1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (16182) 14 желтоқсан, сәрсенбі 2016

Одақтың уысынан босаған елдер бос­тандығын жариялап мәре-сәре болып жатқанда қазақ билiгi көпке дейiн үнсiз қалды. Бiрқатар республикалар та­мыздың iшiнде-ақ тәуел­сiздiгiн жариялап жiберген. Кеше­уiлдеп болса да, Өзбекстан 1 қыркү­йекте, Түрiкмен­стан 27 қазанда дербес мемлекет бол­ғандарын мә­лiм­деп, әлемге сауын айт­ты. Қазақстанды “бiр жыл кейiн   қалған ел” атанудан сақтап қалған уа­қыт – екi-ақ апта. Қызығы, Қазақстанның егемен ел ретiнде танылуы бес жыл бұ­рын қа­зақ жастары буыр­қанған

Адамдардың өмiрiне қастандық жасаған бұзақы жастардың айла-шарғысы мен өтiрiктерi жауапкер­шiлiктен сытылып кетулерiне жәрдем­деспедi. Тергеу органдары анықтаған Алматыдағы 17-18 желтоқсандағы қоғамға қарсы әрекеттерге белсене қатысқандар – Алматы архитектура-құрылыс институтының бiрiншi курс студент­терi Қ.Рысқұлбеков пен Е.Көпесбаев, Алматы энергоқұрылыс техникумының үшiншi курс студентi Ж.Тайжұмаев, “Алматы құрылыс” тресi ҚМБ–39 ағаш ұстасы Т.Ташенов пен “Алматы өндiрiстiк құрылыс” тресi

2011 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Тәуел­сiздi­гiнiң 20 жылдығын тойлап жатты. Астананың үскiрiк аязында алаңға шыққан президент Н.Назарбаев халықты Тәуелсiздiкпен құттықтады. Ал бұл кезде Астанадан 3 мың шақырым жердегi мұнайшылар қаласы – Жаңа­өзен­дегi алаңда тәуелсiз Қа­зақстанның тарихындағы ең қанды оқиғалардың бiрi басталып кеткен едi. Жетi ай бо­йы ереуiлдеген мұнайшыларға қарсы арандатулардың аяғы билiктiң халыққа оқ атуымен аяқталды.
Бес жыл бұрын дәл осы күнi Жаңаөзен қаласының

Немiстiң беделдi сот-медициналық сарапшысы Бернд Бринкманн Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшiсi, президент Н.Назарбаевтың бұрын­ғы күйеубаласы Рахат Әлиевтi әлдекiмдер өлтiрген деп мәлiм­дедi. Асылып немесе буындырып өлгендердi зерттеуге маманданған сот медицинасы профессорының қорытындысы Австрия тарабының Рахат Әлиев асылып өлдi деген тұжырымын жоққа шығарады.

Жуырда Астана қаласындағы “Radisson” отелiнiң конференц-залында “Қазақстандағы Желтоқсан (1986 жылғы) көтерiлiсiнiң тарихи және халықаралық маңызы” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өттi.
Әртүрлi 10 елден келген, әрқилы тарихи-философиялық, социологиялық, саяси мектеп­тердiң өкiлдерi – ғалымдар, қазақстандық және шетелдiк жетекшi қоғамтанушылар, сондай-ақ жас зерттеушiлер өздерiнiң ғылыми баяндамаларында “Желтоқсан-86”-ның тарихи және халықаралық маңызына

Қазақтың мұраты да, арманы да, аңсары да ежелден Тәуелсiз­дiк екенi әмбеге аян. Өйткенi Тәуелсiздiк – ешқандай баға жетпейтiн байлық, құн жетпейтiн құндылық. Қазақтың ұлттық өрлеуi де – Тәуелсiздiкке байланысты. Қазақтың мәңгi ел болуы да, мәңгiлiгi де – Тәуелсiздiкке байланысты. Мiне, осы қасиеттi де киелi Тәуелсiздiктiң табалдырығымызды аттағанына дәл 25 жыл толыпты. 25 жыл... 25 жыл – аз мерзiм емес. Бiр ғасырдың төрттен бiр бөлiгi, ширегi. Тұтас ғасырдың төрттен бiр бөлiгiндей мерзiм iшiн­де бiз өз топырағымызға Тәуелсiздiктi жерсiндiре алдық па? Жоқ әлде “қағаз жүзiндегi Тәуелсiздiкке” мәз болып, жас баладай санымызды құр босқа

 “АрселорМитталТемiртаудың” күрделi жөндеуден өткен №4 домна пешi Нұрсұлтан Назарбаев телекөпiр арқылы тұсауын кескеннен соң артқа тәулiк тастап, қайта тоқтады. Бұл оқыс оқиға 8 желтоқсанда түнгi сағат оннан бiр минут өткенде орын алды. “Шатақ” шойын таситын шөмiштен шыққан. Компанияның баспасөз қызметi таратқан дерекке сенсек: “Домнаны жаңғырту мен экологиялық жабдықты жөндеуге 15 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жаңғыртылған домна пешi ТМД елдерiнiң бiрде-бiр металлургиялық кәсiпорнында

  Нарызылық неден туды? Оны өздерiңiз де бiлесiздер, елiмiздi бiрнеше жыл басқарған Д.А.Қонаев ақсақалды СОКП орталық комитетiнiң шешiмiмен бiрiншi хатшылықтан алып тастап, оның орнына ешкiм танымайтын, бiзге бей­мәлiм Колбиндi басшы етiп Қазақстанға алып келуi болды. Осыған орай бiз СОКП пленумының шешi­мiне қарсылығымызды бiлдiрiп, алаңға шықтық. Жұмысшы жастар мен студенттердiң қойған бiр-ақ талабы болды. Ол “Д.А.Қонаевтың не себептi алынғаны”, “бұл қалай болды?”, – деген сауалдарға өзiнiң аузынан

З.КАМАЛИДЕНОВ, Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы:
“17 желтоқсанда таңертеңнен бастап қала көшелерiнде жастардың ұйымдасқан тобының қозғалысы басталды. Оларды тоқтатуға жасалған әрекеттен нәтиже шықпады. Сағат 12-ге қарай қатысушылардың үнi үдей түстi: “Қазақ басшыны қо­йыңдар”, “Грузияда – грузин, Өзбекстанда – өзбек, Қазақстанда – орыс”. Олар 5 машинаны өртедi, 20-сын төңкерiп тастады, милиция қызметкерлерi мен курсанттардың аяғынан ұра бастады. Генерал Басаров пен республика прокуроры Елемiсов ескерту мәлiмдеме жасады. Жатақханаларға, бiрқатар мекемелерге, оның iшiнде “Достық” қонақүйiне шабуылдау басталды. Жатақханалардан студент­тердi сыртқа
  1986 жылдың 18 желтоқсан күнi алаңда болдым. Сондағы естiгенiм: “Бұлар әбден басымызға шықты, қорлығы шегiне жеттi! Жанымыз Қонаев атамыздың арынан артық емес! Арандату болмасын, орыстар­ға тимеңдер!”. Ал қазiргi президент үшiн “жаным пида!” дейтiн адам табыла ма?  Қоғамдық пiкiрдi әлi де екiге бөлiп тұрған бiр сұрақ: “Бұзақылыққа бейбiт шерушi­лердiң қатысы болды ма?”. Менiңше, бұған “Тек мәжбүрлеген соң баруы мүмкiн. Өйткенi билiк – милиция, әскери оқу орындарының курсанттары, Кеңес Одағының 9 қаласынан әкелiнген әскерилер, өрт сөндiрушiлер, кинологтар, “еркiн” жасақшылар қасақана арандату шарасын қолданды. Көпе-көрнеу қантөгiс ұйымдастырған

“ҚазАгроҚаржы” АҚ-ның қаржыландыруымен салынған елiмiздегi ең үлкен жылыжай кешенi салынды. Алматы қаласы, Алатау ауданында жылыжайға “ҚазАгроҚаржы” АҚ 7,8 миллиард теңге бөлген. Елiмiздiң Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы және “ҚазАгро” ұлттық басқарушы холдингiнiң” 10 жылдық мерекесiне орай елiмiздегi ең үлкен жылыжай кешенi iске қосылып, алғашқы өнiмдерiн нарыққа шығарды. 12 гектар аймақтағы жылыжай әлемдегi ең озық үлгi­дегi Голландияның Dalsem технологиясымен салынған.

Қазақстан Республикасы Тәуел­сiздiгiнiң 25 жылдығына арналған көрме қоғамды тәуел­сiздiк жылдарындағы отан­дық  фотожурна­лис­­тердiң еңбектерi­мен елiмiздiң мем­лекеттiк маңызы бар қоғамдық және рухани оқиғаларымен таныстырады.
Көрмеге Қазақстанның 25 жетекшi фототiлшiсiнiң 100-ге жуық фотожұмысы қойылған. Елiмiздiң Тәуелсiз 25 жылының жарқын да айшықты мезеттерi күнде көз алдымыздан өтiп жатқанымен, соның бәрiн байқай беремiз бе, бiр сәт тоқтап, ой жiберiп қараймыз ба... Ал уақыт зымырап өтiп жатыр. Қазақстанның үздiк фотограф

“Қарнымның ашқанына емес, қадiрiмнiң қашқанына жылаймын” дегендей, бiздiң де газетке хат жазуымыздан басқа амал қалмады. Өйткенi құрғақ уәдеге тойып бiттiк.  1998 жылы Оңтүстiк Қа­зақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес аулында мешiт ашылды. Қазақтың айбоз ұлы, шығыс жекпе-жек өнерiн елiмiзге алып келген Мұстафа Өзтүрiктiң есiмi берiлген Алла үйiнде жамағат бүгiнге дейiн құлшылық етiп келедi. Ендi мiне, ашылғанына 20 жыл жуықтаған мешiтiмiз тозып бiттi. “Ауыл тұрғындарының пiтiр, садақасынан түсе­тiн қаражат

Желтоқсан көтерiлiсi кезiнде мен Ауғанстанның оңтүстiк-батысындағы Нимруз провинциясында интернационалдық борышымды өтеп жүрген едiм. Айына бiр мәрте орталықтан өкiлiмiз азық-түлiк, үйден хат-хабар, қолға түскен әртүрлi газет-жорналдарды ала келетiн. Бiраз уақыттан кейiн дари тiлiн меңгерiп алып, жаһанда болып жатқан жаңалықтарды қыс­қа толқындарда жұмыс iстейтiн радиоқабылдағыш арқылы

Айлар ақты, жанға жайлы iз қалды,
Кешсек-дағы ми батпақты, мұз-қарды.
Қыстың басы... Сорғалайды көз жасы,
Желтоқсанның желi неге ызғарлы...

“Жас Алаш” газетiнен (24 қараша, 2016 жыл) “Түбiмiз­ге селқостық жетедi” деген мақаланы оқыдым. Қоғамдық көлiктегi заң бұзушылықтар жайлы жазылған екен. Рас, ондай келеңсiз­дiктер Алматы атобустарында жиi орын алады дегенге сене қоймадым. Содан көп ұзамай Алматыға жолым түстi. Сол кезде қоғамдық көлiктердегi заң бұзушылықтарды өз көзiммен көрiп, кәдiмгiдей құлазып қалдым. Және одан басқа да байқаған жағдайлар жайлы сөз қозғағым келiп отыр. 

Коля, Маша, Гуля, Толик, Аня, Бекс... Бұлар кiмдер дейсiздер ғой? Менiң жора-жолдастарым, жас күнiмiзден араласып-құраласып келе жатқан достарым. Коля дегенiмiз – Көлбай, Маша (Көлбайдың әйелi) – Мейрамгүл, Гуля – Гүлнәр, Толик (Гүлнәрдың күйеуi) – Толыбай, Аня – Анар, Бекс – Бексұлтан. Бiздiң жасымыз қазiр 55-56-ға келiп қалды. Алдымыз келiн түсiрiп, қыз ұзата бастадық. Бәрiмiз бас қосқан кезектi отырыста

Жақында Тәуелсiздiгiмiзге 25 жыл толған айтулы мерекеге орай, бiлiктi басшы Данияр Айтбаев басқаратын Төле би аудандық емханасының ұжымы қамкөңiл балаларға арнап “Алтын жүрек” қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Балаларға түрлi ойыншықтар, бiлiм алуға қажет құрал-жабдықтар мен қыстық киiмдер таратылды. Акцияға қатысқан аудан әкiмi Бұхарбай Парманов бұған де­йiн көбiне жеке кәсiпкерлер қайырымдылық шараларымен айналысып келсе, ендi емхана қыз­меткерлерiнiң тыңнан түрен сал­ғанына айрықша

Қазiргi күнiаралас некеден туған балалардың саны кө­бейiп келедi. Солардың бiрi – менiң танысым Алина Қожабекова есiмдi жас бойжеткен. Оның әкесi – қазақ, шешесi – кәрiс. Осы мәселе жайында Алинаның ойын бiлмекшi болып әңгiмеге тартып едiм, оның жауабы мынандай болды: “Мiне, мен де кәмелеттiк жасқа толдым. Мектептi қазақ тiлiнде бiтiрсем де, ес бiлгелi кәрiс тiлiн қоса меңгердiм. Бiрақ отбасымызда қазақ тiлiнде де, кәрiс тiлiнде де сөйлеспеймiз. Күнделiктi қолданысқа орыс тiлi

Ертең қасиеттi Тәуелсiздiгiмiзге 25 жыл толады. Ширек ғасыр iшiнде спорттан Олимпиада ойындарында қандай биiкке көтерiлдiк, кезiнде Кеңестер Одағы аталған империяның илеуiнде болған өзге елдердiң (Ресейден басқасы) бiзден асқаны қайсы, жетпейтiнi қай ел? Осы сауал төңiрегiнде өткен күндерге қайта көз жүгiртiп, спорттағы жеткен жетiстiгiмiз бен шыққан
Тәуелсiз Қазақ елiнiң спортшылары 25 жылдың iшiнде осындай жетiстiкке жеттi.  1991 жылдың 16 желтоқсанынан берi қарай өмiрге келген спортшылардың iшiнен Олимпиада чемпионы биыл ғана шықты. 1995 жылдың 4 сәуiрiнде Алматы қаласында туған Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасында 200 метрге брасс әдiсiмен жүзуде алтын медаль иелендi. Тәуелсiз Қазақ даласында өмiрге келген спортшылардың iшiнде Олимпиада чемпионы атанған әзiрге Баландин ғана.
Тәуелсiздiктiң ақ таңы атқаннан кейiн өмiр есiгiн ашқан спортшылардың iшiнде   Олимпиада жүлдесiн алған спортшылар да саусақпен санарлық. Мәселен, биылғы Рио Олимпиадасында дзюдо күресiнен күмiс медаль олжалаған