келi салмақ дәрежесiнде күреске түскен әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi Алмат Кебiсбаев алғашқы айналымда ресейлiк Ибрагим Лабазановты ұтып, ширек финалға шығар жолда жапон Шинобу Отаға есе жiбердi. Ол финалға жеткендiктен, Кебiсбаевқа жұбаныш белдесуiнде бақ сынау мүмкiндiгi бұйырған. Алты дүркiн әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының жеңiмпазы ирандық
Үш рет жазғы Олимпиада ойын­дарына қатысқан Бiржан өзiн-өзi игере алмай ұтылды. Қазақша айтқанда, аузын аңқитып жүрiп ұтылып қалды. Неше жылдан берi әзiрленiп келiп, ширек финалда сүрiну ең алдымен спорт­шының өзi үшiн ауыр соғады. 91 келiде Василий Левит бiрiншi жекпе-жегiн сәттi өткiзiп, рингтi жақсы сезiндi. Ширек финалда маврикалықты ұтқан соң жартылай финалда кубалық Эрисланди Савонды да еңсердi.
ҮЙIНЕН ҰРЛАП, ИЕСIНЕ ӘКЕЛДI
Теннеси штатының (АҚШ) Кларксвилле қаласында екi ұры қолды қылған заттарын бiлместiкпен иесiне апарып берген. Кезектi тонаудан кейiн ұрылар құнды заттарды ломбардқа тапсырмаққа ниеттенген едi, жол оларды абақтыға апарды. Әттеген-айы ломбард қызметкерi ұрланған заттардың иесi болып шықты. Ол өзiнiң үйiндегi заттарын бiрден танып, көр­шiсiне хабарласады.