1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (16174) 16 қараша, сәрсенбі 2016

Астанада кеше ЭКСПО-2017 халықаралық көрме­сi­не арнап салынып жатқан екi ғимараттың арасындағы көпiр құлады.Түс кезiнде болған оқыс апаттан абырой болғанда ешкiм зардап шекпеген көрiнедi. “Астана ЭКСПО-2017” ұлт­тық компаниясының қоғаммен байланыс департаментiнiң бас­шысы Сергей Куянов журналистерге көрменiң екi павильоны ара­сын жалғайтын сән­дiк көпiр құлағанын және құрылыс әлi қабылдаудан өтпегендiк­тен оны мердi­гер өз есебiнен қалпына келтiретiнiн хабарлады. 

Күнi кеше ғана “Мемлекеттiк қызмет­керлердiң бiрыңғай форма киетiнi” туралы “жып-жылы” жаңалықты бұқаралық ақпарат құралдары бiрiнен-бiрi “ала қашып” жариялаған. Өкiнiштiсi сол, Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы iс-қимыл агент­тiгi мұны қауесетке телiдi. Бiрақ жұрт арасында “қап, әттеген-ай, жемқорлықпен күрестiң көкесi осы болар едi-ау” деп өкiнiп жатқандар көп. Қиялына ерiк берiп, шендi-шекпен­дi­лердi ойша киiндiрiп көр­ген­дер де жаппай “қамығып” жатыр. Сондықтан бұл мәселенi әлi де болса талдап-таразылап, бүкiл қо­ғам болып талқылаған жөн секiлдi.
Алдымен ақпараттың ау-жайымен таныстырайық. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттi­гiнен шықты делiнген мәлiметте “мемқызметкерлерге ортақ киiм үлгiсiнiң пiшiнi нақтыланып” жатқаны айтылған. Мұндағы мақсат “мемлекеттiк қызметкерлер арасында күнде­лiктi киiмге жұмсалатын қаржыны қысқарту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу” болғанға ұқсайды. Жоғарыда айтқанымыздай, мұны кейiн Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

15 қарашада Central Asia Monitor газетi мен Radiotochka.kz сайтының бас редакторы Бигелдi Ғабдуллин лауазымды тұлғалардан мемлекеттiк тапсырыстарды бопсалады деген күдiкпен Астанада тергеу абақтысына қамалғаны белгiлi болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы Бигелдi Ғабдуллин өзiне қарасты Central Asia Monitor газетi мен Radiotochka.kz сайтын пайдаланып, “мемлекеттiк органдардың басшылары туралы жағымсыз материалдар жариялау арқылы ақпараттық шабуыл ұйымдастырған”, “оны тоқтату үшiн лауазымды тұлғалардан өзiнiң медиа ресурстарының пайдасына мемлекеттiк тапсырыс бопсалаған” деп мәлiмдедi.

Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы өзiне сексуалдық дәмегөйлiк танытқанын айтып, айыптаған Еңлiк Сыдықованы сот­қа бердi. Осыған орай министрдiң адвокаты Ескендiр Әлiмбаев ол бұл қадамға қызды жауапқа тарту мақсатында емес, мемлекеттiк қызметкер болғандықтан, өзiнiң ар-намысын, абыройын қорғау үшiн барғандығын мәлiмдедi. Сондай-ақ ол Е.Сыдықованың бейнеүндеуде айтқан сөзi шындыққа жанаспайтынын, себебi, аталған оқу орнына оның 2011 жылы түспегенiн айтты. “А.Мұхамедиұлының сотқа арыз беруi – бiрiншi кезекте заң талабы. “Осылайша, “Мемле­кеттiк қызмет туралы” Қазақстан Республикасы заңының 52-бабы, 6-бөлiгiне сәйкес, мемлекеттiк қызмет­шi­ге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негiзсiз айып тағылса, ол айыптау анықталған күннен бастап, бiр ай мерзiмде терiске шығарылуы тиiс.

Ұлттық банк төрағасы Тәуелсiздiгiмiз­дiң 25 жылдығына президент Н.Назарбаев бейнеленген мерейтойлық 10 мың теңге шығатыны туралы хабарлаған күннiң ерте­ңiне ұлттық валюта долларға қатысты тағы 1 теңге 33 тиынға арзандап кеттi. Бей­нелi түрде айтқанда қазiргi ресми бағаммен бiр Бенджамин Франклиннiң су­ретiне үш жарым Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесiн беруге мәжбүрмiз. Қалыптасқан экономикалық қарым-қатынастар жүйесi “Теңгеге президенттiң суретiн басу бiздiң валютамыздың құндылығын одан әрi өсiредi. Бұл бiздiң ақшамыздың тұрақтылығының кепiлi болады” деп жоқ жерден экономикалық заңдылық ашып, айды аспанға шығарған академик Мұрат Жұрыновтың “теориясын” терiске шығарды. Бiрақ 1993 жылдан берi теңгенiң АҚШ

Ақиқатты айтқанның арқасына атан түйе тарта алмас жүк артып беру – ауызды тұм­шалаудың бiр әдiсi. Бiрақ “Жас Алаштың” алған бетiнен қайтпайтынын, ұстанған бағытынан таймайтынын көп­шiлiк жақсы бiледi. Соның дәлелi – “5 миллионды бiз төлеймiз!” атты оқырмандар бастамасының қызу қолдау табуы. Мұны бiз “Жас Алашқа” деген халықтың қылаусыз сүйiспен­шiлiгi деп ұқтық. Көп­тiң көке­йiн­дегiсiн айтып, көңiлiнен шығудан артық бақыт жоқ екен. Оны сезiн­дiрген – өзде­рi­ңiздiң ақжарылқап ниетте­рiңiз қадiрлi, оқырман!
“5 миллионды бiз төлей­мiз!” бастамасы жариялана сала үн қосудың басы болған бiрер адамның атын атауды жөн көрiп отырмыз. Олар – Дина Нұрғазиева мен қызыл­ордалық Тiлеубай Мыңбасов. Газетiмiздiң белсендi оқырманы әрi тұрақты авторы Болат Шайманұлы да редакияның есеп бөлiмiне өз қолымен

Атыраудағы сот процесi бақылаушылардың ойынша мәресiне жақындады. Сотта айғақ заттар, телефон әңгiмелерi, тiнтуден алынған заттармен танысу жалғасып жатыр. Iстi жүргiзген судья Гүлнәр Дәулешова дүйсенбiден берi 60- қа жуық томды парақтап, адвокаттар сұраған бiр топ куәнi сол бетi шақырмады.

ЕКI ЖЫЛ IШIНДЕ ӨТЕМҰРАТОВ 200 МЛН,
ҚҰЛЫБАЕВ 300 МЛН ДОЛЛАРҒА БАЙЫҒАН FORBES.KZ САЙТЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 50 БАЙДЫҢ ШЕРУIН ЖАРИЯЛАДЫ
 
Көш басында 2 млрд 400 млн долларымен 58 жастағы Болат Өтемұратов тұр. Болат Өтемұратов Forbes журналының әлемдегi ең ауқатты адамдар туралы рейтингiсiнде Қазақстаннан кiретiн бес дәулеттiнiң бiрi. Осыдан екi жыл бұрынғы осы журнал жасаған рейтингте 2,2 млрд долларымен 796-орыннан табылған едi. Екi жыл iшiнде оның табысы 200 миллионға көбейгенiн көремiз. Ол –  “Верный Капитал” компаниясының басшысы. Вена мен Мәскеудегi Ritz-Carlton қонақүйiнiң иесi.  Сондай-ақ ақпараттық-сараптамалық  Informburo.kz интернет-порталы мен “31 арнаның” да қожайыны. Бизнесмен сонымен бiрге  ITF Халықаралық теннис федерациясы директорлар кеңесiне мүше, Қазақстандағы теннис федерациясын басқарады. “Асыл-Мирас” атты қайырымдылық қоры бар.

“Бағы жоққа тағы жоқ”. Сонымен, АҚШ-та президент ауысатын кез жеттi. “Бақан тiрес, ит тартыс”, бұрын-соң­ды болып көрмеген айқай-шуға, өсек пен төсекке, жеке басқа барушылыққа дейiн жеткен cорақылау сайлаудан кейiн қаңтардың басында Ақ үйге демократ Обаманың орнына республикашыл Трамп келедi де, алдағы төрт жыл бойына дүние жүзiндегi ең дамыған елдi басқарады, әлемдiк саясатқа өз ықпалын жасайды.

Көрнектi мемлекет және қоғам кайраткерi, тарихшы-этнограф ғалым, талантты ұйым­дас­тырушы Өзбекәлi Жәнi­беков­тiң патриоттылығы, бiлiм­дарлығы зиялы кауымға, көзi қарақты кiсiлер­дiң баршасына аян.
Мәдениет министрiнiң орынбасары, Мәдениет министрi, партия орталық комитетiнiң хатшысы секiлдi лауазымдарды алып жүр­генiнде Өзекең ұлттык мәдениетi­мiздiң, әдебиетiмiз бен өнерiмiз­дiң, ата-бабамыздан қалған озық салт-дәстүр­лерi­мiздiң жанданып жаңғаруына ұлан-ғайыр, ұшан-теңiз еңбек сiңiрдi. Сонау комму­нистiк дә­уiрдiң өзiнде-ақ ол, ұлттық мұраны жинастыру, сақтау, насихаттаудың алдыңғы шебiнде болды. Әдебиет, өнер, спортқа дарынды жастардың көптеп тартылуы, қазақ театрларының өрлеуi, музейлердiң ұлттык тарихымызбен мазмұндалуы, бәрi де Өзе­кеңнiң есiмiмен көбiрек байланысты. Қай қызметте жүрмесiн, мұражайлар ұйымдастыруға етене араласып, жанашырлық пен қамқорлық жасайтын. Экспозиция жоспарларына дейiн өзi басшылық ететiн. Өлгенiмiздi тiрiлтiп, сөнгенiмiздi қайта жағып, жалпы ұлттык мәде­ниетi­мiздiң жаңғыруына қыруар еңбекпен тер төктi.
Қазақстан туристер үшiн қауiпсiздiк дең­гейi орта мемлекет­тердiң қатарына кiрдi деп хабарлайды Риа Новости агенттiгiне сiлтеме жасаған ҚазАқпарат.  Сарапшылар туристер үшiн 2017 жылғы ең қауiптi елдердiң интерактивтi картасын жасаған. Интерактивтi картаның авторы – Interna­tional SOS медициналық сервис компаниясы.
Онда 2017 жылы саяхаттауға болатын ең қауiптi

 Биыл Әулиеата өңiрi үшiн күз айы тосын мiнез танытты. Айналаның бәрi сары түске боялған қазан айының ортасында кенеттен тiзеден келетiн қар жауды. Жауған қарды көтере алмаған көшедегi тал-теректер тарс-тарс сынып жатты. Сынбағаны тамырымен қопарылды. Қалада жетi мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Қалаға жақын Жамбыл мен Байзақ аудандарында да электр желiлерi үзiлiп, жұрт әбiгерге түстi. Абырой болғанда бұл жолы зардап шеккен ешкiм болған жоқ.

Мен бiрде-бiр газеттi қалдырмай оқып жүремiн. Жақында бiр газеттен Р.Талғатұлы деген автордың “Оңтүстiкте ауылшаруашылық өнiмiн өндiру дамып келедi” деген мақаласын оқы­дым. Мақаланың тоқ етерi “мақта класстерiн дамыту – экономика дамуының қайнар көзi” дегенге саяды. Барлығы орынды. Автордың пiкiрiмен келiсемiн. Бiрақ, республикамыздағы мақтаның 70-80 пайызын өндiретiн Мақтааралда осы сала дамып келе ме? Мәселе осында.

Жақында “Қазақстан” ұлттық арнасынан “Әйел сыры” деген бағдарламаны көзiм шалып қалды. Жүргiзушiлер мен шақырылған қонақтар арасында “азаматтық неке” жайлы пiкiрталас жүрiп жатыр екен.

Азанда үйден тамақ iшпей шыққанмын. Оның үстiне екi-үш күн болды, ұн таусылып қалған. Көршiлерге де әбден қарызданып бiттiк. Әрине, дүкенде, базарда ұн жоқ емес, ұн дегенiң жыртылып айырылады. Бiрақ оны алуға ақшасы құрғыр жоқ. Сонымен қарным шұрылдап, асқазаным ән салып тұр. Аш адам қайбiр жұмыс iстеп оңдырсын, бiр қаға берiсте жымын бiлдiр­мей шығып кеттiм.

Жарлы әйел көшенi сыпырып жүр,
Бай баласы шетелде құтырып жүр,
Бiлiмi бар iсiне сай келетiн,
Пенделердi дөкейлер ысырып жүр.

Өмiрдi құдды алақандағыдай көресiз. Ақ пен қараның, жақсылық пен жамандықтың күресi көз алдыңызға қаз-қалпында келе­дi. Өңi айналмаған шындық санаңызды сiлкiнтiп, рухыңызды оятады. Қалың тобырдан қара үзiп, оқ бойы озық тұрасыз. Жақсылық жаныңыздан табылып, сәттiлiк серiгiңiзге айналады!.. Өйткенi бұл – жақсылардың көзiндей, асылдардың өзiндей, жеңiстi жолын жалғаған, әдiлеттi

Мен Ташкенттiң iрге­сiндегi ауылда тұрамын. Ұлтым – қазақ. Руым – Қаңлы. Жалпы, бiздiң ауылдың 90 пайызы – қазақтар.
Қазақстанның тәуел­сiз­дiк алғанына 25 жыл болды. Қазақстан содан берi шеттен келген қа­зақтарды қабылдап жатыр. Ешкiмдi кеудесiнен итерiп жатқан жоқ. Солай бола тұрса да, бiздiң ауылдың әлi iргесi сөгiле қойған жоқ. Яғни, бiздiң ауылдан бiрде-бiр отбасы Қазақстанға көшпей отыр. Бұл неден? Мұның қандай себебi бар?

 

“Қазақ әдебиетi” газетiнiң тiлшiсi, сыншы Бағашар Тұрсынбайұлының “Әуезов жолы–роман” атты мақаласы оқырман­дар­ға әртүрлi ой салды  (9.09. 2016 жыл). Бiрiншiден, сыншы мiнеп отырғандай, қазiргi қазақ әдебиетiндегi тарихи шығармалардың бәрi “адам жанын тол­қытпай, құжат негiзiнде зуылдап өте шыққан шығармалар” емес. Екiншiден, “Бiзде жазылып жатқан тарихи шығармалардың жаппай оқылмауының бiр себебi–ортақ кейiпкердiң жоқтығы (Ол мiндеттi емес – Г.П). Фактiлер­дiң, тауып айтқызған шешендiк сөздердiң жиынтығы болғандығы. Әркiмнiң өз атасын дәрiп­теп, оны күллi қазақтың қайрат­керi қылуға талпынуынан. Бұл – әдебиеттiң әзелгi мұра­ты­нан айнығандығы”,–деген дүдәмал ойларын нақты әдеби фак­тiлермен дәлелдемей, “тисе терекке, тимесе

Жасым 40-тан асқан Қазақстан азаматымын. Осы уақытқа дейiн кү­зетшi болып қызмет iс­теп, отбасымды асырап келдiм. Бiр ай бұрын денсаулығыыма байланысты жұмыстан шет­тетiлiп қалдым. Мен жоқ кезде орныма бiр жас жiгiттi қабылдап қойыпты. Содан берi бармаған жерiм, баспаған тауым қалмады. Бiрде-бiр мекеме 40-тан асқан ер азаматты жұмысқа қабылдағысы келмейдi.

Ауыл мұғалiмiнiң алты ауызы
(Алтынбек Қоразбаевтың
“Қара шал” әнiмен)
 
Бе – е-у, жалған-ай!
Қалқайған қасiреттi мұғалiммiн.
Бұл күнде мұғалiмдi ұғады кiм?
Жаутаңдап бастыққа да, балаға да,
Дүние-ай, әрең-әрең шығады үнiм.
Өткен демалыста Шона Смаханұлы атындағы № 62 гимназияда “Мерейлi отбасы” байқауы өттi.
Отбасының басты қа­зығы, алтын дiңгегi – бала. Баланың тәрбиелi, жан-жақты болып өсуiне берекелi, өнегелi, мерейлi отбасының ықпалы мол. Балаларын қоғамға тiрек болатындай етiп өсiру – ата-ананың ең маңызды мiндетi. “Мерейлi отбасы” шарасын тамашалаушылар
Жақында ғана сатылымға түскен “Apple” компаниясының Iphone7 маркалы смартфонын тегiн алу үшiн, украиндық азаматтар өздерi­нiң есiмдерiнен бас тартты.
Украиндық басылымдардың жазуынша, мұндай акцияны шетелден ұялы телефон алып келiп сататын арнайы дүкендердiң бiрi ұйымдастырған. Акция шарт­тары бойынша азаматтар өздерiнiң
Бүгiн Алматыдағы “Достық” спорт кешенiнде Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Шәмiл Серiковтi еске алуға арналған жасөспiрiмдер арасында еуразиялық турнир басталды. Екi күнге созылатын халықаралық турнирде жеңiмпаз атанған балуан балаларға Қазақстанның спорт шеберi атағы берiледi. Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, екi дүркiн әлем

Халықаралық Олимпиадалық Комитет (ХОК) елiмiздiң Ұлттық олимпиадалық комитетiне (ҰОК) арнайы хат жолдаған. Хатта 2008 жылы Бейжiң Олимпиадасында ауыр атлетикадан сынға түсiп, күмiс медаль иеленген Ирина Некрасова (63 келi) және қола жүлде алған Мария Грабовецкаяның (75 келiден жоғары) медальдарын айыру жайлы жазылған. Одан бөлек Бейжiң Олимпиадасында күресiп, грек-рим күресiнен қола медаль иеленген Әсет Мәмбетовтiң де қанынан пайдалануға рұқсат етiлмеген препарат табылыпты-мыс, арада сегiз жыл өткенде. Әсет Мәмбетов Бейжiң Олимпиадасының қола медалiне 2008 жылдың 14 тамызы күнi ие болды. Ол алғашқы айналымда ресейлiк Асланбек Хуштовтан ұтылды. Хуштов финалға шыққандықтан Әсетке жұбаныш белдесуiнде күшiн сынауға мүмкiндiк туып, италиялық Дайгоро Тимончинидi, литвалық Миндаугас Эзерскистi, чех Марек Швецтi ұтты.