1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72 (16154) 8 қыркүйек, бейсенбі 2016
2016 жылдың 12 қыркүйегi – Құрбан айттың бiрiншi күнi!
Аса қамқор, ерекше мейiрiмдi Алланың атымен бастаймын! Құрметтi бауырлар!Баршаңызды күллi мұсылман қауымы асыға күткен қасиеттi, ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке тiлеймiн. Бәрiмiздi айтқа аман-есен жет­кiзген Алла тағалаға сансыз шү­кiр­лер мен мақтаулар болсын!
Ислам дiнi сан ғасырдан берi елi­мiздiң рухани тiрегi болып ке­ледi
Алтынбек Сәрсенбайұлының 2001 жылы “Таң” телеарнасына берген сұхбаты
Көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының 2001 жылы Қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшысы мiндетiн атқарған кезiнде тәуелсiз телеарнаға берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз. Алтекеңнiң журналистерге берген көп сұхбаттарынан бұл сұхбаттың өзiнше ерекшелiгi бар. Бiрiншiден, Алтынбек Сәрсенбайұлы жауапкершiлiгi аса жоғары мемлекеттiк қызметте жүрiп билiктiң қырына iлiккен тәуелсiз телеарнаға сұхбат беруден қорықпады.
2006 жылы ақпан айының басында Алтынбек Сәрсенбайұлы “Время” газетiне сұх­бат бердi. Сұхбаты “Бiз қайда бара жатырмыз?” (“Куда мы идем?”) деп аталады. 2005 жылғы “кезектен тыс президент сайлауынан” кейiнгi сұхбат болғандықтан, билiктiң қорқаулығы мен азаматтық қоғамның әлжуаздығы баса сөз болады. 2006 жылдың 11 ақпанындағы “Ұлттық қасiрет күнiнен” кейiн белдi басылымдардың бiрқа­тары “Алтынбек Сәрсенбайұлының соңғы сұхбаты” деген кө­ңiлсiз айдармен сая­саткердiң ой-толғамдарын жариялап жатты

Одақ құлағанша ес бiлiп, етек жауып үлгергендер ГАЗ-51 деген жүк көлiгiн жақсы бiлуi тиiс. Жарықтық, пыртылдап тоқтамайтын едi ғой. Одан кейiн шыққан ГАЗ-53 пен ЗИЛ өкiре ышқынып, батпаққа батып жатқанда ГАЗ-51 тасбақа аяңмен қасынан өте шығатын. Осы қасиетiнен шығар, ғұмыры да ұзақ болды. Қазақстанға Қытайдан 51 компания көшiрi­ледi екен деген ақпарды естiгенде, ойымызға осы автокөлiктiң сап ете қалғаны.

1-сыныптың жаңартылған мазмұндағы оқулықтарын көру мақсатымен кеше таңертең Алматыдағы бiлiм ұяларының бiрiне бас сұқтық. Үлкен сыныптардың сабағы әлдеқашан басталып кеткен. Аулада мектеп табалдырығын биыл аттаған бүлдiршiндер мен олардың ата-аналары ғана тұр. Қанша бала болса, сонша ересек адам. Бәрiнiң қолында – тыңқиған бiр-бiр сөмке. Зiлдей бәленi бiр жапырақ балаға көтертуге обалсынып, ешқайсысы кетер емес.

ЖАППАЙ ТЕКСЕРУ ЖАЛҒАССА, БҰЛ КӨРСЕТКIШ 77-ГЕ ЖЕТIП ЖҮРМЕСЕ...
Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы iс-қимыл Ұлттық бюросының қарқыны қатты. Әсiресе, Ұлттық бюроның Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департа­ментi жыл басынан берi жемқорларды үйiр-үйiрiмен, тоб-тобымен ұс­тай­тын дәрежеге жеттi. Қайбiр жолы департаменттiң қызметкерлерi Оңтүстiк Қазақстан облыстық iшкi iстер департаментi әкiмшiлiк полициясына қарасты тiркеу-емтихан бөлiмiнiң бiрнеше лауазымды офицерiнiң қолына кiсен сал­ған болатын.

“Жас Алаш” газетiнiң өткен №71 санында (6 қыркүйек, 2016ж.) Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты “Жаңатұрмыс” орта мектебiнiң мұғалiмi Айман Сағидуллаеваның өзi жұмыс iстейтiн бiлiм ошағының басшысы Б.Нүсiп­бековаға қатысты берген талап-арызының (№137 бұйрықты заңсыз деп тану) қанағаттандырылғанын естiп қуанып, редакцияға хабарласып жатқан жұртшылық көп. Олардың iшiнде ұстаздар қауымы да жоқ емес.

Қазiр металлургтер қаласының кәрi-жасы, әсiресе, ұстаздар қауымы биылғы тамыз кеңесiнiң “тамашасын” талқылауда. Оған түрткi болған әлеуметтiк желiде жүрген өлең. Тамсан­ғандықтан емес, тiл тағдырына түңiлгендiктен туған... Ұстаздардың жылда қайталанып бiр келетiн үлкен жиы­ны орыс тiлiнде өтiптi. Көлеңкеде қалып қойған ана тiлiнде тұщымды ой-пiкiр ести алмай жаны жабырқаған, сағы сынған бiреу тiптi күйiнгеннен туған өлеңiн әлеуметтiк желiге жариялап жiберiптi.
Маңғыстаулық зиялы қауым өкiлдерi осыдан он шақты күн бұрын Н.Назарбаевқа Ашық хат жазып, уахабизм-салафизм ағымының барлық тармағын экстремистiк деп тану туралы халық талабына қолдау көрсетуiн сұраған болатын. Олардың бұл тiлегi елiмiзге белгiлi ақын-жазушылар мен ғалымдардың, қоғам белсендiлерiнiң тарапынан да қолдау тапты.  Ашық хатқа қол қоюшылар бейбiт өмiрдiң шырқын лаңкестiк әрекеттердiң бiздiң елiмiзде де орын ала бастауы өкiнiштi
Жуырда Қызылорда облысындағы “Ақ шуақ” шипажайында демалып, ем алып қайттым. Шипажай расымен демалушыларға барлық жағдайды жасапты. Десек те, көңiлге қаяу түсiрер жағдайлар да жоқ емес. Бiр топ демалушылар болып жексенбi күнi “Укаша ата” басына тағзым етiп, бабаның басындағы бұлақтан су iшейiк дедiк. Шипажай арнайы автобус бөлiп, адам басынан 2500 теңге алып жеткiзiп тастады. Бұлақтың басында жас жiгiт отыр екен.

Есебiң болмаса есек те мiне алмайтын заманда өмiр сүрiп жатырмыз. Сол есеп құрғырыңыз бұрын да болған. Бiрақ ол басқаша есеп едi. Айталық, ол есеп – бауырмашылдыққа, имандылыққа, адамгершiлiкке, ынтымаққа, татулыққа, қайырымдылыққа құрылған болатын. Соның арқасында елдiң берекесi кiрiп, мейманасы тасып жататын. Ал қазiргi есеп бұрынғы есептен өзгерек. Қарақан басының қамы, өзгеден артылсам деу, бәсекелестiк, пайдакүнемдiк бiрiншi кезекте тұрады.

Ұзақ жолдан шаршап келе жат­қан егiз қыздың анасы “Ту-уһ, мына қыздар шаршатты-ау” деп күрсiндi. “Бiреуiн маған бере қойыңыз”, – дедiм. Сондай сүп-сүйкiмдi балақай екен, менiң әлдиiме елiтiп, құшағымда ұйықтап қалды. Екiншiсiн де қолыма алып, оны да солай жұбаттым. Бүлдiршiн қыздардың анасы маған риза болып, алғысын бiлдiрiп болып, “Үш ұлдан кейiн Алланың маған берген сыйы ғой, ашуланғанда не айтып, не қойғанымызды бiлмей қалады екенбiз, кешiрiңдер,

Шығыс Қазақстан облысында Найман, оның iшiнде Қаракерей руынан Қожамбет ұрпағы тарайды. Шежiре бойынша Қожамбеттiң Айт атты ұлынан Шағыр бабамыз туады. Шағыр бабамыздың Тiнiке атты кенже ұлынан Қожам­бердi, Қарымсақ, Сары, Тоқа, Лақа, Құ­дайберген атты алты ұл дүниеге келген. 

Менiң Ресей өңiрiнде туып-өскен Мұрат деген досым бар. Ол бiзде автокөлiк жүргiзушi болып жұмыс iс­тейдi. Қашан көрсең де жайдары қалпынан таймайтын ол қызықты әңгiме айтқанды да ұнатады. Әсiресе, шытырман оқиғалы әңгiме десе жайнап кетедi.
– 1984 жылы Астраханьда КамАЗ айдап жүрген кезiм, – дейдi бiрде Мұрат өткен жыл­дарын еске алып, – әскер қатарынан жаңа оралғанмын. Бiздiң автоколонна негiзiнен, ұзақ сапарға баратын көлiк­терге мамандандырылған, көбiне
“Жас Алаш” газетiнiң №44 санында (2 маусым, 2016 жыл) “Со­фиевка” болып сорлап тұр” деген мақаланы оқып, сол ауылда тұратын Жарболов Тiлеулес ақсақалдың жан айқайына iштей тiлектес болған едiм. Осы мәселенi “Жас Алашта” (11 тамыз, 2016 жыл) тағы да көтерген екен, соны оқып, ағамыздың ой-пiкiрiне үн қосу ретiнде қолға қалам алуға тура келдi.
Әкiмнiң әкесi
Гулетiп, кең даланы гуiлдетiп,
Шаңдатып, күре жолды дүрiлдетiп,
Әкiмi облыстың келдi ауылға,
Шатырын ескi үйлердiң дiрiлдетiп.
Жазушылардың айтыс-тартысына орай
Дәл қазiр жазушылар екi жақ боп айтысып-тартысып жатыр. Оны “Қазақ әдебиетi” газетi мен “Жас Алаш” газетiнiң соңғы нөмiрлерiн оқығандар бiрден аңғарады. Жазушылардың бiр тобы “Нұрлан Оразалин –Парламент депутаты, сенатор. Ендi ол неге Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметiнен кетпейдi? Екi қызметтi бiрдей атқарып жүре бермек пе?!”

Ислам Байрамуков— жазғы Олимпиада ойындарының финалдық белдесуiнде күрескен (еркiн күрестен) әзiрге жалғыз қазақстандық балуан. Қазақ даласында туып, осы елде белдесудiң қыр-сырына қаныққан балуан 2000 жылы Австралия атырабында өткен жазғы Олимпиада ойындарының финалдық белдесуiнде ұтылып, күмiс жүлдемен оралды. Ислам Байрамуков 2000 жылы Сидней Олимпиадасының күмiс жүлдегерi атанып келгенде туған ауылы

Қырғызстанда Көшпендi­лер­дiң бүкiләлемдiк ойындары өтiп жатыр. 3 қыркүйекте басталған Көшпендiлердiң ойы­ны бүгiн түңлiгiн түсiредi. “Көк бөрi” (көкпар) тартудың финалдық тартысына Қырғызстанның ұлттық көк бөрi құрамасы мен Қазақ елiнiң көпаршылары шықты. Бүгiн Көш­пендiлердiң бүкiләлемдiк ойы­нының чемпионы атағы үшiн екi ұжым көкпар тартады. Көшпендiлердiң бүкiл­әлем­дiк ойындары аясында қазақ күресiнен өткен сайыста елiмiзден барған жiгiттер топ жарды. 17

Сенбi күнi түнде Лондонда кәсiпқой бокс жекпе-жегi өтедi. 20 мың адамды еркiн сыйдыратын спорт кешенiнде қазақстандық кәсiпқой боксшы Геннадий Головкин британдық Келл Брукке қарсы айқасады. Гена кәсiпқой бокста 35 рет жекпе-жекке түсiп, барлық қарсыласын жеңдi, WBA (Super), IBO, WBC, IBF тұжырымдарының чемпионы атанды. Қарсыласы Келл Брук осы күнге дейiн 36 мәрте айқасып,

71 ЖАСТАҒЫ БАЛЕРИНА...
71 жастағы Лондон азаматшасы Дорин Пеши өзiнiң балалық шақтағы арманын жүзеге асырды. Кiшкентай кезiнде Дориннiң ата-анасы қаржылық қиындықтан қыздарын балет мектебiне бере алмаған екен. Кейiн Дорин Пеши инженер-электрик болып қызмет iстеп, зейнетке шыққан. Жұмыстан қол үзгеннен кейiн бiрден бала күнгi арманын жүзеге асырмақ болып бимен шұғылдана бастайды.