1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (16177) 28 қараша, дүйсенбі 2016

Бүгiн Атырау соты жерге қатысты мәлiмет­тердi ашық жариялауды талап еткен Макс Боқаев пен Талғат Аянды “әлеу­меттiк, ұлттық алауыздық тудырып, әдейi жалған ақпарат таратқаны үшiн” бес жылға абақтыға кесу туралы үкiмiн жариялады. Оған қоса “заңсыз митинг ұйымдастырғаны” үшiн 530 мың теңге айыппұл салып, үш жылға дейiн қоғамдық жұмыспен айналысуға тыйым салу, барлық сот шығындарын өндiрiп алу туралы жазаны да естiрттi. Қарашаның 28-i күнi Атыраудың орталық көшесiндегi №2 cоты ғимаратына жиналған ел алақандай залға сыймай қалды. Оларды журналистерге арнап монитор

Қазақ жерiн шетелдiктерге жалға беруге қарсылық танытып, алаңға шыққаны үшiн айыпты болған Макс Боқаев пен Талғат Аянды сот 5 жылға бас бостандығынан айырды. Демек митинг кезiнде бел­сен­дiлердi билiк орындарының қуғындамауына уәде еткен Нұрлан Ноғаевтың сөзi ғана емес, жердi қорғау үшiн алаңға шыққан азаматтарға Нұрсұлтан Назарбаевтың танытқан “разылығы” да терiске шықты деген сөз. Билiктiң түпкi ниетi қос батырды қайдағы бiр Төлешов iсiмен байланыс­тырғанда-ақ сезiлген. Қорытындысында белсендiлерге 5 жыл түрмеде

– Макс пен Аянның соты туралы ойымды ашық жазып та, айтып та жүрмiн, сол пiкiрiм өзгерген жоқ. Мен бұл сотты әдiлетсiз деп есептеймiн. Жiгiттер нақақтан-нақақ күйiп бара жатыр. Олардың ешқандай жазығы жоқ. Бұл екi жiгiттiң iс-әрекетiн ұлтараздықты қоздырушылық деп айтуға болмайды. Керiсiнше, мұндай жiгiттермен бiз мақтануымыз, олардың қадiрiн бiлуi­мiз керек. Олар ешқандай да экстремистер, арандатушылар емес. 24 сәуiрдегi Атыраудағы митинг бейбiт түрде өткен, бiрде-бiр шыбық сынбады, бiрде-бiр терезе қирамады. Митингiге шыққан топтың ортасында облыс әкiмi, басқа да билiк өкiл­дерi тұрды. Халық өз уәж­дерiн айтып

– Бұл мәселенiң жай-жапсарынан халық түгел хабардар. Макс пен Талғат митингiге өздерiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн сезiне отырып барды. Оларды сол үшiн соттау адамгершiлiк тұрғыдан да, заңдық тұрғыдан да қисынға келмейдi. Себебi, бiрiншiден, Макс пен Талғаттың және сол сияқты басқа да жiгiттердiң митингiге шығуы, бұл – олардың Конституцияда көрсетiлген құқы. Екiншiден, Атыраудағы митинг барысында

Қазақстанның саяси элитасы президентке мадақ айтудан социалистiк жарысқа түсетiн, үлкен кiсiнiң алдында бүгежектеуден белдерi жазылмайтын желтоқсан айының қарсаңында, өзiнiң кезектi төл мерекесi (тұңғыш президент күнi) мен Тәуелсiздiктiң мерейтойының алдында президент Назарбаев Bloom­berg агенттiгiне сұхбат бердi. Президенттiң қандай кiтап оқып, қай әндi жақсы көретiнiн сұраудан аспайтын библиографиялық-музыкалық жанр­дағы қазақстандық әрiптестерiнен гөрi, батыс­тық белдi басылымның өкiлдерi

Егер бұл жаңалықты (бәлкiм, жамандықты?) Қы­тайдың ақпарат көз­дерi хабарламаса, бiз тiптi ха­барсыз қалғандай екен­бiз. Сонымен, не дейдi Қытайдың ақпарат көздерi? Қытайда кино түсiрумен айналысатын төрт iрi мемле­кеттiк компания бар. Соның бiрi – “Батыс Қытай фильм” компаниясы. Осы компанияның бас менеджерi Жу Вентаудың хабарлауынша, бiздiң “Қазақфильм” мен “Батыс Қытай фильм” компаниясы серiктес­тiк туралы меморандумға қол қойыпты. Ендi бұлар бiрлескен жоба бойынша бiраз

АСТАНАНЫҢ АТЫН ӨЗГЕРТУГЕ КIМ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ?
Президенттiң есiмiн Астананың атауына телiмек болған депутаттар басын тасқа соққан бекiредей мәңгiрдi. Өйт­кенi Ақорданың ыңғайына жағатын ұсыныстары президент тарапынан қолдау тауып жүрген “қа­лаулылардың” бұл жолғы бастамасы “өтпей” қалды. “Астананың атын өзгер­тудiң қажетi жоқ” деген Н.Назарбаевтың бiрауыз сөзi өз ұсы­ныстарының құндылығын халыққа ұғындыруға ұмтылған жағымпаздарды ерiксiз тоқтатты. Бiрақ прези­денттiң пiкiрiнен көпшiлiк “әңгiме осыман тәмам” деген ұйғарымды байқай алмай тұр. Байқайтын бiр дүние, Қуаныш Сұлтанов әлеумет­тiк желiде айтылған сынды кө­ңiлiне ауыр

Халық тарихындағы мәңгi ұмытылмас оқиғалардың бiрi – кешегi мыз­ғымастай көрiнген кеңестiк дәуiрдiң ыдырауын жеделдетiп, бүгiнгi Тәуелсiздiк таңының тезiрек атуына жағдай жасаған 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсi. Кезiнде көтерiлiстiң мән-мазмұны бұр­ма­ланып, оған қатысушылар жазаланып, қудаланып жатқанмен, шын мәнiнде, бұл көтерiлiстiң негiзiнде азаттық үшiн күрес рухы жатты. Биыл, мiне, көтерi­лiстiң болғанына 30 жыл толып отыр.

“Қазақпарат” баспасынан “Мұқағали Мақатаев” энциклопедиясы жарыққа шықты. Бұл жөнiнде “Қа­зақпарат” баспа корпора­ция­сының президентi Қо­нысбек Ботбай былай дей­дi:
– Бұл кiтапты 2010 жылы жоспарлап, ұсынысымызды Әдiлет министрлiгiнде тiркетiп, рұқсат куәлiгiн алып, материалдар жинақтауды бастаған едiк. Тек былтыр ғана Мәдениет және спорт министрлiгiнiң “Әдебиеттiң әлеуметтiк маңызды түрлерiн басып шығару” бағдарламасы бойынша көздеген мақсат­қа қол жеткiздiк. Бiр жыл бойы энциклопедия құрастыруда тәжiрибесi бар мамандарды тартып, осы кiтаптың

 

Өткен аптаның демалыс күндерi бiрнеше белсендi азамат Алматы қаласының iшкi iстер департаментiне шақырту алған. Құрал Медеуов пен Сүйiндiк Алдабергенов секiлдi белсендiлердi департаментке құрметтi қарауылмен апарыпты. Тағы бiр белсендi Асхат Берсалимов шақыру қағазымен барған. Ал дүйсенбi күнi полицейлер Айгүл Түркпенбаева есiмдi белсендiнi “әңгiмелесуге” шақырды. Бұған дейiн Макс Боқаев пен Аян Талғаттың үстiнен сот үкiмi шығатын күнi оларға қолдау бiлдiру үшiн Атырауға жол жүрмек

Көше атауларын өзгерту туралы Қызылжар (Петропавл) қалалық маслихатында өткен отырыстың бейнежазбасы ғаламтор арқылы көптеген әлеуметтiк желiлерге тарап, оны жүздеген мың адамдар қарағанының куәсi болдық. Мәслихаттағы отырысқа себеп бол­ған жоғарыда айтылғандай, қаладағы бiрнеше көшелер­дiң атауын өзгерту туралы мәселе. Оған бастамашы болып жүрген – жергiлiктi ақсақалдар кеңесi. Аталмыш бейнежазбаны көргендердiң есiнде

Ел арасында “Елбасы қаласы” атанған Темiртаудың тағдыры қыл үстiнде. Қыс басталмай жатып апшыны қуырған Арқаның ызғары қысып барады. Тоңазытқышқа бергiсiз пәтерде бүрсеңдеген тұрғынның тiлегi — тезiрек жылуға жету.
Биыл ақпанның аяғында жұртшылық алдында есеп берген облыс әкiмi Нұр­мұхамбет Әбдiбековтiң айтқаны еске түсiп отыр. Темiртаулықтардың төзiмдi­лiгiне таң-тамаша

Биыл Оңтүстiкке қыс ер­те түстi. Күнтiзбедегi мер­зiм әлi күз деме­се­ңiз, нағыз қақаған қыстың өзi. Күндiз­дiң өзiнде температура облыс орталығы Шымкентте -10-12 градусты көрсетiп тұр. Қазгидро­мет­тiң болжамына қарағанда алдағы күндерi де күн жылымайды. Жалпы мамандар биылғы қыс қар­лы әрi боранды болады деп болжап отыр. Осындай аязда жер­гiлiктi әкiмдер жаппай көшет егу жұмыстарын жүргiзiп жатыр.

Тәуелсiздiкке қол жетiп, а құдайлап ақсарбаз шалып, өшкенiмiз тiрiлiп, жоғалғанымыз түгенделiп халықтың қазынасына қосылады дегенiмiзге де ширек ғасыр болыпты. Әдебиет пен өнердiң тұйықталған жолы ашылады, руханият­ты аңсап отырған оқырман мен тыңдарман ендi рахатқа бөленедi дедiк. Кеңес заманында халық әнiне тосқа­уыл қойылды. Айтқызбады, жарыққа шығармады дедiк. Домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнайды шеттеттi дедiк. Ендi мiне, асыл қазынамыздың күнi туды, аңсаған арманымызға

1995 жылдан бастап Қазақстан экономикасы 262 пайызға өсiптi. Осы уақыт iшiнде Өзбекстанның жалпы iшкi өнiмi 350 пайызға артқан.  ТМД-ның статкомитетi сайтында тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiнiң жаңартылған макроэкономикалық көрсеткiшi жарияланды. Экономикасы шарықтап дамыған елдердiң көшбасшысы “қара маржанға” аса бай ел – Әзiрбайжан. Бұл елдiң экономикасы

Мәжiлiсшiлер Қуаныш Сұл­танов, Бақыткүл Хаменова, Михаил Бортник Астана атауын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есiмiне ауыстыру туралы ұсыныс айтып, көптiң күлкiсiне қалған-ды. Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап елiмiздiң астанасы мәртебе­сiне ие. Ақмола қаласының атауын Нұрсұлтан Назарбаев Астана деп өзгерттi. Өзге тiлде жазуға һәм айтуға

Әншi Жазира Байырбекова “талантты, бiрақ танысы да, табысы да жоқ” жас әншiлермен бiрге сахнаға шығып ән шырқауға бейiл көрiнедi. Ол үшiн сахнаға жол таба алмай жүрген әншi қыздар өздерiнiң орындауындағы әндерiн өңдетiп, әрлетiп, мәнерiне келтiрiп Жазира Байырбековаға жолдауы

Құрылғанына 15 жылдан астам уақыт болған “МузАрт” тобы iздерiн басар талантты жастарды тауып, сахнаға шығару мақсатында “МузАрт live” жобасын iске асырып келедi. Елiмiздiң iрi қалаларында iрiктеу сынын өткiзiп, негiзгi тартысқа қатысушыларды мыңның арасынан сұрыптап алған-ды. Осынау жобаның көмбесiне жетудi қалайтын жас таланттардың көпшiлiгi орта жолда сайыстан шығып қалып жатыр. Өнер тартысы бол­ғандықтан қаңқу сөздiң

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы сазгер Бауыржан Шұғыл-Шумақ 2009 жылы   ел бiрлiгi доктринасына қоғам өкiлдерi қарсы тұрып тойтарғанда осы әндi шығарыпты. “Желтоқсан оқиғасына қатыс­қан жiгерлi жастардың әнұраны арагiдiк шырқалғаны болмаса көп насихатталған жоқ. Өзге басылымдар ән мәтiнiнiң кей тұсын қырнап-жонып жұмсартып жiберiптi. Ақиқатты жазуда жалтақтық

Ақын Мұхтар Шахановтың көркемдiк кеңес құрып, теледидардан берiлетiн әндердi сұрыптау керек деген ұсынысы өте орынды. Бұрын теледидар мен радиода көкемдiк кеңес жұмыс iстегенде эфирге күлдiбадам дүниелер жiберiлмейтiн. Әнi қанша жерден хит болып тұрса да, олардың сөзiнiң мән-мағынасы болмаса эфирде орындауға рұқсат жоқ. Көркемдiк кеңес болмаған соң ғой “Джейран” деген топтың “Жүрекке жылуы” эфирден берiлiп жүргенi. Тезге салатын ұжым болса, қазақ қыздары бөкселерiн жалтыратып

Павлодарда бокстан ел бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Ұлттық құраманың бас бап­керi Мырзағали Айтжанов Рио Олимпиадасында медаль алған төрт боксшыны: Данияр Елеусiнов (69 келi, алтын), Әдiлбек Ниязымбетов (81 келi, күмiс), Василий Левит (91 келi, күмiс), Иван Дычко (91 келiден ауыр салмақта, қола) ел чемпионатынан босатты. Павлодар рингiне Рио Олимпиадасына қатысқан Бiржан Жақыпов, Олжас Сәттiбаев, Берiк Әб­дi­рахманов та қатысқан жоқ. Олардан өзге Қайрат Ералиев, Абылайхан Жүсiпов, Жәнiбек Әлiмханұлы, Антон Пинчук секiлдi құраманың

Ресейдiң Санкт-Петербор қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатынан бiздiң жiгiттер 1 алтын, 2 күмiс, 1 қола медаль олжалап қайтты. 69 келiде сынға түскен Садриддин Ахмедов финалдық тартыста украин боксшысы Павел Гулейдi жеңiп, әлем чемпионы атанды. 17 жастағы шымкент­тiк боксшы қазақтың салмағы атанған 69 келiде серкелiкке

Ауыр атлетикадан ел құрамасын 20 жыл баптаған Алексей Ни өз еркiмен қызметтен кеттi.
“Мен ұлттық құраманың бас бапкерi қызметiнен өз еркiм­мен бас тарттым. Бас бап­кер­лiк қызметтен бас тарту туралы Рио Олимпиадасының алдында да ойланғанмын. Өйт­кенi құраманың белдi атлет­терiн допинг дауына iлiктiрiп, жазықты еттi. Өткел үстiнде құраманы тастап кетудi ар санап, қалай да Олимпиада өтсiн деп өзiмдi-өзiм тежедiм. Допинг дауына шатылған спортшыларды медальдарынан айырған соң

Кiшкентай кезiмде атам Шәмшi мен Қызбол­ған әжем­нiң тәрбиесiнде өстiм. Екеуi­нiң де екi сөзiнiң бiрi – “айналайын”, “қарағым”, “ботам”, “қалқам” едi. Олар асықпай, саспай байыппен, сабырмен   тiл қа­та­тын. Олар ашаршылықты, жоқ­­­шылық пен соғысты бастан өткерген соң, iшетiн ас пен киетiн киiм таппағанын айтып отыратын. Қызболған әжем 12 құрсақ көтергенi­мен, ешбiрi тұрмаған. Менiң әкем Кеңес 1937 жылы туған. Қанқасап 37 жылды көзiмен көргендер көлең­ке­сi­­нен қорқатын едi. Сондай тағ­дыр