1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (16179) 5 желтоқсан, дүйсенбі 2016

Ш.Мирзияевтың таққа мiнетiнi И.Каримовтың көзi жұмыла сала-ақ аңдалып қалған. Өйткенi өлмейтiндей көрiнген өзбек басшысының оқыс қазасынан кейiн ел тiзгiнi Сенат төрағасының емес, үкiмет басшысының қолына тиген едi. Ал сайлау мерзiмi белгiленiп, үмiткерлер анықталғанда, президенттiк тақтың Мирзиявке бұйырарына ешкiмнiң күмәнi қалмады. Себебi бұл сайлаудың өткен жылғы сайлаудан бәлендей айыр­машылығы жоқ. Бақталастардың денi – Ташкенттiң “тұра шабарлары”. Нақтырақ айтсақ, биыл додаға қосылған

Тұңғыш президент күнi Н.Назарбаев Астанадағы Тәуелсiздiк сарайында жастармен кездестi. Екi жылда бiр рет ұйымдастырылатын республикалық жастар форумына жиналған 1000-ға тарта жасты президент алдымен “ел тарихына қазақстандықтардың бiрлiгiнiң ұлы белгiсiндей енген” тұңғыш президент күнiмен құттықтады. Және бiраз ақылын айтты. 

Әлдеқайда көп зияны тиетiн жағымпаздар мен дайын асқа тiк қасықтардан сақтанудың орнына, билiк ашық түрде қарсы шығушыларды жау көредi. Биыл­ғы жыл қоғамда үлкен реакция тудырған қайшылықты сот шешiмдерi жөнiнен рекордтық жылдардың бiрi болуы мүм­кiн. Сол рекордтардың қатарында – қоғамдық белсен­дiлер Макс Боқаев пен Талғат Аянның үстiнен қозғалған сот процесi де бар.  

 Кеше Астана қалалық сотында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттiгiнiң директоры Әсет Матаевтың сот үкiмiне апелляциялық шағымы қаралды. Сот процесiн апелляциялық сот алқасының судьясы Алма Есiмова жүргiздi. Апелляциялық сотқа Ма­таевтардың өздерi емес, туыс­тары қатысты. Сотта адвокаттар Мадина Бакиева мен Андрей Петров Матаевтарға тағылған айыптардың негiз­сiздiгiн қозғап, оған дәлелдер келтiрдi және бiр­неше талап-арыз бiлдiрдi. Атап айтқанда, қорғаушылар сот тергеуiн қайта бастауды, куәгерлерден қайтадан жауап алуды, сот материалдарынан

Келер жылдан бастап зей­неткерлердiң зейнетақысы 9 пайызға өседi. 9 пайыз деге­нiң түк те көп ақша болмаса да оны бiздiң үкiмет қомпайтып көрсетедi. “Зейнетақыларыңды өсiрiп, жалақыларыңды арт­тырып жатырмыз” деген қандай жақсы. Жүрекке жылы тиедi. Әрi “Үкiметтiң арқасында” өмiр сүрiп отырғандарға “ауыздарыңды жабыңдар” деуге де ыңғайлы. Әйтпесе, бюджеттiң бүйiрi тесiлiп, сетiнеуге шақ тұрғанынан ел-жұрт хабардар.

Байқоңырдан ұшқан әуе ке­месiтағы апатқа ұшырады. 2 желтоқсанда түн жарымда көкке өрлеген “Прогресс-МС04” жүк ғарыш кемесiараға алты минут салып, әуеде жарылып кеткен. Мамандар зымыран зулай салысымен кейiн iле-шала байланыс жоғалғанын айтып жатыр.  “Роскосмос” болса, ғарыш кемесi Тыва республикасының таулы аймағында “көк аспанда өртенiп кеткен” деген болжам жасады. Бiрақ күнi бүгiнге дейiн оның қалдығы еш жерден табылған жоқ. Бұл кеме Халықаралық ғарыш стансасына үш тоннаға жуық

Атырау облысының Құрманғазы ауданында қараусыз қал­ған екi ұңғымадан мұнай төгiлiп, 30 га жердi ластаған. Мұнай жерасты сулары тұратын қабатқа дейiн сiңiп кеткен. Күмiсбек ауылында жергiлiктi ауқымдағы техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. “Көлжан-Ойл” ЖШС-ға тиесiлi ұңғыма аудан орталығынан 60 шақырымда орналасқан. Серiктестiк Күмiсбек кенiшiнде мұнай өндiрудi 2004 жылы бастаған. 3 жыл бұрын белгiсiз себептермен жұмысын тоқтатқан компания кенiштегi 6 ұңғыманы және мұнай өнiмдерi

Қазақстан шынымен тәуелсiз ел ме? Тәуелсiздiк деген ұғымды бiз қалай түсiнiп жүрмiз? Бұл сұрақтардың жауабын оқырман мемлекет және қоғам қайраткерi Серiкболсын Әбдiлдиннiң еңбегiнен табады деп сенемiз. Кеше Алматыдағы “Эксклюзив” Баспа үйiнде С.Әбдiлдиннiң “Тұңғыш Төраға. Первый Председатель” кiтабының тұсаукесерi өттi. Саясаткерлер мен журналистер, еркiн ойлы азаматтар бас қосқан шараны Расул Жұмалы жүргiздi.

ҚОҒАМ ТАРАПЫНАН ОЛАРҒА ОСЫНДАЙ АТАҚ БЕРIЛIП, СЫЙ КӨРСЕТIЛЕДI
 Отанды сүю, елдi, жердi қорғау – қылмыс емес! Макс Боқаев пен Талғат Аянды 5 жылға бас бостандығынан айырған билiк пен сот бұл сөздi жадынан шығарған тәрiздi. Дәл қазiр екi азаматқа араша түспеген беделдi халықаралық ұйым жоқ. Барлығы бiр ауыздан қазақтың батырларына тағылған айыпты қатаң сынға алды.Оларды “саяси тұтқын” ретiнде таныды. АҚШ пен Еуропа одағы да Макс пен Талғаттың iсiн қайта қарап, оларды босатуды талап еттi. Сая­си тапсырыспен бұрын да талай сот өттi. Бiрақ қудаланушыларға
“2016 жылдың 3 қарашасында республикалық “Жас Алаш” газетiнде осы басылымның меншiктi тiлшiсi, журналист Сайлау Байбосынның “Керекудегi “қырындағыш” атты мақаласы жарық көрдi. Мақалада келтiрiлген келесiдей деректер: “Ұжыммен жұмыс жасап, жастарды тәрбиелейдi деген бүгiнгi басшылардың сыйқы осындай. Бұлар неге бұндай әрекетке барады деп ойлайсың сосын. Қазiр көптеген ақпарат құралдарын (жал­ғыз Павлодарда емес) журналистикадан хабары

 

“Жас Алаштың” тiлшiлер қосынына Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылы Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебiнiң кiтапханашысы Талшын Акижановадан хат келдi. Хатта кiтапханашы соңғы жарты жылдың көлемiнде мектеп басшысы тарапынан әдiлетсiздiк көргенiн жазыпты. Арызына бiрнеше құзырлы органдардың жауаптарын, тексеру қорытындыларын да қоса тiркеудi ұмытпапты. Бiр сөзбен айтқанда, арызына айғақ, дәлел боларлық құжаттарын да қамдастырған. Iстiң мән-жайына

Алдамжар Бәйiшев ағайы сияқты мұғалiм болуды көксейтiн Сәлiмге­рей Астана қаласындағы жоғары оқу орнының күндiзгi бөлiмiнде оқыды. Каникул кезiнде базарда арба сүйреттi, түрлi мекемеде күзетшiлiк жұмыс атқарды. Төрт жыл бойы. Астана қаласына жұмыс iздеп келген жас қызбенен танысып көңiл қосты. Қалыңдығының есiмi – Сәния. Санау­лы адам шақырылған үйлену тойына Сәнияның шешесi мен жеңгесi қатыс­ты. Сәлiмгерей туып-өскен жерiне айына бiр рет амандығын бiлдiрiп тұратын,шаңырақ көтеретi­нiн алдын ала құлаққағыс еттi. Ауру-сырқаулы әкесi әлдеқашан о дүниеге аттанып кеткен. Елден ешкiм келмедi. Шешесi Зияданың кiшкен­тай­лардан шыға алмағаны да аян. Анасын iштей аяйтын. Шешесi, қа­рындастары мен iнiлерi ара-тұра

Қазақстан президентi Н.Назар­баевтың арнайы жарлығымен 2016 жыл­ғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттiк сыйлықтар:
1.“Әй, дүние-ай” романы үшiн жазушы Бексұлтан Нұржекеевке;
2. “Мәңгiлiк ел” монументi үшiн Иманғали Тасмағамбетовке, Сағындық Жамболатовқа, Мұрат Мансұровқа, Нұрлан Далбайға;
3. “Құнанбай” толық метражды көркем фильмi үшiн
Ертең, 7 желтоқсан күнi сағат 18.00-де Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында талант­ты ақын, композитор, әншi, актер, марқұм Ермұрат Зейiпханның туғанына 50 жыл толуына орай “Екi дүниеде жалғызым – Қазақстан” атты еске алу кешi өтедi.
Келем деушiлерге есiк ашық.

Есет батырдың әскерi жеңiл­мей­тiн әскер деп есептелген. 1847 жылы Кенесары хан қаза тапқаннан кейiн ол Жанқожа батырмен бiрге Қоқан, Хиуа хандықтарына қас­қайып қарсы тұрды. Сонымен қатар, Ресей бекет­терi­не шабуылдап, үрейлерiн ұшырумен болған Есет батырдың су­ре­тiн оның шөпшегi Жандос Темiр­ғали тапты. Бұл суреттi оған Мәс­кеудегi танысы мұрағаттан тауып, поштамен жiберiптi. Батыр фотоға киiз үйде отырып түсiптi. Бұл сурет Есет батырдың қаруын тастаған соң, 1859 жылы 29 наурызда қазақ

Жуырда ҚХР Алтай аймағынан “Фотоөнер” қоғамдық бiрлестiгiнiң арнайы шақыруымен оператор-фотограф Қанат Сейiтқамзаұлы қонақта болып қайтты. Ол шетелдегi бауырларымызбен тәжiрибе алмасу, фотоөнер саласының дамуына үлес қосу мақсатында Алматыдағы ҚР Мемле­кеттiк орталық мұражайында ашылған “Тәуел­сiздiк тағылымы-25” атты фотокөрменi тамашалап, ертесiне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң

XIX ғасырда фотография өмiрге үлкен өзгерiс енгiзген басты жаңалық болды. Адамдар фотография арқылы әлемнiң әр түкпiрiнде болып жатқан жаңалықтарды өз көздерiмен көре алды. Қырым соғысы (1853-1856 жылдар) жайындағы деректi фотолар арқылы адамдар көп мәлiмет алды. Алғашқы әскери фотограф Роджер Фентонның елеулi еңбегi ретiнде Қырым соғысы кезiндегi 3,5 айда түсiрiлген 360 фотоны айтуға болады.Әскери соғыс аймағына Фентон түсiрiлiмге қа­жеттi құралдарды және заттар салынған 30 жәшiк алып келген едi. Британ басқармасының тапсырмасы бойынша, фотолардың өзгелер үшiн тиiм­дi болғанын қалаған Фентон өлген

Жуырда Алматы қаласындағы “Қазақфильм” киностудиясында Canon EOS 5D Mark IV маркалы сандық айналы камерасының таныстырылымы болды. Қазақстандағы Canon компаниясының басшысы Александр Смирнягин EOS 5D Mark IV камерасының жобалануына, 4К-видео қол­дауына және үнемi технологиясы жоғары, сапалы өнiм жасауға ұмтылысы үшiн өз ұжымына алғысын бiл­дiрдi. Сондай-ақ,Canon CEE GmbH-ның сату және маркетинг жөнiндегi директоры Сашо Лукич өз құттықтау сөзiн жеткiздi. Тiптi ең қараңғы

Көптеген фотографтардың өз сурет­те­рiне ат қоймауының себебi оларды қалай атау керектi­гiне бас қатырады. Әдемi және ерекше ат қоюдың ешқандай қиындығы жоқ және бұл процесс өте технологиялық болып табылады.

Жуырда Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсiз­дiгiнiң 25 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясы Өзбек этномәдени орталығының 10 жылдығына орай ерекше фотоальбом жарық көрдi. Тұсаукесер рәсiмiн “Қазақ тiлi” халықаралық қоғамының президентi Өмiрзақ АЙТБАЕВ пен Қазақстан тарихшылары қауым­дас­тығының президентi Мәмбет Қойгел­диев ашты. Сонымен қатар ҚР парламентiнiң депутаттары мен зиялы қауым өкiлдерi қатыс­ты.
Жол түсiп, Омбыда тұратын қазақ отбасының үйiнен дәм татқан едiк. Әр алуан тақырыпты қозғап, көп жайтты әңгiмеледiк. Байқағаным, бұл үйдiң немерелерiнiң бәрi спортпен шұғылданады екен. Шұғылданғанда да кәсiби түрде айналысып, түрлi жарыстарға қатысып жүлде де алып жүрген көрiнедi. 
– Сөздерiңiздi бөлгенiм үшiн кешiрiңiздер, – деп Ұмытқан құдағи бiз отырған бөлмеге ендi. – Шал-ау, немерең бiрiншi орын алыпты.
– Ой, мынау қуанышты хабар ғой.
– Құтты болсын.
– Бәрекелде, – десiп көңiл­дене елеңдесiп қалдық.
– Таңертең үн-түнсiз шалымның қасынан ас бөлмеге кетiп қалып, құмалақ

 

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокс спортының үздiктерi марапатталды. 2016 жылды қорытындылаған мамандар жылдың спортшысын, үздiк бапкерiн, қара қылды қақ жарған төрешiнi марапаттады. Рио Олимпиадасының чем­пионы, әлем чемпионы Данияр Елеусiнов жылдың үздiк боксшысы атанса, Даниярдың жеке бапкерi әрi әкесi Марат Елеусiнов жыл бапкерi атағына ие болды. Қыздар арасында үздiк боксшы атағы екi дүркiн әлем чемпионы Назым 

Күрес түрлерiнен конфедерация кубогы Алматы облысының балуандарына бұйырды. Еркiн күрестен Жетiсу жерiнiң намысын қорғаған балуандар финалдық бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының балуандарын жықты. 57 келiде сынға түскен Жандос Ысмайылов Данияр Ғұлмановты айқын басымдықпен жеңсе,   Iлияс Жұмай 66 келiде күресiп Асхат Сiләм­ханов­ты жықты. Шығысқазақстандық балуандардың арасынан тек Данияр Қайсанов қана жеңiске жетiп, Олжас Шыңғысбаевты ұтты. 86 келiде Нұрдәулет Көктеубаев Жанболат

Бокстан конфедерация кубогы Маңғыстау облысының боксшыларына бұйырды. Марат Жақиев баптайтын Маң­ғыс­тау командасы финалдық жекпе-жекте Астана қаласының боксшыларын 6:4 есебiмен ұтты.
49 келiде сынға түскен Асхат Жүсiпов Дүйсенбай Қуа­ныш­ты ұтып, елордалық команда алға озған едi, 52 келiде Мадияр Жанұзақ Азамат Иса­құловтан ұтылды. 56 келi салмақта тәжiрибелi боксшы, Лондон Олимпиадасына, әлем чемпионатына 

Алматының “Қайратына” Геор­гий Жуков келдi. Георгий Жуков ел чемпионатында “Астананың” намысын қорғады, сосын, Еуропа асып, Бельгияның “Стандарт” клубында жүрдi. Одан Голландияның “Рода” клубына жалға берiлдi.   Биылғы жазда Ресейдiң “Урал” клубына ауысты. Ресей чемпионатында тәп-тәуiр ойнаған Георгий Жуковты жанкүйерлерi соңғы кездерi “Уралдың” негiзгi, тiптi қосалқы құрамынан да көрмейтiн болды. Осыған байланысты футболшы әлеуметтiк желiдегi парақшасына жазған едi.  “Голландиядан бекер кеттiм, “Урал” намысын қорғап ойынға араласқанда “аяғыңды көстең­детiп жиi көтересiң, пас бергенде де аяғыңды тым биiкке