1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (16167) 25 қазан, сейсенбі 2016

Өткен сенбiде Алматыда “Жас Алаш” және “Трибуна” газеттерiнiң ұйымдастыруымен, мектеп реформасына және бiлiм мәселелерiне байланысты жиын өттi. Бұл шараға ҚР Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиев бiр жарым ай бұрын, алдын ала шақы­рыл­ған едi. Ондағы мақсат – биылғы оқу жылынан бастап шұғыл түрде жүзеге асырыла бастаған жаңартылған оқу мазмұнын бiрлесе талқылап, осы реформаның және 1-сыныптан бастап енгiзiлген үштiлдiлiк саясатының артық-кем тұстарын сарапқа салу болатын. Алайда президенттiң “журналистерден қашпауға”, “реформаны халыққа жан-жақты түсiндiруге” мiн­деттегенiне қарамастан, министрдiң өзi де, аталған саланың басқа жауапты қызметкерлерi де бой көрсеткен жоқ.

Бәсекелестiк заманында бiр ел басқа елден бiлiмiнiң, бiлiмдiлiгiнiң арқасында ғана озады. Мемлекеттiң мәселесi тұтастай солай болғандықтан да бiлiмдi ұрпақ тәрбиелеу әрбiр жеке адам үшiн де маңызды. Яғни, болашағын ойлаған азамат ұрпағының бiлiмдi болуына ертеден қамдануы қажет. Сонымен бiрге, ақпарат ғасырында кез келген тұлға терең бiлiм мен үздiксiз iзденiстер үдесiнен шығуы керек. Бұл тұрғыда Қазақстан қоғамындағы бiлiмге құштарлық пен қажеттiлiктi қанағаттандыратын ең маңызды тетiк – мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi екенi даусыз.

Астана қаласының Алматы аудандық соты Бердiбек Сапарбаевтың моральдық шығын өндiру туралы Айдын Егеубаевқа қатысты арызын жартылай қанағаттандырды. Өйткенi ол өзiнiң нұқсан келген ар-намысының өтеуiн 5 млн теңгеге бағалаған. Ал сот айыпкерден 100 мың теңге өндiру жөнiнде шешiм шығарды. Сот А.Егеубаевтың 2016 жылдың 10 шiлдесiнде “www.уоutube.соm” бейнепорталында Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданына қарасты жалпы көлемi 87 437 гектар жер­дi 2010 жылдары

Соңғы бiр жылда алғаш өткен “Норман төрттiгiнiң” Берлиндегi келiссөздерi айтарлықтай нәтиже әкелмедi. Украинаның оңтүстiк-шығысындағы қарулы қақтығысты ауыздықтауға қатысты бiрде-бiр құжатқа қол қойылмады. Украина, Ресей, Франция және Германия басшылары тек бұрын қол қойылған, қақтығысты тоқтату мен бiтiмге келудi көздейтiн Минск келiсiмiн қалпына келтiру секiлдi мақсатты көздейтiн “жол картасын” әзiрлеуге келiстi.

Соңғы 10 жылда Қа­зақ­станнан 100 миллард теңге шетел асқан. Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлiм еттi деп хабарлайды Tengri­news.kz.“Нақты қанша сома екенiн айту өте қиын, себебi ол миллиардтаған теңгеге дейiн же­тедi. Бiз ең ауқымды қылмыстық iстiң қанша болғанын санап шықтық. Ендi бiз соңғы он жылда қанша қылмыстық iстiң қозғалғанын бiлгiмiз келедi.
Алматы көшелерiнде лаң сал­ған атышулы Руслан Күлiкбаев­тың негiзгi соты кеше басталды. Бұ­ған дейiн алдын-ала сот тыңдаулары жүргi­зiлгенi хабарланған да едi. Жа­уапкердiң өте ауыр қылмыс жасағаны ескерiлiп әрi оның дойыр мiнезi белгiлi болғаннан кейiн алдын ала тыңдау да, кеше басталған сот та тергеу-оқшаулау абақтысында өтiп жатыр.

Жатушының жарылқауы, әлде әдебиетте өзiм бейнесiн сомдаған ұлы аруақтардың желеп-жебеуi шығар, мен биыл сек­сеннiң сеңгiрiне көтерiлдiм. Шүкiр, қол-аяғым сау, он екi мүшем түгел, сергек жеттiм сексенге. Жазушылар одағы күнi бұрын жоспарлап, менiң мерейтойымды Алматыда және менiң туған өлкем Шығыс Қазақстан облысында өткiзудi ұйғарғанда, мен бұған қуана-қуана келiстiм. Қисыны да солай болатын. Өйткенi,

Жақында орыстың әйгiлi актерi, Ресей халық әртiсi Леонид Куравлев 80 жасқа толды. Өзiнiң 80 жылдық мерейтойына орай “Литературная газетаға” сұхбат берген Л.Куравлев былай дедi:«Актердiң таланты – жетiм талант» – Василий Шукшин өзiнiң “Степан Разин” атты фильмiн түсiрем деп көп еңбектендi. Көп тер төктi. Тiптi ол бұл фильмде қай актер қай рөлдi ойнайтынына дейiн белгiлеп қойған
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрi А.Мұхамедиұлы мырзаға;
Қазақстан Республикасы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерi конфедерациясының төрағасы Т.А.Құлыбаев мырзаға,
Қазақстан Республикасы Грек-рим, еркiн күрес және әйелдер күресi федерациясының президентi С.М. Мыңбаев мырзаға
Ашық хат!
Наурыздың басын ала басталған футболдан ел бiрiншiлiгiнiң де соңына таяуына 1 тур ғана қалды. Өткен аптаның сенбi, жексенбiсiнде болған 31-тур ойындары шиеленiстi өрбiдi. Ең бастысы гол көп соғылды. Жексенбiде “Ақтөбенi” 1:0 есебiмен ұтқан “Астана” футболшылары көш басындағы көрсеткiшiн жақсартып қойды. Елордалық футболшылардың әлi бiр матчы кем. Олар 32-турға дейiн Көкшенiң “Оқжетпесiне” қарсы ертең ойнайды.
ҚОЛА МЕДАЛЬ БҰЙЫРДЫ
Малайзияның Пенанг қаласында ауыр атлетикадан жас­тар арасында әлем чемпионаты өтiп жатыр. Сынға түскен атлеттерiмiздiң ешқайсына алтын медаль бұйыра қойған жоқ. Ерлер сайысында Анатолий Савельев (62 келi) 8-орынды мiсе тұтса, 69 келiде Арыстанбек Жақанша 6-орын иелендi. 
Қазақ елiнiң балуандары Рио Олимпиадасынан медальсiз қайтқанда Өзбекстан балуандары (ерлер) үш қола медаль олжалады.
Тәуелсiздiк алған жылдан берi дербес делегация апарып, алты Олим­­пиадаға қатыстық, балуандарымыз медаль­сiз қайтпаған едi. Бразиялаға жердiң үстiмен барып, астымен қайттық. Бiрақ өзгерген ештеңе жоқ.

Өткен аптада Алматыда Қазақстан бокс федерация­сының кезектен тыс конференциясы өтiп, Қазақстан бокс федерация­сының пре­зидентi болып Тимур Құлыбаев қайта сайланды. Қа­зақ­стан бокс федерациясының президентi лауазымына Құлыбаев алғаш рет 2009 жылы тағайындалған едi.