1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (16162) 6 қазан, бейсенбі 2016

Қытай экспанциясынан қауiптенетiн қазақтың жаны мұрнының ұшына келдi. Ендi қысықкөз көршiлерiмiз жүздеп, мыңдап емес, жүз мыңдап берi ағылмақ. Күнi кеше “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Ербол Шорманов халықаралық көрменiң 500 мың билетi қытайлық туристерге сатылатынын мәлiмдедi. Бұл – келер жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегiнiң аралығында Қытайдан 500 мың адам келедi деген сөз. Ал 500 мың дегенiңiз – бiр облыстың (БҚО) халқына жетеқабыл адам.

НАЗАРБАЕВ РЕСЕЙЛIКТЕРДI ЖЕКЕШЕЛЕНДIРУГЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ
Астанада кездескен Н.Назарбаев пен В.Путиннiң бұл биыл сегiзiншi мәрте бетпе-бет жүздесуi. Екi ел басшыларының қаузайтын тақырыптары баяғы Еуразиялық экономикалық одақтың түйткiлдерi. Дегенмен Н.Назарбаев Астанаға келген мейманын алдымен Ресейде таяуда өткен парламент сайлауындағы “Единая Россияның” жеңiсiмен құттықтады. Партияның бiрiншi кезекте күштi президенттiң арқасында жеңгенiн айтып, В.Путиндi беделдi басшы ретiнде мақтады.

Жаңаөзендегi “Бұрғылау” кәсiпорыны жұмысшыларының наразылығы жалғасып жатыр. Ашын­ған жұмысшылар Жаңаөзен әкiмдiгiне 14 қазаннан бастап аштық жариялайтындарын ескерткен хат жолдады. Жұмыс берушi “жұмысшылардың қалтасы тоқ, олар көп жалақы сұрап үйренiп қалған” дейдi. Ендеше екi мың адамды күздiң азынаған шаңды желiнiң өтiнде табандап тұруға мәжбүр еткен не мәселе?

Сирия төңiрегiндегi дау-дамайда АҚШ пен Ресейдiң ара қатынасы тығырыққа тiреле бастады. Аймақтағы жағдайды реттеуде Құрама Штаттар Ресей Федерациясымен арадағы байланысты үздi. Анығында, үшiншi қазан күнi Вашинг­тон Сириядағы жағдайды реттеуде Мәскеумен арадағы екiжақты келiсiмдердi тоқтатты. “Сирия бойынша келiсiмдер тұрғысынан алып қарағанда АҚШ пен Ресейге одан әрi талқылайтын дәнеңе қалған жоқ. Бұл Сирия халқы үшiн өте қайғылы жағдай”,

Бiз осы оқиға жайлы “Жас Алаштың” 2014 жылдың 26 желтоқсаны күнгi санында “ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевтың назарына” деген айдармен “Заң аяққа басылса, адалдық болмас” тақырыбымен мақала жария­лағанбыз. Осыдан соң, Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев мырза бiзге түсiнiк­теме жiберiп, онда былай деген: “Бiрлiк кiрпiш зауыты” ЖШС-ның мүлкiн ұрлау фактiсi бойынша “Заң аяққа басылса,

“Матаев iсi” бо­йынша ақпарат құралдарында, әлеуметтiк желiлерде пiкiр бiлдiрушiлер көп. Солардың iшiнде саясаттанушы, танымал сарапшы Дастан Қадыржановтың жазғандары өзгешелеу көрiндi. Оқып көрiңiз. Достар, сiздерге оны “жемқорлықпен күрес” немесе “басқаша ойлаумен күрес” ретiнде қабылдауға кеңес бермеймiн. Шынында да, бұл айрықша оқиға.

Газетiмiздiң өткен санында Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевтың соттағы соңғы сөзi мен онда есiмдерi аталған Қазақстан парламентi мәжiлiсiнiң төрағасы Нұрлан Нығматулиннiң және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының басшысы Т.Татубаевтың мәлiмдемелерiн жариялап, кiмнiң сөзiне сенудi оқырманның өз ықтиярына қалдырғанбыз. Бүгiн осы мәселеге қатысты көзқарастарын бiлдiрген құқық қорғаушы Е.Қалиев пен журналист Ж.Мамайдың пiкiрiн назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Павлодардың түбiндегi Красноармейка кентiнде студент жастар арасында жаға жыртысқан жанжал болып, оған жүз қаралы адам қатысты. Облыстық денсаулық сақтау департаментiнiң баспасөз қызметi жарақат алған төрт жасөспiрiмнiң Павлодар қалалық №1 емханасына жеткiзiлгенiн хабарлады. Олардың үшеуi жеңiл жарақат алса, 1997 жылы туған төртiншi бiр бозбаланың миы мен бас сүйегiне зақым келген деген диагноз қойылған.

Соңғы уақытта дүйiм жұрт­ты дүрлiктiрiп жүрген жайттың бiрi – қоғамдағы зорлық-зомбылық. Бұрын, негi­зiнен, отбасындағы әлiмжеттiк туралы ғана сөз болатын. Күйеуi соққыға жыққан әйелдер, анасы немесе әкесi қол жұмсаған балалар мәселесi көтерiлетiн. Ал қазiр зорлық-зомбылықтың түр-түрi шықты. Ұл-қыз демей, жас балаларды жаппай зорлау, соққыға жығу, жоғарғы қабаттан лақтыру, бiр үйлi жанды үлкен-кiшi демей, тү­гел­дей бауыздау, ату сияқты, жан түршiктiрерлiк оқиғалар жиiледi.

Белгiлi жазушы, тарихшы әрi мұрағатшы марқұм Амантай Сатаевтың артында бiраз әдеби мұрасы қалды. Соның iшiнен бiз бүгiн автордың Мағжан Жұма­баев­қа қатысты эссесiн берiп отырмыз. Эссе орысша жазылыпты. Бiз ықшамдап аудардық. Мағжан Жұмабаев пен орыс ақыны Осип Мандельштамның жақын таныс болғаны жөнiнде өткен ғасырдың елуiншi жылдарының аяғында маған алғаш рет жазушы Зейiн Шашкин айтқан едi

Егемен елiмiздегi әсiресе, солтүстiк облыстарындағы заңдылығы күмәндi “Орыс – славян және казак ұйымдары қауымдас­тығы” әр жылдарда дүркiн-дүркiн доқ көрсетiп, ұлттар арасына ши жүгiртумен келедi. “Күмәндi” деген сөздi неге ауызға алып отырмын? Орыс-славяндардың этникалық ұлт өкiлдерi ретiнде өздерiнiң мәдениетiн, салт-дәстүрлерi мен тiл, дiлiн дамытып, қастерлеу мақсатында ұлттық мәдени орталықтарын құрып, әрекет етулерi, әрине заңға қайшы емес

...Тiрлiгiнде дауылдатқан, жауындатқан, қазақтың қара сөздерiн бiрiн-бiрiне жанып қайрағанда шатыр-күтiр найзағай ойнатқан, Алтайдың кермиық Кербұғысы атанған Оралхан Бөкейдi алаш жоқтамады, аза тұтпады, оның есiмiн ел есiнде қалдыру үшiн мәнi мен маңызы, таным-тағлымы кесек-кесек iс-әрекеттер жасамады десек, Алладан ұят, бiраз шаралардың басы қайырылғаны шындық. Жыл сайынғы О.Бөкеев атындағы көркемсөзшiлердiң дәстүрге айналған

Бiраз ғалымдар Шыңғыс ханның жерленген жерi Шығыс Қазақстан деп топшылайды. Мен осы болжаммен келiсемiн. Қазақстан мен Мон­ғолияның арасында, яғни Шығыс Қазақстанда Алтай тауы жатыр. Ал Алтай – шыңы көкпен таласқан, табиғаты тылсымға толы, ғажап өлке. Шыңғыс хан өлер алдында өзiн осы жерге жерлеудi тапсыруы әбден мүмкiн. Сондықтан да оның мүрдесiн осы жерден iздеу керек секiлдi. Егер бiз мүрденi тапсақ, талай жылдан берi қазақ халқының бойында бұғып жатқан рух көтерiлер едi.

Дiн iстерi министрi “Ме­шiт­те уағызды орыс тiлiнде де жүргiзу ке­рек” деп қал­ды. Ендi осы жөнiнде өз пiкiрiмдi бiлдiрсем деймiн. Бiздiң елiмiздегi шiркеулер­де уағыз қай тiлде жүредi? Орыс тiлiнде. Қазiргi күнi хрис­тиан дiнiне өтiп жатқан қазақтар да аз емес. Олардың iшiн­де қазақтiлдi қазақтар да бар. Тек қазақтар ғана емес, христиан дiнiн қабылдаған татарды да, ноғайды да, әзiрбайжанды да көрдiк. Бiрақ шiркеу басшылары осыған қарап

Абылайдың бiр баласы өлiп, хан соның қайғысынан жатып қалыпты. Мұны естiген Шындәулет шешен Абылайға келiп, сәлемде­сiп, күйзелiсiн сезiп, жұбатуға кiрiседi. Бiрақ оны Абылай хан самарқау ғана тыңдайды. Осыны аңғарған Шындәулет орнынан бiр қозғалып, тамағын кенеп, былай деген екен:

Ащы iшекше созылып бара жатқан жиналыстың жақын арада бiтетiн түрi байқалмайды. Маңдайы жарқыраған қасқалар бiр нәрседен құр қалғандай кезек-кезек мiнбеге көтерiлiп жатыр. Сол баяғы таныс әуен... Өйту керек, бүйту керек дейдi. Бiрақ тығырықтан қалай шығуға болатынын бiреуi ашық айта алмайды. Құрғақ сөзден қуырдақ да­йындауға әбден машықтанып алған.
Сағатыма жиi-жиi ұрлана қарап қоям.

“Софиевка” – аудан орталығы Ақмол ауылынан солтүстiк-шығысқа қарай 63 шақырымдай, Астана қаласынан солтүс­тiк-шығысқа қарай 22 шақырымдай жерде, Сiлетi өзенiнiң жағалауында. Астанаға iссапармен барған кезде осы ауылдың үстiнен талай өттiм. Ауыл тұрғындарының басым көпшiлiгi (бәрi десе де болады) – қазақтар. Осы тұрғындардан ауылдың аты неге “Софиевка” аталады деп сұрадым да.

Солтүстiк Қазақстан облысы, Мамлүт ауданында бiрлiгi жарасқан Жаркеновтер отбасы тұрады. 68 жастағы Қайыржан ақсақал мен Раиса апайдың отасқандарына елу жылдың шамасы болды. Төрт ұлды дүниеге әкелiп, аяққа нық тұрғызған олар бүгiнде жетi немере сүйiп отыр. Қайыржан Жаркенов те, жары Раиса да – зейнеттегi жандар. Кәсiптiк-техникалық училищенi тәмамдаған отағасының еңбек жолы қарапайым тракторшы қызметiнен

Жақында Алматы облысы Жамбыл ауданында үш бiрдей қандасымызды атып, аяусыз қинап өлтiрiп кетiптi деген хабар бүкiл елдi дүр сiлкiндiрдi. Сонда деймiн, үш отбасын асыраушысынан, бала-шағасын әкесiнен айыратындай қатыгез қарақшыларға не жетпейдi? Не жанына зор келдi?

Ел намысы таразыға тү­сер жерде белдесер жiгiт шықпаса, ел иесi ақсақалдар “Уа, жұртым, қазақта қалжа жеген қатын жоқ па” деп қатты назаланған екен. “Өзiңдi-өзiң сыйласаң, жат жанынан түңiлер”, “Қой асығын қорлама, қолайыңа жақса сақа қой” деген даналықты ту етiп ұстаған ата-бабамыз кезiнде қытайдан не қалмақтан, орыстан не қырғыздан жiгiт сатып әкеп намысын қорғатпаған. Қа­зiргi қазақ спортына қарап отырып,

ЖҮЛДЕГЕ ЖАРТЫ ҚАДАМ ҚАЛДЫ
Тайландта өтiп жатқан бокстан студенттер арасында әлем чемпионатының бүгiн жартылай финалдық жекпе-жектерi өтедi. Елi­мiзден бұл додаға 13 боксшымыз аттанған-ды. 56 келi салмақ дәреже­сiнде Ертұрған Зейнулинов молдовалық және тайпейлiк қарсыласын ұтып, жартылай финалға жеттi. 81 келi салмақ дәрежесiнде додаға түскен Әли

Келесi жылдың басында елiмiзде ең iрi спорттық шара өтедi. Студенттердiң дүниежүзiлiк қысқы универсиадасының жалауы жел­бiрейтiн күн жақындаған сайын атқамiнерлерде маза жоқ. Дүниежүзiнiң спортшыларын жинайтын доданы ұйымдастыру құқығын жеңiп алдық екен, ендi доданың дәрежесiн түсiрмей дүбiр­летiп өткiзу керек. Дүние­жүзiлiк қысқы универсиаданың басшысы Найль Нұров Италияның Милан қаласында Филиппо Баззанелламен жүздесiп қайтыпты. Баззанелланың есiмi 2013 жылдан берi танымал.

ЖЕДЕЛ САТЫ – БИ АЛАҢЫ
Жаңа Зеландияның екi полицейiнiң жедел сатының iшiнде жанын салып билеген бейнежазбасы ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Жаңазеландиялықтар құқық қорғаушылардың, қоғамның тәртiбiн қадағалауы тиiс полицей­лердiң жедел сатының темiр қабырғаларын даң­ғырлатып билегенiн қолдаушылардан да сынаушылардың қарасы мол.
Бiр кәсiпкер ме­шiт­ке келедi де, имам­нан:
– Айтыңызшы, мол­­деке, егер мен ме­шiтке он мың дол­­лар берсем,       о дү­ниеде жұмаққа кiре аламын ба? – деп сұрайды.
– Айта алмаймын, ба­лам, айта ал­маймын, – дейдi имам басын шайқап, – Дегенмен де, екеу­­мiз де тәуекел етiп көрейiк.