1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16153) 6 қыркүйек, сейсенбі 2016
ҚЫТАЙ АҚШАСЫ МҰНАЙ АҚШАСЫНАН ДА ҚАУIПТI. ОНЫ ТҮСIНЕТIН БАСШЫ БАР МА?
Қытайда өткен G-20 саммитiне Си Цзиньпиннiң шақыртуымен барған қазақ президент Н.Назарбаев сапарын билiкке кiндiктерi байлаулы ақпарат құралдары мен сарапшылар көкке көтерiп мақтап тауыса алмай жатыр. Сөздерiне илана тыңдасаң, саммитке келген көп басшы бiздiң президентпен амандасып, ақыл, кеңес сұрағандарына мәз секiлдi. Әсiресе, Қытай жетек­шiсi Си Цзиньпиннiң қуанышында шек жоқтай. Көршiмiздiң бар шаруасын президентiмiз оңай шешiп тастағандай.
12 жылдық бiлiм жүйесiне көшу мақсатындағы жаңа стандарттарды елiмiздегi барлық мектептерге 1-сыныптан енгiзу шаралары жаппай басталып кеттi. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған шәкiрттер ендi бiрыңғай базалық оқулықтар бойынша бiлiм алады. Министрлiк өкiлдерi бұл оқулықтардың аймақтар арасындағы бiлiм сапасын онлайн режимiн­де теңестiруге, сондай-ақ оқу үлгерiмiн қадағалауға, қазына қаржысын үнемдеуге мүмкiндiк бе­ретiнiн айтады.

Кеше Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты “Жаңатұрмыс” орта мектебi қазақ тiлi пәнiнiң мұғалiмi Айман Сағидуллаеваның талап арызы бойынша соттың шешiмi шықты. Сөйтiп, 18 тамызда басталған сот­қа нүкте қойылды. Қарасай аудандық сотының судьясы Айгүл Жаңбырбаеваның шешiмiмен “Жаңатұрмыс” орта мектебiнiң директоры Бекжан Нүсiпбекованың ұстаз Айман Сағидуллаеваның “тәртiбi мен мiнез-құлқына қатысты шығарған №137 бұйрығы

ТАРИХТАҒЫ ОРЫНДЫ УАҚЫТ АЙҚЫНДАЙДЫ
Өткен сенбiде елдi 27 жыл бойы билеген Ислам Каримов туған қаласы Самарқандағы Шахи-Зинда кесенесiне жерлендi. Саналы ғұмырының бiр бөлiгiн коммунистiк билiк басында өткiзген тұлға өзiн Мұхаммед пайғамбардың исламды Орталық Азияға таратқан жақын туысымен байланыстырылатын тарихи мавзолейге жерлеудi тапсырыпты. Өзбек тарихындағы ең айтулы тұлғалардың сүйегi жатқан жерден Ислам Каримовтың анасы мен бауырлары да мәңгiлiк қоныс тапқан.

Соңғы сапарға Самарқаннан аттанған өзбек көшбасшысының жерлеу рәсiмiне оның кiндiгiнен тараған екi қызының бiреуi келе алмады. Бәлкiм, келгiсi келген жоқ. Әйтеуiр әлемдiк БАҚ қара жа­мыл­ған қайғылы топтың арасынан Гүлнара Каримованы таба алмады. Есесiне оның әкесiне арнаған әнi интернеттi кезiп жүр. Естiген адамның сай-сүйегiн сырқыратады деуге келмейтiн де шығар, бiрақ әуезiнде адам жанын тебiрентетiн сиқырлы саз бар.

Ресей президентi В.Путин 2018 жылы өтетiн президент сайлауына қатысуға қатысты әлi шешiм қабылдамаған. Ол Bloomberg тiлшiсiне берген сұхбатында осылай дейдi.“Қазiргi жағдайда бұл туралы айту ерте. Жұмыс iстеу керек, алдымызға қойған мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыру керек. Халықтың өмiр сүру деңгейiн жақсартып, әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың дамуына үлес қосып, елдiң қорғаныс қабiлетiн арттыру қажет.
Конституция күнi қарсаңында Шалқар ауданы Бiр­шоғыр елдi мекенiнде “Қазақстан ұлттық темiр жолы” компаниясына қарасты “Қамқор-менеджмент” серiк­тестiгi жаңа цехтың тұсауын кестi. Соңғы 6-7 жылдан берi осы ауданның Бiршоғыр және Сарсай елдi ме­кендерiнiң iргесiнен Мұғалжар тауының тастары әртүрлi қалыпта ұнтақталып, жан-жаққа тасылуда. 1200 тұрғыны бар Бiршоғыр елдi мекенiнде тыныс алу жүйесi сырқатына шалдыққандар 100-ге таяп қалған.
ШЕКАРАШЫЛАР ӘҢГIМЕНI САПЫРЫП, АНЕКДОТ АЙТЫП ОТЫР
Қырғызстанның обудсменi Кубат Оторбаев осы елдiң президентi Алмазбек Атамбаевтың атына қырғыз-қазақ шекарасындағы жан түр­шiгерлiк жағдай туралы жазып, хат жiбердi, – деп жазады. Zanoza.org. “Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы “Қордай” бе­кетiнен өткенде өз көзiммен көрген келеңсiз көрiнiс сiзге хат жазуыма түрткi болды”, – де­лiнген хатта. – Қырғызстан Еуразиялық экономикалық
Алаштың бүгiнгi замандағы ардақтысы атанған Алтынбек Сәрсенбайұлының сөзi мен iсi отандастарының жадында. Оны туған күнi қарсаңында ғана емес, әр кезде еске алып, қастерлейтiн халқы бар. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да мемлекет және қоғам қайраткерi, саясаткер А.Сәрсенбайұлының жаяу жүрiп өткен тау жолымен сапарға шығамыз.  Құрметтi халайық, әрiптестер, достар! 10 қыркүйек, сенбi күнi Алатау бөктерiндегi “Алтынбек соқпағымен” жүруге баршаңызды шақырамыз!

Ертеректе “Он үште – отау иесi” деп, он үш жасқа толған балаға жауапкершiлiк артылатын. Сағат сырғып, уақыт жылжыған кезде бұл заман ағымымен таным да өзгердi. Кәмелет жасқа толған әрбiр азамат өз құқығын қорғай алады. 18 жас – балалықтан арылып, есейiп, толысатын кезең. Бұл жаста бозбала мен бойжеткеннiң кейбiрi бiлiм қуып жүрсе, ендi бiрi отбасын құрады. Қазiргi жастар 18 жаста не iстей алады немесе не iстей алуы керек? Бұл сұраққа Стэнфорд университетiнiң ғалымдары былай жауап берген екен.

Елiмiзде биыл Ұлттық бiрыңғай тестiлеу 2–9 маусым аралығында өткiзiлген болатын. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметiнше, ҰБТ қорытындысының орташа көрсеткiшi 81,2 балл. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 балға жоғары екен. Жалпы орта мектептi биыл 86999 түлек тәмамдаса, тестiлеуге соның 84079-ы қатысыпты. Оның iшiнде 61739 оқушы тестiнi қазақ тiлiнде тапсырса, 22340 түлек орыс тiлiнде бiлiмдерiн сарапқа салған.
ЖАЙЫҚ ӨЗ ЖIБЕГIН ТАҢДАДЫ
Батыс Қазақстан облысында “Орал аруы – 2016” байқауы мәреге жеттi. Оған 12 үмiткер қатысқан. Маусым айында iрiктеуден өткен сұлулар үш ай бойы би мен актерлiк шеберлiкке үйренген. Бес кезеңнен тұрған сайыс барысында арулар өздерi туралы әңгiмелеумен бiрге, ұлттық киiмдермен сахнаға шығып, өз өнерлерiн көрсеттi. Қазылар алқасының сауалдарына жауап берiп, ой-өрелерiнiң қандай деңгейде екендiгiн танытты.
Жазылған жайдың жаңғырығы
“Жазушылар ұйымы”, “Жазушылар одағы” дегенiмiз қандай ұйым? Бұл кiмдердiң ұйымы? Бұл ұйымға кiмдер мүше бола алады? Бұл ұйымның өзге ұйымдардан өзiндiк ерекшелiгi неде? Жазушылар ұйымы–“сөз өнерi” деп аталатын ұлы өнерге өзiндiк үлес қоса алған дарынды һәм талантты тұлғалардың ұйымы. Жазушылар ұйымына мүше болу үшiн өтiнiш берген қаламгердiң пысықтығы да, қалталы екендiгi де, тамыр-таныс­тарының молдығы да, ауылдастық-ағайыншылығы да, жерлестiгi де

“Менiң есiмiм Гүлнұр. Әке-шешем, жолдасым, кiшкентай қызым бар. Тәрбиелi отбасынанмын. Оқыған, тоқыған, көзi ашық адаммын. Бiрақ… жат ағымның жетегiнде қалай кетiп қалғанымды өзiм де бiлмей қалдым. Азғырып жүрiп күйеуiмдi де адастырдым. Бiр жыл күйеуiм екеумiз сол радикалды топтың құрамында жүрдiк, үйден кетiп қалдық. Бiр жылдан кейiн үйге келiп, қызыма никаб кигiзiп, ата-анамыздың жылағанына қарамай,

Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының күмiс жүлдегерi Жазира Жаппар­құлға елiмiздiң атынан 150 мың АҚШ доллары көлемiнде қаржылай сыйақы берiлдi. Ауыр атлет өзiнiң алған сыйақысын сiңлiсiнiң емiне жұмсайтынын айтты. Бiлегi жуан болғанымен, жүрегi нәзiк спортшы өзiне бауыр керектiгiн осылай дәлелдедi. Жазираның бауырға деген қамқорлығы жайында айтардың алдында, Олимпиада ойындарында жеңiп алған медальдарын қайырымды iске жұмсап, сатылымға шығарған спортшылардың ерен еңбегiне тоқталғанды жөн санадық.
БIР АЛТЫН БҰЙЫРДЫ
Францияда күрес түрлерiнен жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресiне жеттi. Грек-рим күресiнен Тамерлан Шадуқаев (74 келi) әлем чемпионы атанса, Қаһарман Қисметов (66 келi) финалда грузин балуаны Рамаз Зойдзеге есе жiберiп, күмiс жүлдемен оралды. Қыздар арасында Светлана Анкичева (44 келi) финалда жапон қызына есе жiберсе, Марина Седневаның (55 келi) да жолын финалдық белдесуде жапон балуаны кестi.
Қазақстан – Польша, 2:2 (0:2). 4 қыркүйек “Астана Арена”, Гол соққандар: Капустка – 9 (0:1), Левандовски пенальтиден – 45 (0:2), Хижниченко – 51, 58-минуттарда (2:2). Қазақстан: Покатилов, Малый, Кислицин, Қуат Ахметов (Абдулин – 61), Исламхан (Тағыберген – 79), Мұжықов, Байжанов (Нұрғалиев – 69), Шомко, Хижниченко, Бейсебеков. Польша: Фабьянски, Милик, Левандовски, Крыховяк, Рыбус, Глик, Блащиковски, Саламон, Зелиньски, Пищек, Каупстка (Линетты – 83).
КИНО МЕН СПЕКТАКЛЬ КӨРМЕПТI
Ерлi-зайыпты Пьер мен Элиан Зивиллион Дижит атты горилла асы­раған екен. Олар горилламен 18 жыл бiрге тұр­ған. Оны ең алғаш үйiне әкелгенде салмағы не­бәрi 2 келi ғана болыпты.Қазiр Дижит үлкен болып өсiп кетсе де әлi күнге дейiн тiсiнiң арасында тұрып қалған тамақтың қалдығын немесе саусағының арасына тұрып қалған заттарды алып тастау үшiн асырап алған ата-анасының кө­мегiне жүгiнедi.