1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (16173) 14 қараша, дүйсенбі 2016
Оңтүстiк Кореяның астанасы Сеулде ел президен­тiнiң қызметiнен кетуiн талап еткен митин­гiге миллион адам қатыс­қан. Кәсiподақ мүшелерi, студенттер, зейнеткерлер мен балаларын ерткен жас отбасылар президент Пак Кын Хенi ел басқара алмайды, өкiлетiн асыра пайдаланып отыр деп айыптайды. Бұл елдiң прокуратурасы президент­тiң құрбысы Цой Сун Сильдiң мемлекет iсiне араласуына байланысты ел басшысынан жауап алмақ екенi де белгiлi болды.
Өткен аптада ғана Қа­зақ­стан президентi Нұрсұл­тан Назарбаев дауыл алдындағы Оңтүстiк Кореяға барған едi. Қазақстандағы би­лiкке бағынышты ақпарат құралдары Н.Назарбаевтың Жапония мен Оңтүстiк Кореяға сапарын Азияға жасаған турне түрiнде жарыса жазған. Бұған дейiн Н.Назарбаев 2010 жылы “Таңғы шық” елiне мемлекеттiк
Өзiн қырғыз басшысы Алмазбек Атам­баевпын деп таныстырып, Украина президен­тi Петр Порошенкомен бiр сағат сөйлескен қылжақбастың кiм екенi әлi белгiсiз. Қос елдiң Сыртқы iстер министрлерi бұл мәселенi зерттеп жатқанына он шақты күннiң жүзi өтсе де, айыптыны атай алмады. Дегенмен тұтқаның ар жағындағы “Атамбаевты” Алатаудың төңiрегiнен iздеп жүргендердiң тiрлiгi бос сенделiске ұқсайтындай.
Жақында ғана украиналық БАҚ Петр Порошенконың Алмасбек Атам­баевпен телефон арқылы тiлдескенi жө­нiнде мәлiмет таратқан. Ең қызығы, олар бұл ақпаратты президенттiң баспасөз қызметiне сiлтеме жасай отырып, жариялаған едi. Алайда А.Атамбаевтың телефондағы әңгiмеге қатысы жоқ екенi кейiн белгiлi болды.
Өткен апта да үзiлiссiз жалғасқан Макс пен Талғаттың сотында алты сарапшы мен сотқа дейiнгi тергеудi жүргiзген Атырау облыстық IIД және ҰҚК департаментi тергеушiлерi жауап бердi. Жер мәселесiн көтерген екеудiң әлеуметтiк желiдегi жазбаларын сараптаушылар олардың ел арасына “дисфункционалдық әсердi” қалай таратып отырғандарын дәлелдеп бере алмады. Айғақтарды қарау хаттамасы мен қылмыстық iс хаттамасындағы айырмашылық табылып, сотталушылар мен олардың адвокаттарының наразылығын тудырды. Ең бастысы 21 жылға сотталған шымкенттiк кәсiп­кер Төлешовтiң семейлiк белсендi  Марлан Есел­баев­та сақталған “ақшасы” мен “ақша” орал­ған футболка да көрсетiлдi. Бiрақ ол кiм­нiң фут­болкасы, ақшада Талғат Аянның саусақ iздерi бар ма? Тергеу тарабы бұл сауалдарға жауап iздеп асықпапты.
Өткен аптада “АДК” сауда орталығында 5 мың теңгеге тегiн сауда жасау үшiн жартылай жалаңаштанған жандардың суреттерi мен бейнежазбасы қоғамды дүр­лiктiрдi. Кейiнiрек сауда орталығының басшылығы көп­шiлiктiң наразылығын тудырған шарасы үшiн кешiрiм сұрады. 5 мың теңгеге бола (15 АҚШ доллары) iш-киiмi­мен ғана дүкенге кiргендердi айыптағанымызбен, бұл тамақ үшiн тәнiн жалаңаштауға дайын елдiң қай жағынан болсын лыпасыз қалған сықпытын көрсетпей ме? Егер 10 мың теңге беремiн десе, ел анадан жаңа туған­дай жүруге де дайын сияқты. Ал бұл соманы бiрнеше есеге өсiрсе, жұрт ақша бергеннiң дегенiн iстеуге әзiр-ау.
Басқа жағынан, мысалы мемлекет деңгейiнде алып қарасақ, жалаңаштанбаған немiз қалды? Инфляция, жалпақ тiлмен жет­кiзгенде тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының шарықтауы, теңгенiң құнсыздануы
МИЛЛИАРДТАР ҚАЙДА КЕТТI?
Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай ҚР Парламентi қабылдаған декларацияда: “Қазақстан әлемдегi энергетикалық және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етушi жетекшi елдер қатарына енетiнiн” мәлiмдеп жар салып едi, бұл жолы ұзақ үнсiздiк. Бюджеттiң миллиардтаған қаржысы жұмсалып, ел экономикасының қозғаушы күштерiне айналмақ зауыттар мен фабрикалардың қазiргi халi туралы не парламентте, не үкiметте талдау жасалып жатқан жоқ. Қазiргi күннiң ең өзектi сауалы – қай зауыт қай өңiрдiң локомотивiне айналды? Айналмаса, 6 жыл iшiнде қағазда қалған жобаларға жұмсалған қаржы қайда кеттi? 400-500 миллион долларға
КОМПАНИЯНЫ ТАРТЫП АЛМАҚ КӨРIНЕДI
Қазақстандағы iрi фармакологиялық компания “Роматтың” басына екi жылдан берi бұлт үйiрiлiп тұр. Кәсiпорын осыдан 20 шақты жыл бұрын Тұрарбек Рақышев пен Марина Кимның отбасылық биз­несi ретiнде ашылған. Былтырғы жылға дейiн “Ромат” елiмiздегi алдыңғы қатарлы компаниялардың бiрi саналды. Оның үстiне ол Қазақстандағы шетелдiктердiң үлесi жоқ жалғыз кәсiпорын. Құрамында үш үлкен фармацевтикалық зауыты бар холдинг 2006 жылы “Ұлттық экономиканың көшбасшысы” деген халықаралық белгiге де ие болған. Түрлi терапевтикалық топтарға жататын дәрi-дәрмектiң 150-ге жуық түрiн әзiрлейтiн “Роматтың” бiр ғана Павлодардағы зауыты жылына 300 миллион таблетка, 100 мил­лион дәрiлiк капсула шығарады.
Осындай алып кәсiпорынға аяқ астынан не болып қалды дейсiз ғой? Компанияның төтенше жиналысының бейнекөрiнiсi Фейсбук әлеуметтiк желiсiне қойылған екен. Осы бейнежазбада
Айдың, күннiң аманында отқа оранып ажал құшқан бес студенттiң қазасы жұрттың жағасын ұстатты. Жабыла жаздық, айттық, ел ұлардай шулады. Одан берi де он шақты күн өттi. “Тiрi адам тiршiлiгiн iстейдiнiң” керiмен, қоңыртөбел тiрлiк ары қарай жалғасты. Дегенмен осы қайғылы жағдайдан не сабақ алдық, қандай қорытынды шығардық?!
Бiр анығы, студенттер бүгiнде елiмiздегi ең аз қорғалған, әлжуаз топқа айналды. Соңғы бiр-екi жылдың iшiнде олардың қаншамасы оқыс қазаға ұшырады: бiреулерi суға ағып кеттi, ендi бiреулерi кiсi қолынан мерт

Ел iшiнде әлеуметтiк саланың қордаланған мәселесi тым көп. Соның бiрi – медицина. Үкiмет бұған бiр емес, бiрнеше отырысын арнаса да түйiндi түйткiл түп-тамырымен жуық арада шешiле қоймасы анық. Мәселен, педиатрия факультеттерiнiң жөнсiз жабылып қалғанын балалардың елiмiзге әйгiлi ғалым дәрiгерi Камал Ормантаев ақсақалдың шырылдап айтып келе жатқанына он жылдың жүзi болып қалған шығар. Сол сияқты, шалғай ауылдарда амбулаторияның жоқтығынан соңғы кездерi өлiм-жiтiм көбейiп келедi. Әсiресе, жастар ара­сында қазiр қаза дендеп кеттi. “Ұйқыға жатып, оянбай қалыпты” дегендi жиi еститiн болып жүрмiз. Мұ­ның сыры неде?

Кеше Қазақстан қор биржасында ұлттық валютаның бағамы (бiр доллар) 342,79 теңге көлемiнде қалыптасты. Таңғы саудадағы алғашқы мәмiле 340,96 теңгеге жасалды. Доллар бағасының ең төменi осы мөлшерде, ал жоғарғысы 343,2 теңгеге жеттi. Kurs.kz мәлiметi бойынша, Алматыдағы ақша айырбастау бөлiмдерiнде доллар бағамы 342,5-343,2 теңгеге бағаланып, сатылып жатыр.
Кейбiр сарапшылардың “АҚШ-тағы сайлау науқанынан кейiн доллар бағамы 340 теңге көлемiнде тұрақталады” деген болжамы шындыққа жанаспады. Күн өткен сайын теңге әлсiреп

Бүгiнгi қоғам тiрлiгiне саналы көзбен қарап, ұлт­тық құндылықтарға, оның iшiнде қазақ тiлiндегi басылымдарға барынша қолдау жасап жүрген қадау-қадау адамдар бар. Солардың бiрi – Баянауыл ауданының құрметтi азаматы, сол жер­дегi “Ақсақалдар алқасы” кеңесiнiң төрағасы Мұрат Рахметов. Сонау, коммунистiк пар­тияның туы аспанға жел­бiреп тұрған жетпiсiншi жылдардың өзiнде Мұрат Дүйсенбайұлы совхоз бас­қара жүрiп, Мәшһүр-Жүсiп бабамыздың тұңғыш мұражайын ашып, зират-үйiн қайтадан қалпына келтiруге ұйытқы болған екен. Бұндай әрекет үшiн ол кезде қыз­метiңнен қуылып, партиялық билетiңнен айырылу оп-оңай едi. Соны бiле-тұра тәуекелге барған. Сексенiншi жылдардың аяғында Алаш әдебиетiнiң айбозы Жү­сiпбек Аймауытов ақталар-ақталмастан, оның туған жерi Қараның адырына ескерткiш-тас апарып орнат­қан тағы да осы Мұрат аға. Бұл да компартияның би­лiкте тұрған уақыты болатын. Елiмiз тәуелсiздiк алғанымен, ел-жұрт әлi де мұ­сылманшылыққа үрке қарап тұрған

Театрдағы және кинодағы айшықты рольдерiмен көрермен көзайымына айналған Нүкетай Мышбаева есiмi ел-жұртқа жақсы таныс. Ең алғаш “Беу, қыздар-ай” теле­спектаклiнде жарқ етiп көрiнген жас таланттың өнерi одан әрi “Ана – Жер-Ана” қойылымындағы Әлиман, “Қан мен тердегi” Ақбала, “Той боларда” спектаклiн­дегi Айбала iспеттi басқа да көптеген образдар арқылы даралана түстi. Қалың көрермен Нүкетай Мышбаеваның әртiстiк шеберлiгiне “Қымызханадағы” Теңгетай бейнесi арқылы одан әрi тәнтi бола түстi.
Театр сыншыларының пiкi­рiнше, Нүкетай Мышбаева шығармашылығының ерек­шелiгi – халықтық сипатында. Мұның жарқын бiр мысалын актрисаның күрделi рольде­рiнiң бiрi – әншi Майра образынан көруге болады. Иса Байзақовтың қызы, актриса М.Бай­­зақова Нүкетай кең тыныс­ты, қоңырқай үндi да­уысымен “Майра” әнiн шырқағанда өзiнiң көз алдында ту­ра әке-шешесiнiң аузынан ес­тiген әншi Майра тұрғандай әсерленгенiн айтқан. Ал пьеса авторы, ақын-драматург Ә.Тәжiбаевтың өзi: “Нү­ке­тай Майраның әндерiн керемет айтады. Нағыз Майра ендi туды”, – деп қуанса керек.
Негiзгi шығармашылығын театрға арнағанымен, Нүкетай Мышбаева – отандық кино мен дубляж саласында да жемiстi еңбек еттi. Кинодағы басты ролiн ең алғаш “Шығыс жолы” көркем    филь­мiн­дегi жылқышы әйел образымен бастаған ол, сон­дай-ақ “Жазда жауған қарда”
Гүлбақыт ҚАСЕН
Арқалатып таудай биiк талапты,
Тауда бүгiн ерекше бiр таң атты...
Қандай ғажап тауда шығып, бататын –
Күн боп сүйсем атырапты, алапты.
 
Құзарт шыңда қыран қанат қағатын,
Соны көрiп жаным рахат табатын.
Армандаймын.
Айналуға шақ қалам –
Бұлақтарға таудан құлап ағатын.
Мен – 77851 нөмiрлi жүз иендiк қағаз ақшамын. Әмияныңдағы жүз иендiк қағаз ақшаларға қарашы. Бәлкiм, мен солардың арасында жат­қан шығармын. Әбден умаждалып, бiреудiң қалтасына түстiм бе, әлде қоқыс қағаздың арасына тасталдым ба, ол жағын анық бiлмеймiн... Жақында жаңа үлгiдегi иен шығып, бiз сияқты ескi қағаз ақшалар өртеледi деген сыбысты да естiгем. Не тiрi, не өлi екенi белгiсiз халде жатқаннан гөрi түгел өртелiп, көкке ұшып кеткен артық па деп ойлаймын. Өртелген соң жұмаққа барасың ба, тозаққа түсесiң бе, ол – Құдайдың iсi. Бәлкiм, мен тозаққа түсетiн шығармын...
Дүниеге келгенде қазiргiдей құн­сыз емес едiм. 200 иен, 1000 иен    сияқты менен гөрi бағалы ақша түрлерi кейiн шықты ғой. Ал мен туғанда 100 иен деген ақшаның патшайымы едi.
Тiрлiктiң тұрлаусыз, дүние­нiң жалған екенiн ерiксiз есiңе сала­­тын – тосыннан келетiн ажал, ойсыздан келетiн өлiм. Ертiс-Баянауыл өңiрi­нiң өнерiн аспандатып, айтыстың туын көтерiп жүрген Алмагүл Жүгi­нiсова атты қарындасымыз ойламаған жерден жол апатына ұшырап, көз жұмды. Соңында аңыраған анасы, шырылдаған екi сәбиi қал­ды...
Дүбiрлi жарыстарда Кереку өңiрiнiң намысын қорғап жүрген жал­ғыз қыз едi Алмагүл. Бауырлас Түрiк елiне де бiрнеше мәрте барып, дәстүрлi ұлттық өнерiмiздi насихаттап жүретiн. Былтыр ғана “Алма гүлдегенде” деп аталатын жыр жинағының тұсаукесерiн жасаған. Сол кiтабына
Кеше Астанада белгiлi қа­ламгер, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Шәрбану Бейсенованың «Сүйiнбике, Ұлы Дала аруы» атты кiтабының тұсаукесерi өттi.
Жауынгерлiк самбодан үш дүркiн әлем чемпионы, аралас жекпе-жектен (ММА) айтулы турнирлерде топ жарып даралан­ған Арман Оспанов ендi АҚШ-та додаға түседi. “Алаш Прайд” клубының “Сұңқары” мұхиттың арғы жағындағы тегеурiндi ұйым саналатын   WSOF-пен келiсiмшарт жасасыпты.
Оспановпен келiсiмшарт жасас­қан қандай ұйым екенiн “Алаш Прайд” клубының президентi Данияр Қасқарауовтан сұрап, шағын сұхбат алдық.

Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының қола жүлдегерi Галбадрах Отгонцецег 2016 жылдың ең үздiк балуан қызы атанды. Дзюдо күресi бойынша саралау кезiнде Галбадрахтың биылғы жылы қатыс­қан сайыстарындағы нә­ти­желерi Олимпиада чемпиондары мен әлем бiрiн­шiлiгiнiң жеңiмпаз­дарының алған жүлделерiнен салмақты болған. Мәселен, Галбадрах биылғы жылы 10 рет додаға түсiп, 5 алтын, 2 күмiс, 3 қола медальмен

Ертең Қызылорда қа­ласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында кезектi Қазақстан чемпионаты және ел кубогы жарыс­тары басталады. Дүбiрлi бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 400-ден аса спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесiнде (7 ер және 7 әйелдер) жүлде­лердi сарапқа салады.
Олардың арасында әлем чемпионатының күмiс жүл­дегерлерi, батысқазақстандық Азамат Мұқанов, ақтөбелiк Рустам Ыбраев, биылғы Рио-де Жанейро қаласында өткен Олимпиа­да ойындарының

 Геннадий Головкиннiң бапкерi Абель Санчестiң “boxingnews24.com” сайтындағы айтқаны жүзеге асса, келесi жылдың маусым айында Головкин кезектi жекпе-жегiн елiмiзде өткiзедi. Келесi жылдың 10 маусымында Астана қаласында халықаралық ЭКСПО көрмесi ашылады. Үш айға созылатын халықаралық көрме кезiнде Головкин бiр айқасын Астана төрiнде өткiзуi мүмкiн.
Биылғы жылы екi айқас өткiзген Головкин келесi жылы төрт рет рингке шығуды жоспарлапты. Боксшының бапкерi уақыт озған сайын Голов­киннiң де жасармайтынын, мүмкiндiгiнше

Бала кезiмнен әкем жаздырып берген «Лениншiл жасым», өзiм аз уақыт болса да жұмыс iстеген «Жас Алашым»... Талай мақалам жарық көрген сүйiктi газетiм. Қаншама жыл жаздырып оқып жүрген басылымым – «Жас Алаштың» Момышұлы отбасы үшiн орыны бөлек. Мамамыздың аруағы разы болсын, мынаны барып көрсетiлген есеп­шотқа аударып келгiн», – деп Зейнеп апам да «Жас Алашқа» өз қолда­уын бiлдiрдi.