1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (16161) 4 қазан, сейсенбі 2016
Жаңаөзендегi “Бұрғылау” кәсiпорнының жұмысшылары өткен жұмадан берi ереуiл­деп тұр. Жалақыны көтерудi, жұмыс жағдайын жақсартуды, өздерi сайлаған кәсiподаққа қысым жасамауды талап еткен еңбекшiлердiң наразылығы күн сайын күш алып бара жатыр. Жаңаөзендегi “Өзенмұнайгаз” компаниясы ұңғымаларын бұрғылаумен айналысатын “Бұрғылау” кәсiпоры­ны жұмысшыларының наразылығы қыркүйектiң 30-ында басталды. Күнде таңертеңгi 7.30-да қала сыртындағы жұмысқа аттанатын автобекетке жиналған жұмысшылар төртiншi күннен берi жұмыс­қа шығудан бас тартып отыр
Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттiгiнiң бас директоры Әсет Матаев сот шешiмiмен алты және бес жылға сотталды. Астананың Есiл аудандық № 2 сотының судьясы Ақболат Құрмантаев үкiмдi бас-аяғы 15 минутта оқып шықты. Сот Сейiт­қазы Матаев­қа тағылған “қаржы жымқырды” және “салық төлеуден жалтарды” деген айыптар дәлел­ден­дi деп шештi.

Шардарадағы шатақ iс 1  қыркүйекте – Бiлiм  күнiнде  орын алған. Осы күнi аудандағы жаңадан салынған бiлiм нысандарының салтанатты ашылуында лента қиған атқамiнерлердiң  Шардара су қоймасының жағасындағы “Алтын жағалау” демалыс орнына барып, қуанышты жағдайды өздерiнше атап өтуiнiң ақыры абыройсыз оқиғамен аяқталғаны өкiнiштi-ақ. Жергiлiктi кәсiпкердiң дастарқан басында аудан әкiмiмен байланысуының соңы оның басына шөлмек шағуға ұласқан.

ҚАЗАҚСТАН БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТI 50 ЕЛ ҚАТАРЫНАН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ
Экономикасы қарыштап дамыған 50 елдiң қатарына енiп, “ендi өркениеттi 30 елдiң қатарына кi­ремiз” деп лепiрiп жүргенiмiзде сырттан суыт хабар жеттi. Мәссаған, бәсекеге қабiлеттi 50 ел қатарынан “абайсызда” шығып қалыппыз. Қараңыз, Бүкiләлемдiк экономикалық форум (WEF) аясында “2016-2017 жылдар­ға арналған жаһандық бәсекеге қабiлет­тiлiк индексi (The Global Competitiveness Index 2016–2017) деген баяндама жасал­ған. Мiне, осы

Бұған дейiн солтүстiк аймақтағы үш облыста болып қайтқан президент қыркүйектiң 29-ы күнi павлодарлықтармен кездесу өткiздi. Қай аймақта болсын, мұндай кездесулерде “қо­ғам өкiлдерi” деп аталатын азғана топ алдын ала жаттап алған мәтiндерiн айтып, соңынан ду-ду қол соғып тарасатынын бiлемiз. Кейбiр адамдар президентке деген сүйiс­пеншiлiгiн бiлдi­рем деп, шамадан тыс артық кетiп, әлеуметтiк желiлерде күлкiге ұшырап жатқанын да көрiп жүрмiз. Бiр тәуiрi, Павлодардағы кез­десуде мұндай “асыра сiлтеулер” болған жоқ.

Қыркүйектiң соңғы күндерi Ақтөбе бұрын-соңды болып көрмеген оқиғаларды бастан кешiрдi. Бiр-бiрiмен мүлдем байланыспайтын оқиғалардың ортақ желiсiн табу қиындау болып тұр. 28 қыркүйектегi инве­с­тициялық жиынға 7 елшi, бiр орыс губернаторы, екi қазақ әкiмi, iрi шетелдiк бизнес-құрылымдардың жетекшiлерi келдi. Сол күнi түстен кейiн қала әкiмi Iлияс Испанов пен   француздық Accor Group қонақ үй бизнесiнiң өкiлi облыстық прокуратура ғимаратына қарама-қарсы салынатын  

Халықаралық тергеу тобы 2014 жылдың шiлде­сiнде Донбасста құлаған малайзиялық Boeing ұшағын Украинаға Ресейден әкелiнген, кейiн керi әке­тiлген “Бук” зымыран кешенi атып түсiрдi деген қорытынды жасады. Комиссияның есебi “аралық” деп аталса да, шын мәнiнде бұл түпкiлiктi тұжырым. Ресей аяқастынан өзiн ақтап алатын жаңа “бұлтартпас дәйектер” тапса да, ол айғақтары тергеушiлер­дiң шешiмiн өзгерте алмасы, яғни халықаралық қауымдастықтың бұдан басқа нұсқаны қарастырмасы анық.

Таяуда Алматыда Young Presidents’ Organi­zation ұйымының қазақстандық бөлiмшесi және Сентрас қаржы холдингiнiң ұйымдастыруымен дәстүрлi Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырылды. Форумға кәсiпкерлер, түрлi деңгейдегi компания жетекшiлерi, iскерлер, сарапшылар қатысып, өз тәжiрибе­лерiмен бөлiстi. Жаһандық экономикадағы келелi мәселелердi қозғап оның шешiмi жөнiндегi ой-ұсыныс, пiкiрлерiн ортаға салды. Биылғы басқосу “Қазақстандық басқару моделi” деген тақырыпқа арналды.

Қазақ елi Жоңғар шапқыншылығын бастан өткердi, жеңiске жеттi, хандық мемлекетi мен жерiнiң тұтастығын сақтап қалды. Алайда солтүстiктегi Ресей империясының Орта Азияға көз салған отарлау саясатының құрығынан құтылмасы анық едi. Алмағайып заманда, бiр жаудан жерiңдi тазартып азат болғанмен, екiншi, үшiншiлерiмен айқасқа түсу жойылып кетумен тең едi. Сон­дықтан қазақ жүздерi Ресейдiң бодандығына өтуге мәжбүрлендi. Мұны орыс патшалығы ұтымды пайдаланды. Бекi­нiстер салып, қазақтың құнарлы жер­лерiн өз қалауынша, жаппай иелендi.

Бiрде шетелге шыққан өнер қайраткерлерiнiң iшiнде жазушымыз Ғабит Мүсiрепов те болса керек. Сахнада бұлбұл үнiмен шырқап тұрған Бибiгүлге риза болғаны соншалық, Ғабең “Шiркiн, бiздiң Бибiгүлдi әлем­нiң небiр үлкен сахналарынан ән салдырып көрсетуге тұрарлық-ау!” деген екен. Ұлы жазушымыз айтқанындай, Бибiгүл өзiн ғана емес, бүкiл қазақ хал­қын да әлемге паш еткен ға­жайып әншi, ұлы тұлға, халқының маңдайына бiткен жарық жұлдызы. Бiрақ олардың бiреуi де, не Күләш, не Роза, Ермек пен Би­бiгүл де “бiз жұлдызбыз” деп айтпапты.

Қоғамның қарсылығына қарамастан үштiлдiлiк бағдарламасы ақыры бiлiм саласына енгiзiлдi. Ендiгi жерде балалар 1-сыныптан бастап үш тiлде әрiп танып, кейбiр пәндердi – орыс, кейбiр пәндердi – ағылшын тiлiнде оқуға мәжбүр. Басқасын былай қойғанда, мектепалды дайындық сыныбының өзiнде 15-тен аса пән бар. 5-6 жастағы шиеттей балаларға осы 15 пән керек пе?

Кейiнгi кезде телеарнадан халық әнiн және халық композиторларының әнiн естуге зар болып отырмыз. Сахнада жанын жеп жұлқынып, айтқан әнiнiң мән-мағынасы бұлдыр орындаушылардың заманы туды ма әлде? Шәмшi Қалдаяқов та ән шығарғанда сол әндi қай әншi орындай алатынын бiлiп, соның қанжығасына байлап беретiн. Қазiргi композиторлардың бiз қазақ боламыз деген ойлары бар ма екен?

Қызылорда өңiрiнде өмiр сүрген Нышан бақсының (Смайыл Шәменұлы) қобызын қобызшы Саян Ақмолда фильмге пайдаланбақ болып әкемтеатр­дан (М.Әуезов театыры) сұрап алыпты. Ертеңiне кинода қо­бызбен күй тартуы тиiс қобызшы көне қобыздың қылын (шек) таға алмай түннiң бiр уақытына дейiн әуреленсе керек. Осыдан жиырма жыл бұ­рынғы оқиғаны Саян Ақмолда былай деп баяндап бердi

“Найнти уан 91” (91 NINETY ONE) деп аталатын топ 2014 жылы құрылыпты. Бес жiгiттен жасақталған топтың жетекшiсi – Ерболат Беделхан. Көпшiлiк бұл әншiнi “Орда” тобының мү­ше­сi ретiнде жыға таниды.Құрылғанынан-ақ 91-дiң тыңдармандардың оның iшiнде аға, орта буынның ғана емес кейiнгi толқынға да топтың әншiлiгi де, сахнадағы әрекетi де жаққан жоқ. Шаштарын бояғаны былай тұрсын, құлағын тесiп, қасы-көзiн бояп алып сахнаға шығатын топтың Шымкент қаласында өтуi тиiс концертi өтпедi.
7 қазан күнi “Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы” ел Тәуелсiз­дiгiнiң 25 жылдығына орай шет­елдегi қандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалiн өткiзедi. Суретшiлердiң көрмесi, термешiлер сайысы, ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылады. “Шетелдегi қазақ жастарының өнер фестивалi деп аталатын са­йыстың соңында гала концерт өткiзiледi.

Қазақстан футбол федерациясы ел футболын өркендету жолында тұжырымдама әзiрлеп, әр өңiрде футбол алаңдарын салуды, футбол академияларын ашуды қолға алды. Қазақ футболы өзге елдермен иықтаса алуы үшiн болашағымыз кемел болуы керек. Сондықтан балалар футболын дамыту мақсатында кәсiби футболдың бюджетiнен жасөспiрiмдер футболына да қаржы бөлiнуi керек. Қазақстан футбол федерациясы кәсiби

Қазақстанда құрамы жағынан бiрегей табиғи минералды су көптеп кездеседi. Мұндай су қасиетi жағынан әлемге әйгiлi Перье, Витель, Боржоми және Эвианнан кем түспейдi. Тек импорттық өнiмге қарағанда бағасы елiмiздегi әрбiр тұрғынына қолайлы. Табиғаты жанға жайлы, экологиясы таза Бурабай өңiрiндегi “Бұқпа” кенiшiнде өндiрiлетiн TURAN табиғи минералды суы елi­мiздiң бас курортологы, академик Б.Әбдiкәрiмовтың аузынан өзiнiң танымал тарихи атауын да алып үлгердi. “
ЖЕҢСЕҢ, АТАҚ АЛАСЫҢ
Ақтау қаласында бокстан халықаралық турнир мәресiне жеттi. Елiмiздiң боксшыларынан өзге Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Әзiрбайжан, Тәжiкстан елдерi­нен боксшылар қатысты. 118 боксшы 10 салмақ дәрежесi бойынша жүлдеге таласты.