1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 89 (16171) 8 қараша, сейсенбі 2016
“Тұңғышбай Жаман­құлов қамауға алынды” деген хабар қазақтың құлағына “Қайыр хан қамалды” дегендей болып естiлдi. Өйткенi талантты актер осы рөлi арқылы Мемле­кет­тiк сыйлыққа ие бол­ған. Жалғыз Қайыр хан емес, Т.Жаманқұлов театр және кино өнерiнде Абылай хан, Әбiлхайыр, Құнанбай т.б. сынды қазақтың бiртуар тұлғаларын сомдады. Сондықтан шығар, оның қамауға алынуына қатысты хабарды қарапа­йым халық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң өкiл­дерi қолын артына қайырып, Абылай ханды айдап бара жатқандай, Құнанбайдың қолына кiсен сал­ғандай қабылдағаны анық.
 ҚҰТҚАРУДЫҢ ЖОЛЫ ҚЫСҚАРТУ МЕН ТАРАТУ КӨРIНЕДI
 Өткен аптада елдегi ең iрi ұлттық компанияның бiрi – “ҚазМұнайГаз” төңi­ре­гiн­де екi бiрдей елең етер­лiк жаңалық болды. Алдымен бiрқатар ақпарат құ­ралдарында “Қазмұнайгаз” ұлттық компаниясының бас­қарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың 30 бiр­дей орынбасары туралы ақпарат тарады.
Iшкi тексеру барысында «ҚазМұнайГазда» президент (басқарма төрағасы) Сауат Мыңбаевтың өзiнен бөлек, орынбасары, 3 атқарушы ви­це-пре­зидент, 11 аға вице-президент, 8 “жай” вице-президент пен 6 атқарушы директоры барлығы анықталыпты. Қаптаған қалың орынбасардың iшiнде би­лiк басындағылардың туыстары көп екен. Олардың қатарында бұ­рынғы бас прокурор Рашид Түсiпбе­ков­тiң ұлы, бұрынғы бiлiм және ғы­лым вице-министрi Такир Балықбаевтың ұлы, инвестициялар және даму жөнiн­дегi министр Жеңiс Қа­сым­бектiң туған бауыры бар. “Мистер Патамушта” деген атпен танылған бұ­рынғы еңбек және әлеу­мет­тiк қорғау вице-ми­нистрi Серiк Әбденов те Сауат Мыңбаевтың қанатының астында.
Кейiнiрек “ҚазМұнайГаз” Сауат Мыңбаевтың     4 қана орынбасары бары, қалған атқарушы директорлар жай вице-президенттер екенi туралы хабарлап ақпаратты терiске шығаруға тырысқанымен, мұнысы алдыңғы мәлiметтi растағанмен тең болды.
ҰҚК ТЕРГЕУШІСІ МЕН ӨКПЕЛЕГІШ ПРОКУРОР ТУРАЛЫ СӨЗ
Қарашаның 2-ciнде жалғасқан Атыраудағы Макс Боқаев пен Тал­ғат Аянға қатысты сот проце­сiнде бiрқатар қала тұрғындары, өндiрiстiк компаниялар жұмысшылары жауап бер­дi. Қарабатан мұнайшылары айт­қандарынан қайтпады, өздерiн еш­кiмнiң шақырмағанын, ерiктерiмен барғандарын, заңсыз еке­нiн бiлме­ген­­дерiн, бiлсе де баратындарын мә­лiмдедi. Олардың сотқа дейiн­гi тергеудегi жауаптарының алшақтығынан мезi болған ҰҚК пысықай тергеушi­сiнiң бiрi куәнi сот алдында шақырып, қалай жауап беру керек­тiгiн үйретiп жiбергенi белгiлi болды. Сотқа сәрсенбiден бастап арнайы келген Нидерланд Корольдiгi елшi­лiгiнiң миссия басшысының орынбасары Ян Хаусман мен АҚШ елшi­лiгiнiң саяси бөлiмi бастығы Нинг -чуан Джу бақылау жасай бастады. Сот отырысына қатысып, оны жымия тыңдап отырған АҚШ елшiлiгi өкiлiне ренжiген “намысшыл” прокурор, судьядан оған ескерту жасауды сұрады. ҰҚК тапсырысымен жасалып, адвокаттар “дұрыс аударылмаған” деп сот отырысы басынан берi шағымданып
«ҚАРҒА ҚАРҒАНЫҢ КӨЗIН ШҰҚЫМАЙДЫ»
Қазақстан Республикасы атанған мемлекетi­мiзде шын мәнiндегi әдiлеттi сот жүйесi бар ма, жоқ па? Бұл сұраққа көпшiлiктiң жоқ деп жауап қатарына сенемiн. “Жас Алаштың” бастан өткерген сот процестерiмен жете таныс ондаған мың оқырман Жоғарғы сотқа бiр үмiтпен, бiр күдiкпен қараған шығар. Төменгi сатылардағы көпе-көрiнеу жол берiлген заңсыздықтарға көз жұма қарай ма деген күдiгiмiз болды. Халықтық газетке айналған, өткiр де батыл жазатын, елдiк, ұлттық, мемлекеттiк мүдденi, азаматтардың құқығын қызғыштай қорғайтын, бiр ғасырға жуық тарихы бар басылымға қиянат жасай қоймас дейтiн үмiт те жоқ емес едi. “Жазықсыз “Жас Алашқа” Жоғарғы сот әдiлетсiз шешiм шығарса, онда соттарға iсi түскен қарапайым адамдардың тағдыры не болмақ? Құ­қықтық мемлекет құрудың бос сөз болып қал­ғаны онда”.
 Мемлекеттiк билiк жүйелерiне, оның iшiнде әр деңгейдегi соттарға бұқараның сенiмсiздiгi арта түскен қазiргi кезеңде заңсыздықтың қайталануы наразылықтарды өршiтедi. Судьяларды президент тағайындайды. Ал мемлекет атынан үкiм етушi­лердiң қателiктерiн, заңнан ауытқушылығын, жемқорлығын байқаған халық президенттi кiнәлайды. Сондайларды қызметке қойып, сенiм артқаны үшiн. Алмалы аудандық №2 сотынан, Алматы қалалық сотынан кейiн осындай жайттың куәсi болдық. Ж.Зекейұлының жөнсiз әрi негiзсiз талаптарын қолдаған, оның шынайылықтан гөрi жасандылықпен ие болған абыройын қорғаған судьяларға не айтамыз? Ең алдымен халық алдындағы мемлекеттiң, президенттiң абыройын ойламады, тура биде туғандық, әдiлеттi судьяда сыбайластық болмайтынын көрсетпедi деймiз ғой.

 Астананың мамандандырылған ауданаралық әскери соты “билiктi күшпен басып алмақ болды” деп айыпталған шымкенттiк кәсiпкер Тоқтар Төлешевтi 21 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкiм шығарды. Судья Ербол Ахметжановтың шешiмiмен “Төлешовтiң заңсыз немесе қылмыстық жолмен тапқан мүлкi тәркiленетiн” болады.

Белгiлi жазушы, беделдi баспагер, қоғам қайраткерi Мереке Әбдешұлы Құлкеновтiң айтулы алпыс бес жасқа толуына байланыс­ты бiрер сөз айтпақпын. Бұл ретте, ең алдымен, оның белсендi жүрген азаматтық позициясын атап өтсем деймiн. Мәселен, ол ана тiлi мәселесiн сонау қайта құру дәуiрiнде тiлдер туралы алғашқы заң шыққалы берi тұрақты назарда ұстап келедi. Баршамыз бi­летiндей, “Ана тiлi” газетiнде iстеп жүргенiнде бұл мәселемен жүйелi түрде айналысты. Және сол әде­тiнен күнi бүгiнге дейiн жаңыл­ған емес. Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтуге көңiл бөлмей отырғанымызға, бұқаралық ақпарат құралдарындағы журна­лис­тердiң тiлге жауапкершiлiкпен қарай бермейтiнiне назар аудара отырып, қазiргi билiктiң өмiрге енгiзiп жатқан үштiлдiлiк саясатының залалды жақтары жайында ұдайы дабыл қаға айтып, жазып келедi.

 Malta Today жаңалықтар порталы Мэттью Вэллдiң “Мальтада Рахат Әли­евтiң драмасы әлi күнге дейiн жүрiп жатыр” (Rakhat ALIYEV drama still playing out in Malta) деген мақаласын жариялады. Мақаланың алғысөзiнде: “Екi кiсiнiң қанын мойнына жүктеп, қылмыскер атанған, былтыр қайтыс болған бұрынғы қазақ құпия қызметiнiң бастығы Рахат Әлиевтiң артында қалған активтерiнiң ылаңы әлi жалғасып жатыр”, – деп жазылған. Одан әрi Рахат Әлиев өткен жылдың ақпанында өмiрден озғанымен, оның отбасының ойыны Мальтада, Конституциялық сотта жалғасын табуда

Сүйiп қосылған ғашықтардың барлығы бiрдей отбасында бақытты бола бермейдi. Кеше ғана бiрiн-бiрi көрмесе тұра алмай қосылған екi жас бiр-екi жылдан кейiн-ақ “мiнезiмiз жараспады” деп немесе басқа да сылтауларды желеу етiп айырылысып жатады. Мұның себебi неде? Сонда бақытты отбасын құру үшiн махаббаттың аздық еткенi ме?
 Психолог мамандардың айтуынша

 

Медитация – адамның өзi­нiң iшкi әлемiне қалтқысыз үңiлуiн, барлық назарын жан дүниесiне бағыттауын бiл­дiретiн ұғым. Медитацияның мақсаты – өмiрдегi құмарлықтан арылу. Оның көптеген түрлерi бар: отқа, дененiң бiр мүшесiне назарды шоғырландыру арқылы немесе ән айтып, би билеу арқылы жасалатын динамикалық медитация. Ең бастысы, бұл жаңалыққа ден қойған адам медитацияның ­сиыну немесе табыну емес, айналадағы күйкi тiрлiктен арылу, ештеңенi ойламау арқылы демалу, ағзаны тыныштандыру екенiн

Жас жеткiншектердiң әде­биетке құштарлығы күн өткен сайын азайып бара жат­қандығы жасырын емес. Бұған дейiнгi: “Балалар теледидардан көз алмайтын болды” дегенiмiз жай нәрсе екен. Жас өркеннiң санасын жаулаған көк жәшiкке ендi компьютер қосылды. Соның салдарынан баланың интеллектуалдық деңгейi төмендеп қана қоймай, рухани жан дүниесi де жұтаңдану үс­тiнде.

САМАРҚАУЛЫҚТАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ?
 Бейжай, самарқау өмiрден жалықтым. Спортпен айналысайын десем, буын-буыным ауырады. Қаттырақ қимылдасам, жүрегiм қағып, тез шаршап қаламын. Не iстесем
Жасалу әдiсi:
Ең әуелi тауықтың төс етiн сүйегiнен ажыратып, жұмсақ етiн ғана қалдырамыз да, оны екiге бөлемiз. Әрқайсысының бет жағын ғана жұқалап тiлемiз, ол ашылған кiтапша сияқты болып тұруы керек. Қалыңдығы 5 мм шамасында болады. Оған тұз, бұрыш, бас­қа да дәмдеуiштер қосып
Күреңтай батыр туралы аңыз әңгiмелердi қаршадай бала күнiмде әкем Тақаннан көп естi­дiм. Ол әңгi­мелерден ұққаным – Күреңтай батыр бiзге аталас, Ажы. Ақымбеттi көбiне Ажы-Ақымбет деп қосып атайды. Ал оның баласы Ижан ашаршылық жылдарында қайтыс болыпты. Немере­лерi, ағайынды Шәрiп ата мен Әзәу аға Бұлақбасында, бiзбен бiрге тұрды. Көз алдымызда жүр­ген батырдың тұқымдарына мен қызыға қарайтынмын, бала қия­лым оларды ертегi,аңыз әлемiне қосып жiбере­тiн.
Шәрiп ұзын бойлы, ат жақты, шүңiрек көз, ұзын имек мұрынды кiсi болатын. Құс тұмсығына қарап отырып, мен ол кiсiнi қыран бүр­кiтке ұқсатушы едiм. Әкем айтатын
Бiздi өнер сүйгiш қауым “дәулескер күйшi” дейдi, бұл жөнiнде атағым да жетерлiк: Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қызметкерi, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметтi профессоры, Маңғыстау облысының құрметтi азаматы, “Құрмет” орденiнiң иегерi. Қазiр 78-ге қарай аяқ басып барамын.
Ел арасында абыройым
Жас спортшылардың да тағдыры тастүлекке ұқсас. Оларды да бала күнiнен баптап додаға салады, қанжығасын қандайды.
Айтпағымыз, келесi жылдың қаңтарында Алматыда бүкiл­әлемдiк қысы универсиада басталады. Жоғары бiлiм алумен бiрге спортты серiк еткен саңлақтардың сайысы Алатау бөк­терiн дүбiрге бөлейтiнi анық.
Алматы осынау айтулы сайыс­ты қабылдауға әзiрлiктi уа­қытында жүзеге
“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының департаментiн басқаратын Айдар Махметов джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында күмiс медаль иелендi. Орта салмақта сынға түскен Махметов үш жекпе-жек өткiзiп, екеуiнде жеңiске жеттi.
“Жұмыстың қарбаластығы бар, жаттығуға уақыт көп бөле алмадым. Оның үстiне бiз сайыс өтетiн Сан-Францискоға жетiп, жергiлiктi