1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (16163) 11 қазан, сейсенбі 2016
Хамит Ерғалиев –100
Көрнектi жазушымыз Әбiш Кекiлбаев өзiнiң рухани ағасы әрi ұстазы Хамит Ер­ғалиев туралы былай дейдi: “Бұл кiсiдей қазақтың керемет тiлiн аса жетiк бiлетiн жан кемде-кем. Хамаң баяғы Қазыбек, Төле, Әйтеке билер тiрiлiп келiп қасында отырса да, айылын жимай айдындана ақтарыларына еш күмәнданбаймын”. Хамаңның батылдығы мен шыншылдығы жөнiнде тек Әбiш Кекiлбаев қана емес, Зейнолла Қабдолов та, Рымғали Нұрғалиев та, Ақселеу Сейдiмбек те жазады.
ЖАҢА МИНИСТРЛIК – ЕСКI КӨЗҚАРАС
Өткен аптада, аяқ астынан Қазақстанда жаңа министрлiк құрылды. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi деп аталатын жаңа министрлiкке Оңтүстiк Қазақстан облысын басқарған Бейбiт Атамқұлов жетекшiлiк етедi. Ресми хабарлама бойынша, министр­лiкке қорғаныс министрлiгiнiң қарауында болған қор­ғаныс өнеркәсiбi, инвестиция және даму жөнiндегi министрлiктiң құзырындағы ғарыш саласы және экономика министрлiгiне
Сонымен, 1923 жылы сыртқа кеткен Кейкi батырдың бас сүйегi туған елiне, туған жерiне қайтып оралды. 93 жылдан кейiн! Әрине, бұл жерде Кейкi батырдың еш кiнәсi жоқ. Кiнәлi – кейiнгi ұрпағы. Яғни, бiздер. Не ақырып теңдiк сұрай алмадық, не ата-бабамыздың шашылып жатқан сүйегiн жинастыра алмадық... Кiм бiледi, аруағыңнан айналайын Кейкi батырдың бас сүйегi де мына езiлiп-жаншылып бiткен, әбден отарланған, орыстанған, отарлану мен орыстанудың салдарынан
Қазақстанда басы дауға жиi шатылатын бiр шендi болса, ол – Арыстанбек Мұхамедиұлы. Жуырда ғана режиссер Талғат Жәнiбеков оны “пара сұрады” деп айыптаған болатын. Белгiлi актер Тұңғышбай Жаманқұлов та А.Мұхамедиұлының Мәдениет министрiне “тән емес” бiрқатар “былықтарын” баспасөз бетiне шығарғаны есiмiзде. Ендi мiне – кезектi айыптау. Өнер академиясының бұрынғы студентi сол кездегi ректорды (А.Мұхамедиұлын) “қырындады”, “қысым көрсеттi” деп жазғырып отыр.
Жаңаөзенде “Бұрғылау” кәсiпорыны жұмысшыларының талабы Нұрсұлтан Назарбаевтың Маңғыстауға сапарына санаулы күн қалғанда шешiмiн тапты. Оған себеп болған 2011 жыл­ғы Жаңаөзен қанды қақтығысының есте қалған салдары ма, президенттiң кезектi ресми сапары ма, оны тек билiк пен күш­тiк құрылымдар ғана бiледi. Қазанның 5-i күнi түс ауа бас­талған Маңғыстау облысы әкiмi, iшкi iстер департаментi мен прокуратура, жұмыс беру­шiлер мен жұмысшылар келi­сiмi түнгi 22 сағатқа дейiн созылды. 
АРНАЙЫ ШАҚЫРУ
Құрметтi министр мырза!
 “Үш тұғырлы тiл” бағдарламасы және оның iске асырыла бастауы қоғамда үлкен алаңдау­шылық туғызды. Қалың жұртшылық бұл қазақ мектептерiн түбегейлi жоюға, жеткiншек ұрпақтың мемлекеттiк тiлден қол үзуiне алып келе ме деп қауiптенедi. Әлемнiң кейбiр мемлекеттерiнде осыған ұқсас бағдарламалар қабылданды. Алайда орта бiлiм беру сапасының құлдырауына байланысты олардың барлығы дерлiк мұндай жөнсiз бастамадан бас тартты. Соның бiрi – Оңтүстiк Корея.
Елiмiзде прокурорлардың араласуынан кейiн кәсiпкерлердi заңсыз тексеру iс-әрекеттерi екi есе азайған. 2015 жылдың үшiншi тоқсанынан (4 687 iс) 2016 жылдың осындай мерзiмiне дейiн (1 324 iс) елiмiзде экономикалық қылмыстық iстер үш есеге кемiптi. Бұл туралы өткен аптада ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов мәлiмдедi.  Маусым айында Бас прокуратура кәсiпкерлiк саласындағы өзектi түйткiлдерге арналған форум ұйымдастырған едi. Осы жиында кәсiпкерлердi негiзсiз тексеру оқиғаларының көптiгi жөнiнде айтылған-тұғын.

Ақтөбе облысының мек­тептерi мен балабақшаларына жүргiзiлген тексерiстер кезiнде пара алуға жол берiлгенi Бiлiм саласын қадағалау департа­ментiнiң бұрынғы бастығы Әкiмгерей Көшербаевқа қатысты сот процестерiнде әйгiлендi. Шалқар ауданының Қауылжыр, Қарғалы ауданының Қосестек ауылдарындағы мектептердi және Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектептi тексеруден кейiн Ә.Көшербаевты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының жергiлiктi қызмет­керлерi осы жылдың наурызында пара алды деп айыптаған.

Алаш Арысы Халел Досмұхамедұлы: “Казачество құрыл­ғаннан бастап қазақ даласы Батыс өлкесiнiң 250 жылдық тарихы қанмен жазылды”, – деп жаз­ған едi. Яғни, казачество құрылған кезден бастап Қазақ мемлекетiне басқыншылық шабуыл жасап келдi. Орыс тарихшысы Рябинин де бұл туралы былай деген: “…Жайық казактарының жалғыз ғана қас жауы болатын – ол қырғыздар (қазақтар-Ә.Ш). Жайық казактары оларға қарсы нағыз қатыгез соғыс жүргiздi”. Тарихшы А.Б.Карповтың да “Уральцы:

2011 жылы жазда Нарынқолда ақсақалдар кеңесiнiң мүшесi, сексендегi ауыл ақсақалы соққыға жығылады. Қария өзiн сол күнi мас жүрген Е.Жетпiсбаев есiмдi жiгiттiң ұрып-соққанын айтып полицияға арызданады. Е.Жетпiсбаевты iздеп шыққан учаскелiк инспектор төрт адаммен бiрге көлiкпен күдiктi отыр деген киiз үйдiң шетiне келiп тоқтайды. Учаскелiк инспектор киiз үйдi көрiп келуге жұмсаған екi адам сол жерде Е.Жетпiсбаевтың мәйiтiнiң үстiнен түседi. Тәртiп сақшысы телефон арқылы хабарласудың орнына, белгiсiз себеппен сол жерге

ТАҒЫ БIР ӘЙЕЛ АБАҚТЫДА ЕКIҚАБАТ БОЛҒАН
Наталья Слекишина зорланып, екiқабат болып қалған Алматыдағы СИ-18 тергеу абақтысында тағы бiр сотталушының абақты қызметкерлерiнен жүктi болғаны анықталды. Қазiр тергеу орындары әйелдiң қандай жағдайда бала көтерiп қалғанын, Наталья Слекишина секiлдi зорлық көрген-көрмегенiн анықтауда.

2015 жылы Жамбыл облысындағы Қордай кеденiнiң “Қарасу” бекетiнiң қызметкерлерi Қытайдан Қырғызстанға кетiп бара жатқан 38 жүк көлiгiн тоқтатады. Мемлекеттiк табыстар департаментi сотқа дейiнгi тергеу жұмыстарын бастайды. Кеденшiлердiң талабымен көлiк жүргiзушiлер тиелген тауарды кеденшiлердiң қоймаларына түсiрiп кетiп қалады. Құны 6 млрд теңге болатын тауар кеденшiлердiң қоймасынан iзiм-ғайым жоғалады. Бiраз уақыт өткен соң бүкiл тауар тапсырыс берушi адамның қолынан, тек Мәскеуден бiрақ табылады.

Күйеуiмнiң алғашқы некеден бiр баласы бар. Сот балаға табысының бөлiгiн алимент есебiнде төлеудi мiндеттеген. Ол – патентпен жұмыс iстейтiн жеке кәсiпкер. Күйеуiм жеке сот орындаушысына белгiленген салық мерзiмiндегi табысы туралы құжатты көрсет­кенiмен, жеке сот орындаушысы алименттi Қазақстан бойынша орта жалақы көрсеткiшi мен жеке кәсiпкер ретiндегi күйеуiмнiң табысын қосып есептегiсi келедi. Бiз мұның заңсыз екенiн айтып сотқа бергенiмiзбен,

Қазақстан ұлттық құрамасы мiнген чартерлiк ұшақ Қаратау бөктерiндегi Подгорица қаласына келiп қонғанда күн жауынды болды. Тау­ға бауырын төсеген шарбы бұлт түнере түсiп, түс ауа күн шелектеп төккендей нө­серлеттi. Жауапты матчқа бiр күн бұрын ұшып келген Қазақстан құрамасы сайыс алдындағы жаттығуды жа­уынның астында өткiздi. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерi Талғат Байсуфинов пен ұлттық құраманың футболшысы Серiк­жан Мұжықов матч алдындағы баспасөз мәслихатында жетi

Алматы облысы, Iле ауданының орталығы Өтеген батыр кентiнде волейболдан әуесқойлар арасында турнир өттi. Мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алуға арналған волейбол сайысына жасы елуден асқан әуе доп шеберлерi қатысты.«Алтынбек Сәрсенбайұлы» атындағы қор мен Алтекеңнiң тай-құлындай тебiсiп өскен сыныптас құрдастары тiзе қосып өткiзген додаға 10 команда қа­тыс­ты.
ОРАСАН ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ
Өзбекстан астанасы Таш­кент­те өткен гран-при сайысына барған қыз-жiгiттер орасан табыспен оралды.  Қыздар сынында Түйтекова Айкүнiм 52 келiде сынға түсiп, финалдық белдесуде өзбек қызын ұтып, гран-придiң алтын медалiн иелендi.   Альбина Амангелдиева (78 келi) финалда венгр балуанынан ұтылып күмiс медальдi мiсе тұтса, осы салмақта күрескен Зарина Райфоваға қола медаль бұйырды. Гүлжан