1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16172) 9 қараша, сәрсенбі 2016
АҚШ-тағы президент сайлауы Республикалық партияның өкiлi, миллиардер, жазушы Дональд Трамптың жеңi­сiмен аяқталды. Оның президент болып сайланатынына сенбеген сарапшылардың қарасы басым болғанына, АҚШ-тағы саяси элитаның өзiне қарсы тұрғанына, әлем­дiк басылымдардың кәсiпкердi жағымсыз жағынан әшкереле­ге­нiне, теледебаттарда жеңiлiп қалды дегенiне қарамастан Дональд Трамп алып елдiң 45-шi президентi атанбақ.
АҚШ-тағы сайлау жүйесi бiршама өзгеше. Мұнда 120 млн сайлаушы президенттi тiкелей сайламайды. Олар әр штаттағы “сайлаушылар” деп аталатын топқа дауыстарын сенiп тапсырады. Бұл халқының саны көп, үлкен штаттардағы дауыс беру нәтижесi шағын штаттардың қалауынан басым

Министр мен актердiң айқасына зер салған елдiң назары ендi ерiксiз Ақордаға ауды. Өйткенi Тұңғышбай Жаманқұлов президенттен араша сұрап, бейнеүндеу жариялады. Оны “шыңғырған шындық” ретiнде қабылдағандар да, “суға кеткен тал қармайдының” кебiне балағандар да жетiп артылады. Әйгiлi актердiң “ағалаған” дауысындағы жағымсыздау “жарықшақтар” өз алдына бiр төбе. Бiрақ оның бәрiн тiзе берсек, “жығылғанға жұдырық” боларын да iшiмiз сезiп отыр. Дегенмен айтпауға болмайтын бiрер мәселе бар. Театр тарланы күнi кеше ғана өзi жақтап шыққан қа­зақтың қаршадай қызын бүгiн тастай қаш­ты. Тiптi осы қылығы үшiн өзiн “кi­нәлi санайтынын” жеткiздi. Бұл – аты дардай азаматты былай қойғанда, кез келген еркекке сын болатын сырғыма мiнездiң көрiнiсi. Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде Тұңғышбайды қорғауға құлықсыз әрiптестерiнiң қылығына таңданған едiк. Соның сырын ендi түсiн­гендей болдық. Бұл кiсi ешқашан Ашық хатқа қол қоймаған екен. Ендеше, өзi бiреуге қалқан болуға тырыспаған адамды

ӨҢIРДI ГҮЛДЕНДIРУГЕ ДЕ ДЕН ҚОЯДЫ
Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi қызметiне тағайындалғанына бiр ай толған Жансейiт Түймебаев өзiн өнерге жақын, өнер саласында жүрген қызметкерлердiң мұң-мұқтажына бүйрегi бұратын әкiм екенiн байқатып үлгердi. Шымкенттегi Көркемсурет галереясындағы кездесуде Қазақстанға еңбек сiңiрген өнер қайрат­керi, Сальвадор Дали атындағы халықаралық сыйлықтың жүлдегерi, “Тарлан” сыйлығының иегерi Ерболат Төлепбайдың қатысуы да “болар iстiң басына, жақсы келер қасына” деген халық даналығын ойға оралтты. “Өзiм көптен берi Алматыда тұрамын. Соңғы 25 жылда әкiмдердiң тек суретшiлермен арнайы кездесу өткiзгенiн естiген емеспiн” дедi ол об­лыс­тың су жаңа әкiмiнiң қадамына айрық­ша ризашылығын бiлдiрiп:
– Суретшiлердiң жаны қандай нәзiк болса, олардың суреттерi де сондай нәзiк. Күтiмдi талап етедi. Яғни, қылқалам шеберлерiн алақанға салып күтуiмiз керек. Сондықтан оңтүстiкте Көркемсурет галереясына арнап заманауи жаңа ғимарат салу жан-жақты қарастырылуда.
ЯДРОЛЫҚ ОТЫН БАНКI БIЗДIҢ ХАЛҚЫМЫЗҒА ҚАЖЕТ ЕМЕС
Таяуда Мәжiлiстiң халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң кеңейтiлген отырысында Үлбi металлургиялық зауытының (ҮМЗ) қоймасында МАГАТЭ-нiң (Атом қуаты жөнiндегi халықаралық агенттiк) 90 тонна шала байытылған ураны сақталатыны және шала байытылған уран банкiнiң құрылысы жөнiнде әңгiме болды. Осы отырыста шала байытыл­ған уран банкiнiң құрылысы келер 2017 жылы күзде аяқталатыны айқындалды.
Қарашадан қарашаға дейiн созылған, аудандық соттан Жоғарғы сотқа дейiн жеткен, “Жас Алаш” пен Жасанның (қалтарыстағы дөкейлердiң де деп ұғыңыз – ред) тартысы бiз үшiн жартылай жеңiспен аяқталды. Дегенмен мұны бүтiн жеңiске балаған бұқараның iшiнде бiзге бауырмалдық ниетпен “Бүгiнгi былыққан қоғамда мұның өзi – жетiстiк, басылымға түскен салмақты көп болып көтеремiз, 5 миллион – садаға!” деп ашубасар айтқандар да, құттықтау жiберiп, ақсарбас атағандар да аз болған жоқ. Сiрә, олар “нұқсан келген” ар-намысының өтеуiне 400 миллион теңге сұраған талапкер мен 40 миллион теңге айыппұл арқалату арқылы “Жас Алаштың” аузын жапқысы келген әлдебiреулердiң iшiн от қарып жатқанын сезетiн болса керек. Әрине, 5 миллион теңге жұрттың несiбесiн жеген жуандардың бiр түс­тi­гiне
О кездегi тегi – Момбеков. Республикалық “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетiнде табан аудармай елу бiр жыл қызмет етiптi. Үй-жайы “Орбита” ықшамауданының тө­менгi бет­кейiнде. Сол маңайдан қазiргi Көк базар iргесiндегi Баспалар үйiне келгенше талай жер. Жастайынан же­тiм қалып, репрессия мен кәмпеске зобалаңын да, аштық пен соғыс сұм­дығын да өткерген жан күн сайынғы жолында бастан кешкен алақұйын заманаларды саралап, тiрлiк мә­нiне бойлауды әдет қылған се­кiл­денедi. Гоголь көшесi­мен келiп, 28 гвардияшыл-панфиловшы атындағы саябақ аялдамасынан түседi де, сөм­кесiн асынып, жаралы аяғын сүйретiң­кi­рей баса, редакцияға беттей­дi.
Бағдат ақсақал мiнетiн 12-шi троллейбус орталық көшелердiң бiрталай аралығын қиып өте­тiндiктен, оқта-текте Бәкеңмен жолымыз түйiсiп қалады. Ондайда орындық арқалығына
“Алматы Тауэрс” ғимаратында болған өрт өрiмдей бес жiгiттiң өмiрiн қиды. Бесеуiнiң де жасы – 20-дан жаңа асқан, бесеуi де – Алматыдағы жоғар­ғы оқу орындарының студенттерi. Олардың бiрi – машина жасау, екiншiсi – электр энергетикасы, ендi бiрi – стоматология, тағы бiрi – ядролық физика саласы бойынша маманданып жүрген. Әрқайсысы – бiр-бiр үйдiң үмiтi, қала бердi, бүкiл елдiң ертеңiне тұтқа болар азаматтары едi.
Жастар сабақтан бос кез­дерiнде аталған нысанда жұмыс iстеген, оларға сағатына 500 теңгеден төленген. Өрт шыққан жерде батут орталығы жасақталып жатқан. Ақпарат көздерiнiң мәлi­метiнше, өрт лап ете қалғанда iштегiлердiң барлығы есiкке қарай ұмтылған. Бiрақ ол құлыптаулы

Кассациялық соттың “Жас Алашқа” қатысты шешiмi жай­лы соңғы жаңалықты газеттен оқып, қуанып қалдым. Әрине, 40 миллион теңгелiк айыппұлдың 5 миллионға дейiн шегерiлуi әдiлеттiң то­лық орнағанын бiлдiрмейдi. Әйтсе де, бұл туралыққа жақындау, әдiлеттiлiктiң лебi ескен қадам болды. Себебi, ақшаға сатылмай шындықты жазатын газет үшiн қазiргi заманда 40 миллион теңге көлемiндегi айыппұл – газеттi жабумен бiрдей сорақылық едi. Осы ретте сот бiздiң мұң-мұқтажымыздың шешi­луi­не бiлек сыбана араласып нақты нәтиже шыққанша тынбай табандылық танытып жүрген сүйiктi басылымымыз­ға

“ҚазАгроҚаржы” акционерлiк қоғамы 1999 жылы құрылған. Сол жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасының үкiметi қаулы қабылдап, акционерлiк қоғам құрылды. “Ауыл шаруашылығының кейбiр мәсе­лелерi туралы” қаулы негiзiнде ашылған ак­­ционерлiк қоғамды құрудағы басты мақсат – ауыл шаруашылығына қажеттi техника паркiн жаңарту мәселесiн оңтайлы шешу. Бұл күнде “ҚазАгроҚаржы” акцио­нер­лiк қоғамы ұлттық басқарушы хол­дингтiң құрамында 
Ауыл шарауашылығының өнiмiн өндiрушi фермерлерге, диқандарға қолдау көрсетiп, бастаған кәсiбiнiң дөңгелеуiне серпiн берудi көздейтiн акционерлiк қоғам қолжетiмдi қаржы қаражатпен
Бiлiмдi ұлт – бәсекеге қабiлеттi ұлт. Әлемдiк бәсекелестiк ауқымында Қазақстан өзiнiң ла­йық­ты орнын алу үшiн бiлiмдi ұрпақ тәрбиелеуге мейлiнше мән берiп жүр. Соның iшiнде азаматтарға заман талабына сай мамандық игер­тудiң маңызы зор. Осыған байланысты мемлекет мамандық игерем деушiлердi қолдаудың түрлi тетiктерiн iске қосқан болатын. Мұндай бiрегей тетiктiң бiрi – “Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi”. Дәл осы бағдарлама бойынша елiмiздiң кез келген азаматы жоғары оқу орындарында бiлiмiн арттырып қана қоймай, екiн­шi мамандық алу үшiн өзiне қаражат жинай алады.
Мемлекет ауқымымен ойласақ, қайтарымы зор қаражат – бiлiмге салынған ин­вес­тиция. Азаматтарды бi­лiм­дi ету арқылы мемлекет жыл сайын ұлт сапасын кө­те­рiп қана қоймай, экономикалық-әлеуметтiк мәселе­лер­дiң оң шешiмiне
Заманбек НҰРҚАДIЛОВ
 
Заманбекпiн, ешкiм де жоя алмайтын.
Мен де қазақ, әзiрше оянбайтын.
Бұл елде нақұрыстар көбейгенi,
Бәрiн сатып, алтынға тоя алмайтын.
 
Ау, жалған!
Бұл не деген бақытсыздық?!
Бағдар – алдан, жолымыз – бағытсыздық?...
Немiзге бiз тойындық, iшiп жедiк,
Құры сөз – жуындыдай құйған тұздық...
 
Патшаларға үйренiп қалдымыз ба?
Не тұрғанын бiлемiз бе алдымызда?
Қояйық, қартаң бiздер бiраз көрдiк,
Өнеге ұрпақтарға болдымыз ба?

Бiрiншi сыныптан бастап, яғни 6 жасар бүлдiр­шiн­дерiмiзге 3 тiлдi қатар оқытып жатырмыз. “Осындай тәжiрибе дүниежүзiнiң өзге елдерiнде бар ма екен?” деген мәселенi бiл­гiм келiп, ағылшын тiлiн бiлетiн, қазiр жоғары оқу орнында сабақ беретiн, бiраз жыл Қазақстанның шетел­дер­дегi елшiлiк­те­рiнде

1970-1975 жылдары қазақтарда “Қайрат” және өзбектерде “Пахтакор” деген футбол командалары болды. Ол кезде 19-20 жастамыз. Бiрде осы екi команда Өбекстан астанасы Ташкент қаласында ойын өткiзетiн болды. Жиналып сол жаққа бет алдық. Өзбекстанға барғанда бiздi екi команда ойыны емес, сол жақтың жергiлiктi орыстары таңғалдырды. Пойыздан түсiп, такси тұрағына бардық. Әлгi жерде орыстың екi жiгiтi

Кенже баламның тойын өткен аптада “Анартай” тойханасында өткiздiк, – дейдi 63 жасқа жақында ғана толған бiр таныс көкем, – Той дүрiлдеп өтуi өттi ғой. Бiрақ қатты шығындалып қалдым. Өйткенi жегжаттарым онша көп емес едi. Оның үстiне құдаларым Қостанай жақтан едi. Тойға үш күн қалғанда сол жақтан 30 адамнан құралған “делегация” келдi. Қонақ келген, әрине, жақсы ғой. Бiрақ оның да аузы болады, жататын жерi болады дегендей, бар салмақ отбасымызға түстi. Үш күнде 30 адам мен үйдегi он шақты адам болып екi қой мен бiр аяқ жылқы

Созақ ауылында екi орта мектеп бар. Бiрiншiсi – Созақ жалпы орта-мектеп гимназиясы, екiншiсi – Науайы атындағы қазақ-өзбек мектебi. Мiне, осы екi мектепте Созақ ауданының балалары тәрбиеленiп, бiлiм алуда. “Созақ” жалпы орта мектеп-гимназиясы мектебiнiң ғимараты Кеңес Одағы тұсында салынған. Мектеп 1978 жылы пайдалануға берiлген. Содан берi ешқандай күрделi жөндеу көрмедi. Мектеп апаттық жағдайға жетсе де, ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ.

26 қазан күнi I.Жансүгiров атындағы облыстық мәде­ниет сарайында бұрынғы айтыскер ақын, композитор, Елена Әбдiқалықованың кон­цертiн тамашалауға әйе­лiмдi ертiп мен де бардым. Жарнамасы дұрыс болмады ма, әлде аптаның басы – халық жұмыста дегендей, әйтеуiр, көрермен онша көп бола қойған жоқ. Бiрақ Елена оған қарамады, жарты сағаттай кешеуiлдеген концертiн өзi басқарып, Құдай берген бар өнерiн төктi-ақ. Орындаған әндерiнiң басым көпшiлiгi, өлеңдерiн де, әндерiн де өзi жазған, халыққа

Әп, бәрекелдi «Аққа құдай жақ» деген осы болар. Бүкiл бұқара назарына iлiккен бұл iсте бiр оң нәтиже болса деп тiлекшi болғанбыз. Жартылай жеңiс – ол да жақсы. Шәкәрiм Құдайбердi атамызша айтқанда – “ТУРА ЖОЛДАН ТАЙМАЙ БАРҒАНЫҢ, ЖЕТПЕСЕҢ ДЕ АЛҒАНЫҢ”. “Жас Алаштың” жазықсыздығы, Зекейұлының оспадар талабы мен дүдәмал атақтары туралы жұртқа мәлiм болса да

Иә, ол кездесу әлi есiм­де. Бұл 1969 жылдың күзi, қазан әлде қараша айы ма екен. Сол жылы мен Қостанай облыстық партия ко­митетiнiң жолдамасымен КПСС Орталық комитетiнiң жанындағы Қоғамдық ғы­лымдар академиясына оқуға түскенмiн. Академияның идеология бөлiмшесiнiң журналистика секциясында сабақтар жаңа басталған-ды. Алдында газеттерден Мәскеуде волейболдан Алматының “Буревестнигi” мен ЦСКА командаларының арасында шешушi кездесу болатынын оқып бiлiп, жарыс болатын күнi Әскерилердiң Орталық спорт клубына жол тарттым. Спорт залы онша кең емес екен. Жиналған қауымның денi қызылды-жасылды погон таққандар яғни ЦСКА волейбол клубының жанкүйерлерi. Залда өзiмен басқа да аракөздер бар ма екен деп жан-жағыма қарап едiм, ондай ешкiмдi көре алмадым.
Сонымен шайқас басталып та кеттi. “Буревес­тник­тiң” құрамында алаңға

 

Ұлттық олимпиадалық комитеттiң президентi Тимур Құлыбаев Жапонияның ұлттық жаттығу орталығында болды. AJINOMOTO ұлттық жаттығу орталығында олимпиадалық спорт түрлерiмен (18 спорт түрi) спортшылар шұғылданады. Соңғы он жылда Жапонияның олимпиадалық делегациясы осы кешенде әзiр­лiк өткiзiптi. Яғни Бейжiң Олимпиадасы дайындықты, одан кейiнгi Лондон, күнi кеше аяқталған Рио жазғы Олимпиадаларына осы орталықта әзiрленген.  
AJINOMOTO орталығында жабық кешендегi теннис

UFC тарихында чемпиондық белбеудi иеленген ең жас сайыпқыран саналатын американдық Джон Джонс бiр жыл мерзiмге спорттан шеттетiлдi. USADA допингке қарсы агенттiгi Джонстың қанын тексергенде рұқсат етiлмеген препаратты тұтынғанын растаған. Мәртебелi турнир саналатын “UFC 200” додасына қатысар алдында тұтылған Джонсты ендi жанкүйерлерi бiр жыл бойы