1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16148) 18 тамыз, бейсенбі 2016
ЛУКАШЕНКОНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫН “АУЫЗҒА ҰРАТЫН” КӨЛЕМДЕ
Қазақстандағы шендi-шекпендiлердiң қанша жалақы алатыны туралы ақпар там-тұмдап қана айтылады. Жуырда сол “там-тұм” дүниенiң бiр ширегi “Диапазон” басылымында жарқ ете қалды. Ондағы деректерге үңiлсек, аймақ басшыларының iшiнде жарты миллионды қанағат тұтатын тiрi пенде жоқ екен. Айлықтан айлыққа “әрең жететiн” ең “кедейiнiң” өзi 600 мың теңге санап алады. Ал кәсiби деңгейi мығым, еңбек өтiлi жоғары деп саналған бесаспап
Биылғы наурыз айының соңында “Жас Алашта” жарияланған “Жол құрылысына қатысты тағы бiр шу шығуы мүмкiн” деген мақалада “Орталық-Шығыс” бағытындағы Астана мен Павлодар арасында төселiп жатқан автомобиль жолына байланысты туындаған дау-дамай жөнiнде жазып едiк. “Шу шығуы мүмкiн” деген қаупiмiз расқа айналды. Бүгiнде жол құрылысының кейбiр тұстарында жұмыс бiржола тоқтады, құрылыс компаниялары құрылтайшыларының арасында басталған дау соттасуға ұласты.

Бекзада спорт түрi саналған боксқа шлем кигiзiп бүркемелеп, онысын 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында шешкiзiп тастаған АИБА-ның да абыройы айрандай төгiлдi. Әсiресе, Бразилияда өтiп жат­қан ХХХI жазғы Олимпиада     ойындарында. Бiздiң Василий Левит пен ресейлiк Евгений Тищенко арасындағы Олимпиада чемпионы атағы тартысқа түс­кен айқасқа төрелiк еткен ал­жир­­лiк

«РЕСЕЙМЕН АРАДАҒЫ ШЕКАРАНЫ ЖАППАСАҚ, ЭКОНОМИКА ҚҰРДЫМҒА КЕТЕДI» ДЕЙДI САРАПШЫЛАР
Өнеркәсiпсiз экономика – тұл. Мұны жұрттың бәрi бiледi. Мамандар соңғы екi жылда отандық өнеркәсiп көлемi 11 пайызға құлдырағанын айтуда. Бөлшек сауда 24 пайызға азайса, жалпы экономиканы кредиттеу 53 пайызға кемiген. Осы деректердiң өзi-ақ отандық экономиканың бәсекеге бейiмсiз екенiн бiлдiредi. Егер үкiмет алдын ала болжағандай, биыл iшкi жалпы өнiмде титтей (0,1 пайыз) өсiм болатын

Осы аптаның басында Ресейдiң Ту-22М3 және Су-34 бомбалаушы ұшақтары Сирия аумағын тұңғыш рет Иранның Хамадан әскери әуежайы­нан ұшып шығып бомбалады. Ресейдiң қорғаныс министрлiгi Иран Ислам республикасындағы Хамадан әскери әуежайында барынша бомба толтырылған ауыр ұшақтарының Сирияның Алеппо, Дейр-эз-Зор және Идлиб провинцияларындағы “Ислам мемлекетi” мен “Джебхат ан-Нусра” террорлық ұйымдарының шептерiн шабуылдағанын мәлiмдедi.

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың Сочидегi кездесуiн екi елдiң қарым-қатынасындағы және саясаттағы үлкен жаңалық дей алмаймыз. Биылдың өзiнде екi елдiң басшысы кем дегенде үш рет кездестi. Президент Назарбаев ел iшiндегi мәселенi де Путинмен телефон арқылы талқылауды әдетке айналдырғаны қашан.

Елiнiң азаттығы, жерiнiң тұтас­тығы үшiн өмiрiнiң соңына дейiн күресiп өткен екi арыстан – Кенесары мен Кейкiнiң ұлт тарихынан алар орны ерекше. Олардың ұлтын ұйыстырып, бүкiл халықты тәуелсiздiк жолындағы күреске жұмылдыра бiлген қайраткерлiгi отаршылдарды сескендiрмей қоймады. “Бүлiкшiлердi” бұғаулап, көтерiлiс толқынын тұншықтыруға тырысқан отаршылдар ештеңеден тайынған жоқ: “бiр мемлекетте екi патша болмайды” деп, хан

Ресми басылым дерек­терiне сүйенсек, кеңес өкi­метiнiң адам ақылына сыйымсыз әрекетiне қарсы 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 бас көтеру болыпты. Оған жүз мыңнан астам адам қатысқан. Соның iшiнде Семей губерния­сына қарасты Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау, Боқты өңiрлерiндегi көтерiлiстер бүкiлхалықтық сипат алды. Өкiнiшке қарай, қазақтардың отарлық езгiге қарсы өзге де күрестерi тәрiздi бұл көте­рiлiстерге күнi бүгiнге дейiн саяси һәм тарихи әдiл баға берiлген жоқ.  Әсiресе, Боқты көтерiлiсi туралы айтылмай да, жазылмай да келе жатыр.

Қазақ халқы бөтен жұрт­тың жер-суына, жеке мен­шiгiне көз алартып, басқыншылық жасады дегендi ешкiм естiген де, оқыған да емес. Өзiн болмаса да, өз­ге халықтың бәрiн құрметтеген, жау­лыққа бармаған. Бiрақ, киелi атамекенге шабуыл жасаған дұшпандарға аяусыз соққы берiп, қасық қаны қалғанша қорғаған, қорғай бiлген. Қазақ бұрын да, бүгiн де солай. Әйтсе де, қазақ, әсiресе, кеңестiк кезеңде қызыл империя басшылары меншiктi жерiн жырымдап,
Қарағандыдағы “КазАвиа­Спектр” зауыты өткен жұмада саудаға шығарыл­ғанын естiгенде, оны сатпақшы болған “КазАгроФинанс” компаниясында отыр­ғандар не ойлағанын өзi бiледi, мен тура тақырыптағы сөздi айтқым келдi. Неге? Әлi бiр ұшақ құрастырып көрмеген бұл авиазауыттың тұсауы бұдан бес жыл бұрын кесiлген едi. Бастапқыда егiстiктi химикатпен өңдеуге арналған “Фермер” ауыл шаруашылығы ұшағын жасау жоспарланды
Бiр тақырыпқа екi хат
Әне-мiне дегенше 1 қыркүйек те келiп қалды. 1 қыркүйектен бастап бiздiң бүлдiршiн­дерiмiз үш тiлде оқуға кiрiседi. Рас, жаратылыстану пәндерiн (математиканы, физиканы және т.б) ағылшын тiлiнде оқытуды 2019 жылға шегерiптi. Үштiлдiлiктiң ешқандай елдiң тарихында да, тәжiрибесiнде де кездеспейтiнiн айтып, Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиевтiң қазақ ұлтына, қазақ ұлтының болашағына зор қастандық жасап отырғанын айтып, оны халықаралық сотқа беру керек.

Еңбек өтiлi 25 жылға қалай толды, солай зейнеткерлiк демалысқа шығатын әскерилер мен кейбiр сала қызметкерлерiнiң атқаратын жұмысы мұғалiмдердiң жұмысынан ауыр деп айта алмас едiм. Өзгелердiң де айта алмайтынына кәмiл сенемiн. Рас, ел iшiнде мұғалiмдер туралы жақсы да, жаман да пiкiрлер айтылып келедi. Әсiресе, мұғалiмдердiң жер қазып, тас көтермей-ақ елдiң, еңбеккерлердiң тапқан

Өзiне жасалатын отаға төле­нетiн ақша құнын естiген сырқат: – Ойбай-ау, бұл деген нағыз тонау ғой! Бұған келiскенше өле салғаным артық шығар! – деп шырқырайды. Сонда дәрiгер сабырлы қалыппен: – Мұныңыз тым артық. Сiз зират аумағының сатылып кетуiне орай қазiр жерлеу құнының қанша есеге шарықтап өскенiн бiлмегендiктен ғана өлуге асығып отырған сияқтысыз. Ойланыңыз! – деп жұбату айтыпты.
“Жас Алаш” газетiнiң №58 санында (21 шiлде, 2016 жыл) Батыс Қазақстан облысы, Тасқала кентiнiң тұрғыны Қайреден Жұмашевтiң “Менен неге қашады?” атты мақаласы жарық көрдi. Шағын мақала түгел маған бағытталғандықтан, ендi жауап қайтаруға бекiндiм.
Шақырылған қонақтардың алдына университет ректоры Керiм Кеудебаев шығып, сайрай жө­нел­дi: – Мырзалар! Бiз жекемен­шiк универси­тетiмiздi қалай көгерте­мiз, қалай көктетемiз деп ары ойлап, берi ойлап, жатып ойлап, тұрып ойлап, ақы­рында реформа жасауды қолға алдық. Соңғы жылдары университетiмiзге абитуриент­тердiң келуi сапсем азайып кеттi. Соның себеп-салдарын терең зерттей келе және бүгiнгi өмiр талабын ескере отырып, бiз нартәуекел деп “ұрлықшы” мамандығын аштық.

Бүгiнгi газеттердi қарап отырған. Әдеби басылымның соңғы бетiнде таныс жазушының үлкен суретi басылып, қазанама берiлiптi. Пенде атаулы өлiм тырнағынан тысқары бола тұруды iштей тiлегенiмен, ерте ме, кеш пе, бiр соқпай қоймайтын ақиқатты мойындамасқа лажы жоқ. Өйткенi бұл – бұлжымайтын өмiр заңы, жазмыш. Өлiм – суық сөз. Жүректi зырқ еткiзiп, кезек саған да келедi дегендi қатал ескертiп тұрғандай

Қазақ әде­биетiнiң бүгiнi мен болашағына бей-жай қарай алмайтын, қоғамдық қызметтiң әр саласында еңбек етiп жүрген Досым Сәтбаев, Қуат Домбай, Кенже Жұманұлы, Расул Жұмалы және Айдос Сарым секiлдi азаматтар ақылдаса келiп, 2009 жылы “Алтын қалам” әдеби жүлдесiн өткiзу туралы бастама көтерген болатын. Мақсат – елiмiздiң рухани-мәдени дамуына Қазақстан азаматы ретiнде үлес қосу және жас дарындар мен жаңа есiмдердiң қалың жұртқа танылуына ықпал ету.

Олимпиада күн сайын ширығып, шарықтау шегiне таяған сайын спортшылардың тағдыры пышақтың жүзiнде тұрғандай әсер ететiнi даусыз. Олимпиадаға қатысушы спортшылардың жеңiсiне сырттан араласушылардың енiп алғанына да талай жыл болды. Хуан Самарнч 1996 жылы допингпен күресетiн ұйым ашқаннан берi де жиырма жыл өтiптi.
АДАМ БА ӘЛДЕ...
Ямайкалық Усейн Болт жазғы Олимпиада ойындарының жетi дүркiн чемпионы атанды. 100 метр қашықтықты ол 9,81 секундта өндiрiп, Рио Олимпиадасының чемпионы атанды. Болт 2008 жылы Бейжiңде, 2012 жылы Лондонда 100 метрге жүйткуде алдына адам түсiрмей, Олимпиада чемпионы атанған-ды. Жалпы адамзат тарихында бiр қашықтықта қатарынан екi Олимпиада ойындарында чемпион атанған атлет
Еске алу
Қазақ бәрiне уақыт емшi дейдi. Иә, аяулы жар, ардақты ана, қойнауы қазына әже атанған ең қымбатымыз Оразгүл Жалымбетованың да өмiрден озғанына бiрнеше жыл болыпты.   Қазақстанның Оқу минс­тiрлiгiнiң құрмет грамотасымен марапатталып,    Қа­зақстан Республикасы бi­лiм беру iсiнiң үздiгi атанған анамыз, шаңырағымыздың ұйытқысы,