1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16165) 18 қазан, сейсенбі 2016
Қыжыртпа
Бiз жемқорлықты жеңе алмадық. Керiсiнше, жемқорлық бiздi жеңдi. Жеңгенi сол – 2015-2016 жылдар аралығында жеңнен жеңге өткен қаржының жалпы сомасы мил­лиард теңгеден асып кеткен. Бұл – ел аузындағы жел сөз емес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы тарат­қан мәлiмет. Және мұндағы миллиард – тек қолға түс­кендердiң уысындағы ақша ғана. Ешқашан ұсталмайтын, қайта оларға қарсылық бiлдiр­гендер­дiң өздерi ұсталып кететiн дөкейлер­­дiң алған-бергенi
Атырауда қазанның 12-ciнде басталған азаматтық белсендiлер Макс Боқаев пен Талғат Аянның iсiн қарап жатқан процесте адвокат Төлепқали Аянов осындай талап қой­ды. Судьяның “прокурорлармен процессуалдық келiсiмге келесiң­дер ме, айыбын мойындағандарға қолданар жаза жеңiл” деген ұсынысын қос батыр қабылдамады. Айта кету керек, соттың басталғанына екi күн болғанымен, ол ерекше тартысты жағдайда өтiп жатыр. Сотталушылар адвокаттары аса бiр үмiт артпағанымен, басты мақсат – айыптылардың жазықсыз екендерiн қоғамға әйгiлеу дейдi.
«БАСШЫ БОЛЫП ЕЛДI ШУЛАТҚАННАН, ӘНШI БОЛЫП ЕЛДI ҚУАНТҚАНЫ ДҰРЫС ЕДI»
Жасыратыны жоқ, Жамбыл облыстық филармониясына елiмiзге белгiлi әншi, Әулие атаның топырағынан жаралып, Сарысудың самалынан қуат алып өскен Сәуле Жанпейiсова басшы боп келгенде жұрттың бәрi “Өте дұрыс шешiм болды. Жамбыл өңiрiнiң өнерi өте сәттi қадам жасады. Талай елдi, талай жердi көрiп, әнiмен тыңдарманын тәнтi еткен Сәуле қызымыз Әулие атаның өнерiне жарық сәуле түсiретiн болды” деп
18 қазаннан бастап Ақтө­бе­дегi қылмыстық iстер жөнiн­дегi мамандандырылған ауданаралық сотында маусым оқи­ғасы­на қатысты сот процесi басталады. Биылғы жылғы 5 маусымда түскi сағат 2-де қаладағы “Пантера” және “Паллада” қару-жарақ дүкендерiне шабуыл жасап, бiрнеше адамды өлтiрген топ автобусты басып алып, 6655 ұлт­тық гвардияның әскери бөлiмшесi қақпасын бұзып кiрiп, әскерилермен атысты. 7 адам қаза тауып, 30 адам түрлi деңгейде жарақат алды.

Статистикалық мәлiмет­терге жүгiнсек, республика бойынша ең төменгi жалақы Солтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстарында еке­нiн көре­мiз. Терiскейдiң тө­рiндегi аймақ – астықты өңiр. “Ас атасы – нан” қымбат болса да, аймақ тұрғындарының еңбекақысы өте төмен. Ауылдағы ағайын мал ұстап, құс өсiрiп, бау-бақша салып күн көредi, ал қала халқы негiзiнен жалақыға жан сақтап, күнел­тедi.

Құрметтi оқырмандар, сөз бостандығы жанашырлары! Өздерiңiзге белгiлi, Медеу аудандық соты “Алматыжарнама” мемлекеттiк компаниясының директоры Сыздықовтың шағымы бойынша Қазақстандағы соңғы тәуелсiз басылымдардың бiрi – “Трибуна” газетiне 5 миллион теңге айыппұл салған едi. Редакция ұжымы бұл шешiммен келiспей, Алматы
Қасымов – Оспанов тандемiнiң жүрiсi таңғалдырады. Мемлекеттiк төңкерiс жасамақ болған Төлешовтiң соты неге құпия өтiп жатыр? 
Дәл қазiр елдiң назарын аударатын бiрнеше сот отырысы өтiп жатыр. Атырауда жердi қорғап митинг ұйымдастырған батырлар – М.Боқаев пен       Т.Аяновтың соты iс қарауды бастады. Алматыда терроршы Руслан Күлiкбаев­тың соты осы аптада басталды. Мем­ле­кеттiк төңкерiс жасамақ
Жалған лаңкестiк жөнiнде айыпталып, қаладағы Қазбек би аудандық соты №86 мектептiң мұғалiмi Юрий Пакты екi жылға бас бостандығынан айыруға үкiм шығарғанына екi жұмаға жуықтады. Бiрақ белгiленген жаза төңiрегiн­дегi талас-тартыс толастайтын түрi жоқ. Тергеу тобы 2015 жылы 14 сәуiрде Қарағандының Орталық әмбебап дүкенiне мина қойылғаны туралы өзiнiң ұялы телефонынан “112-ге” хабарлап, дүниенi дүрлiктiрген Юрий Пак дегенге табан тiредi.
ӘУЛИЕЛЕР ӘУЛЕТI
Баянаула жерiнен шыққан өнер мен ғылым қайраткерлерiн айтпағанда, бұл жақта өмiр сүрген әулие-әнбие, бақсы-балгер, ерекше қасиет иесi болған адамдар жайлы әфсаналар өз алдына бiр бөлек әңгiме. Жан дүниелерi жұмбаққа толы, бiзге белгiсiз тылсым әлемнiң осы бiр өкiлдерi бар ғажайып-құпияларын өздерiмен бiрге мәңгiлiкке ала кеткен. Егер бұлар қазiргi заманда өмiр сүрсе, сөз жоқ феноменге айналып, ақпарат құралдары мен телеэкранның бетiнен түспей
ҚАР АДАМЫН ТАПҚАНДАР
“Америкалық “қар адамын аулаушы” Рик Дайер мен Мэттью Уиттон Джорджия штатындағы орманнан қар адамының денесiн тапты”, деп – хабарлайды 24.kz. “Бiз оны тапқанда, ол әлi тiрi болатын. Бiрақ ауыр жарақат алған екен. Жасыл дәрiнi жағып көргенiмiзбен, оны аман алып қала алмадық”, – дейдi Дайер мен Уиттон Planet Today-ге берген сұхбатында.
– Ауылды тоздырған өздерiң ғой! – дедi Тезекбай баяғыдан iшiнде жүрген өкпесi бұрқ етiп. – Бензин, солярка, көмiрге бартер жасаймыз деп совхоздың мыңғырған малын, астығын машиналап тасып құрттыңдар. Жайнап тұрған совхозды жаудай талап, тоз-тоз қылдыңдар! – Оның рас. Бiрақ менiң қо­лым таза. Директор мен бухгалтерге: «Әй, жiгiттер, қойыңдар! Құдайдан қорқыңдар!» дедiм, құлағына қыстырды ма. Шырылдап жоғарыға арыз жаздым. Сөйтсем, бар былық солардың өзiнен шығып жатыр екен ғой! Ақыры, мiне, осыған жетiп тындық. Құдай-ау, бұлар осыны бiлмей iстей ме, әлде қастығы ма – түсiнбеймiн.
(фельетон)
Осы жұрт көре алмайды, бiреудiң қуанышын бөле алмайды, қызғаныштан қытығы келiп, не “өле” алмайды... Жетi­сайдың же­тi әкiмi қызмет бабын пайдаланып, жеген екен, “ойбай, жетi жалмауыз жеп кеттi!” деп басылым бiткен жарыса жазды, ал менiң көршiм: “Парақорларды да құрметтеу керек!” дейдi... Дұ­­­рыс айтады. Жей берсiн! Ауыз болған соң жеймiз ғой.
Бокстан елiмiздiң ұлттық құрамасы Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткiздi. Рио Олимпиадасынан кейiн қысқа мерзiмге демалыс алған боксшылар тынығудан келiп әзiрлiктi бастады. Келесi жылы әлем чемпионаты өтедi, 2018 жылы жазғы Азия ойындары бар. Сол сынға әзiрлiктi әзiрден күшейтпесе болмайды. Ұлттық құраманың бас бапкерi Мырзағали Айтжанов Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтында жарияланған сұхбатында болашақтағы жоспарларымен бөлiсiптi

Атырауда қазақ күресiнен халықаралық турнир өттi. Биыл ұзақ жыл Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттiк университетiнiң ректоры қызметiн абыроймен атқарған Атырау қаласының һәм осы облыстың   “Құрметтi азаматы”, профессор Хисмет Табылдиев сексеннiң сеңгiрiне шықты. “Парасат” ор­денiнiң иегерi, тарих ғылымдарының докторы Хисмет Бозанұлының мерейтойына орай ғылыми конференция, ақындар айтысы, қазақ күресiнен және жеңiл атлетикадан (жүгiруден) сайыс өттi.

СУҒА ЖҮЗУДI, АТҚА МIНУДI ТЕГIН ҮЙРЕТЕДI
Алматы қаласының 1000 жылдығы кең көлемде аталып келедi. Мың жылдық мерейтойға орай “100 қайырымды iс” акциясы аясында 8-9 жас аралығындағы балаларға суда жүзудi, атқа мiнудi үйрету шарасы қолға алынды. Алматы қаласындағы жүзу бассейiндерiнде жүзу спор­тын тегiн үйренушi жеткiншек­тердi таңдауда тiзiмге алдымен көпбалалы отбасылардың, әлеуметтiк аз қамтылған
29 қазан күнi “Алматы Арена” спорт кешенiнде кәсiпқой бокстағы 22-iншi жекпе-жегiн өткiзетiн Қанат Ислам Алматыдағы “Мега” ойын-сауық ор­талығында ашық жаттығуын өткiздi.Қанаттың қарсыласы ганалық Партик Аллотейдiң лақап аты – Улы жебе. Улы жебе кәсiпқой боксқа он жыл бұрын ауысып, осы уақытқа дейiн 36 жекпе-жекке түсiп үлгерген боксшы.