1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (16175) 22 қараша, сейсенбі 2016
Астанада өткен Қазақстан Республикасы судьяларының vii съезiнде президент Нұрсұлтан Назарбаев елде соттар­ға деген қоғамдық сенiмнiң төмен екенiн мәлiмдедi. “...Бұған соттар мен құ­қық қорғау органдарының шешiмдерiне қатысты жо­ғар­ғы мемлекеттiк сатыларға, президентке дейiн шағымданатын қазақстандықтардың хаттары дәлел, кейде тiптi сот корпусы мен құқық қорғаушылардың адалдығына, сатылмайтынына күмән келтiрiп жатады”, – дедi
Былыққа батқан “Бәйтерек Development” АҚ басшылары шетiнен қамалып жатыр. Өткен аптада басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов пен басқарушы директорлар Бауыржан Әйтiмбетов және Ғазиз Сариев қамауға алынған едi. Кеше Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық сотының шешiмiмен «Project City Group» ЖШС басшылары мен құрылтайшылары К.Смағұлов, Б.Есмұханов, Е.Жұманазар, А.Комаров есiмдi тұлғаларға да бұлтартпау шарасы таңдалғаны хабарланды. Тергеу мәлi­мет­терiне қарағанда, “Бәйтерек Deve­lopment” АҚ-ның лауазымды басшылары құрылыс компанияларынан 288 миллион теңге пара алған.
16 қарашада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiне арналып салынып жатқан екi ғимараттың арасындағы көпiр құ­лады. Келесi күнi президент Н.Назар­баев “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы” АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есiмовтi қабылдады. Бiр қызы­ғы, екеуара кездесуде құлаған көпiр жайлы әңгiме айтылмады. Анығында, “сыртқа шығарылмады”. Жайбарақат. Ештеңе болмағандай кейiп танытты. Көрме өте­тiн мезгiл таяп келедi, осыған орай дайындық барысының соңғы кезеңi туралы емен-жарқын әңгiме өрбiдi. Тiптi, миллиондаған салық төлеушiлердiң көңiлi үшiн елбасы Ахметжан Есiмовтi “сценарий бойынша” орнынан тұрғызған да, жекiген де жоқ. Аса сабырлық танытты. Ал егер ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының басында Ахметжан Смағұлұлы отырмағанда не болар едi? Бетi аулақ, темiр торға апарып, тоғыта салар едi... Өйткенi ол қиын шаруа емес.
МIНЕЗСIЗ МӘСЛИХАТ, ҚАУҚАРСЫЗ ЖЕРГIЛIКТI ПОЛИЦИЯ ҚАЖЕТ ПЕ?
“Жаңадан жергiлiктi полиция құрылып, жергiлiктi атқарушы билiкке бағынатын болады” деген ақпарат былтырғы желтоқсанда алғаш тарағанда әр өңiрдегi әкiмдердiң бөрiктерiн аспанға атып қуанғанына күмәнiмiз жоқ. Қуанбағанда қайтсiн, бұған дейiн әкiмдер қылмыстың көбейiп кеткенi үшiн ұрыс естiп жүрдi. Бiрақ қылмыспен күресетiн iшкi iстер органдарына кемшiлiгiне байланысты шара қолдануға, жұмыстарын жүйелi жүргiзуге жаңаша тапсырма беруге әкiмдердiң ешбiр құзыры жүрген жоқ. Бұл ендi әдiлетсiздiк едi. Биылғы жылдың басында жаңадан құрылған жергiлiктi полицияның бастығын алдымен облыста, одан аудан, қалаларда әкiмдер тағайындады. Толығымен жергiлiктi әкiмге бағынышты болды. Бұған қатты қуанған әкiмдiк жергiлiктi полицияға алғашқыда қаржыны үйiп-төктi. Ресми мәлiметтерге қарағанда Оңтүстiк Қазақстан облыстық жергiлiктi полициясының қоғамдық көмекшiлерiн жұмыс­қа тартудың өзiне 40 миллион теңге бөлiнiптi. Қоғамдық көмекшiнiң өзiне осыншама қаржыны қиып бере салған соң полицейлердiң өздерiнен аяйтын не бар?
Облыстың сол кездегi әкiмi Бейбiт Атамқұлов 2 миллиард теңге бөлдiртiп
Атыраудағы Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сот тер­геуi жарыссөзге көштi.
Оларға қатысты қозғалып отырған “қылмыстық iстегi” басты айып – Faсebook әлеуметтiк же­лi­сiндегi жазбалар ға­на. Әлеу­меттiк желiде саяси ойынның құр­банына айналған екеу не айтты? 
Бiр айдан астам уақытқа созылған сот процесi Макс Боқаев пен Талғат Аянды жауаптаумен және олардың адвокаттарының өтiнiштерiн тыңдаумен аяқталды. Адвокаттар биылғы шiлдеде ҰҚК Атырау облыстық департа­ментi қаулысымен алынып тасталған “мемлекеттiк төңкерiс жасау” бабының айыптарының сол қалпы қалғаны мен аударманың түпкi мәтiнге сай емес­тiгiн, сарапшылар қорытындысының негiзсiздiгiн
Күннiң күрт суытатыны жөнiндегi болжам шындыққа айналды. Қарашаның ортасынан бастап жауып, бiр­неше күн бойы толастамаған қалың қар жұртты айтарлықтай әуре-сарсаңға салды.
Осы күндерi елiмiздiң солтүстiк өңiрлерiндегi ауа температурасы 39-40 градусқа дейiн төмендедi. Қатынастың қиындауына орай, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды облыстарында бiрқатар жолдар жабылды. Көк тайғақ пен бұрқасынның салдарынан жол-көлiк апаттары жиiледi. Мәселен, Қызылорда-Павлодар трассасында жергiлiктi құтқарушылар жыраға түсiп кеткен шағын автобусты әупiрiмдеп әзер

Өткен аптада Ресейдiң Халықтар достығы университетi ұйымдастырған “Жастардың күшi – бiрлiкте” атты дөңгелек үстелге қатысушылар: “Бүгiнгi жастар орыс тiлiнен гөрi, ағылшын тiлiне көбiрек бет бұрып барады”, – деген ұйғарымға келiптi. Жиынға қатысушылардың пiкiрiне сүйенсек, КСРО-ның бұрынғы 14 республикасында бүгiнде 140 милллионнан астам адам тұрады және олардың 63,6 млн-ы ғана орыс тiлiн жақсы бiледi, ал 39,9 млн-ы жеңiл-желпi меңгерген, ал 38 млн адам мүлде бiлмейтiн көрiнедi.

Көкшетау қаласының кiндiктi тұсында ұзындығы мен салтанаты келiскен Капцевич атындағы көше бар. Сонда көкшетаулықтардың көкке көтерiп көшенiң атын берiп, төбелерiне көтерiп, әспеттеп отырған Капцевичiң кiм?
Әңгiмемiздi әрiден бастамай – ақ берiден Александр Иванович Герценнiң данқты еңбегi “Былое и думы” (“Өткендер мен ойлар”) кiтабының беттерiне үңiлсек патша ағзамнан Батыс Сiбiр өлкесiн билеп-төстеуге жiберген генерал-губернаторлары жайындағы жазбаларына көңiл көзiн қадауға тура келедi. Бiз де сөйттiк.

Кассациялық соттың шешiмiмен 40 миллион теңге айыппұлдың 5 миллионға түскенiн газеттен оқып, бiлiп жатырмыз. Әрине, бұл бұрынғы сот шешiмiне қарағанда “иманжүздiлеу” екен. Бiрақ бұл да әдiл шешiм емес. Жемқорлыққа салын­ған бұл қоғамнан әдiлдiк табу қиын. Қазiргi соттар ақылға сыйымсыз әдiлетсiз шешiм­дердi шығара бередi. Өйт­кенi бұл үшiн олар еш­кiмге жауап бермейдi, “мұ­ның не?” деп олардан ешкiм сұ­рамайды. Жасаған қиянаты үшiн заң алдында

Бiр күнi керiлiп жатыр едiм, теледидардан берiлiп жатқан жүгiртпе жолдарға көздерiм iлiнiп қалды. Оқысам: “ЭКСПО көрмесiне “Шыңғыру” жұмысына шақырамыз. Айлығы ауыздың көлемiне, шыңғырудың децибе­лiне байла­ныс­ты!” деген мәтiн­дегi жынды жарнама! Төсегiм­нен тасыр-тұсыр тұра са­­­­лып, “Қайда барасың?” деп сұраған әйелiмдi бiр түйiп, ұра салып, бағытымды ЭКСПО-ға бұра салып, сонда жетiп келейiн. Жұмыс­қа қабылдаушы шетелдiк құ­ры­лыс компаниясының бас директоры екен, қазақша ағып тұр, онысы маған жағып тұр.
– Аузыңыз бұрыннан өзiңiздiкi ме?–деп сұрады компания басшысы.
– Туғаннан өзiмдiкi.., –дедiм мен.
– Күшенiп шыңғыра аласыз ба? 

Белсендi оқырмандардың “5 миллионды бiз төлеймiз” бастамасы жұртшылық тарапынан қызу қолдау тапты. Сүйiктi басылымын қорғау үшiн үн қосқан оқырмандардың барлығына үлкен алғыс бiлдiремiз! Әсiресе әйгiлi батыр Бауыржан Момышұлының келiнi, ұлағатты ана Зейнеп Ахметоваға алғысымыз шексiз. Халықаралық қазақ тiлi қоғамының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Аңсат Сәдуақас мырза 100 мың теңге аударып

– Мына кезектiң “құйрығы” сiз бе?– деп сұраған қарны қабақтай, екi бетi тесiк табақтай, көздерi бiр сызық, қысқасы, түр-әлпетi қызық-қызық жiгiт ағасы сүттiң кезегiнде тұр­ған қызға қызыға, жұтына, жалана, жан-жағына қарана, көзiн сүзе қарады.
– Ағай, қойдың, немесе қоянның құйрығы дегендей, бiртүрлi сөйлейдi екенсiз... Кезектiң соңы мен!–дедi бойжеткен.
– Әзiлдеп жатқаным ғой, сiзбен таныссам, жақсылап қол алыссам, содан кейiн табыссам, жабыссам...
– Ақын емессiз бе?
– Ақын болмасам да ақындыққа жақын
Қымызға қызыл кеңiр­дек­тен тойып алған Түйсiк әңгi­менi түйдектете соғып отыр:
– Қазақтың қазiргi халi көкпарға тартқан лақтай. Екеу өрге тартса, төртеу көрге тартады. Айнала жем­­­қорлық. Жер сату. Өтiрiк мақтау!
Төрдегi қара сақал Қаратай ұстаса кеттi.
– Әй, Түйсiк, сен өйтiп өкi­­метке тiл тигiзбе! Шүкiр де Құдайға. Ел тыныш. Жұрт аман. Не бопты? Бiр жағ­дай бола қалса, заң бар. Сұрайды. Тексередi.
– Дұрыс қой. Көке-ау, ел тыныш, жұрт аман екенi рас. Бiрақ сол тыныштық кiмнiң есебiнен болып отыр? Ол үнсiз, көнбiс қа­зақ­тың маңқ етпес мар­ғаулығынан болып отыр. Қазiр қара халық соттасуды қойған. Бай-бағлан, шенеу­нiктен теңдiк ала алмасын бiледi. Бiр күндiк күн көрiс, амандығы болса, сол олжа. “Заң”, “заң” деп зар еңi­рей­сiз. Кәне, сол заң?
Отырғандар шуласа кеттi.
Әйелi күйеуiне:
– Бiлесiң бе, екеумiз үй­ленген күнi жел ұйтқып, алай-түлей боран соғып кеткен жоқ па едi?!
– Оны неге есiңе алып отырсың?
– Айналайын табиғаттың өзi ескерткен екен ғой маған... Мен бейбақ дымды да түсiнбеппiн...
Серiк Ақсұңқарұлы
 
1. БАУЫРЖАН
 
Бауыржан –
Сұңқардайын саңқылдаған,
Сездi ме, соның, қайран, парқын заман?
Масайрап қалай ғана жүрдi оның,
Маңында қарға-құзғын қарқылдаған?!
Адамның бекзаттығы, кiсiлiгi
Аллам-ай, тұл-бойынан артылмаған!
Туа сап қыршынынан отқа түсiп,
(Соңынан суға түсiп салқындаған...);
Қарадан хан боп туып, өксiп өттi,
Кез болмай маңдайына алтын заман;
1941 жылдың 16 қарашасында Мәс­кеу қаласын жаудан қорғауда ерекше ерлiк көрсеттi деген 28 панфиловшылар дивизиясы туралы фильмдi елiмiз­дiң кинотеатрлары 24 қарашадан бас­тап көрсететiн болды.   
Ресейлiк режиссер Андрей Шальопа фильмнiң түсiру жұмыстарын 2013 жылы бастап, осы жылдың басында аяқтауы тиiс болған. “Ленфильм” киностудиясының павильонында негiзгi көрiнiстерi түсiрiлген фильмнiң кейбiр тұсы Алматы қаласында жалғастырылды.

Бейжiң олимпиадасының күмiс жүлдегерi әзiрбайжан балуаны виталий рагимов та допинг дауына шатылды. Халық­аралық олимпиадалық комитет (хок) виталий бейжiң олимпиадасында күрескенде рұқсат етiлмеген препарат қолданған деп жария еттi. Грек-рим күресiнен 60 келi салмақта белдесiп, Бейжiң Олим­­пиадасының финалында ұтылған Рагимов күмiспен күп­телген болатын. Бейжiң Олимпиадасында 60 келiде елiмiздiң намысын Нұрбақыт Теңiзбаев қорғады. Нұрбақыт алғашқы айналымда норвег балуанын жықты, екiншi кезеңде кәрiс балуанынан басым түстi. Жартылай финалда осы Раги­мов­қа есе жiбердi. Қола жүлдеге таласта Қытай елiнiң балуанын жыққан болатын.

Ресейлiк кәсiпқой боксшы Сергей Ковалев алғаш рет же­ңiлiске ұшырады. АҚШ-та өткен жекпе-жекте Сергей Ковалевтi американдық Андре Уорд ұпай басымдығымен ұтты. 12 раундқа созылған сайыстың қорытындысы бойынша үш төрешi де 114-113 есебiн тiркеп, Уорд жеңдi дедi. WBA (Super), WBO һәм IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие Сергей Ковалев кәсiпқой бокста 30 жекпе-жек өткiзiп, 1 айқаста тең түсiп, 1 айқасында жеңiлдi, қалған жекпе-жектерiнде жеңдi. Әлi ешкiмнен жеңiлмеген Андре Уорд кәсiпқой бокстағы 31-iншi