1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №77 (16159) 27 қыркүйек, сейсенбі 2016

Кейде елеусiздеу айтылған ресми дерек­тердiң өзi төбе құйқаңды шымыр еткiзе­дi. Мәселен, жуырда ғана Астанада босқындарды қорғау және халықаралық көшi-қон жөнiндегi Алматы про­це­сi­нiң жоғары лауазымды қызмет­кер­­ле­рiнiң үшiншi кездесуi өттi. Осы жиында 2016 жылдың 8 айы iшiнде Қазақстанға келген еңбек мигранттарына қатысты есеп-қисап айтылды. Ондағы деректерге үңiлсеңiз, аза бойыңыз қаза болады, орта есеппен алғанда тәулiк сайын елу шақты қытай азаматы шекарадан берi өтедi екен.

Қыркүйектiң 26-сы күнi Әзiрбайжан президентi Ильхам Әлиев пен оның отбасының арманы орындалып, билiк көкке көтерiп мақтаған, оппозиция жерге ұрып сынаған референдум өттi. Осы елдi сырттай бақылап жүрген шетелдiк сарапшылар Әзербайжанда көп ұзамай билiк үшiн қақтығыс-тартыстарға жол ашылатынын болжайды.

Кейде бiреудiң жалпылама айтқан орынды сынын өзгелер бiр-бiрiне сiлтейдi. Ал кейде оған мүмкiндiк болмай қалатын жағдайлар бар. Өйткенi дуалы ауыздан шыққан уәлi сөз тура ондыққа ұрса, сын садағына iлiнгендердiң “бұл – маған емес” деуге дәрменi жетпейдi. Мәселен, жуырда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Бас ассамблеяның төрiнде тұрып, әлдекiмдердiң iшiн әлем-жәлем еткен әдемi бiр сөз айтты. Оқып көрiңiзшi, Пан мырза мұны кiмге айтты деп ойлайсыз?!

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында қарақшылар қолынан қаза тапқан үш жiгiттiң мәйiтi осы аптада жер қойнына берiледi. Олардың артында 9 бала қалды. Марқұмдардың туыстары әзiрге күдiктiлерге қатысты ештеңе бiлмейтiндерiн айтып отыр. Қытайдан көшiп келген Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Қадылбек Әлiмхан Шығыс Қазақстаннан Алматыға мал тасып, сатумен нәпақасын тауып жүрген.
ЛАҢКЕСТЕРДI ЛЕЗДЕ ЖОЯТЫН КҮШ ҚАЙДА?
Отанын сатты, билiктi күшпен басып алмақ болды деген айыппен сырттай ұзақ жылға сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев өткен аптада әлеуметтiк желiдегi парақшасында Кәрiм Мәсiмовтiң ҰҚК төрағасы болып тағайындалуына қатысты пiкiрiн жариялады.

Қыркүйек айының ортасында Семей, Өскемен және Шемонаихадағы казактар ұйымдарының өкiл­дерi жиналып, өздерi үшiн дәстүрлi мейрам – Ермак күнiн атап өтiптi.  Сап болып түзiлген жас казактар Отанға, казактар дәстүрi мен православ дiнiне адал болуға ант берген. Шiркеу қызметкерлерi құлшылық жасап, Сiбiр казак әскерiнiң туын қасиеттi жәдiгердей әспеттептi. Одан әрi ұрыс кезiнде ұжымдасып соғысудың айла-тәсiлiн меңгеру секiлдi таза әскери ғұрыптарды өткiзедi. Соңында мейрамға

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов, оның екi орынбасары және екi бөлiм басшысы пара алу үстiнде қолға түстi. Сәуiр айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментi таратқан осы мәлiмет елдi елең еткiздi. Байқайсыз ба, соңғы кездерi жемқорларды осылайша топ-тобымен, үйiр-үйiрiмен ұстау жиi­ледi.

Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев жуырда фейс­буктегi парақшасында былай деп жазды: “Қымбатты достар! Әсiресе, журналистердiң, байланыс және ақпарат қыз­меткерлерiнi

Ұлт-Азаттық күресiне – 100 жыл
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтты, “Тарихи-этнографиялық Райымбек қоғамы” , “Әдiлет” тарихи-ағарту қоғамы ұйымдастырған 2016 жылғы 23 қыркүйекте Алматыдағы Ғалымдар үйiнде өткен “1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс: тарихы және ақиқаты” атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның 
ҚАРАРЫ
Биылғы оқу жылынан бастап елiмiздiң бүкiл мектептерiнде жүзеге асырыла бастаған үштiлдi бiлiм беру жүйесi қоғамда әлi де қызу талқылану үстiнде. Зиялы қауым өкiлдерi, ұстаздар мен ата-аналар бұған қатты алаңдаушылық бiлдiруде. Мұның мәнiсi – iске аса қалған жағдайда аталған жобаның ұзақ мерзiм бойы жалпы мемлекеттiк сипат алатындығында. Көзiқарақты жұртшылық сырт көзге игi болып көрiнген бұл бастама қазақ тiлiнiң болашағына балта шабуы мүмкiн екндiгiн айтып, дабыл қағуда. Оның салдары бүкiл ел, әсiресе, өсiп келе жатқан ұрпақ үшiн үлкен келеңсiздiктерге апарып соқтыруы ықтимал.

Қазақстан парламентiнiң мәжiлiсiнде этиканың бұ­зылмауын қадағалайтын депутаттық этика жөнiндегi кеңес құрылмақ. Бұл туралы жуырда Астанада өткен пленарлық отырыста палата төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлiмдедi. Сонда бұл кеңес немен айналысады? Немен айналысады дерiңiз бар ма, орталық сайлау комиссиясымен бiрiгiп, депутаттық этиканы бұзған депутаттарға шара қолданумен шұғылданады. Ал шараның түрi қандай? Айыппұл сала ма, мандаттан айыра ма? Иә, әдепте

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНА ҚАЙСЫСЫ ҚАЖЕТ?
Бiз “құлтемiр” деп тәржiмалаған “робот” сөздiкте “күрделi операция орындайтын автомат” деп аударылыпты. Бiрақ оның қалай қазақшаланғанынан көтерiлген мәселенiң мәнi өзгермейдi. Сонымен...Қолдағы дерекке қарасақ, Қаражалдағы мектептiң бiрiнде барлық тiлек бiлдiрген тұтынушы тегiн пайдалануға мүмкiндiгi бар роботтехника кабинетi жұмыс iстейдi. Жуырда оны бiлiм беру басқармасының бюджетi есебiнен кеңейту көзделiп отыр.
Тас қыналы, биыл тым түктi қырат,
Қарсы алдымнан қара тас шықты жылап.
Қайғы ма бұл, шаттық па, сен не дейсiң,
Таудан тауға ырғыған, Күптiбұлақ?..
АҚТАУ ҚАЛАСЫНАН ӘБIШ КЕКIЛБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
Ақтау қаласында Қазақстанның Еңбек Ерi, ҚР Мем­лекеттiк сыйлығының лауре­аты, халық жазушысы Әбiш Кекiлбаев орталығы ашылады. Жазушының әдеби мұраларын сақтаумен, насихаттаумен айналысатын бұл орталықта кiтапхана, мұражай, концерттiк зал, кiтап дүкенi болады. Орталықтың құрылысы 2017 жылдан бастап жүргiзiлмек.

Семейдегi Абай мұражайының директоры Жандос Әубәкiр ағамыз – Шәкәрiмнiң, Жаяу Мұсаның фотосуреттерiн тапқан адам. Тапқанда да жай ғана таптым деп қоймады, мұрағаттарға барып, нақты фактiлермен дәлелдедi. Мысалы, Жаяу Мұсаның суретi жайлы: “Бұл сурет Мәскеудегi Ресей Ғылым академиясының Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және Антропология институтының мұрағатында сақталыпты. 1927 жылы Қазақстан жерiне ұйымдастырылған экспедиция жазбаларын қарау барысында этнограф Федор Фиельструптың жеке мұрағатынан табылды.

Өз басым бұл за­ман­дасым­мен осы­­дан жарты ғасыр бұрын, сонау 1957 жы­лы, республи­ка­лық “Ле­нин­­­­шiл жас” (қа­зiргi “Жас Алаш”) га­­­зе­т­iнiң редакция­сында таныс­қан едiм. Ол сол кезде мұнда кор­рек­­тор­­­­лық жұ­мыс iстейдi екен. Бiр-бiрi­мiз­­­бен тез түсiнiсiп кеттiк. Ол өте әң­­­гi­­­мешiл, ақкөңiл болып шықты. Жас­­­­тайынан жетiм қалған, алты жа­­­с­ында әкеден (әкесi Әбiкеш Ұлы Отан со­­ғысында қаза тауып­ты), он екi жа­­­сында шешеден айы­рылған жан екен. Сиез өте еңбекқор, оның үстiне iз­денiмпаз болды. Ол кор­ректорлық жұ­мысын мұқият атқа­ра жүрiп, “Лениншiл жас­тың” сол кездегi бай­­ыр­ғы қарт фото­тiлшiсi Петр Редь­коның жанынан шықпаушы едi.

Жуырда   Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кiтапханасында Қазақстан Республикасы Тәу­елсiз­дiгiнiң 25 жылдық мерейтойына орай “Менiң Елiм – Қазақстан” фотобайқауының жеңiм­паздарын марапаттау рәсiмi өттi. Байқау тақырыбы елiмiздiң табиғаты, тарихи ескерткiштерi және салт-дәс­түрлерiн қамтиды.  Ұйымдастырушысы “ФОТОӨНЕР” ҚБ, бас серiктес – “Bank RBK” АҚ, ақпараттық серiктес – “Қазақстан” ҰТРК және серiк­тестер “National Geographic Қазақстан” мен  NIKON  Қазақстан.

Ежелгi кезден-ақ фотосурет тек мамандық немесе хобби ғана емес. Қазiргi кезде бұл қарапайым және үйреншiктi құбылысқа айналды. Ресей премьер-министрi Дмитрий Медведевтiң бiр­неше рет қолына фотоаппарат ұстап тұрған сәттерiн көпшiлiк байқаған. Ал жуырда оның Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаевпен бiрге өзiнiң түсiрген дүниелерiн тамашалап тұрған фотосуретi әлеуметтiк желiлерде жарық көрдi. Интернет желiсiндегi парақшасынан оның соңғы түсiрген фотосуреттерiн көруге болады. Таяу Шығыстағы сапарларының бiрiнде

21-25 қыркүйек аралығында Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы районына қарасты Iле Қазақ облысының Мұңғылкүре ауданында қазақ күресiнен VI әлем чемпионаты өттi. 21 мемлекеттен балуандар қатыс­қан додада бiздiң жiгiттер бес алтын медаль иеленiп, командалық сында топ жарды

СЕБЕБI ЖҰМЫС УАҚЫТЫ БIТТI...
Сантадерада (Испания) мен Мадрид арасында жолаушыларды таситын пойыз орта жолда тоқтап, жауапты меке­менiң басшыларын абыр-сабыр еттi. Тығырыққа таяды. Есiмiн құпия ұстап отырған пойыз жүргiзушiсi қатты шаршап, ары қарай пойызды жүргiзе алмайтынын мекеме басшылығына ескерткен екен. Iшiндегi жолаушылардың барар жерiне жетуiне бас қатырмастан, жүргiзушi жүрдек көлiктi орта жолдан тоқтатып, үйiне қайтып кеткен.