1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (16152) 1 қыркүйек, бейсенбі 2016

Каримовтың көзi жұмылды деген ақпарды ресми Ташкент жоққа шығарды. Қазiр оның атына тәуелсiздiк мере­кесiне орай құттықтаулар түсiп жатыр. Өзбек президен­тiнiң сайтындағы мәлiметтерге қарағанда, Каримовты айтулы мерекемен құттықтағандардың арасында Украина, Тәжiкстан, Түркiменстан, Ауғанстан президенттерiн былай қойғанда, АҚШ пен Қытай басшысы да бар. Барак Обама Өзбекстанның территориялық тұтастығын қолдай бере­тiнiн бiлдiрсе

Бүгiн елiмiздiң барлық мектептерiнде алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылының басталуын әдетте мереке iспеттi қабылдайтын жұртшылықтың биыл көңiлi алаң. Себебi, жылдар бойы сүзгiден өтiп, әбден қалыптасқан дәстүрлi бiлiм жүйесi жаңаша бағытқа бұрылды. Бүкiл қоғам, зиялы қауым болып, жұрттың ұлардай шулағанына қарамастан, сала тiзгiнiн ұстаған шендiлер дегенiн iстеп тынды. Ел ұландары ендi 1-сыныптан бастап үш тiлде сауат ашуға мәжбүр.

31 тамызда жалғасын тапқан Астанадағы Есiл аудандық №2 сотында куәгерлер мемлекеттiк жауапты қызмет атқарып жүрген кездерiнде Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевтан “қорыққандарынан” заңды қалай белiнен бас­қандарын айтып салды. Бұл күнгi сот отырысында әкелi-балалы Сейiтқазы мен Әсет Матаевтарға тағылған үш айыптың бiрi – “Қазақтелеком” компаниясына қатысты бөлiм қаралу
ҚР бас прокуроры Жақып Асанов мырзаның назарына
Осыдан екi жыл бұрын 16 жастағы Әбдiрахман Асқанбайдың жансыз денесi Жетiбай ауылының шетiн­дегi құрылысы аяқталмаған гаражда жiпке iлiнiп тұрған жерiнен табылған едi. Жас баланың өлiмi елдi дүр сiлкiндiргенiмен, оның салдарын ашуға тиiстi құзырлы орын – Маңғыстау облыстық iшкi iстер департа­мен­тi жеделдiк танытпады.

Өткен аптада, 26 тамызда атыраулық құқық қорғаушылар Макс Боқаев пен Талғат Аянның қамаудағы мерзiмi тағы бiр айға ұзартылды. Жер саудасына қарсы Атырау­да өткен ең алғашқы митингiнi ұйымдастырушылардың бiрi болған қоғам белсендiлерiне көпе-көрiнеу дәлелсiз айып таққан билiктiң оларды босата қоятынына сенбеген көпшiлiктiң күдiгi расқа шықты. Бiрақ, уақыт өткен сайын бұл азаматтардың абақтыда әдiлетсiз отырғанына наразы топтың қатары өсiп келедi.  

БАС ПРОКУРОР ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ
Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов құқық қорғау органдарының қызметкерлерi қылмысты тез ашу үшiн азаптау, қинауға жүгiнетiнiн мәлiмдедi. Астанада Конституция күнiне арнал­ған жиында бас прокурор полициядағы, түрмедегi зорлық-зомбылықты азайтумен күресiп жатқандарын жеткiздi.
Президент тапсырмасымен премьер-министр Қазақстан аймағын аралап шыққаны жөнiнде Үкiмет үйiнiң сайты хабар таратты. Кәрiм Мәсiмовтiң табаны, Астана мен Алматыны айтпағанда, он төрт облыстың топырағына тидi. “Кеңседе омалып отыра бермей, көпшiлiктiң көзiне көрiн!” деген мемлекет басшысының сөзiнен кейiн Ақордадан аттап шықпайтын К.Мәсiмов 15 маусымда басталған “турын”,
Ауыл – қашаннан-ақ қазақтың алтын бесiгi. Ауылдың жағдайын түзеу деген – ең алдымен, қазақтың жағдайын түзеу, ауыл мәдениетiн көтеру – күллi қазақтың мәдениетiн көтеру деген сөз. Әрине, тоқсаныншы жылдардың басындағы өтпелi кезең­дегiдей емес, ауылдың жағдайы бүгiнде айтарлықтай түзелдi. Ел еңбекке бет бұрып, тұралаған шаруашылықтардың түтiнi қайтадан түзу шығуға айналды. Мәдени тұрғыдан алғанда да оңды өзгерiстер жоқ
БАС СУЫҚТА ТОҢБАЙДЫ
Түнде ашылып қалып мұздасақ, көрпенi иегiмiзге дейiн тартып жамылып аламыз. Бiрақ басымыз тоңбайды. Мамандардың айтуынша, денсаулығында кi­нәрат жоқ адамның ұйықтағанда басының мұздамауы қалыпты нәрсе екен. Басты күндiз-түнi қымтап ұстауды дәрiгерлер жөн санамайды. Себебi ондай жағдайда бастың терiсi мен шаш демалмай қалады. Бiрақ әр адамның денсаулық жағдайы, бiтiм-болмысы, ұстанымы әртүрлi болып келедi.
Көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие, ықпалдылық әлеуетi зор телесериал жанрын неге идеология тұрғысында пайдаланбасқа? Қазақы көрермен қашанғы шетелдiк телехикая кейiпкерлерi үшiн күйiп-пiсiп, бөгде мәдениеттiң жырымен жұбанады? Мысалға айтатын болсақ, кейiнгi уақытта отандық телеарналар эфирiн толықтай жаулаған сол телехикаяларға санасын сарғайтқаны соншалық,
Бiз, жалпы, тарихқа өте немқұрайды қараймыз. Кез келген нәрсеге “болса – болар, болмаса – қояр...” деген көзқарас басым. Қарап тұрсаң, көненiң көзiндей мағыналы мұралар жерiмiзде жетiп артылады. Бiрақ солардың қадiрiн ең әуелi өзiмiз бiлiп, сонымен бiрге өзгелерге де ұқтыра алып жатқанымыз шамалы. Айтсақ, “Алтын адамды”, “Берел” қорғандарын айтамыз, соларды ғана бiлемiз.
Ата тарихымызға көз салар болсақ, Арқа өңiрiнде жасап өткен дала даналарының бiрi Едiге би Төлебайұлы екенiн байқаймыз. Едiге өз заманындағы көшпелi қазақ қоғамының айтулы қайраткерi, ақылман биi, аузы дуалы шешенi. Оның кiсiлiк келбетi мен адами болмысы жайлы Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы жан-жақты жазып кеткен. Он төрт жасында ат жалын тартып мiнiп, ел iсiне араласқан
Екi-үш күн бойы жауған күзгi жаңбыр басылған. Таңғы аспан шайдай ашық.Эдо өзенiнiң жағалауында тұратын Кэйкичи әдеттегiдей сағат онға таман үйден шығып, Хигашигокэнчоудағы аялдамаға асықты. Ол жаңбырлы күндi жек көретiн. Бүгiнгi күздiң бұлтсыз таңы жақсылық әкелердей, жүрегi бiртүрлi дүрсiлдеп кеттi.
МАРАЛ ХАСЕННIҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ТОПТАСТЫРЫП ШЫҒАРСАҚ
Сөзi мiрдiң оғындай, ақи­қат­шыл қаламгер, дәуiр үнiн дөп басқан белдi публицист, сықақшы, аудармашы Марал Хасеннiң дүниеден озғанына да бiр айдың жүзi болып қалды. Ендi бiрер күнде қарағандылық қаламгердiң қырқы да берiл­мек. Марал Хасеннiң сықақ жазатыны, ол жазған сықақтың талай рет республикалық бәйгеде жүлде алғаны қалың көпшiлiкке кеңiнен мәлiм. Марал Хасеннiң публицистикасы да – сын-сықақтары секiлдi өте өзектi әрi өткiр.

“Ертiс өңiрiнен” (13 шiлде, 2016жыл.) “Бiржан және Абай” деген мақаланы оқыдым. Мақала авторы Асан Омаров Бiржан мен Абай арасындағы қарым-қатынасты айта келiп, “Бiржан – Сара” айтысына да тоқталыпты. Бұл тақырыпқа дау аяқталып, ел жадынан өше бастағанда Омаровтың қайта қоздатқанына таңғалып отырмын. Сонау кеңес дәуiрiнде көптеген ғалымдар, әдебиет зерттеушiлерi Бiржан мен Сараның

ЖIГЕРДI ЖЕРЛЕП ҚАЙТТЫ
Талғат Байсуфинов баптайтын футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасы Бiшкекте Қырғызстан ұлттық құрамасынан ұтылды, 2:0 есебiмен. Қырғыздар сапынан гол соққан Кичин де (44-минутта), Мырзаев та (81-минутта) алыс­тан шiрене тартып, қанжығаларын майлады. Азия құрлығындағы елдердiң футбол қазанында қайнап-ақ, шымыр ұжымға айналған қырғыздар бiзге қалай ойнау керегiн көрсетiп бердi.

“Бұл өсiмдiктi алғаш рет сонау жастық шағымда, Байкалдың оңтүстiгiнiң өсiмдiктерiн зерттеп жүргенде кездестiрген болатынмын. Таулы аймақта табанымнан тозып, ұзақ жүрiп, кешке қарай қой бағып жүрген шопанға кез болдым. Ол маған иiсi жұпар аңқыған шай ұсынды. Шайға керемет дәм берген бұл қай өсiмдiк екен деп ойладым. Бiр шыны шай iшкеннен-ақ, бойымдағы шаршаңқы сезiмнiң бәрi жоғалып, көңiл көкжиегiм кеңiп, ойымның ұштала түскенiн сезiнгендей болдым. Шопан маған мұның “СаганДали” деп аталатын өсiмдiк екенiн айтты.