1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (16170) 3 қараша, бейсенбі 2016

БҰҒАН БҰҰ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЗҚАРАСЫ ӘРТҮРЛI

Әлеуметтiк желiлерде Қазақстанның белсендi азаматтары елдегi заңсыздықтар­ға, әдiлетсiздiктерге қарсы, адам құқықтары мен сөз бостандығы, демократиялық қағидалар үшiн мерзiмсiз, жалғыз, үнсiз митинг жариялауды бастады. Бұған билiктiң қалай қарайтыны және наразылықтың жаңа түрiне қандай шара қолданатыны әзiрге белгiсiз. Есесiне, жалғыздың пикетiне байланысты Қазақстан билiгi мен БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау комитетiнiң арасында көзқарас қайшылығы туып отыр.

Заңда мұндай айыптау бабы жоқ. Бiрақ менiң баламды осындай “негiзде” соттады
 
Баяғыда бiреу “өзiң Құ­дай болмаған соң, көретiн күнiң осы” дептi. Қалай дөп басып айтқан деймiн. Әсiре­се, мынандай әдiлетсiздiк әмiрiн жүргiзiп тұрған заман­ға лайық мақал. Мен, Кәрбоз Боздақов, табанымнан таусылып, шындық iздеп шырылдап жүрген жанмын. Ұлыма жабылған жала менiң маңдайыма жағылған күйедей болды. Бiреулер қысастықпен болмағанды болдыртты, ұлыма iстемегендi iстеттi. Бәрi сол қу дүниенiң қамы үшiн, аранды ашқан арам ақшаның iзi үшiн. Сiздерге мән-жай түсiнiктiрек болу үшiн басынан баяндайын.

Бет қатталып жатқанда Астанадан жағымды хабар жеттi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының азаматтық және әкiмшiлiк iстер бо­йынша касса­ция­лық сот алқасында Жасан Зекей­ұлының шағымымен сотқа тартылған оның бұрынғы жұбайы Гүлия Әлихан­қызы мен қайын атасы Әлихан Әлiбектiң шағымына қатысты iс қаралды. Кассациялық сот алқасына төрағалық еткен судья А.Қасымов пен алқа құрамындағы судьялар Е.Исмайылов, Т.Ибрашевтың қатысуымен кассациялық шағымды қарау кезiнде “Жас Алаш” газетiнiң де мүддесi қорғалды. 

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әде­мi бiр ұсынысын әлеуметтiк желi арқылы “атып” жiбердi. Былай қарағанда, жұртқа жақпайтындай ештеңесi жоқ. Спикер “Қазақстан” сөзiнiң ағылшын тiлiнде дұрыс жазылуын келелi мәселе ретiнде көтерiп отыр. Оның ойынша, бiз қазiргi “KAZAKHSTAN-ды” “QAZAQ­STAN” деп жазсақ, ол – елiмiздiң ұлттық негiзiн дұрыс көр­сететiнге ұқсайды. Әрине, ағылшын тiлiнде судай ағатын сенатордың бұл пiкiрi көпке ұнауы да мүмкiн. Бiр әттеген-айы, бұл ұсыныс оның өзегiн жарып шыққан өз идеясы емес, өзгенi қайталауға көбiрек келiңкiрейдi. Тiптi Тоқаев Q (кью) қарпiне деген қызығушылықты “қуа” жөнелгендей әсер қалдырады.

Өткен аптада Молдовада өткен президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша, 49,7 пайыз дауыс жинаған ресейшiл социалистiк партияның үмiткерi Игорь Додон алда келедi. Оның басты қарсыласы саналған Еуропамен жақындасуды жақтайтын Майя Санду – 37 пайыз дауыс жинаған. Орталық сайлау комиссиясы дауыс берген бюллетеньдердiң 93 пайызын санап үлгергендерiн

ТҮРМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI ОЛАРДАН ҚҰТЫЛҒАНША АСЫҚҚАН

Кеше Алматыда атыраулық батырлар Макс Боқаев пен Тал­ғат Аянды қолдап, акция өткiзбек болғаны үшiн 10 тәулiкке қамалған белсендiлер босап шықты.
Белсендiлер Сүйiндiк Алдабергенов, Құрал Медеуов және Асхат Берсалимовтi 23 қазанда Алматы орталығынан (Арбат бойынан) полиция ұстап әкеткен едi. Сол күнi Алматының әкiмшiлiк соты оларды “бейбiт жиын, митинг, шеру өткiзу тәртiбiн бұзғаны” үшiн 10 тәулiкке
Қыранымыз — көсемсөздiң керемет шеберi, жазушы, Ұлы Отан соғысы қаһарманы Баубек Бұлқышев пен қазақ әдебиетiнiң көрнектi өкiлi, қарымды қаламгер Мұқан Иманжанов. Таяуда Ұлытау ауданының орталығында екеуiнiң туғанына 100 жыл толуына орай “Ұлытаудан түлеп ұшқан қос қыран” атты ғылыми-теориялық конференция өттi.

“Қазақстан” телеарнасы АҚ-ның Павлодардағы филиалынан шу шығып жатыр. Бұл жөнiнде vesti.kz т.б. электронды сайттар хабар таратты. Аталмыш филиалдың журналисi Әйгерiм Мұздыбаеваның шағымдануынша, оған филиал директоры Бауыржан Айтқазин сексуалдық тұрғыда қысым жасаған.   Журналист қыз осындай мәтiндегi шағымын

ҮКIМЕТТIҢ КҮШI ЖАС МАМАНДЫ ҚАРЫЗ ҚЫЛУҒА ЖЕТIП ТҰР. БАСҚАЛАРЫН ҚАЙТЕСIҢ

Дәл осыдан бiр ай бұрын (қыркүйектiң 30-ында) ұлттық экономика министрлiгiнiң өкiлi Ұлан Жазылбек мемлекетке қарызданып қалған жастар туралы астаналық журналистерге бiраз мәлiмет таратқан едi. Шенеунiктiң сө­зiнше, “Дипломмен – ауылға” бағдарламасы бойынша ауылға барған бес мың жас маман мемлекетке жалпы есебi бiр миллиард алты жүз миллион теңге қарызданып қалған. Бағдарлама келiсiм­шартында үкiметтен көмекке ақша алып, ауылға барған жас маман кемiнде үш жыл сол жерде еңбек етуi тиiс. Айтуға оңай көрiнген осы шартқа бес мың жас маман шыдай алмай, ұранды һәм уәделi бағдарламаға қолдарын бiр сiл­теп, қалаға кетiп қалған. Бiрақ үкiметтегiлер таулары шағылған жастарды бастарынан сипап, еркелетiп жiбере салғысы жоқ. Алған ақшаларын мемлекет қазынасына қайтармайынша қыр соңдарынан қалмауға дайын (осы күнге дейiн 1 миллиард 600 миллион теңге қарыздың 900 миллио­нын мемлекетке қайтартқан).

“Қазақ малдың жайын жетiк бiледi”, “Мал бақса, қазақ бақсын!” деген қолпаш сөздердi жиi еститiнiмiз де рас. Бiрақ...
Кеңес заманы кезiнде ерiк берiлмегенi де рас, ал ендi қазiр қанша қой, қанша жылқы, қанша сиыр өсiрсең де – өз еркiң емес пе?! Солай бола тұрса да, мыңғыртып мал айдап жүрген қазақты көрмедiм.
 
“Қарабайдың 90 мың жылқысы...” Бұрын мен мұны “Қозы көрпеш – Баян сұлуда”, яғни халық эпостарында көбейтiп, шамадан тыс өсiрiп айтатын “мыңдар” ғой деп ойлайтынмын. Ал ендi тарихи деректер не дейдi? Ежелгi түрiк байларында 85 мың жылқы, 60 мың жылқы, 55 мың жылқы болғанын тарихшылар растап отыр. Жарайды, әрi­ге бармай-ақ қояйық. 1917 жылғы Қазан төңкерiсiнiң қарсаңын

Мен саясаткер емес­пiн. Бiрақ қолымнан келгенше елiмiздегi саяси ахуалды қадағалап отырамын.

Ендi өзiм түсiнбеген бiр мәселенi қалың көпшiлiктiң тал­қысына ұсынайын деп отырмын. Бiз – көпұлтты елмiз. Солай ғой? Солай-ақ бола қойсын делiк. Жалпы, қазiр дүние­жүзiнде көпұлтты емес ел де, мемлекет те жоқ. Оған әбден көзiмiз жетiп болды. Мысал үшiн Англияны алайық. Англиядағы өзге ұлттар мен ұлыстардың бәрi де

“Жас Алаштың” жақындағы санында (13 қазан, 2016 жыл) “Қашанғы тарыдай шашыла беремiз?” деп аталатын Iзбасар Қа­лаубеков деген азаматтың пiкiрi жарық көрдi. Түрлi мәселелерге үн қосып, ой бiлдiрiп отыр­ған дұрыс шығар. Бiрақ, Iзбасар мырза Ақселеу Сейдiм­беков ағамыздың сүйегi өз өсиетi бойынша туған жерiнде жерленгенiн ескермеген сияқты. “Неге Астанадағы “Ұлттық пантеонға жерленбедi?” дейдi.

Қоғамымызда саны бар, сапасы жоқ асабалар қаптап кеттi. Жақында сондай асабалардың

Өмiр берген патша Құдай ажалын да қимай ма,
Кеш қақпасы таянғанда, таңға ұмтылар күй қайда.
Қайта оралмас Дүниеге қайталап кеп оралып,
Еркелеткен ел қойнына бiр Софыян сыймай ма?..
 ***
Дұшпаныма әдiл болып, досқа дос боп қарасқам.
Жас жүректе жанған өртпен тiл-көмейден бал ашқам

Қазақ халқы тойшыл халық қой. Той демекшi, өткен демалыста танысымның баласының үйлену тойына бардым. Бiр қы­зығы,

Допингке қарсы халықаралық агенттiк (WADA) 2008 жылы өткен Бейжiң Олимпиадасында және 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында рұқсат етуге тыйым салған дәрiнi тұтынған бiрнеше спортшының есiмiн ресми мәлiмдедi. Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) ендi соңында шаласы бар спортшылардың   медальдарын қайтарып алып, өзге спортшыларға бередi.
Дәрiгер:
– Айтпасқа амалым жоқ, бауырым. Сiздiң зайы­быңыздың бiр сағаттық қана өмiрi қалды.
Жiгiт:
– Оқасы жоқ. Мен шыдаймын. Жиырма жыл шыдаған адамға бiр сағат деген көп емес қой.
– ?..

Биылғы ел бiрiншiлiгiнде “Ақтөбе” футбол клубының футболшылары ай сайын миллиондап жалақы алған.Мысалы, Алексей Щеткин “Ақтөбе” сапында ойнағанда ай сайын 9 миллион теңге жалақы алған. “Ақтөбе” сапындағы ле­гио­нерлердiң iшiнде Никита Бочаров 2,5 миллион теңге жалақымен күн көрген.