1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (16157) 20 қыркүйек, сейсенбі 2016
КҮШТIК ҚҰРЫЛЫМДАРҒА ТАРТЫНБАЙДЫ, АЛ БIЛIМ САЛАСЫНА МАНДЫТПАЙДЫ
Қазақстан парламентiнiң мәжiлiсi алдағы үш жылдың бюджетiнiң жобасын талқылауда. Оның авторлары – үкiмет мүшелерi бюджетке   4 триллион теңге көле­мiнде табыс түсiп, тағы 3 жарым триллион теңгенi трансферт түрiнде келедi деп жоспарлап отыр. Үкiмет елдiң үшжылдық бюдже­тiнiң нақтыланған нұсқасымен қарашаның ортасында таныстыруы тиiс. Мәжiлiс алдында баяндама жасаған министрлер бiрiншi кезекте мұнай бағасы мен ұлттық валюта бағамына байланып отырғандарын жасыра алмады.

Қыркүйек айы Орталық Азия елдерi үшiн апалаң-топалаң оқиғалармен есте қалғалы тұр. Бауырлас әзiрбайжан халқы 26 қыркүйек күнi бүкiлхалықтық референдумда дауыс бередi. Бүкiлхалықтық деген аты болмаса, оның бiр адамның мүддесi үшiн ұйымдастырылып жатқаны белгiлi. Ата заңға енгiзiлетiн өзгерiс президенттiң өкiлеттiлiгiн кеңейтiп қана қоймай, жас шектеуiн алып тастауды көздейдi.

Үкiметтегi соңғы ауыс-түйiсте вице-премьерлiктен сенаттағы халықаралық қатынас, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетi жетекшiлiгiне “ұзап” барған Дариға Назарбаева алдымен не iстеме­гiн “беташар” үстiнде айтып салды. – Бүгiнгi таңда ел әскерiндегi қызметкерлер­дiң 80 пайызға жуығы келiсiмшартпен жүргендер. Мен соларды қысқартып, әскерде мамандық алу үшiн мiндеттi шақырумен келетiндер санын көбейткiм келедi.
“Егемен Қазақстан” газе­тiнiң 20 мамыр 2016 жылғы санында театр жайлы ой айтуға талпыныңқыраған мақала жа­рық көрдi. Атынан ат үркедi. “Қалғыма, қазақ театры!”. Тақырыпты көрiп, қазақ театрларын оятатын, серпiл­те­тiн, қай театр қалғып барады, қай театр ұйықтап барады, бәрiн-бәрiн жiпке тiзiп, жiктеп-жiлiк­теп, жiлiгiнiң майын шағып тастаған шығар-ау, деп оқуға кiрiстiк... Ендi айтатын шығар, ендi айтатын шығар деп емекси-емекси, аяғына жеттiк.
Тергеу абақтысында отырған Макс Боқаевтың денсаулығын тексерген мамандар оның созылмалы дертi қайта өршiгенiн анықтаған. Туыстары билiктен белсендiге бұлтартпау шарасын өзгерту­дi сұрайды, деп хабарлайды “Азаттық” радиосы. Атырауда тергеу абақтысында төрт айдан берi қамауда отырған азаматтық белсендi Макс Боқаевтың туыстары оның денсаулығына алаңдаулы. Белсендiнiң қарындасы әрi қорғаушысы Жанаргүл Боқаеваның айтуынша,
Өткен аптада Бiшкекте ТМД елдерi басшыларының саммитi өттi. Басқосуға мемлекет басшыларымен бiрге Украинаның Қырғызстандағы елшiсi Николай Дорошенко да қатысты. Осы жиында Ресей президентi Владимир Путин мен Николай Дорошенко текетiреске барды. 2017 жылы ТМД саммитiне Ресей төрағалық етедi. Бұл туралы   Бiшкекте өткен ТМД елдерi басшыларының отырысында Қырғызстан президентi Алмазбек

Астанада Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, “ҚазТАГ” ақпарат агенттiгiнiң бас директоры Әсет Матаевтың соты жалғасуда. Дүйсенбiдегi кезектi сот отырысында Алматы қаласы мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң өкiлi Нұрлан Серкеев­ “Ұлттық баспасөз клубы” қоғамдық бiрлестiгi мен оның басшысы Сейiтқазы Матаевтың салық заңдарын бұзғанын мәлiмдедi.

Өткен аптаның соңында Алатаудың баурайындағы алып шаһар Алматының мыңжылдығы аталып өттi. “Gakku дауысы” музыка фестивалiмен басталған мерекелiк шаралар, ертесiне алмалар жәрмеңкесiмен жалғасты. Түрлi ән-би байқаулары мен мәдени-ойын-сауықтық бағдарламаларды қамтыған бұл шарада Алматы апортының және басқа да алмалардың түрлi сорттары саудаланды. Сонымен бiрге сан алуан қолөнер бұйымдары да жұртшылық назарына ұсынылды.

Ақмола облысының Есiл ауданындағы Қалашы ауылын үш жылдан берi жайлап алған белгiсiз дерттiң себебi табылыпты. Қазiр Қазақстандағы ақпарат құралдарының барлығы осыны жариялап, жар салып жатыр. Естерiңiзде шығар, 2013 жылы Қалашы ауылының тұр­ғындары белгiсiз сырқатқа ұрынып, ешбiр себепсiз ұйықтап кететiн болған. Аудандық ауруханаға сол уақыттан берi дәл осындай кеселмен 133 адам тiркелген. Олардың ең кiшiсi мектеп жасындағы балалар болса, үлкендерi

23 – 25 қыркүйек аралығында Астанада Жамбыл облысының күндерi ұйымдастырылмақ. “Тарихы терең Тараздан тағзым” деген атпен өтетiн шара 23 қыркүйекте М.Горький атындағы мемлекеттiк академиялық орыс драма театрында сахналық қойылымдардан басталады. Жамбыл, Бауыржан Мо­мыш­ұлы ес­керткiштерiне гүл шоқтары қойылады, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жәр­меңкесi,

Павлодар облысы Ертiс ауданы Қызылқақ ауылында полиция қызметкерлерiнiң тарапынан бол­ған бассыздық жайлы бүгiнде ел-жұрт құлақтанып қалды. 14 қыркүйек, яғни Құрбан айтының үшiншi күнi ауылға басып кiрiп, беттерiне маска киген полицияның автоматты арнайы жасағы көзге түскен тұрғындарды ұрып-соға бастаған. Бұлардың арасында егде жастағы адамдар мен 15 жасар бiр оқушы бар.

Олар алдымен жәбiрленушi, куәгер болып, артынан айыпталушыға айналуы – осының айғағы
Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық №2 сотының 8 ақпан 2016 жылғы үкiмiмен Қылмыстық кодекстiң 106-бабының 3-бөлiмiмен және 293-бабының 1-бөлiмiмен кiнәлi деп танылған Сарыағаш аудандық iшкi iстер басқармасының қызметкерлерi Бекжiгiт Алимкулов пен Асқар Сейдуллаев 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үкiмге наразылық келтiргенiмiзбен Оңтүстiк Қазақстан облыстық қылмыстық iстер жөнiндегi апелляциялық алқасы iстi өзгерiссiз қалдырды.
2041 жыл. Ауыл әкiмi Әбiтай жиын өткiзiп жатыр.
– Не iстеймiз бұл? Аудан әкiмi қысып жатыр...
– Қысқанда не дейдi?
– Үш тұғырлы тiлдi, яғни атың өшкiр үштiлдiлiктi үкiметiмiз мек­тептерiмiзге 2016 жылы енгiзiп едi ғой. Содан берi де 25 жыл өтiп­тi. Ширек ғасыр! Бiрақ үш­тiлдiлiк не бердi? Балаларды миғұла, жарымес еткеннен басқа ештеңе де берген жоқ...
Түнiмен iшiм бүрiп, көз iле алмай шыққан соң, таңертең Мықтыгүлдiң ақылымен сүйретiлiп емханаға келдiм. Арқанша созылған ұзыннан-ұзақ кезектiң соңынан iлiгiп, әйтеуiр түс ауа дәрiгердiң де төбесiн көрдiм-ау. Менiң ұсқыныма көңiлi толмады-ау деймiн, көзәйнектiң үстiнен сүзiле қараған дәрiгер мырза тiл қатуға да ерiнiп, не ғып жүрген адамсың дегендей, жай ғана иек қақты.
– Мен... ептеп асқазаным ауырып.., – деп бастадым батылсыздау.
–Сiз балаларды жүзуге үйрету үйiрмесiнiң жетекшiсiз бе?
–Иә.
–Сiздi орныңыздан тапқаныма қуанып тұрмын. Баламды жүзуге үйрету үйiрмесiне берейiн деп едiм. Орын бар ма?
– Орын бар. Бiр орын. Кеше ғана бiр бала суға тұншығып өлдi. Соның орны.

Боксшылар “қазақтың алтын салмағы” атан­ған 69 келiде Олимпиаданың алтын медалiн алып келдi. Сенiм артқан серке Данияр Елеусiнов елден аттанарда ердiң сөзiн айтып едi, азамат айтқан сөз – атылған оқ екенiн дәлелдедi.. “Кемiнде төрт медальмен ораламыз” деген уәдесiнде тұрған құраманың бас бапкерi Мырзағали Айтжанов боксшыларды екi Олимпиадаға алып барған – жалғыз маман. Тәуелсiз Қазақ елiнiң боксшыларын

Мен Альварес – Смит шайқасын тағатсыз күткен мыңдардың бiрiмiн. Ол шайқасты таңсәрiден тұрып көрдiм де! Керемет шайқас болды! Мен нокаут 7-раундқа дейiн болады деп едiм, 9-раундта болды! Бұл шайқастан кейiн Альварестiң нағыз дүлей күш иесi екенiне көзiм жете түстi әрi оның Головкинмен шайқасатыны есiме түскенде, Альварес маған қарсы шығатындай сасқалақтап қаламын... Әри­не,

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 10 ГОЛ СОҚТЫ
Колубияда өтiп жатқан футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңiндегi соңғы тартысын Соломон аралдары құрамасына қарсы өткiзген Какаудың шәкiрттерi 10:0 есебiмен жеңiске жеттi. Топтық кезеңде Аргентинаға 0:1 есебiмен есе жiберiп, Коста-Рика футзалшыларын 3:1 есебiмен еңсердi. Соломон аралдары құрамасының қақпасына 10 гол тоғытып, топтан екiншi болып шықты. Жiгiттер ендi ширек финалға шығу үшiн Испания футзалшыларын жеңуi тиiс.

Жан -жағына сәулесiн молынан шашып, таңғы рауанда сөнетiн Шолпан жұлдыздай ағып, бiздiң Шолпанның да небәрi 50 жасында өтiрiгi көп, арамзасы адалдардан мың есе мол жалған өмiрдi тастап кете барды. Жан құрбымның пешенесiне жазылған келте ғұмырының ерте қиылғаны, Шолпан жұлдызымыздың дәл жарқырар шағында мезгiлсiз сөнгенi бәрiмiзге ауыр соққы болды. Алланың бұйрығымен Ол бiздi