1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99 (16181) 13 желтоқсан, сейсенбі 2016
Бiрде мен Астананың жаңа келбетiн көрiп қуанып, таң-тамаша болып тұрғанымда, жанымдағы әрiп­тесiм: “Қазiргi президент бiр-ақ қала салды, ал Қонаев кезiнде 19 қала сал­ған”, – дедi. Шынында да солай ғой. Бiр қаланың өзiн де өзiмiз салмаппыз. Өзгелер­дiң ақшасына салыппыз. Бұл туралы “25KZ. Жаңа тарих” деректi фильмiнде прези­денттiң өзi айтып бердi. “Бәрi ұмытып та қалды. Мәселен, сенат ғимараты. Ол арабтардың ақшасына
Санаулы күндерден соң Тәуелсiздiктiң 25 жылдығын тойлауға алаңсыз дайындалып жатқан Қазақстан билiгiне өткен аптада Франция астанасынан жайсыз хабар жеттi. Француз түрмесiнде 3 жылдан артық уақыт отырған БТА банкiнiң бұрынғы иесi, қуғындағы сая­саткер Мұхтар Әблязов бостандыққа шықты. Бұл елдiң ең жоғарғы әкiмшiлiк сатысы – Францияның Мемлекеттiк кеңесi М.Әблязовтi саяси астармен қуғындап жатыр деген уәжбен келiсiп, оны Ресейге беруден бас тарт­ты. Мемлекеттiк кеңесте сөйлеген баяндамашы түрмедегi М.Әблязовтi Ресейге экстрадициялау туралы шешiмнiң күшiн жоюға кеңес берген. Бұған М.Әблязовтiң iсiн қараудың

Өткен сәрсенбiден берi Ақ­төбеде тағы дүрбелең: бұл жолғы оқиға мұнай мафиясына қатысты. 7 желтоқсанда қаланың Өндiрiстiк аумағында орналасқан “Ақтөбе мұнай өңдеу” ЖШС-нiң ауласына ҰҚК, IIМ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросының 40 қызметкерi басып кiрдi. 41 жастағы Нұрлан Қазкенов пен 47 жастағы Бауыржан Батыров осы жерге заңсыз

– Желтоқсан оқиғасына қа­тысты деректердi бiлесiз. Көте­рiлiске байланысты сот проце­сiнде аудармашы болдыңыз. Жалпы, сол кезге бiр шегiнiс жасап көрейiкшi...
– Желтоқсан кезiнде мен Абай атындағы педагогикалық институтта сабақ берiп жүрген едiм. Желтоқсан оқиғасына жұбайым екеумiз де қатыстық. Бiрақ Құдайға шүкiр, қолға түспей, таяқтан аман қалдық. Әйтпесе 18 желтоқсанда күнi бойы, басынан аяғына дейiн алаңда жүрдiк. Оның алдында 1985 жылы атақты актер Талғат Нығматуллиндi бiр топ адам Вильнюсте ұрып өлтiрген. Соның бiреуi қазақ екен. Соның iсiн мен аударып
Түркия президентi Режеп Тайып Ердоған Стамбул қаласындағы жарылыстардан соң 11-12 желтоқсанға жоспарлан­ған Қазақстанға ресми сапарын кейiнге қалдырды. Түркия­да 11 желтоқсан қаралы күн ретiнде жарияланды. Түркия президентi Режеп Ердоған өткен сенбiде Стамбулдың қақ ортасында, Vodafone Arena стадионының маңында футболдан кейiн болған жарылысты террорлық шабуыл деп атады. Түркияның iшкi iстер министрi Сүлейман Сойлу терроршылар полицейлер отырған автобусты көзде­генiн, сол себептi зардап шек­кендердiң
Оңтүстiк Кореядағы халық толқуы саябыр тапты. Өйткенi Корея парламентi дауыс беру қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Пак Кын Хеге импичмент жариялады. Президентке сенiмсiздiк танытқан депутаттардың саны – 234. Ал 56 депутат қарсы болса, 2 депутат қалыс қалған. Парламенттегi тал­қылауды халық тiкелей эфирден көрiп отырды. Сөйтiп, өкiлеттiгiнен айырылған президент билiктен шеттетiлiп, оның қыз­метiн уақытша атқару мiндетi үкiмет басшысы
Қырғызстанда жексенбi күнi өткен Конституцияға өзгертулер енгiзу жөнiндегi референдум заңды деп танылды. Өйткенi дауыс беруге сайлаушылар тiзiмiндегi 2,85 мил­лион адамның 42,07 пайызы қатысқан. Олардың 15,4 пайызы қарсылық танытса, Ата заңға өзгерiс енгiзудi қолдаған сайлау­шылар саны бұдан 7 есе көп – 79,56 пайыз. Қолданыстағы заң бойынша дауыс беруге сайлаушылардың 30 пайызы қатысса, референдум заңды деп саналады.  Жалпы, Қырғызстанның 2010 жылдан берi қолданылып келе жатқан Конституциясына өз­герiс­тер енгiзу туралы бастаманы парламент құрамындағы бiрқатар партиялардың өкiлдерi көтерген едi.

Портал фермерлердің мемлекеттік органдармен, мекеме-ұйымдармен, қаржылық институттармен, ғылыми ортамен, нарықпен (бизнес сектор, тұтынушылар) байланысын жеңілдететін жаңа құрал. Енді қожалықтарды қыстың суығы мен жаздың ыстығында таулы-тасты, жолды-жолсыз, алыс-жақыннан іздемей, кеңседе отырып-ақ оңай табатын болаcыз.

Қазақстандағы қазақы облыстардың iшiндегi ең iрiсi, әрине, Оңтүстiк Қазақстан облысы. Құлдық, бодандық санадан ада-гүде арылып бiткен жоқпыз ғой, бiздiң кейбiр бейбақтар “қазақы облыс” дегендi әлi күнге дейiн “артта қалған облыс” деп түсiнедi. Шынында да, “қазақы облыс” деген не өзi? “Қазақтың қаймағы бұзылмаған өлке” деген сөз. “Қазақтың қаймағы бұ­зыл­маған өлке” деген не сөз? Ұлттың алтын қоры, ұлттың ертеңi, ұлттың болашағы деген сөз. Ұлттың жыртығын бүтiндеп, ұлттың кем-кетiгiн толтырып, ұлттың қара қазанын ортайтпай
 Жуырда Жамбыл облысының әкiмi Кәрiм Көкiрекбаев­тың өкiмiмен Тiлеухан Әбiл­даев денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы болып тағайындалды. Осылайша сегiз айдан берi бос тұрған жауапты орынға бас ие табылды. Айта кетейiк, Тiлеухан Шiл­дебайұлы бұл қызметке осымен екiншi мәрте тағайындалып отыр. Ендi сәл-пәл шегiнiс жасап көрейiк, сәуiрде Жамбыл облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Ерлан Масалимовтың екi орынбасары және екi бөлiм басшысымен, яғни бiр басқармадағы бес бiрдей адам пара
Өткенде 365 info.kz порталы BNews.kz сайтына сiлтеме жасап, Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында, ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай, табандатқан 57 көшенiң атауы қазақшаланады деп хабарлаған. Шынын айтқанда, осы жаңалық қанша жағымды естiлгенiмен, оған нанар-нанбасымызды бiлмедiк. Себебi, жуырда ғана Қызылжар қаласында көше атауларын өзгертуге байланысты өткен қалалық мәслихаттың жиынында кейбiреулердiң оған барынша қарсы болғанын
Бала асырап алу – өмiрдегi ең маңызды шешiмнiң бiрi. Сондықтан бұған iштей дайындық пен баланың өмiрi мен болашағы үшiн жауапкершiлiктi сезiну қажет. Перзентке зар болған талай отбасы бала асырап алмақ болғанда заң бiлмегеннен талай кедер­гiлерге ұрынып жатады. Осыған орай, бала асырап алуда қандай талаптар мен жағдаяттарды ескеру керектiгi туралы Екiбастұз қалалық сотының судьясы Нұргүл Сәулен ханымның заңнамалық ақыл-кеңесiн назарларыңызға ұсынамыз.
Жаза басып, жаңылып кету әп-сәтте. Ал оның салдары ғұмыр бойына өшпес таңба болып қалады. Әрине, заң мен адам алдында айыпты болғандар айыбын мойнына алып, жазасын өтеуi керек. Бiрақ берiлетiн жаза да айыптының iстегенiне сай болуы тиiс. Артық та емес, кем де емес. Мұны Қазақстан заңдарындағы қылмысты дұрыс дәрежелеу қағидасы реттейдi. Редакциямызға келген кезектi хаттың иесi осы қағиданы дұрыс қолдану мәселесiн көтерiп жанайқайын жазған екен. Жазылған жайды оқырман мен құзырлы органдардың назарына ұсынуды жөн көрдiк.  
Шаруа қожалығымның жабылмағанына байланысты “Әрекетсiз салық төлеушi­лердiң тiзiмiнде” тұр екенмiн. Қожалықтың балансын тек­серiп оны жабу туралы арызды салық инспекциясына 2007 жылы жазғанмын. Оны дәлел­дейтiн құжаттарды жоғалтып алдым. Не iстеуге болады?
Нұрбек,
Қаскелең қаласы
 
“Салық және өзге де мiн­деттi бюджеттiк төлемдер туралы” Кодекстiң 579-ба­­бы­ның 3-тармағына сәйкес, әрекет етпейтiн жеке кәсiп­керлер қа­тарына бiр жыл iшiнде же­ке табыс салығы, ойын биз­несi бойынша салық, тiркел­ген салық, егер үш салық мер­зi­мiнде декларация берiлме­ген жағдайда оңайлатылған
Мен мемлекеттiк қызмет­кер­мiн. 2016 жылдың қазан айында декреттiк демалыстан шықтым. Жұмыс iстеген уа­қытым үшiн қазiр демалыс және емделуге қажет жәр­демақы ала аламын ба? Маған жұмыста жұмыс iстеге­нiме бiр жыл толған соң ғана демалыс пен емделуге жәр­демақы берi­летiнiн айтты.
Гүлназ,
Алматы қаласы
 
Еңбек кодексiнiң 91-бабы бойынша төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын беруде:
1) iс жүзiнде iстеген уа­қыты;
 2) қызметкер жұмыс iстемеген, жұмыс орны мен еңбекақысы толық немесе жартылай сақтал­ған;

 

Мен өкпе аурымен ауырып, мүгедек деп танылдым. Бұл жағдайда үй алуға қандай жеңiл­дiктер болады?
Мәрзия,
Алматы қаласы
 
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi N39 “Мүгедек­тердi әлеуметтiк қорғау туралы” заңының 26-бабына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлен­ген тәртiппен:
1) тұрғын үйге мұқтаж мүгедектердi есепке қоя­ды және олардың пайдалануына тұрғын-үй бередi;
2) мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берiле­тiн тұрғын үй-жайларды арнайы құралдармен және жабдықпен жабдықтауды қамтамасыз етедi. Мүгедектерге
Мен жетiм ретiнде пәтер кезегiнде тұрмын. Менiң пәте­рiмде үлес бар. Күйеуiмде де кейiнiрек үлес пайда болды. Менi кезектен алып тастай ала ма? Балам бар. Кезектен шық­пау үшiн ажырасып, жал­ғызбасты ана ретiнде қайта құжат тапсыруым керек пе?
Айша,
Талдықорған қаласы
 
 Мемлекеттiк бағдарлама талаптары бойынша егер күйе­уiңiз екеуiңiз бiр үйде үлеске ие болмасаңыз, пә­тер­­дегi үлес бағдарламаға қатысуға ке­дергi келтiр­мейдi. Яғни

 

ТОПЫРАҚ ДЕМI
Топырақ,
Мен жасанды мұңнан қорқамын…
Түннен қорқамын дұғасыз.
Соқыр сөздерден…
Қабiрге айналған қараңғы-ы-ы
көздерден,
кiнәлi кiрпiктi жуған күнәсiз жастан….
тәубесiз бастан қорқамын,
Топырақ!
Алланың “Ойы” жауып тұр аспаннан,
Мейiрiм жауып тұр, мөп-мөлдiр.
Тәйiрi... Қазақтың тарихын жасау деген түк емес. Ол үшiн екi-ақ нәрсе керек. Бiрiншiсi – жүрексiнбеу, екiншiсi – қисындыру. Сөздiң шығу төркiнiн тексергенде, сол қисын мен ұй­қас үлкен роль атқарады. Оны сенен “Дәл осы сөздi Марко Полоның қай дәпте­рiнен алдың?” – деп кiм сұрап жатыр. Айтпақшы, мына 7 нәрсеге сенбе:
Бiрiншi, о баста жер ғаламшарында қазақтан басқа да ұлт, ұлыс, халық болды дегенге сенбе!
Оңтүстiк астананың “Алматы Арена” мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан  Қазақстанның ашық чемпионаты өттi.  Келешекте ел намысын қорғап, байрақта додаларда сынға түсетiн саңлақтар осындай чемпионаттарда байқалады.
Бұл   2017 жылы Алатау бау­райында жалауы желбi­рейтiн қысқы Универсиада қарсаңында  ұйымдастырыл­ған тестiк жарыстың үшiн­шi күнiнде спорт шеберлерi мен спорт шеберлiгiне үмiт­керлер еркiн бағдарлама бойынша өз өнерлерiн көр­сеттi.
Сайысты алдымен спорт шеберлiгiне үмiткер қыздар бастап, бiрiншi орынға 135,21 ұпаймен алматылық Алана Тоқтарова қол жет­кiздi. Оның қарсыластары Гүлжан Жұмадiлова 97,10 ұпаймен екiншi орын алса, 96,97 ұпаймен

Әуесқой бокстың халық­аралық ассоциациясы (AIBA)  қыздар арасындағы әлемнiң үздiк боксшыларын таңдады. Әр салмақ дәре­жесi бойынша рейтинг жарияланып, елiмiздiң үш қызы әлемдiк көштi бастады. 48 келiге дейiнгi салмақ дәре­жесiнде екi дүркiн әлем чемпионы Назым Қызайбай әлемдiк рейтингтiң басында тұр. Екiншi саты америкалық Марлен Еспразаға, үшiн­шi орын үндiлiк Саржубала Шаметсабаға бұйырған. 51 келiде

Ресейлiк боксшы Сергей Ковалев   америкалық Андре Уордқа есе жiберiп, атағынан айырылған болатын. Төрешiлер бұра тартты деп қазыларға өкпесi қара қазандай болған Ковалев Андре Уордқа қарсы қарымта айқас өткiзгiсi келетiнiн айтқан едi. “Бұл айқас өтедi екен, Андре Уордқа тиесiлi болған WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдарының

Ауыр атлеттердiң басына қара бұлт төндiрген допинг дауы ендi боксшыларды да “жайпай бастады”. Осы жазда Ресейге Рио Олимпиадасының алтын медалiн алып берген Миша Алоян да медалiнен айырылды. Допингке қар­сы агенттiктiң тексеруi нәтижесiнде Алоянның қаны таза болмай шыққан. 52 келi салмақта жекпе-жекке түскен Алоян финалда өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировты жеңген едi. Ендi Алоянның

Венгрияның бас қаласы Будапештте күрес түр­ле­рiнен әлем чемпионаты өттi. Олимпиадалық салмақ түр­лерiне жатпайтын салмақ дәрежелерi бойынша өткен додада қанжығамызға екi медаль байланды.
Еркiн күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегерi Дәулет Ниязбеков iрiктеу сынына өте алмады. Ол үндiлiк Бажранг Бажрагке есе жiбердi. 70 келi салмақта күрескен Нұржан Бекжанов әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi атанды. Қырғыз балуанын, мажарлық спортшыны, молдовалықты, жапонды жеңген Бекжанов әлем чемпионы атағына таласта ресейлiк Магомед Курбаналиевке жол бердi.  
Грек-рим күресiнен 71 келiде Асхат Жаңбыров бел­десiп, үндiлiк қарсыласына есе жiберiп iрiктеу­ден аса алмады. 80 келiде Асхат Дiлмұхамедов күреске түсiп, ширек финалда түрiк балуанынан жығылды. Жұбаныш белдесуiнде немiс балуанын ұтып, қола медальға қол созым қалғанда венгр балуанына жол бердi. Қыздар арасында Айым Әбiлдина
Сан-Паулу қаласында (Бразилия) болашақ күйеуiне тосын сый жасаймын деп қалыңдық қаза болды. Азаматша өзiнiң үй­лену тойына тiкұшақпен ұшып келiп, болашақ жа­ры мен той қонақтарына тосын сый жасамақ болған. Бiрақ әуедегi “Robinson-44” тiкұшағы белгiсiз себептермен апатқа ұшыраған

Британдық “Daily Mail” басылымының хабарлауынша, үйiнде ұйықтап қалған баласын табу үшiн ата-анасы жер­гiлiктi полиция де­пар­таментiн аяғы­нан тiк тұрғызған. Екi жасар Логан Мар­клендi ойнатып отырған бауырлары кенеттен одан көз жазып қалыпты. Кейiн ата-анасы Саманта мен Джеймс үйдi қарап шығып, баласын таппаған. Қатты қорыққан

“Haarec” ақпарат агенттiгiнiң хабарлауынша, израильдiк дәрiгерлер балалар сүйiп көретiн, ресейлiк мультфильм “Маша мен аюдағы” Машаның “жүйке жүйесi ауырады” деген диагноз қойыпты. Израильдiк Junior TV арнасындағы “Маша мен аюдың” алғашқы көрсетiлiмiнен кейiн, жергiлiктi дәрiгерлер