1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16166) 20 қазан, бейсенбі 2016
Әлеуметтi әртүрлi ойға жетелеген бiр мәселеге Дариға Назарбаева нүкте қойғандай болды. Дәлiрек айтсақ, ол өзiнiң электр энер­гиясын үнемдейтiн құрылғыға қатысты жарнамаға еш қатысы жоқ екенiн мәлiмдедi. Алайда сенат депутатының бұл пiкiрiн “нүк­те” емес, “үтiр” деп қабылдайтындар көп. Себебi президенттiң қызы “бұл мәселе­нiң мән-жайын тексеру керек” дейдi. Ал нүкте­нiң әманда қорытынды шыққаннан кейiн қойылатыны белгiлi.

Кеше әлеуметтiк желiде Арыстанбек Мұхамедиұлының журналистерден жанұшыра сытылып шыққанын бей­не­лейтiн бейнебаян жарық көрдi. Топ шендiнiң арасында келе жатқан оның басына “мы­на бәлелердiң көзiне көрiнбе­сем екен” деген ой келген тәрiздi. Бiрақ оған мұрсат бе­ретiн тiлшiлер ме, “Қай қызды сот­қа бердiңiз?”, “Қалғандарын да сотқа бересiз бе?” деп шулай жөне­ледi. Жалғыз жауап – “Без комментариев”.

18 қазан күнi Атыраудағы Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотындағы басты куәлардың бiрi – Н.Досанбаев пен О.Бекбауов сотталушылардың қатысуынсыз жауапталды. Сот мәжiлiсiнде Боқаев­тың ден­сау­лық жағдайына және Аянның өтiнiшiне байланысты бiр­неше мәрте үзiлiс жарияланды. Таңертеңгi 10-да басталған сот процесi сотталушылар мен олардың адвокаты және iстi жүргiзушi судья мен прокурорлар арасындағы қызу таласпен өттi.
Бұл кiм үшiн керек?
Айталық, Атырауда қазақ жерiнiң тұтастығы үшiн азаматтық ұстанымдарын бiлдiрiп, алаңға шыққан Макс Боқаев пен Талғат Аянның соты өтiп жатыр. Маусым айындағы Ақ­төбеде болған лаңкестiкке байланысты сот 18 қазанда басталды. Айыпталушылар – 29 адам. “Алматы атқышы” атанған Руслан Күлiкбаевтың соты бұдан бiр күн бұрын бас­талған едi. Басында 14 қыркүйекке белгi­ленiп, кейiн әртүрлi себептермен кейiн шегерiлген “әйел сабағыш” Бақыт Есентаевтың да соты 18 қазанмен тұс­па-тұс келдi.
Бүкiл ел назар аударып отырған Макс Боқаев пен Талғат Аянның соты кеше де жалғасты. Бiрақ айыпталушылардың қатысуынсыз өттi. Өйткенi Макс Боқаев денсаулық жағдайына және қойған талаптарының орындалмауына байланысты наразылық келтiрiп, процеске қатысудан бас тартты, сотқа келмедi. Ал Талғат Аян өзiне қарсы куәлiк берушiнiң жауабын онлайн арқылы тыңдаудан бас тартып, наразылық бiлдiрдi, залдан шығаруды сұрады. Судья оның залдан шығуына рұқсат бердi.

Су – тiршiлiктiң көзi. Сусыз ешкiм өмiр сүре алмайды. Сондықтан халық ауыз сумен 100 пайыз қамтылуы тиiс. Бiздiң елде осы мүдденi көздейтiн тәп-тәуiр, аты жақсы “Ақ бұ­лақ” бағдарламасы бар. Бiрақ баяғы серiлер заманындағыдай “Айналайын Ақ бұлақ, асып-тасып жатасың” (Сегiз серi) дей­тiндей деңгейде емес. Өйткенi бiздiң елде асып-тасып жатқан ауыз су жоқ. Қазақстанның қай қиырына барсаң да су тапшы. Соңғы кездерi суы жоқ ауылдардан халық үдере көшiп жат­қаны да жасырын емес. Сапасыз, борсыған су­ды мiсе тұтып отырған елдiме­кен­дер қаншама.

Жемқорлық жаныңызды ауырт­ты ма? Әдiлетсiздiк шаршатты ма? Қымбатшылыққа қы­лар қайранды қайдан таппақ ойыңыз бар? Елдiң ертеңiне алаңдайсыз ба? Ұрпақ болашағы мазалай ма? Ендеше менi оқыңыз! Көп нәр­сеге көзiңiздi жеткiзем. Шындық неге шырылдап, босағада жатқанын түсiндiрем. Менiң ұраным: “Бәрiнен де ақиқат қымбат!”. Мен сөзiмде тұрам! Айта алмасам, маған серт!
Елiмiздегi қазақ-түрiк лицейлерiнiң атауы “Бiлiм” инновациялық лицейлерi болып өзгердi. КАТЕV қоры таратқан ақпаратқа жүгiнсек, бұл бастаманы шәкiрттер мен олардың ата-аналары және лицей директорлары да қолдаған. Аталған бiлiм ошақтарының өзiндiк брендке айналған КТЛ атауы ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай өзгертiлген-мыс. КАТЕV-тiң мәлiмдеуiнше, бұл шешiм ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесе қабылданған. Құзырлы орындар оқу орнының атауы өзгергенi болмаса, ондағы оқу бағдарламасы, бiлiм-тәрбие процесi сол күйiнде қалады деп сендiруде.
Қызылорда облысы әкiмiнiң назарына!
Қызылордалық Назерке Кадированың есiмi “Фейсбук” әлеу­мет­тiк желiсiн пайдаланушыларға жақсы таныс. Осыдан 4 жыл бұ­рын, небәрi 34 жасында 7 баланың анасы атанып, “Алтын алқа” таққан ол, өмiрдiң қиындығын көрудей көрiп-ақ келедi. Жол апатына ұшыраған жұбайы жұмысқа жартылай жарамсыз. Екi перзентiнiң тумысынан мүмкiндiгi шектеулi. Олардан басқа тағы екi баласы түрлi сырқаттармен дәрiгер­лiк арнайы есепте тұрады.
Осы аптаның дүйсенбiсiнде көмiрлi қаланың Қазбек би атындағы №2 аудандық соты аяқтаған азаматтық iстi осылай десек әбестiк бола қоймас. Өйткенi оның жаңғырығы былтыр желтоқсанда жерiне жеткен қылмыстық iсте жатыр. Бұл жолғы азаматтық iс Қарағанды қаласының әкiмi Нұрлан Әубәкiровтiң талап-арызы негiзiнде қозғалды. Оның пайымдауынша, сыртқы жарық бағанын айырбастау кезiнде жұмсалған материал мен көрсетiлген қызметтiң құны қымбаттатылған.
Вице-премьер бастап облыс әкiмдерi қоштап оларға құрақ ұшып қызмет көрсетуi керек
10 қазаннан бастап Бiрiкен араб әмiрлiгi мен Катар елдерiнен келген шейхтарға Оңтүстiк Қазақстан облысында дуадақ аулауға рұқсат. Арабтар қазақ жерiнде бой жазып, көңiл көтерiп, саятшылықтың қызығын көруiн анау-мынау емес облыстың әкiмдерiнiң өздерi қамтамасыз етуi тиiс. Үкiметтiң осы жөнiндегi қаулысында солай деп жазылыпты.
«Қалауыңызға қарай қараңыз». Дұрыс-бұрысын қайдам, “На Ваше усматрение!” деген орысшаны осылай қазақшаладым. Әдетте бұл сөз сотта прокурордың аузынан жиi естiледi. Заңдылықты қадағалайтын орган қызметкерiнiң олай құлдық ұруы келiспейдi-ақ! Ал, ондай әдет сотқа дейiн, тергеу кезiнде орын алса ше? Онда заңың “зар илеп қалды” дей бер! Бiр мысал.
Француздарға өкпелеп Парижге бармай қойған Ресей президентi В.Путин “сабасына түсiп”, Берлинде басталған Украина бойынша кезектi келiссөзге барды. Франция мен Ресейдiң қарым-қатынасы Францияның БҰҰ-ның Қауiпсiздiк кеңесiндегi Сириядағы Ресейдiң әрекетiн „әскери қылмысқа„ теңеген қарарынан кейiн нашарлап кеттi. Бұл қарарды Ресей мен Қытай қабылдатпай тастады. Жауап ретiнде Ресейдiң әзiрлеген қарарын да Батыс елдерi БҰҰ-ның қауiпсiздiк кеңесiнде өт­кiзбедi.
Қазақ тiлiндегi газет-журналдарды оқып отырамын ғой. Сондағы бiр байқағаным, мемлекеттiк газеттер соңғы кездерi үштiлдiлiктi насихаттай бастады. Насихаттағанда да, кәдiмгiдей насихаттай бастады. Өлiмдi насихаттауға бола ма? Болмайды! Не болмаса, “Қазақ тiлiн жойып жiберу керек!” деп ұрандауға бола ма? Әрине, болмайды! Бiле бiлсек, үштiлдiлiктi насихаттау да – өлiмдi насихаттаумен бiрдей! “Қазақ тiлiн жойып жiберу керек!” деп ұрандаумен бiрдей!
Қазiр басында несиесi жоқ қарапайым қазақ бар десем, өтiрiк айтқаным емес. Азық-түлiк, күнделiктi керек-жарақтың барлығы қымбаттап, халық өзiн қамтамасыз ету үшiн несиеге ұрынады. Банк­тер де несиенi тегiн беретiндей “Жарқын жаққа жетелейдi”, “Қиыншылықтан құтыл”, “Бiздiң мақсатымыз – сiздiң бақытыңыз” деп жарнамалағанда, жүрегiңдi елжiретiп-ақ жiбередi. Ал несие алғаннан кейiн банктер басқаша сөйлей бастайды. Сөзiм дәлелдi болу үшiн өз басымдағы оқиғаны айтайын.
“Мына газет – менiң сырласым”, “Әне бiр газет – ақылшым әрi кеңесшiм”, “Ал мына журнал – менiң мұңдасым” деп жатамыз ғой. Десек те, дәл қазiргi уақытта бiз қандай газет-жур­налдар­ға жазылуымыз керек? Осы жөнiнде бiраз ой бөлiссем деймiн. Қазiргi кезеңдi бiразымыз “өтпелi кезең” деп атап жүрмiз. Менiңше, мұны ұялғаннан солай атап жүрмiз. Әтпесе, қазiргi кезең – нағыз бытысқан, шатысқан кезең. Мемлекеттiң мүддесi, ұлттың мүддесi аяққа тапталып, жеке адамдардың, жекелеген топтардың мүддесi алдыға шыққан кезең.
АҚШ пен Еуропа елдерiнде озық ойлы дәрiгерлер памперстi қолдануға қарсы “Келiнiңiзге күйеу iздеңiз!” деген акциялар ұйымдастырып, жасанды жаялықтан бас тартуға үндеуде. Бұның мағынасы: “Сiздiң памперс кигiзiп өсiрген ұлыңыз бел­сiз болады, өмiрге ұрпақ әкеле алмайды” дегендi бiлдiре­дi. Се­бебi памперстiң балаға зияны ұшан-теңiз. Памперстiң кеселi­нен нәжiстi өзiне сiңiрiп, химиялық жолмен буландырып жiбере­тiн қоспалар адамды белсiздiк пен бедеулiк ауруына душар етедi.
Оқырман шығармашылығынан
Мастанба сұлулыққа, мастанба, қыз,
Бiз-дағы дәл өзiңдей жас болғанбыз.
Жетiмсiреп қап қойдық айна алдында,
Сұлулық тастай салып қашқанда бiз.
 
Қымбатшылық жайлаған заманда зейнеткер, жалғыз басты ана және тағы басқа мұқтаж жандардың жағда­йын айтып шулаймыз. Әрине, өте орынды. Осы ретте мен студенттер жөнiнде пiкiр айтқым келiп отыр. Елiмiздегi жоғарғы оқу орындарында грант иегерлерiне 20-25 мың көлемiнде стипендия төленедi. Қалалық студенттер туралы нақты айта алмаймын, бiрақ шеттен келiп, үйiнен алшақта бiлiм алып жүрген студенттерге 20-25 мың теңге әзер

Айтмұхаммет әулие жайлы мынадай да бiр әңгiме бүгiнге жеткен. Соғыс жылдары “Мұрынтал” колхозында ферма меңгеру­шiсi болған Дәрiм Смағұлұлы деген кiсi сол елдегi Сағымбек диуана деген адамның үйiне бiр шаруасымен бара қалады. Сағымбек те ел iшiнде “бақсы”, “диуана” атанған, халыққа ем-дом жасайтын адам екен. Барса, диуананың үйiнiң алдына доғарылған ат-арба, арбаның үстiн­де киiз үйдiң шаңырағына керiлiп байланған бiр әйел жатады.

Жуырда Ордабасы ауданы, Ықылас Темiр (бұрынғы Бөген ауданы, Бөржар) ауылының тумасы, Шымкент қаласының тұрғыны Ермұхамет Қуандықовпен кездесiп қалдым. Әңгiме арасында Қайрат Рысқұлбеков пен Желтоқсан көтерiлiсiн зерттеп жүргенiмдi бiлгеннен кейiн, Ермұхамбет басынан өткен мына оқиғаны баяндап бердi: “Мен ол кезде ҚазҰУ-дың тарих факультетiнде оқитынмын. Жасым 23-те болатын. 1986 жылғы 16 желтоқсанның кешiнде заң факультетiнде оқитын досыма бардым.
“Тойға барсаң тойып бар” деушi едi. Қазiр керiсiнше “то­йып” қайтасың. Кей тойдан то­йып қайтасың, кей тойдан тоңып қайтасың, кей тойдан кө­ре­сiңдi көрiп қайтасың, кей тойдан “тiрiдей” өлiп қайтасың. Баяғыда әжем пақыр: “Е, мен не көрмедiм” дейтiн. Сол кiсi айтқандай, Құдай-ау, мен айғыр асабаны да көрдiм ғой. Кентавр келiп той жүргiзген екен деп қалмаңыздар, кәдiмгi асаба, Талдықорғанның асабасы.
ЕСКЕНДIРДIҢ “ӨЛIАРАСЫ” БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
Оңтүстiк Кореяның Пуссан қаласында өткен кинофестивальда қазақстандық режиссер Елзат Ескендiрдiң “Өлi­ара” атты қысқа метражды фильмi “Sonje Award”   номинациясы бойынша бас жүл­деге ие болды. Бұл фильм көрнектi жазушымыз Оралхан Бөкейдiң “Өлiара” хикаяты бойынша түсiрiлген. Фильмдегi ролдерде ойнайтындар – Асылболат Смағұлов, Баян Қажынабиева, Дулыға Ақмолда, Мақсат Әбдiрахман.
Осы жексенбiде футболдан ел чемпионатының 31-тур ойындары өтедi. Бiр турды кем ойнаған елордалық “Астана” футбол клубы өз алаңында “Ақтөбеге” қарсы ойнайды. Станимир Стойловтың шәкiрт­терi үшiн бұл тур қиынға соғатыны анық. Себебi “Астана” футболшылары Еуропа лигасының топтық кезеңiндегi кезектi тартысын Грекия жерiнде бүгiн түнде өткiзедi. “Олимпиакос” клубына қарсы тартыстан кейiн-ақ 31-тур ойы­нын өткiзу әсте оңайға соқпасы анық.
– Раушан апай, Рио паралимпиадасына әзiрлiктiң қаншалықты ауыр болғанын өзiңiз ғана түсiнесiз. “Паралимпиада жүл­десiн алып келемiн” деп уәде берген­дiк­тен сенiм үдесiнен шығу оңай соқпайтыны анық. – Рио паралимпиадасына әзiрлiктi Алматы облысының Текелi қаласында, Алматы қаласында өткiздiк. Жеке бапкерiм Денис Орлов, құраманың бас бапкерi Артур Томитскийдiң сiңiрген еңбегi орасан. Осындай бiлiктi бапкерлердiң ақыл-ке­ңесiнiң пайдасы көп тиiп, Паралимпиаданың күмiс медалiн ие­лендiм.
ЖАПОНИЯДАН ЖАЙ КЕЛГЕН ЖОҚ
Алматыдағы Дзюдо академиясында Жапониядан арнайы келген мамандар семинар өткiзудi бастады. Екi күндiк семинар-кеңесте дзюдо күресiнiң бiлiктi мамандар елiмiздiң жас спортшыларына бекзада өнердiң қыр-сырын теория мен практиканы ұштастыра отырып үйретедi. Кеше басталған семинарда Жапониядан келген Ямакази Масайоши, Макиши Иошихару, Ушимура Наоя, Эбинума Сатори, Эйга Хидеуки, Кадано Масато