1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (16155) 14 қыркүйек, сәрсенбі 2016

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтiп жатқан Паралимпиада ойындарында 51 жастағы спортшымыз Зүлфия Ғабидулина чемпион атанды. 100 метрге еркiн жүзу сайысында жерлесiмiз 1 минут 30,07 секунд уақыт көрсетiп Рио Паралимпиадасының чемпионы атанды, әлем рекордын да жаңартты. Қазақ атлетiнен кейiн жеткен қытайлық Пенг Куипинг пен украиналық Ольга Свидерска Паралимпиада жүлдегерлерi атанды.

Тәуелсiз Қазақстанның тарихында әзiрге жалғыз өзi екi мәрте үкiмет басқарған және премьер-министр қызметiнде ең ұзақ отырған Кәрiм Мәсiмовтiң премьер­лiктен кететiнi туралы сыбыс көптен берi жүргендiктен, оның үкiмет­басы орынтағын босатып бергенi көпшiлiктi де, сарапшыларды да аса таңғалдырмады. Есесiне, президент Н.Назарбаевтың оны ҰҚК төрағасы етiп тағайындағаны талайдың таңдайын қақтырды.
Аграрлық саланы алға бастырудың амалы ақыры табылды-ау. Қытаймен сонша ғасыр көршi тұрып, осы уақытқа дейiн неге “үйiр-үйiр” есек өсiрмегенiмiздi ойласақ, iшiмiз “удай ашиды”. Бiрақ оқасы жоқ. “Ештен кеш жақсы” деген. Тек аса маңызды осы бағдарламаны орта жолдан қалдырмай, аяғына дейiн жеткiзу парыз. Сонда жалғыз ауыл шаруашылығы ғана емес, бүкiл сала бiткен жорға есектей қыдыңдап ала жөнеледi.
БҰЛ – АҚТӨБЕ ӨҢIРIНДЕ БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙ
Ақтөбе қалалық бiлiм бөлiмi бiрнеше мектеп директоры, балабақша меңгерушiсi мен мектептен тыс бiлiм беретiн мекеме басшыларына конкурс жариялады. Себеп 7 қыркүйек күнi Ақтөбедегi №24, 25, 28, 32, 38, 42, 46, 51, Қызылжар, Благодарный орта мектеп директорлары зейнеткерлiкке шығуға арыз жазған. Дәл осы күнi №17 мектептiң зейнеткер емес директоры отбасылық жағдайына байланысты, №9 мектеп-гимназия директоры тұрғылықты мекенжайын
Кеше Н.Назарбаев Үкiметтiң жаңа құрамын бекiттi. Жаңа құ­рамы деген аты болмаса, үкi­мет мүшелерi­нiң денi – “ескi”. Жаңарудың жоралғысына жарайтын ауыс-түйiс ретiнде И.Тас­ма­ғам­бетовтiң Б.Сағын­таевқа орынбасар болып барғанын айтуымыз керек. Жаңалықтың көкесi сол – бұл орында бұрын Д.Назарбаева отырған. Ауыс-түйiстен аман қалған К.Мәсiмов үкiме­тiнiң бiр топ министрi өз орындарын сақтап қал­ды. Олар: Ерлан Ыдырысов – ҚР Сыртқы iстер ми­нистрi, Қалмұхамбет Қа­сымов – ҚР Iшкi iстер министрi,

Медициналық жоғары оқу орындарының “педиатрия” мамандығы бойынша маман даярлауды тоқтатқанына да 7-8 жылдың жүзi болды. “Халықаралық стандарттарға сәйкес жалпы медициналық тәжiрибе жүйесi енгiзiледi” деген желеумен, педиатрия бөлiмдерi емдеу факультеттерiне қосылды. Академик Камал Ормантаевтың сөзiне сүйенсек, “Педиатр – өз алдына жеке мамандық. Ересек адам мен нәрестенiң ағзасында айтарлықтай айырмашылықтар бар.

14 қыркүйекте атышулы “сыра королi” Тоқтар Төле­шевтiң соты басталады. Қылмыстық iсте мемлекеттiк құпия материалдар жария болады деген желеумен сот жабық жағдайда өтпек. Т.Төлешевке 16 қылмыстық бап бойынша айып тағылған. ҰҚК Төлешевтi билiктi күшпен басып алмақ болды және осы мақсатта қарсылық шаралары мен жаппай тәртiпсiздiктердi ұйымдастыруды көздедi, қазiргi билiк жүйесiн өзгертуге тырысты деп айыптайды. Сот орындығына онымен бiрге тағы 25 адам сыбайласы ретiнде отырады.

1994 жылы қазан айының басында “Невада – Семей” қозғалысының “Аттан” жорық штабының жетекшiсi Амантай қажы Хан­темiрұлы бiр күнi менi үйiне жеке шақырды. “Ораз iнiм, саған Америка сапарына қатысты айтуға тиiс құпияны есiңе салуым керек. Онда баратынымыз рас. Бiрақ ол жақтан оралмай қалуымыз да мүмкiн. Өйткенi АҚШ-та атомға қарсы шеру-акция өткiзу оңай болмайды. Ал, Бiрiккен Ұлттар ғимараты алдында ұрандап, АҚШ-тағы атомдық сынақтар тоқтатылсын” деп онда жар салу тәуекелдi талап етедi.

Бүгiнде полиция қызметкерлерiнiң жауапсыздығы, сот пен прокуратура жүйесiнiң әдiлетсiздiгi жөнiнде күнде шуласып жатамыз. Азаматтардың құқығын қорғайды деген бұл мекемелер құқықты алдымен өздерi бұзып жатса, халық кiмге барып шағынады? Әбден амалы таусылған ел сосын ақпарат құралдарын жағалайды. Дәл осындай себеппен бiзге Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентiнiң тұрғыны Серiк Ыбышев келiп шағымданды.

Жас жұбайлардың отау көтеру тойында тiлек айтқан салиқалы бiр жеңгейдiң “Махаббатпен көтерiлген шаңырақ iргесiнiң мықты болуына – ең әуелi сыйластық, одан кейiн – қимастық негiз болады” дегенi бар едi. Ойлап қарасаң, ұнату мен жек көрудiң арасы – қас-қағым сәт. Ал сыйластық – балталасаң да бұзылмайтын ең iзгi, ең ұлы сезiмдердiң бiрi. Жалпы, өмiрде, оның iшiнде отбасылық тiршiлiкте адамдардың бiр-бiрiн сыйлауы дегенiмiз не?

Қажеттi заттар:
Тауықтың 2 сан етi 
40 грамм сары май
3 сарымсақ

Қарапайым түсiнiкке салып қарасақ, адам жақсыны да, жаманды да ең әуелi көзбен көредi. Күнәға ең бiрiншi итермелейтiн де – көз. Сондықтан әйелдердiң сырт көздi елiктiрiп, жолдан таюға итермелейтiндей қылықтардан аулақ болуын ескерткен дiнiмiз, оларға бүркенудi бұйырды. Яғни әйел ашық-шашық жүрiп, еркектi қызықтырмауы, көңiлiне құрт түсiрмеуi тиiс. Сайып келгенде, әйел затының пәренжi жамылу, хиджаб кию үрдiсi тап осы мақсаттан туындағаны бүгiнде екiнiң бiрiне аян.

Кейде күнделiктi қолданыстағы қасықтар мен шанышқыларды жаңарту керек болады. Ондайда “қандайын алған дұрыс, қай түрi жақсы?” деген сұрақ туындайды. Әдетте, күмiстен жасалған ыдыстар көптеген артықшылықтар­ға ие болып есептелiнедi. Мұның себебi, олардың антибактериалдық қасиетi зор, сондай-ақ жақсы сақталады және майыспайды. Одан кейiнгi кезекте мельхиор (никель мен мыстың қоспасы) ыдыстар тұрады
Төбесiнен құс ұшырмай, бетiне жел тигiзбей өсiрген ұл-қызының денi сау, ақылы кемел, сымбаты көңiл көншi­терлiктей болғанын қай ата-ана қаламайды дейсiз. Ал, мәпелеп өсiргенiне қарамас­тан, баланың ет алмай, киiмi сөлбiрейiп, арықтығы көзге ұрып тұруы ешкiмдi бей-жай қалдырмаса керек.Мамандардың айтуынша, арықтық көбiнесе көңiл күйдiң өзгеруiне, жүйкеге әсер ететiн жағдайлардың жиi орын алуына байланысты болып келедi.
Ұлы дала, керiм дала. Қызыр қонған киелi дала дәл осы Бетпақдала болып көрiнедi маған. Елi­мiздiң шығысы мен батысын, күн­гейi мен терiскейiн, орталығын, бәрiн араладым. Айналып келгенде, көңiл шiркiн неге екенi белгiсiз, туған жер – Бетпақдалаға тiре­ледi. Бетпақдалада биiк-биiк асқаралы таулар, арқырап ағып жат­қан өзендер, сылдырап аққан тұма бұлақтар, ну тоғай, қыздай сызылып тұрған ақ қайыңдар, тiптi жасыл желектi қарағайды да таппайсың
– Мына газеттi оқып отыр­саң, жер бетiнде қа­зақтан артық, қазақтан данышпан халық жоқ сияқты, – дедi Көбiк көршiсi Қисыққа сығырая қарап. – Қазақтың қандай халық екенiн осы уақытқа дейiн бiлмей жүрген ол неғылған газет?! – дедi Қисық. – Осы газетте отырғандарға да жазатын сөз қалмаған-ау деймiн. Қазақ деген ит емес пе, қазақты қалай мақтауға болады?
АЗАТ СЕЙIТМЕТОВ ҮЗДIК АКТЕР АТАНДЫ
Оңтүстiк Кореяның Сеул қаласында өткен халықаралық кинофестивальде Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық театрының актерi Азат Сейiтметов кинорежиссер Асқар Ұза­баевтың “Әке” телехикаясындағы әке рөлi үшiн қазылар алқасының шешiмiмен “Жылдың үздiк актерi” атағын жеңiп алды.

Сенбi күнi Лондонда өткен бәсекенiң ду-дүрмегi күнi бұрын қыздырылған болатын. Оған талай пiкiрлер айтылды, болжамдар жасалды. Өйткенi қазақстандық Геннадий Головкин де, ұлыбританиялық Келл Брук те – бұған дейiн шаршы алаңда ешкiмнен жеңiлiп көрмеген сайыпқырандар. Бiздiң Гена 35 кездесудiң 32-сiн мерзiмiнен бұрын аяқтаса, Келл 36 кездесудiң 25-iнде қарсыластарын сұлатып салған. Ал ендi осынау цифр­ларға қарап таңданбай көрiңiз.

ЕЛУIНДЕ ЕҢСЕРДI
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтiп жатқан Паралимпиада ойындарында елiмiз­дiң қанжығасына тағы бiр медаль байланды. Пауэрлифтингтен сынға түс­кен Раушан Қойшыбаева 113 келi көтерiп, Паралимпиада ойындарының күмiс жүлдегерi атанды. Паралимпиада ойындарының чемпионы атағы мен алтын ме­дальдi Тан Юяо иелендi 135 келi зiлтемiрдi көтерген қытай қызы әлем рекордын жаңартты. Қола медаль мысырлық Махмуд Амал­ға бұйырды, ол 108 келi салмақта еңсердi.
12 қыркүйек – мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнi. Жыл сайын 12 қыркүйек қарсаңында Алтынбектiң ел үшiн, халық үшiн атқарған абыройлы iстерiн аңсайтын, сағынатын көпшiлiк Алатауды бөктерлеп, Көкжайлау мен Құмбелдi басып өтетiн тау жолымен жаяу серуенге шығады. Кезiнде Алтынбек Сәр­сенбайұлы осы асуды жылына бiрнеше мәрте асып, жолдастарымен сейiлдеп қайтатын. 10 жылдан берi “Алтынбек асуымен” асып, тауға серуендеп шығатын жұрттың биыл да