1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (16156) 16 қыркүйек, жұма 2016

Бiр қарағанда, саясаттағы ең ықпалды әйел – Дариға Назарбаеваның жолы болмай жүргендей көрiнедi. Арғысын айтпай-ақ қояйық, Мәжiлiске депутат болып барады да, екi жылдан кейiн вице-спикер атанады. Жұртшылық ендi төрайым болады-ау деп тон пiшкенде үкiметке ауысады. Премьердiң орынтағы – дәл iргесiнде. Қарыс қадам аттаса, үкiмет тiзгiнi уысына түскелi тұр. Сондықтан болар, “Кәрiм кетедi екен” деген әңгiме шыққан сайын жұрт оған “Дариға баратын шығар” деген долбарды қосып айтатын.

Мұса пайғамбар Құдайдың хақ дiнiне ерген халқына 40 жыл бойы жұмыр жерден жұ­мақ iздесе, Конституциясының 1-бабында өзiн зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлеу­меттiк мемлекет ретiнде жариялаған Қазақстанның билiгi 25 жылда адасқан азаматтарын бақылайтын дiн iстерi жөнiндегi министрлiк құрған дәрежеге жеттi. Ата Заңында мемлекет пен дiн бөлек деп жазылған ел­де дiн iстерi жөнiндегi министр­лiктiң пайда болғаны көпшiлiк­тiң көкейiне көп сауал тастайды.

Құрбан айттың екiншi күнi Алматыда жауын жауды. Күн аяқасты суытып кеттi. Жұмыстан соң үйге таксимен қайтуды жөн көрдiм. Құлжа жолы бойындағы ауылдарға әдетте “Саяхаттан” көлiк жүргiзу­шiлер 200 теңгеден жолаушы ала кетедi. Тоқтаған таксиге отырғаным сол едi, iштегi бiр әйел: “Жүргiзушi бiздiң ауылға дейiн 300 теңге сұрап жатыр”, – дедi. Бұл “жаңалық” әрине, маған жаққан жоқ. “Саяхаттан” ұзамай тұрып түсiрiп кетiңiз, бүгiн жауын жауды деп 300 теңге алсаңыз, ертең қар жауғанда 500 теңге бола ма?” деп бұрқ-сарқ қай­най бастап ем, үшiншi жолаушы: “ол қалжыңдады” деп қысқа қайырды.

Көзiқарақты қауым 14 қыркүйектi Орынбор облысы Тоцк полигонында зұлматты оқиға болған күн ретiнде жыл сайын еске алады. Бұл тақырып ғаламтор бетiнде биыл да көрiнiс тапты. Жалпы, 1954 жылы 14 қыркүйекте “Снежок” деген атпен жүргiзiлген және бертiнге дейiн құпия ұсталып келген бұл операцияның жай-жапсары былай болған... Өткен ғасырдың 50-жылдары әлем III дүниежүзiлiк соғысқа дайындалды. АҚШ-та жүргiзiлген сынақтардан кейiн, КСРО да ядролық бомбаны

Мемлекет басшысының Қы­тайға сапары кезiнде (G-20 cаммитi) елiмiзге сол елден 51 кәсiпорынның көшiрiлетiнi белгiлi болған едi. Тiптi сол кәсiпорын­дардың екеуi елiмiзде салынғаны жөнiнде де айтылды. Тағы төрт нысанның құрылысы биыл бiтпекшi көрiнедi. Алдағы бес жылдың iшiнде бас-аяғы бес нысанның құрылысы аяқталмақшы екен. Олардың жалпы құны 26 миллиард долларға бағалануда. Сонда “бұл неткен батпанқұйрық, айдалада жатқан құйрық?”.

Елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде оқу-бiлiм беру iсiнiң мән-жайын назардан тыс қалдырмай, оның жай-жапсарына терең үңiлетiн жандардың бар екенiн көргенде қуанғанымызды несiне жасырайық. Оған “Жас Алашқа” жан-жақтан келiп жатқан үшбу хаттар куә. Редакцияға хабарласып, ой-пiкiр, ұсыныс қосып жатқан жұрт қаншама. Демек, қоғам бұрынғыдай бойкүйез емес, бiреудiң айтқанына көнiп, айдауына жүргiсi келмейдi, iшiнара сана-сезiм сiлкiнiсi пайда бола бастаған десек,

Ұлт азаттық көтерiлiсiне – 100 жыл
Қазақ халқының басынан өткен қилы кезеңдер ешуақытта ұмытылмауы тиiс. Тарих қойнауына баяғыда енген оқиғалардың жадымызда жаңғырып тұруы шарт. Кешегiсiн бағаламаған ел ер­теңiне бағдар таппайды. 1916 жыл­ғы ұлт азаттық кө­терiлiсi – бұдан бiр ғасыр бұрынғы еркiн­дiк­ке ұмтылған халық толқуының биiк шыңы.

Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық ұйымы ой еркiндiгi, сөз бостандығы мәселелерiне арналған жиынын Алматыда өткiздi. Азаматтық қоғам сарапшыларының үшiншi iскерлiк кездесуiнiң жұмысына Германияның ЕҚЫҰ-дағы өкiлдiгi қолдау бiлдiрген екен. Аймақтардағы сөз бостандығына қатысты жағдайларды нақтылы талқылаған бұл алқалы жиында қазақстандық, сербиялық, грузиялық, ресейлiк, қырғызстандық,

Дәл бұлай амандасуды ауылдан келген бiздер жо­ғар­ы оқу орнына түскенде естiп едiк. Қалада оқып келген қыздар ұстаздарға “Сә­ле­метсiз ба, Жанар Таласқызы” деп, ал бiз “Сәлеметсiз бе, апай” деп амандасатынбыз. Қайбiр күнi балабақшаға баратын қызым “Апайға амандасайын десе, айтатын сө­зiмдi ұмытып қала беремiн” деп бұртияды. Сөйтсе бұған дейiн “Сәлеметсiз бе, апай” деп амандасып келген балабақша тәрбиеленушiлерiне (кiшi топтағыларды бiлме­дiм
Иә, ақ халатты абзал жандардың халыққа көрсе­тiп келе жатқан қызметтерi айтарлықтай. Дәрiгерлердi сыйлаймыз, қыз­меттерiн жоғары бағалаймыз. Бiрақ осы ақ халатты абзал жандардың арасында да адам өмiрi мен денсаулығына үстiрт қарайтындары бар. Осыдан 5 жыл бұрын денсаулығым сыр берiп, ау­руханаға бардым (дәл қай аурухана екенiн жария етпей-ақ қояйын). Дәрiгер өзiме қайтара бiр-екi сұрақ қойды да, диагноз қоя салды.

Әйгiлi Шәңгерей ақын көршi отырған бiреудiң көрiктi де ақылды, әрi шешен, әрi әншi қызымен көңiлдес болады. Бiрақ үйленейiн десе – тө­ренiң қызы емес, қараның қызы. Ағайындары алдырмапты. Сол қыз ұзатыларда Шәңгерей өзiнiң де тойға шақырылатынын бiлiп, шеберге сәйгүлiк ат мiнгiзiп, басын алтыннан, сабын күмiстен соқтырып ұршық жасатады. Оған мына сөздердi жаздырады:

Абайтану саласында “Бiржан салды Абай қай жылы қарсы алған?” деген мәселе – әлi күнге шешiмiн таппай келе жатқан ақтаңдақтың бiрi. Менiң “Бiржан және Абай” атты (“Ертiс өңiрi”, 13 шiлде, 2016 жыл) мақалам да осыны анықтау мақсатында жазылған. Сонан қойшы, зерттеу барысында Бiржан мен Сара айтысына атүстi болса да тоқталудың орайы келiп, “екi ақын 1886 жылы айтысқан” дегенiм рас. Бiрақ “Айтыс болған ба, әлде болмаған ба?” деген дауға

Бес күндiк өмiрде бәрiмiз бақытты да, бай болып өмiр сүргiмiз келедi. Бiр қиындық туындап жатса iштей өзiмiздi жiгерлен­дiруге тырысамыз. Көп жылдан берi ұстаздық қызмет етiп, сан қырлы тағдырмен танысқан адам ретiнде өзiңiзге зиянын тигiзетiн мынандай адамдардан сақ болыңыз деп кеңес берсем деп едiм
Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылған шығарма
Өткендi қайтару, өлгендi тiрiлту, әри­не, ешкiмнiң қолынан келмейтiнi де белгiлi. Десек те, өткенге, яғни тарихқа қалам сiлтеген жазушы сол өткендi қайтара бiлуi, өлгендi тiрiлте бiлуi керек. Егер ондай “өнерi” болмаса, ол жазушының тарихи тақырыпқа баруы да бекер, жазуы да бекер. Кiтап шығаруы да бекер... Тарихи тақырыпқа қалам сiлтеген жазушыға бiз неге бұлай тым биiк мiндет артып отырмыз?

Қыркүйек айының 21-25 күндерi аралығында Қытайдың Iле Қазақ автономиялы облысына қарасты Мұңғыл­күре ауданында қазақ күресiнен әлем чемпионаты өтедi. Төл спортымыз, ұлттық күресiмiздiң алты құрлықта дамуы үшiн, таралуы үшiн, насихатталуы үшiн орасан еңбек сiңiрiп жүрген ұжым – Дүниежүзiлiк қазақ күресi қауымдастығы. Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, профессор Серiк Төкеев басқаратын қауымдастық 2006 жылдан берi қазақ күресiнен бес рет әлем чемпионатын өткiздi.

ҚАНЖЫҒАМЫЗДА – ҚОЛА ЖҮЛДЕ
Грузияның астанасы Тбилисиде күрес түрлерiнен әлем чемпионаты өтiп жатыр. 18 қыркүйекте мәресiне жететiн әлем чемпионатында әзiрге қоржынымызға 1 медаль ғана түстi. Грек-рим күресiнен әлем чемпионатының медалi күшiн белдескен Станислав Рыльский немiс, венгр және Мексика балуандарын жеңген. Жартылай финалда әзiрбайжан балуанынан ұтылды. Қола медальға таласта белорус балуанын айқын басымдықпен жеңдi.