1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (16164) 13 қазан, бейсенбі 2016
Ресей мен НАТО әскери қақтығысқа бара ма? 
Ресей президентi Владимир Путин Түркияға барған сапарында түрiк президентi Ережеп Ердоған­ға арзанға газ сататын болып келiстi. Және түрiктiң өрiк-мейiзiн Ресейге әкелуге рұқсат еттi. “Бүгiн РФ үкiметi ресейлiк нарыққа бiр топ түрiк тауарын – ауыл шаруашылығы өнiмдерi: сүйектi жемiстер мен цитрус жемiстерiн кiргiзу туралы шешiм қабылдады”, – дедi В.Путин.
ҮНДЕУ
12 қазанда бiр топ қоғамдық ұйым жетекшiлерi Атырауда соты басталған қоғам белсендiлерi Макс Боқаев пен Талғат Аянның басындағы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Парламентiне үндеу жолдады. Әлеуметтiк желiде үндеу мәтiнi Қ.Тоқаев, Н.Нығматулин, Қ.Сұлтанов, Д.Назарбаева, М.Әшiмбаев, Ж.Жарасов секiлдi заң шығарушы орган мүшелерiне жолданғаны туралы хабарланды. Төменде сол үндеудi жариялап отырмыз.

Атырау қалалық №2 сотында кеше азаматтық белсендiлер Макс Боқаев пен Талғат Аянның үстiнен қозғалған “билiктi күшпен басып алу” айыбы бойынша соттың алдын ала тыңдауы басталды. Оған құқық қорғаушылар, облыс тұрғындары, аудан-ауданнан арнайы келген жанашыр азаматтар қатысуда. Сот өтетiн ғимаратта бақылау күшейтiлген. БАҚ өкiлдерiне фото және бейнежазба түсiруге 5 минут қана уақыт берiлiп, одан кейiн журналистер бөлек бөлмеге шығарылған. 

Әдетте жасы ұлғайған адамдарға тұмау-сұмау үйiр келедi. Бiрер күн түшкiрiп-пысқырып, ары кетсе, екi-үш күн төсек тартып жатып, содан кейiн орнынан тұрып кету – егде кiсiлер арасында жиi кездесетiн жайт. Бiрақ “Назарбаев сырқат” деген ақпар талайдың үстiне суық су құйып жiбергендей әсер еттi. Оның басты себебi – президенттiң денсаулығына қатысты ресми ақпар алғаш рет айтылып отыр. Екiншiден, Каримовтың кеткенi кеше ғана. Өзбек басшысының топырағы

140 елдегi 600 мыңнан астам журналистiң басын бiрiк­тiретiн Журналистердiң халықаралық федерациясы (IFJ) Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевқа шығарылған үкiмдi айыптайтыны туралы мәлiмдедi. Қазан айының басында Астанада өткен сотта Сейiтқазы Матаев пен Әсет Матаев мемлекеттiң қаржысын жымқырды, салықтан жалтарды деген айыппен алты және бес жылға сотталғаны белгiлi.
Әзiрбайжан басылымы “Қашағанды” құны 200 млрд долларға түскен далбасаға бағалады
Жуырда ғана Қазақстан билiгi қазан айының аяғында әлемдегi ең қымбат мұнай жобасына айналып үлгерген “Қашаған” кен орнында мұнай өндiру басталатынын жариялаған. Бұл жаңалық жылына 10 млн тоннаға дейiн қазақстандық мұнайды өз аумағы арқылы әлем нарығына жет­кiзуге дайын отырған Әзiрбайжан үшiн де маңызды.

Апта басында қор биржасындағы сауда-саттықта бiр доллардың құны 331 теңге төңiрегiнде тұрақтады. Кешелi-бүгiнгi баға – 330 теңге. Бұған дейiн теңге-доллар бағамы 336-ға дейiн көтерiлгенiн көз көрiп жүрдi. Айдарынан жел есiп тұрған доллар сәл-пәл арзандап едi, отандық БАҚ-та “теңге тұрақтала бастады” деген хабар-ошар көбейiп кеттi. Сонда теңге шынымен де тұрақталып жатыр ма, жоқ әлде бұл Ұлттық банктiң қолдан жасап отырған әрекетi ме?

“...1961 жылдың дәл осындай көктем кезi. Совминнiң ауруханасы. Мұхаң да (М.О.Әуе­зов, - Ғ.Қ.) жатыр екен, бiрақ ол кiсi мен түскеннен кейiн төрт-бес күннен соң шықты. “Мен “Алматы” сана­то­рийiне реабилитацияға кетiп барамын, сонда жолығысармыз, тез сауығуыңа тiлек­тес­пiн!” – дедi. Содан арада үш-төрт күн өткенде палатама келдi. Ойда жоқта. Сәлем берiп, тұруға ыңғайлана бастап едiм: – Пәлi, Әди, қозғалма, саған әзiрше тұруға болмайды дестi, – дедi.
Биылғы ерекше жаңбырлы жаз Арқа өңiрiндегi ағайынды бiраз әуре-сарсаңға салды. Күндiз-түнi толассыз жауған жауынның әсерiнен талай жылдар арнасы қаң­сып қалған өзендер мен өзекшелер алай-дүлей тасып, өткел бермей қойды. Қырдағы ауылдардың өзiн су алып кетiп жатты. Бұл шын мәнiндегi табиғи апат едi.
Облыс басшысының кейбiр тiрлiгi осындай ойға жетелейдi. Сiрә, маңайындағы шашбауын көтергендердiң қабiлет-қарымы шала болса керек?! Әйтпесе, Әбдiбеков жалпы жаман жiгiт емес. Ендi, бұл — ел аузынан естiгеннен екшеген пiкiр. Нұрекеңнiң үрiм-бұтағына, тұрмыстағы тыныс-тiршiлiгiне тағы бiрде үңiлермiз. Әзiрге әлгiндей ойға жетелейтiн кейбiр тiрлiгiне тоқталайық.

Осыдан бiрнеше күн бұрын Қытайда 114 жастағы әйел мен 71 жастағы ер адамның үйленгенi, неке қию рәсiмi Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының Қашғар аймағына қарасты Бачу уезiнде өткенi жөнiнде ақпарат тарады. “Күйеу жiгiт” ғашығын бiр жылдан астам уақыт бойы “айналдырғанын” айтыпты. Екеуi қарттар үйiнде танысқан екен. Ер адамға ең әуелi болашақ жарының тамақ дайындағаны ұнапты. Ал жүре бара ұнатқан адамының басқа да жақсы қырларын байқапты.

Өткен сенбiде Алматы қалалық сотында “Трибуна” газетiнiң iсi бойынша бiрiншi сот отырысы өттi. Сот барысында редакция тарапы мәтiнге филологиялық сараптама жасау, сот отырысына Сыздықовты шақыру туралы өтiнiш бiлдiрдi. Мұндай өтiнiш бұрын да жасалған. Бiрақ сот оны қанағаттандырусыз қалдырып, Сыздықовты шақырудан бас тартқан. Сондықтан да “Трибунаның” сотқа Алматы әкiмi Бауыржан Байбектi шақыру жөнiнде өтiнiш бiлдiруiне тура келген.

Елiмiзге келiп жатқан шетелдiктерде есеп жоқ. Осыған қарап, бiздiң ел есiк- терезесi жоқ үй сияқты деген ойға келемiн. Келiп жатқан мигранттардың iшiнде қаншама лаңкес, дiни экстремист, ауру-сырқау, қаңғыбас қайыршы бар екен? Бұлардың барлығы да миграциялық картаны толтырады да, елiмiзге кiре бередi. Келiп жатқандардың арасында адал кәсiпкерлер жоқ емес, бар

Осы жылдың маусым айында Маңғыстау облысы, Жармыш ауылының тұрғындары арасында “Ауылдың малы жа­йылатын жерден 76 мың гектар жердi мемле­кеттiк қорық салуға алады екен” деген әңгiме тарап, жұртты әбi­герге салды. Тамыз айында осы мәселеге байланысты жиналыс өттi. Жиналысқа аудандық жер бөлi­мiнiң қызметкерлерi, “Жармыш” ЖШС-ның үлескерлерi, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орын­басары

Мен сегiз жылдан астам уақыт Қас­қелең қала ардагерлерi ұйымының төрағасы болып қызмет атқардым. Айтайын дегенiм, әкiмшiлiктегi қызметкерлердiң iс-әрекетi жөнiнде. Әкiмшiлiк қызметкер­лерi халыққа қандай қызмет атқарды? Қандай жақсылық жасады? 2003 жылы Қаскелең өзенiнде су апаты болады деп, селден қорғау мекемесi көпiр жанындағы көлденең тұрған затты (дамбаны) сындырып, ел-жұртқа хабарламай
Бұрындары қазақ халқында “жетiмдер үйi” деген ұғым мүл­дем болмаған едi, ал қазiр жағдайымыз қалай? Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 29 666 сәби ата-ана қамқорлығынан айырылған екен. Мен жоғарғы бiлiмдi ұстазбын. Ұзақ жылдар Алматы қаласының тұрмысы нашар балаларды оқытатын мектеп-интернатта сабақ бердiм. Сол кезде “Ел аман, жұрт тынышта қазақтың балалары жетiмдер үйiнде тәр­бие­ленетiндей не басымызға күн туды?

Былай қараған адамға Аңғарбай көкем жаман емес-ақ. Шектен тыс ақ көңiлдiлiгi, қолындағы бiр жапырақ нанды кiм көрiнгенге үзiп бере салатын жомарттығы, адам көңiлiн қалдырғысы келмейтiн жайдары мiнезi ол кiсiнi құрдастарынан қашан да биiк көрсетiп тұрады. Бiрақ ондай-ондай ханның қызында да болады дегендей, көкемде де жақпас бiр қылық бар.

Кейкi батыр Көкембайұлының бас сүйегiн жерлеу туралы жұртшылықтың пiкiрi қазiр екiге жарылып тұр. Қостанай облысының Амангелдi ауданында Кейкi батырдың кесенесi бар. “Батырдың бас сүйегiн осы кесенеге қояйық” дейдi бiр топ. Екiншi топ “Кейкi батырдың бас сүйегiн Астанадағы Ұлттық пантеонға жерлеуiмiз керек” дейдi. Менiң өзiм осы екiншi топты қолдаймын. Ақселеу Сейдiмбектi бiлмей­тiн қазақ жоқ десем, қателесе қоймаспын
Әңгiме-реквием
О заман да бұ заман, Құдайдың иен-тегiн жерiн бас-басына бөлiп алып, мынау менiкi деп иемденгендi кiм көрген? Бұрын көрмесе, ендi көрдi. Совхоз жарықтықтың арпа-бидайы жайқалып тұратын атыздары, таудың сай-саласындағы шабындықтар, мал өрiсi... түгелдей бөлiске түстi. Обалы нешiк, шаңырағы ортасына түскен совхоздың озат тракторшысы болғанын ескердi ме, түйенiң көтенiндей ғып, құйқалы тұстан Тезекбайға да үлес бердi: төрт гектар егiндiк, алты гектар шабындық,
КЕҢШIЛIК КЕҢIСТIГI
17 қазан күнi, сағат 17.00-де Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театрында аса көрнектi ақын, Iлияс Жансүгiров атындағы сыйлықтың лауреаты Кеңшiлiк Мырзабековтiң 70 жылдығына арналған еске алу кешi өтедi. Iс-шараны Алматы қаласы әкiмдiгi мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы ұйымдастырып отыр. Кеште ақын өлеңдерi оқылып, театрландырылған көрiнiстер қойылады, қазақ эстрадасының жұлдыздары ән шырқайды.

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы аймағы Iле Қазақ облысына қарасты Мұңғұлкүре ауданында қазақ күресiнен өткен әлем чемпио­натын тамашалап отырған бiзге Қытайға танымал түйе балуан Солтiкен Көкiшұлы: «Мына балуандардың күресу өнерi қалай өзi, бiздiң күрескен уағымызда бұлар секiлдi ырғасып тұрмайтынбыз. Әдiс жасауға, қарсыласты таза жығуға ұмтылушы едiк», – дедi. Солтiкен аға айтқандай абсолюттiк салмақта сайысқа түскен балуандар дараланып көрiне қойған жоқ.

АБЫРОЙ БИIГIНЕН КӨРIНГЕН АЙТЖАНОВ
Астанада Қазақстан бокс федерациясының бапкерiк ке­ңесi өтiп, Рио Олимпиадасындағы көрсеткiшiмiзге баға берiлдi. Бокстан елiмiздiң ерлер құ­рамасын баптаған Мырзағали Айтжановтың тәлiмiн алған бокс­шылар Бразилия жерiнен 1 алтын, 2 күмiс, 1 қола медаль олжалап қайтты. Яғни бас бапкерге “Кемiнде төрт медаль алу керек” деп жүктелген мiндет орындалды. Айтжановтың командасына жақсы баға берген басшылар оның бас бапкерлiк қыз­метiн жалғастыра беруiне рұқ­сат дедi.