1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (16176) 24 қараша, бейсенбі 2016

Арқаның ақтүтек боранымен жағаласып депутаттар да ызыңдап жатыр. Бұл қазақтың құлағына таныс ызың. Бұрын да талай сөз болып, президенттiң тосқауыл қоюымен ғана iске алғысыз ұсыныс есебiнде “күресiнге” кеткен. Бiрақ бұл жолғы бастамашылардың қарқыны қатты. Өйткенi олар Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы мен тұңғыш президент күнi аталатын мерекенi бетперде қылып ұстап алған. Алайда олардың түпкi ниетiнде не жатқаны жұмбақ. Осы тұста ұйғыр ағайындар жиi айтатын бiр сөз ойы­мыз­ға орала кеттi. Олар бүй дейдi: “Көтередi екен, көтередi екен, тастай салса, пачақ-пачағы шығады екен”. Ал Сiз “Н.Назарбаевтың есiмiн жалғыз Астана ғана

Соңғы кездерi бiрнеше даулы iс­терде аты-жөнi аталған мәдениет және спорт министрi «Азаттыққа» берген сұхбатында «шындық үшiн күрескенiн» айтты. Мәдениет және спорт министрi, соңғы кездерi бiрнеше азамат тарапынан жыныстық бопсалау мен жемқорлыққа қатысты айыпталған Арыс­танбек Мұхамедиұлы «Азаттыққа» сұхбат бердi. Видеокамера алдында сөйлесуден бас тартып, әңгiменiң тек аудиожазбасы мен мәтiнiн ғана жариялауға келiскен министр өзiне қатысты дау жайлы айтты.

Прокурор ел мүддесiн қорғаған ерлердi сегiз жылға абақтыға тоғытуды сұрады. Судья iстiң соңғы нүктесiн қою үшiн, бiрнеше күнге ойлануға кеттi. Айыпсыз айыптының орындығында отырғандар жарыссөзге шығудан бас тартты, бiрақ сот залында “Қазақстан жасасын!” деп ұран тастады. 21 қарашада Атыраудағы сотта жарыссөз болды. Ел бұл күндi сарыла күттi. Өйткенi үмiттерiн үзген жоқ. Жарыссөздi тыңдаған судья Гүлнәр Дәулешова “мен ай жарым бәрiн естiдiм, оқыдым, тыңдадым, көрдiм, сендiретiн айғақ жоқ, iс жабылады” дейтiндей дәп бiр. Өйткенi дәл сол күнi, қарашаның 21-iнде дәлелсiз iстi дәлелдеп

Президент Нұрсұлтан Назарбаев IIМ-нiң жергiлiктi атқарушы органдардың мәселелерiне араласатынына көңiлi толмайтынын айтты. Назарбаев мұны “бүкiл Қазақстанды басқаруға ұмтылу” деп бағалады. “Қазiр құқық қорғау құрылымдарына қызметкерлер таңдау жү­й­е­­­­сi жақсаруда, жер­­гi­лiктi билiк орындарына бағынышты жергiлiк­тi полиция қызметi құрылып жұмыс iстеп жатыр. Және IIМ-гiн осылай етуге мәжбүрлеу оңай болған жоқ: жабысып алады да, осы жер­ден, Астанадан бү­кiл Қазақстанды басқарамын және ешкiмге ештеңе

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, қо­ғам қайрат­керi, саясаткер Зардыхан Қинаятұлы дүниеден өттi. 76 жасында. 
Зардыхан Қинаятұлы ғажап бiлiмдi едi. Бiлiмдiлiгi жөнiнен Әлкей Марғұланды еске түсiре­тiн. Өте мәдениеттi едi. Кезiнде Моңғолия Парламентi төрағасының орынбасары, Моңғолия үкiметi басшысының орынбасары секiлдi iрi мемлекеттiк қызметтер атқарған Захаң Қазақстанға көшiп келгеннен кейiн қайбi­реу­лердей кергiген де жоқ, кiсiмсi­ген де жоқ, сол баяғы бетегеден биiк, жусаннан аласа қалпында ғылыммен айналысты. “Қазақ мемлекетi және Жошы хан”, “Жылаған жылдар шежi­ресi”, “Көшпендiлiк ғұмыр” атты аса құнды

Сарапшылар тарапынан жүргiзiлген бiрқатар зерттеулерге сүйенсек, Қазақстанда халықтың тұтыну мәдениетi жоғары. Бұны еш жоққа шығара алмасымыз анық. Алайда қазақ халқы болашаққа қаржы жинау мәдениетiнiң төмендiгiмен де ерекшеленедi. Осының өзiнен-ақ қарапа­йым халықтың келешек қажеттiлiктер үшiн қаржы жинақтаудың орнына, пайызы жоғары болса да дайын несиеге жүгiнетiнiн байқаймыз. Той-томалақтан бастап, көлiк мiну, қора салуға дейiн несиеге “кiретiндер”, дағдарысқа қарамастан мойнына банктiк қарыз

Нарынқол өңiрi – таланттардың тал бесiгi. Хан Тәңiрi шыңындай биiк те алыстан жарқырай көрiнетiн тұлғалар баршылық мұнда. Бұрынғыларын қозғамай-ақ, кейiнгiлерiн еске алсақ, соның өзi тiзiмдi бiраз жерге апарады. Қазақ әдебиетiнiң классигi, есiмi ел шебiнен алыс­қа ұзап кеткен жазушы Бердiбек Соқпақбаев. Даңқты ақын, өлеңдерi әнге айналып, миллион қазақтың жүрегiн баураған Мұқағали Мақатаев. Қазақтың көрнектi жазушысы, әйгiлi драматург, публицист, кiтап­тары мен қойы­лымдары сан тiлге аударылған

27 қараша күнi сағат 15.00-де және 19.00-де дарынды композиторымыз Қалдыбек Құрманәлiнiң ән кешi өтедi. Студенттер сарайында. Кешке Тұңғышбай Жаманқұлов, Роза Рымбаева

28 қараша күнi, сағат 18.00-де Қазақтың М.Әуезов атындағы мемлекеттiк академиялық драма театрында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, талантты ақын Алмат ИСӘДIЛ­дiң “Аспантау”, “Бiр тамшы” жыр жинақтарының тұсаукесерiне орай өткiзiлетiн “ЕЛIМ БАРДА...” атты Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналған шығармашылық кешi болады. Кешке қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң көрнектi өкiлдерi, ақынның

Үштiлдiлiктiң зияны, қасi­ретi жөнiнде “Жас Алаш” жазудай-ақ жазып келе жатыр. Бұл үшiн газетке айтар алғысым шексiз.
Ендi негiзгi мәселеге кө­шейiн. Мен өзiм жазушы емеспiн, бiрақ жазушылармен араласып-құраласып тұрамын. Тiптi үлкен бiр жазушымен (атын айтпай-ақ қояйын) құдандалымын да. Осы үйде

Бүгiнгi күнi қазақ қыздарының шетелдiк азаматтарға, оның iшiнде қысықкөздiлерге (қытайларға) тұрмысқа шығуы жиiлеп кеттi. Ол туралы ақын, жазушы Мұхтар Шаханов ағамыз да талай жазды да, айтты да. Ағамыздың айтуынша, 24 мың қазақ қызы қытай азаматтарымен

Қызылорда облысының, Қазалы ауданында Тә­уелсiздiктiң 25 жылдығына арналған шара өттi. Салтанатты кешке бетке ұстар тарихшылар, философтар, жазушылар, журналистер барлығы қатысты. Кеш барысында бiраз деректi кiтаптардың тұсауы кесiлдi. Солардың iшiнде ертеректе

Осыдан бiрнеше ай бұрын “барлық қоғамдық көлiк жолаушылары “Оңай” карточкасымен ғана жүредi” деп әкiмшiлiк қала тұрғындарын бiраз шулатқан-ды. Аяғында халықтың тоқсан пайызы карточкалық жүйеге бой үйреткенде, автобус жүргiзушiлерi қайтадан қолма-қол төлемге көшiп алды. Жолаушылар да кет әрi емес, карточканы жайына

Оңтүстiк Қазақстан облысының оң­түстiк-шығысында орналасқан, аты аңызға толы Қазығұрт тауының атымен аталған ауданда аты өшпейтiн “Комсомол” бар. Ол не дейсiз ғой?

Балаға тәрбиенi негiзiнен ата-ана бередi. Мектеп бiлiмге баулиды. Егер ата-ана мен мектеп тәрбиесi бiр-бiрiмен ұштасса, онда балаға пайдасы көп. Соңғы кездерi оқушының тәр­биесiн мектепке итере салатын ата-ана көбейдi. Бiздiңше, бұл дұрыс емес. Баланың тәрбиесiне екi жақ та жауапты. Осы мәселе таяу­да

Әлеуметтiк желiнi парақтап отырып, Фейсбук желiсiнен прези­денттiң “Қазақтар өз тарихында еш уақытта қазiргiдей өмiр сүрген емес” деген сөзiн оқып қалдым. Прези­денттiң суретiн де салып қойыпты. Мақаламен толықтай танысып шықтым.
Сондағы ойлағаным, президент өзiнiң осы пiкiрiн асығыс не ойланбастан айтып қойған жоқ па екен?

1980 жылдары қазiргi тұрақты мекенiм Амангелдi ауданына алғаш көшiп келген кезiм. Өзiммен бiрге алып келген көк бием ауырып, қорада жатып қалды. Дәрiгерлердiң барлығы ары-берi қарап, жарықтықтың дертiн таппады. Бiр кезде көршi Яхия Әбiшев деген ағамыз келiп, мал “өлi” деген ауруға шалдыққанын айтты. Аурудың түр-түрiн естiсем де, “өлi” дегендi сол кезде бiрiншi рет естiдiм. Ағамыз бұл аурудың өзiнiң дұғасы

Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) екi дүркiн Олимпиада чемпионы Илья Ильиндi 2008 жылы Бейжiңде және 2012 жылы Лондонда жеңiп алған алтын медалiнен айырды, ресми түрде. Елiмiз­дiң ұлттық олимпиада ко­мите­тiне хат жолдаған ХОК Ильиннiң екi Олимпиада ойындары кезiнде тапсырған сынамасын жаңа технология бо­йынша қайта тексерiп, допинг пайдаланды деген қорытындыға келiптi.

Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) Лондон Олимпиадасында 94 келiде жүлде алған ауыр атлеттердiң бәрiнiң де медальдарын қайтарып алу туралы шешiм шығарды. Илья Ильиннен Олимпиаданың алтын медалiн, ресейлiк Александр Ивановтан күмiстi, молдовалық Анатолий Кыркыудан қола жүлденi допингке байланысты қайтартпақ. Сонымен бiрге жаз­ғы Олимпиада ойындарында 4-орынға тұрақтаған