1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16169) 1 қараша, сейсенбі 2016
ОЛ ҚАЗIРШЕ БИЛIККЕ ЫҢҒАЙЛЫ БОЛЫП ТҰР
Өткен аптада АҚШ-тың Ауғанстандағы қарулы күш­терiне қолбасшылық ететiн генерал Джон Николсон ИШИМ Орталық Азия ел­де­рiнiң аумағын қамтуды көздей­тiн Хорасан халифатын құруды мақсат еткенiн мәлiмдедi. Америкалық генералдың айтуынша, “Ислам мемлеке­тi” террорлық ұйымының Ау­ғанстан аумағында құруға талпынып жатқан халифатының идеологиясын жергiлiктi халық мүлдем қабылдамайды. Өйткенi бұл елдегi ИШ­ИМ күштерi негiзiнен этникалық өзбектер мен пәкiстан­дық Талибан қозғалысының содырларынан құралған және ауғандықтармен арада үлкен көзқарас қайшылықтары бар.
Журналист көрсе, кiрпiдей жиырылатын, қолайсыз сауал қойып, қоямды ақтара ма деп қауiп қылатын шендi-шекпендiлер аз емес. Әсiресе әлдебiр мәселелер төңiрегiн­де жаманаты шығып, жұрт назарына iлiккен­дер журналист ұсынған микрофонды кезелген мылтықтай көредi. Сосын екi өкпесiн қолына алып, безе жөнеледi. Тыраңдап қа­шып бара жатқаны таспаға iлiгiп, елге жетерiнде шаруасы жоқ. Бұған БАҚ арқылы куә болған халықтың қыбы қанып отырады. Күнi кеше ғана Арыстанбек Мұхамедиұлының басбұға безуi де үзiлiп бара жатқан “журналистерден қашу” үрдiсiн жұрт жадында тағы бiр жаңғыртып өткен.
Атыраудағы №2 қалалық соттың аядай залында Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сот процесiнiң өтiп жатқанына жарты айдан асты. Ұлттық қауiпсiздiк ко­ми­тетi қызметкерлерi жүргiзген сотқа де­йiнгi тергеудегi алынған жауаптар мен сот тергеуiндегi жауаптар арасындағы айырмашылық кейде жер мен көктей. Оның қай­сыбiрiн iстi жүргiзушi судья да рас­тады. Материал аудармаларының сапасы нашар әрi дұрыс еместiгiне шағымданған адвокаттар тергеу материалын сот қа­рауынан алып тастауды талап етумен келедi.

Өткен аптада вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов соңғы жылдары басынан дау арылмай келе жатқан көне Талхиз қалашығының тағдырына араша түстi. Әйтпесе, ЮНЕСКО-ның Әлемдiк мәдени мұралар тiзiмiне енгенiне қарамастан, трактор табаны тиген бұл тарихи нысанға “Ақбұлақ” тау-шаңғы кешенiне салынып жатқан тас жолдың астында қалу қаупi төнген болатын.

Бас прокурор маргинал мен радикалдың арасына үңiлдi

Бас прокурор Жақып Асанов Ақтөбеде 29 қазанда “жылы кабинеттен шығып,  жерге түсiп, өңiр­дiң мәселеле­рiн” шешуге  келген десанттық топ жұмысын қорытындылады. 7 вице-­министр бастаған 230  маман (бұлардың iшiнде 10 теолог, 55 дәрiгер, 16 әлеу­меттiк қызметкер мен психолог, 10 ғалым, 13 қаржыгер мен кәсiпкер, 14 имам) 5 ауданның ең шалғай нүктелерiне дейiн барып, елде жиналып қалған бiраз жайттарды ашқан. Қалған 112 “маманның”  немен айналысып жатқанын Асанов ашып айтпады.

Шенеунiктер ұсынған өзгерiстер ненi көздейдi?
Қазақстанның IIМ аңшылық мылтық иелерiнен басы артық қаруды тартып алуды ұсынуда. Қазiр заң бойынша бiр адамның он аңшылық қаруын сақтауға құқығы болса, шенеунiктер ұсынған өзгерiстер қабылданған жағдайда бұл сан төртке қысқарады. Құзырлы орган басшылары мұндай шара елдегi қылмыс деңгейiн төмендетiп, террорлық шабуылдардың санын азайтуға себiн тигiзедi деп санайды.

Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай Қазақстанда соттал­ғандарға рақымшылық жасалмайтын болды. Билiк алдағы уақытта мұндай тәжiрибеден бiржола бас тартпақ. Қазақстанның iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов ресми түрде кешiрiм сұрағандардың ғана бостандыққа шығуы мүмкiн екенiн мәлiмдедi.

“Ембiмұнайгаз” АҚ-да мұнай компаниясының тарихында алғаш рет зейнеткерлер арасында спорттық сайыстар өттi. Шараны компанияның Ардагерлер кеңесi ұйымдастырды. Сайыс Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына және “Қамқорлық” айлығына арналды. Сайысқа 58-80 жас аралығындағы Ембiнiң 38 зейнеткерi – басқарма аппаратының, “Жылыоймұнайгаз”, “Жайықмұнайгаз”, “Доссормұнайгаз”, “Қайнармұнайгаз” МГӨБ-нiң,

ГЕРОЛЬД БЕЛЬГЕР АТЫНДАҒЫ МЕМОРИАЛДЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ
Алматыдағы ҚР Ұлттық кiтапханасында барша қазақстандықтардың сүйiктi жазушысы, әдебиетшi, аудармашы, публицист Герольд Бельгер атындағы мемориалды кабинет ашылды. Кабинеттiң ашылу салтанатына Г.Бельгер­дiң жұбайы Р.З.Бельгер, жазушының туыстары, Алматының әдеби-мәдени зиялылары қатысты.

Өткен аптада әй-шай жоқ энергетика вице-министрi Мағзұм Мырзағалиев “ел iшiнде жанар-жағармай тапшылығы болмайды”, – деп мәлiмдедi. Баға удай қымбат тұрғанда қайдағы тапшылық? Жетiспеушiлiк туындамауы үшiн монополистер алдымен бағаны көтермей ме? Осыны бiле тұра, вице-министр “тапшылық болмайды” деп тұтынушыдан ұпай жинағысы келедi.

Бiржан сал – қазақтың ең атақты, аса көрнектi тұлғаларының бiрi. Ұлттық өнердiң жарық жұлдызы. Оның есiмi қазақ елiнiң өте ардақты адамдарымен қатар ең жоғары деңгейде, барлық энциклопедияларда,тарихи оқулықтарда үлкен құрметпен аталады. Бiржан бабамызды соншалықты биiкке көтерiп, алаш аспанында шарықтат­қан – оның Құдай берген таби­ғи таланты, асқақ әнi, ойлы, сезiмдi өле­ңi, аңызға айналған әншiлiгi. Оның ән­дерi бiр жарым ғасырдан астам уақыт бойы кең-байтақ даламызда үзбей айтылып келедi. Радиода, теледидарда, концерттерде, конкурс, фестиваль­дар­да Бiржан әндерi ұдайы, күн са­йын шырқалып,талай ұрпақтың рухани азығына айналды. Оның мұрасы

Қыздардың барлығы дерлiк романтиканы жақсы көредi, кездейсоқ кездесулер мен ерекше танысуларды қалайды. Бiрақ әттең, жiгiттер орайын келтiре алмайды. Бiрiнiң батылы бармаса, ендi бiрi ретiн таба алмайды. Қазiр бейтаныс адамның бере­ке­сiн алып, телефонына қоңырау шалып, «Сiзбен танысуға бола ма?» дейтiн заман өтiп кеттi. Танысудың тиiмдi тәсiлдерiмен танысыңыз.

Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Чигиринов мектебiнiң түлегi 19 жастағы Сәния Темiрха­нова облыстық “Сен сұлу” сұлулық байқауының жеңiм­пазы атанды. Ол өткен жылдың желтоқсан айында өңiрлiк сұлулық байқауында бас жүлдеге ие болған едi. Қазiр Павлодар мемлекеттiк педагогикалық институтында үшiншi курста оқиды. Болашақта журналист болғысы келедi. Сәнияның өзге сұлулардан бiр ерекшелiгi Абай Құнанбаевтың 150 өлеңiн жатқа бiледi екен.

Әлемдегi ең ұзын велосипед Австралияда жасалды. Студенттердiң қолынан шыққан бұл көлiк сiздi қалаған жерiңiзге жеткiзе алмайды. Өйткенi ұзындығы 41 метр. Және оны орнынан қозғау үшiн 20 адам қажет. Велосипедке тән басты қасиетi – дөңгелегi екеу. Бiрақ салмағы 3 тонна. Сондықтан мұндай алып велосипедпен “қыдыр­ғысы” келетiндер
Қарап қалсам сағатыма, «Үш жарым»
Күмiлжидi көкейiмде құштар үн.
«Үш жарымды» көре бердiм, о неге?
Сезiнгендей бiр беймәлiм күш барын.
Жұмыссыз жастардың басым бөлiгi гуманитарлық мамандық бойынша бiлiм алған. Сондықтан бiз жастардан техникалық бiлiм алуды сұраймыз. Себебi еңбек нарығында кәсiби-техникалық бiлiмi бар азаматтарға сұраныс жоғары. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты мәселелерi басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Ербол Рыспаев мәлiмдеген.
АСТАН ҰШЫНҒАН
Санкт-Петербург қаласында жетi студент астан ұшынып, ауруханаға түстi. Алғашқы тексеру кезiнде олардың бәрiнен инфекциялық сырқаттың белгiсi байқалған. Дәрiгерлер олардың денсаулығын орташа ауыр деп бағалаған едi. Кейiннен олардың астан ұшынғаны анықталды. Бiрақ олар сырттан тамақтанбаған. Өздерi үш жылдан берi ас-ауқат iшiп келе жатқан университет аумағындағы асханадан тамақ iшкен. Қазiр жастардың жағдайы қалыпты.

Алматыда кәсiпқой бокстан сайыс өттi. “Болғанынан боладысы қызық” жетi жекпе-жек төрт сағатқа созылды. Жұман Жұмабековтен бастап барлық боксшымыз да жеңiске жеттi. Бокс кешiнiң басты ерекше­лiгi – жүргiзушiлердiң қазақ және ағылшын тiлiнде хабарлауы.

ЕКI ҚҰРАМА, ЕКI ЖҮЛДЕ
Абу-Дабиде өткен “үлкен дулыға” (гранд слэм) тур­нирiнде Галбадрах Отгонцецег жеңiске жеттi. 48 келi салмақта күрескен Галбадрах француз, испан қыздарын ұтып, финалда серб бал­уаны Милиса Николиктi айқын басымдықпен жеңдi.
Ерлер додасында Азамат Мұқанов (66 келi) “үлкен дулыға” турнирiнiң күмiс жүл­дегерi атанды. Азамат финалда ресейлiк Якуб Шамиловтан ұтылды.

Бүгiнгi заман – қатал да қатыгез. Кешiккендi кешiрмейдi. Байқасаңыз, билiк пен халықтың арасы ажырап барады. Күнi кеше жерден айырылу қаупi төнген. Бүгiн қазақтың жауы – үштiлдiлiк күшiне мiндi. Осының бәрiне қасқайып қарсы тұрдық. Ертең не болады? Төнiп келе жатқан тағы қандай зауал бар? Олардан Сiз қалай қорғанасыз? Елi мен жерiнiң патриоты болу үшiн ұрпағыңызды қалай тәрбиелейсiз?