1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (16168) 27 қазан, бейсенбі 2016
Өткен аптаның соңында, 23 қазан күнi Алматыда 5 қоғам белсен­дiсiн полиция көшеден ұстап әкеттi. Сол күнi кешке Алматының ауданаралық әкiмшiлiк соты бес белсендiнiң iсiн қарап, үшеуiн он тәулiкке қамауға шешiм шығарды. Құрал Медеуов, Асхат Берсалимов және Сүйiндiк Алдабергенов есiмдi азаматтар “бейбiт жиын, митинг, шеру өткiзу тәртiбiн бұз­­­ғаны” үшiн 10 тәулiкке қамалды. Ал Әсел Мақсұт пен Ақерке Әбi­шеваға ескерту жасалған.
Атырауда Боқаев пен Аянның сотында куәлiк еткен “Болашақ” мұнай өңдеу зауыты мердiгер компанияларының жұмысшылары жауаптау хаттамасына таныспай қол қойғандарын жария еттi. Прокурордың өтiнiшiн қабылдаған судья iстi жүргiзген тергеушi мен жауапталған куәларды беттестiретiнiн айтты. Адвокаттар куәларға қысым жасала ма деп күдiктенедi.  Бұған дейiн сот залына келуден бас тартқан Макс Боқаев пен Талғат Аян дүйсенбiден берi сот отырысына қай­та қатыса бастады.

Өткен нөмiрiмiздiң үш бетi бiрдей “Е.Саға­диевтiң сарсаңына” (Министр келмей қойған қоғамдық тыңдау – ред) арналып, дайын мақалалардың өзi түсiп қалып жатқан алашапқын мезетте Б.Смағұлға кейiн соғармыз деп ойлағанбыз. Бiрақ оған оқырман жан таптыратын емес. “Бақытбектiң қылығына қалай қарайсыңдар?”, “Батыр жiгiттiң мұнысы несi?” дейдi бәрi. Онысы несi екенiн тап басып айтпағанмен, тездетiп өз топшыла­уы­мыз­ды бiлдiрмесек, оқырманның көңiлi қо­ңылтақсып қалатындай көрiндi. Иә, сонымен Бақытбектiң бастамасы ненi бiлдiредi? Орашолақ ұсыныстың басқаның емес, Бақыт­бектiң аузымен айтылуында не сыр бар?

“CNPC – Ақтөбемұнайгаз” жазаға тартылуы тиiс
Ел аузындағы ескi әңгiмелерге жүгiнсек, сонау ашаршылық жылдарында Iленiң бойындағы ел өзеннiң балыққа толы екендiгiне қарамастан, жаппай аштан қырылған деседi. Яғни төрт түлiктiң етiн ғана талғап жеп, басқаны харамға санаған жұртымыз өзегi қанша талса да, өзiндiк ұстанымынан аттап кете алмаған. Одан берi, әрине, талай уақыт өттi, заман өз­гердi. Тайдай тулаған ақ балықтың өзiн аузына татып алмаған қазақ, балық түгiл, бақа-шаян, ит-мысық жейтiн жұрттардың бар екенiн де бiлдi,

Қырғызстанда былтыр қараша айында ҚСДП, “Қырғызстан”, “Онугуу-Прогресс” және “Ата Мекен” партиялары жасақтаған парламенттiк коалицияның ұзаққа бармайтыны туралы болжам шындыққа айналды. Бұған конституцияға өзгерiс енгiзу туралы референдум түрткi болды. Нәтижесiнде 24 қазанда парламент коалициясы ыдырап, үкiмет тарады. Қырғыз президентi Алмазбек Атамбаев үкiметтi отставкаға жiберу туралы жарлыққа қол қойды.

Қашаған мұнай кенiшi – соңғы қырық жылда табылған аса iрi кен орнының бiрi әрi бiрегейi. Оның қоры шамамен 9-13 миллиард баррель. Өндiрiс қауiпсiздiгi мен жобалаудың қиындығын, табиғаттың кәрiн және өңiрдiң экологиялық жағдайын ескерсек, Қашаған әлемдегi аса қиын жобалардың бiрi екенiне көзiмiз жете түседi. 

Егер ұмытпасам, 1988 жылы “Қазақстан әйелдерi” журналына жазушы, журналист Тiлеухан Жұмахановтың “Ұрпағыңның тамырын үсiк шалмасын” деген мақаласы жарық көрдi. Мұны ұмытпауымның бiр себебi, осы мақаланы кезiнде өзiм жұмыс iстейтiн педагогикалық ұжымда талқылаған едiк.

Бiр танысым айтып берген әңгiменi сiздерге бiр әрпiн өзгертпей ұсынып отырмын: “Ұзынқұрақ ауылындағы бiр мекемеде күзетшi болып iстеймiн. Айлық еңбекақым – 30 мың теңге. Жұмысқа орналасқаныма бiр жылдың жүзi болған кезде бастығым шақырып алып, менен ақша сұрады. Не үшiн? Бiлмедiм. “Бермесең, жұмыстан кетесiң!” дедi.

2006 жылы еңбек демалысына шығып, Бурабайда демалмақ болдым. Пойызбен кетiп бара жатып, Қарағандыдан өткенде өзiмдi Ресейге өтiп кеткендей сезiндiм. Себебi, жер-су аттары бiрыңғай орыс тiлiнде едi. Бiрен-саран қазақша аттарды кездестiргенде балаша қуандым.

...кiм алдап соққанын бiлу мүмкiн емес
24 қазанда Ақтөбе мамандандырылған қылмыстық сотында маусым терактiсiне байланысты сот басталды. 18 қазанда алдын ала тыңдау бастала бере 10 минуттан соң судья Ахметқали Мол­­дағалиев айыпталушыларға бұ­рылып, микрофонды өшiрiп тастады.
Жасадым деп бизнес, жеке кәсiп,
Кете көрме, қазағым, тек адасып.
Дерт жабысты бүгiн де байып алып,
Жоғалатын зым-зия шетел асып.
Биылғы жаздың 18 тамызы күнi Атбасар қаласындағы Жабай өзенiнiң жағасында ойнап жүрген үш бiрдей бала суға кетiп, шейiт болды. Олардың екеуi менiң қос ұлым болатын. Қос құлынымның аты-жөнi: Шер, Сұлтан. Бiр өкiнiштiсi, әлеуметтiк желiлерде, БАҚ беттерiнде “балалар ата-ананың қарауынсыз, өз беттерiмен кеткен, тәрбиесiз балалар се­кiлдi” деген ақпарат тарады. Өзiмiз қайғы жамылып отырғанда, елiмiздiң бұқаралық ақпарат

Сәбидiң өмiрдi тануы таңданудан басталады. Таңдану – кез келген нәрсенiң, құбылыстың, оқиғаның мән-жайын ұғып, олардың сырын түсiнуге жетелейдi. Баланың iзденiмпаздық қабiлетiн арттырады. Өкiнiшке қарай, кейбiр балада ақыл-ой сезiмi дамымай қалады. Оған тұқым қуалаушылық, қоршаған ортаның экологиялық әсерi, отбасының әлеуметiк жағдайы сынды себептер әсер етедi.

Рас, халықты танытатын – мә­дениет. Соның iшiнде қарапа­йым халыққа ең қолжетiмдiсi, ең жақыны, тiкелей әсер етiп тәрбиелейтiнi де – теле-арналар. Телеарна – бiр мемлекеттiң дүрсiлдеп соққан жүрегi, бүлкiл­деген қан тамыры. Телеарна – қазақ қоғамының айнасы. Қазақ деген қандай халық, түр-сипаты, кескiн-келбетi қандай, ненi құрмет тұтады, ненi ұят санайды, ұлт ретiндегi ерекшелiгi неде, ненi құндылық деп санайды – осыны бiлгiсi келген кез келген шетелдiк телеарнаға үңiлерi хақ. Өйткенi қазiр қазақ бейнесiн

ЖАҢАРҒАН ТЕЛЕАРНА
Ақпарат кеңiстiгiнде өзiндiк орны бар “Kazakh TV” жаңа форматқа көштi. Бұл жөнiн­де елiмiздiң Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев былай дедi: – Бүгiнгi таңда алдымызда тұрған маңызды мiндеттер бар. Олардың бiрi – елiмiздi халық­аралық деңгейде насихаттау. Осы­ған орай шетелдiк ау­диторияны
Ол – Еуропаның екi дүркiн чемпионы, ол – әлем чемпионатының жүлдегерi атанған саңлақ. Жәнiбектен кейiн бiздiң елдiң жiгiттерi волейбол спортынан әлем чемпионатының жүлдесiн иелене алған жоқ. Тәуелсiздiкке дейiн де, тәуелсiздiк алған жиырма бес жыл iшiнде де.  Өмiрден Жәнiбек Сауранбаев өттi. Ұзаққа созылған ауыр науқастан ақыры 77 жас­қа қараған шағында әйгiлi волейболшы дүние салды. КСРО-ның және Қазақстанның еңбек сiңiрген спорт шеберi Жәнiбек Сауранбаев Алматыда құрылған “Буре­вест­ник” волейбол клубының ойыншысы ғана емес, капитандық мiндетiн де абыроймен атқарды. Октябрь Жарыл­ғапов iргесiн берiк еткен “Буревестник” волейбол
ҮШ ЖЫЛ БАПТАЙДЫ
Алматының “Қайрат” футбол клубын баптауға шақыртылған грузин Кахабер Цхададзенiң келiсiмшарт мерзiмi биылғы бiрiншiлiк аяқталғанға дейiн едi. Клубтың басшысы Қайрат Боранбаев Цхададзамен жасасқан келiсiмшарт мерзiмiн үш жылға ұзартқандарын айтты.
Бiреудi көршiсi алдап кетедi. Ендi бiреудi бастығы алдап соғады. Тағы бiреудi досы алдайды. Оның сыртында ұры-қары мен жемқорға жем болып, көлгiр саясат пен көпiрме сөзге алданып жүргендер қаншама!Алданғанның адасатыны да белгiлi. Ақиқатқа сүйенiп айтсақ, алдану, алданып қалу, алданып қалып адасып кету – ұлтқа тән тiрлiк емес, тобырға тән тiрлiк.

Қазкоммерцбанк өзiнiң 25 жылдық мерейтойына үлкен өзгерiс, жағымды жаңалығымен келдi. 21 қазан күнi Алматыда Әуезов көшесi (Ғабдуллин қиылысы) бойынан ашылған заманауи, озық технологиялы жаңа бөлiмшеде Банктiң негiзгi акционерi және Директорлар кеңесiнiң төрағасы Кеңес Рақышев бұрынғы Қазкоммерцбанк­тiң бүгiнгi QAZKOM-ның жаңалықтарымен, қуанышымен және қол жеткiзген табыстарымен бөлiстi.

Тәуелсiздiк жылдарында бiлiм саласы түрлi реформаларды бастан кешiргенi анық. Соның iшiнде заманауи механизм ретiнде жоғары оқу орындарына түсу мүмкiндiгi үшiн Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi 2013 жылы енгiзiлген болатын. Осы жүйенiң операторы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады. Бұл жүйенiң ерекшелiгi – болашағын бiлiм алумен байланыстыратын әрбiр қазақстандық бiлiм депозитiн ашып, елiмiзде немесе