1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16183) 19 желтоқсан, дүйсенбі 2016

Жағымпаздықтан жарысқа түсiп жүрген небiр қужақ дүлдүлдердiң “аузына құм құйған” Тасмағамбетов президенттi мақтап-мақтап, аспанның ар жағына бiр-ақ шығарды. Ендi онымен ешбiр “дуалы ауыз” айтқыштың шендесе қоюы неғайбыл. Өйткенi Имекеңнiң тарихты “аударып-төңкерiп” тапқан иiрiмдерiнен президенттiң “бәрi менiң арқам” дейтiн пiкiрiнiң иiсi мүңкiп тұр. Өз жанынан қосқаны – Түркi қағанатынан бергi 15 ғасырлық тарихта тұңғыш президенттiң тырнағына татитын бiрде-бiр қаған мен ханның болмағаны. Бұдан асырып не айтуға болады? Бұдан асатындай

“Жақсының жақсылығын айт!” деген бар ғой, қоғам қай­раткерi, Желтоқсан көтерiлiсiн зерттеушi, заң ғылымдарының кандидаты Сабыр Қасымов осыдан бiрер ай бұрын Астанада “Қазақстандағы Желтоқсан (1986 жылғы) көтерiлiсiнiң тарихи және халықаралық маңызы” атты ғылыми-теориялық кон­ференция өткiзген-дi. Тағы бiр айта кететiн жайт, бұл конференцияға мемлекет бiр тиын бөлген жоқ, Сабыр Қасымов бастаған патриоттар

Алматыда атыраулық белсен­дiлер, “заңсыз митинг ұйымдастырды”, “жалған ақпараттар таратты”, “ұлтараздығын тудырды” деген айыптармен сотталған Макс Боқаев пен Талғат Аян сырттай “Халық батыры” атағымен марапатталды. Марапаттау рәсiмi Халықаралық адам құқығын қорғау бюросының кеңсесiнде өттi. Сыйлықты Макс Боқаевтың қарындасы Жанаргүл Боқаеваға халық жазушысы Қабдеш Жұма­дiлов, Талғат Аянның анасы Ұл­дай Айназароваға құқық қорғаушы Е.Жовтис табыстады. Боқаев пен Аянға “Халық Батыры” атағын берудi ұйымдастырып жүрген қоғамдық белсендi Жанболат Мамай бұған дейiн марапаттау шарасын өткiзуге келiскен орындар­ға

16 желтоқсанның кешiнде Қазақстан халқы бiрнеше сағатқа әлеу­меттiк желiлерден қол үзiп қалды. Кейiнiрек ақпарат және коммуникациялар министрлiгi мұны техникалық ақаумен түсiндiрдi. Бiрақ көзiқарақты жұрт мәселенiң мәнi қуғындағы саясаткер Мұқтар Әблязовте жатқанын тез ұқты. Жақында ғана француз түр­месiнен босап шыққан М.Әблязовтiң сұхбаты 16 желтоқсанда Астана уақытымен кешкi 20:00-де интернетте тiкелей эфирде көрсетiлетiнi туралы хабар әлеуметтiк желiлерде тарап кеткен едi. Бiр ғана осы әрекетiмен қазiргi билiк М.Әблязов секiлдi қарсыласынан қатты қорқатынын, қажет кезде Солтүстiк Корея секiлдi

“Болашақ” бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған 22 жыл iшiнде 11 мыңнан астам жас шет мемлекеттер­дiң көрнектi оқу орындарында бiлiм алуға қол жеткiзiптi. Сондай-ақ талапты жастарға табысталатын грант көлемiжылдан-жылға өсiп отырғаны байқалады. Мәселен, алғашқы онжылдықта “Болашақпен” оқитындар саны жылына небәрi 27 жасты құ­раса, 2005 жылы аталған бағдарлама бойынша 1796 бала шетел асыпты және “Болашақ” бағдарламасын қадағалау мiн­детi Бiлiм министрлiгiнен

Жаңаөзендегi қанды қырғынға – бес жыл. Қала көп өзгерген. Үйлердiң көше жақ қас беттерi түрлi-түстi бояумен құлпырады. Сол көшелердiң тек ел көрер бетiнiң сырттай жаңарғаны тәрiздi адамдар да сырт көзге бейқам, уайымсыз көрiнедi. Бiрақ бұл бiр қарағандағы жай көрiнiс қана. Қатқан жара жазылмапты. Мұны бес жыл­дағы азалы дастарқанда байқадым. Желтоқсан ел есiнде “тәуелсiздiк мерекесi” деген салмағы ауыр қасиеттi ұғымнан гөрi азалы күндерiмен есте қалатын болды. 2011 жылғы қанды оқиғадан соң Жаңаөзенде

Желтоқсан­ның жолы ауыр болды. Ақиқатын айттырмады. Тiптi КОКП Орталық Комитетi “қазақ ұлтшылдығы” туралы арнайы қаулы қабылдады. Тұтастай бiр ұлтты өстiп мас­қаралаудан өткен қорлық бола ма? Бiрақ уақыт, тарих қашан да әдiл таразы ғой. Бәрiн өз орнына қояды. Халқымыздың қайраткер азаматы Мұхтар Шаханов басқарған, 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-iнде бол­ған оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкiлiктi баға беру жө­нiндегi комиссияның жұмысынан кейiн сең қозғалды. Жинақталған материалдар негiзiнде жазылған мақала, сұхбаттар қазақ, орыс тiлдерiн­дегi мерзiмдiк басылымдарда жарық көре бастады. Сол күнгi көтерiлiстiң ащы ақиқаты

Ата-бабаларымыз ел басына қауiп төнiп тұрған кезде “Алла! Өзiң жар бола гөр!” деп, Құдайға сиынып барып, жауға аттанған ғой. Сол себептi де Желтоқсан көтерiлiсiне арналған фильмдi “Аллажар” деп атадым. Соған байланысты қиындықтар да кездестi. Бiрақ атын сол күйi өзгертпедiм. Жалпы, кедергiлер фильм түсiрiл­мей жатып басталды. Сценарийiн жазу үшiн, жоғары оқу орындарына барып, желтоқсанға қатысқан студенттермен сөйлесу керек болды. Осы мақсатпен Александр Лапшин екеумiз Қазақ қыздар педагогикалық институтына бардық. Бiрақ ешкiм бiзге жақындағысы келмейдi. Желтоқсан тақырыбына байланысты

2010 жылғы 30 сәуiрде өткен бейне-конференция­дағы, телефон арқылы сөйлеген сөздердегi және аудио-бейне материалдардағы мәтiндерге салыстырмалы талдау жасау М.Әбля­зовтiң, М.Кетебаетың, В.Козловтың, М.Сизовтың, С.Сапарғалидың, Ж.Мамайдың, Б.Атабаевтың iс-әрекеттерiнiң түпкi мақсаты Қазақстан Республикасындағы билiктi ауыстыру болып табылатынына куә бола алады. Мұнда Козлов, Әминов және Сапарғали өз iс-әрекеттерiнiң барысында Әблязов пен Кетебаевтың көпшiлiк арасында әлеуметтiк жауласушылық пен алауыздықты қоздыру, билiктi күшпен басып алуға шақыру жолдарымен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн

Арада отыз жыл өтсе де сол бiр сұрапыл жылдардың елесi әлi көз алдына келедi. Ол кезде Бөген ауданына қарасты Қараспан совхозында қарапайым жұмысшы болып iстейтiн. Алматыдағы мал-дәрi­герлiк институтты сырттай оқиды. 1986 жылдың желтоқсанында сессия басталып, Алматыға барған Бекназар Мұсаев алдында қандай тағдырдың күтiп тұрғанын әрине, ол кезде бiлген жоқ.  Д.Қонаевтың қызметтен алынып, оның орнына Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ, қазақ деген ұлтты танып бiлмейтiн Г.Колбиннiң келгенiн ол жатақханада

АЛМАТЫ мен АСТАНА
 
Алматы кәрi қала, дiмкәс қала,
Кескiнi келмей жатыр ұйқасқа да.
Жаңылып тобасынан,
Тоқал алып,
Бiз түгiл безiп кеткен бiр қасқа да...
 
Дегенде тоқал басқа, тобыр басқа,
Бұл өзi жақсы “өнеге” өрiм жасқа.

 

ОДАН  “ҚОСЫНДЫ ӨЗГЕРМЕЙТIНIНБАСТАУЫШТЫҢ БАЛАСЫ БIЛЕДI.
БIЛМЕЙТIН — “ҚАЗАҚМЫСТЫҢБАСШЫЛЫҒЫ. НЕГЕ?
Сұраққа жауап бермес бұрын сәл шегiнiс жасайық. “Қазақмысқа” қарасты жастар одағының төрағасы С.Тысевич қазақ тiлдi газеттi қорлаудың “классикалық үлгiсiн” қалай көрсеткенiн бiз бiрнеше рет жаздық: “Тысевич қазақша газетке қырғидай тидi” (13 мамыр 2015ж.), “Қазақмысқа” керегi – қазақтың кенi...” (26 қараша 2015ж.). “Құдiреттi “Қазақмыс” прокуратураңа пысқырмайды” (12 қараша 2015ж.) деп “ДАТ”-та дабылдатты.

 

«ҚҰРБАҚА СИЯҚТЫ ҚОҒАМ»
Ғалымдар жер климатының жылынғанын қоғамның осыдан 10 жыл бұрын сезгенiн айтады. Оның нақты солай болып жатқанын дәлелдейтiндей, алаңдайтын ақпар болмағанымен, ауа-райының айтарлықтай өзгерiске ұшырағаны кәдiмгiдей құбылыс ретiнде қарастырылып жатыр.
Климаттың өзгерiп жатқаны жайлы мәселе соңғы 10-15 жылда жылда тың тақырыптар легi­нен түспедi. Мәселен, АҚШ-тың ұлттық ауа-райы қызметiне қарас­ты үкiметтiк агенттiгi 1995 жылдан берi 10 жылдың тоғыз жылында ауаның жылымық болғаны туралы хабарлады. Сол сияқты, Гренландияның мұздықтарын зерттейтiн сарапшылар Атлант мұхитының екi қатпарлы мұзы, қатып қалған өзендердiң алдыңғы он жылға қарағанда, ери бастағанын айтты. Ке­зiн­де Дүниежүзiлiк банктiң бұрынғы басшысы, экономист Николас Стерн Британ үкiметiнiң тапсыруымен ауа райы

Мына қызықты қараңыз, биыл қазан айында АҚШ-тың сол тұстағы президентi Барак Обама CNN сайтында “Қызыл” ғаламшарды игеру жөнiндегi жоспарымен бөлiскен. “Бiздiң мiндетiмiз – 2030 жылға қарай Марсқа адамдарды жiберу және оларды қауiпсiз түрде Жерге қайтару. Түпкi мақсатымыз – бiр күнi онда ұзақ уақытқа қалу”, – деп жазады бұрынғы АҚШ прези­дентi. Сол жолы Б.Обама АҚШ астронавттардың Марсқа барып-қайтуы үшiн және ол жердегi өмiрiн қамтамасыз ету мақсатында жеке компаниялармен байланыс жасап

Күндердiң бiр күнiнде менiң ойымда бiр өзгерiс пайда бол­ғанын сезе бастадым. Құдды қасымда бiреу жүрген сияқты. Қолымнан тартады, қарасам ешкiм жоқ. Тiл қатады, бұрылсам тағы ешкiм жоқ. Ал қиялым басқа бiр әлемде жүргендей. “Мен осы жынданып кеткен жоқпын ба?” деп iштей ойланып қоямын. 
Осылайша басқа жұмысқа барар күнiмдi күтiп, бұрынғы жұмысым мен ұжымымды қимай (өкiнiш те бар) жатып ұйықтап кетiппiн. Түсiмде өзi республикаға танымал емшi, дiни бiлiмi де жоғары, көрiпкелдiгi де бар, әдебиет-өнер десе iшкен асын жерге қоятын Т. деген ақсақалға барып: “Аға, мен арақты
NASA ғарыш агенттiгiнiң уфология теориясына сенiп табынушы қызметкерлерi “Күннiң көзi басқа ғаламшардан ұшып келетiндердiң кемесiн қуатқа толтыратын бекет бола алады” деп мә­лiмдедi. Мұндай пiкiр Күн кө­зiнiң жарық түсiру қабi­летiнiң кемуiне байланысты айтылған. Анығында, таяуда ға­лым­дар Күн көзiнiң айналасындағы кеңiстiктi зерттеу жұмысымен айналысып жат­қан SOHO шолғысына түскен бiр бейнетаспаға назар аударды.

Хакасиядағы Саяногорск қаласының аумағына метеорит құлады. Оқиға таяуда орын алды. Куәгерлер бейненi әлеуметтiк желiлерде жариялап жатыр. ТЖМ өкiлдерiнiң түсiндiруiн­ше, аспан денесi болжамға сәйкес атмосфераның тығыз қабаттарында жанып кетiп, жер бетiндегi нысандарға ешқандай зиян келтiрген жоқ. Осыған орай жергiлiктi тұрғындар да ерекше жағдайды байқамаған. Алайда мамандар тобы метеориттiң жеке элементтерi түсуi

Қираған шахтаның астынан 17 жылдан кейiн тiрi шыққан адам әлемдi таңғалдырды. Осыдан 17 жыл бұрын Қытайдың батысында қуаты 7,8 балдық жер сiлкiнiсi болған. Соның салдарынан 118 жұмысшы – сы бар шахта опырылып қалыпты. Содан берi шахтаның қираған бөлiгi жабық күйiнде қалған. Алайда кеншiлер қараусыз қалған

“Әлем чемпионы Жәнiбек Әлiмханұлы кәсiпқой боксқа өтедi екен, әуесқойлардың арасында додаға түспейдi екен” деген қауесет әлi де айтылып жатыр. Кейбiр сайттардың Әлiмханұлын кәсiпқой боксқа “ауыстырып жiбергенiн” де оқыдық.
Жәнiбек Әлiмханұлы 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында 75 келiде топ жарды. Ұлттық құрама сапына қабылданғанына жыл толмаған боксшының айды аспанға шығарып, толайым табысқа жететiнiне ұлттық құрама бапкерлерi де сенген жоқ. Жиырма жасында әлем чемпионы атанған Әлiмханұлы жазғы Азия ойындарында да топ жарды. Азия чемпионатында жарқырап көрiндi. Бiрнеше жылдан берi 75 келi салмақта сынға түсiп жүрген Әлiмханұлы қараша айында Павлодарда өткен ел чемпионатында жеңiске жеттi, 81 келiде.

Шорт-тректен әлем кубогының кезеңi Оңтүстiк Кореяның Кангвон қаласында өттi. Елiмiздiң намысын қорғаған Нұрберген Жұмағазиев 1000 метрге жарысуда жеңiске жетiп, мерерйiмiздi асырды. Әлем кубогы кезеңiнiң күмiс жүлдесiн канадалық Паскаль Дион еншiлесе,

Мадридтiк “Реал” футболшылары Жапонияның Касима қаласында өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңiске жеттi. Жапонияның “Касима Антлерс” клубын Зинедин Зидан баптайтын “Реал” ойыншылары 4:2 есебiмен тiзерлеттi. Тартыстың негiзгi уақыты 2:2 нәтижесiмен түгесiлiп, овертаймда мадридтiк клубтың мергенi Криштиа­ну Роналду командаластарын алға шығарды. Ойынның 9-минутында

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсiпқой бокстағы 37-iншi жекпе-жегiн келесi жылдың 18 нау­рызында өткiзетiн болды. Жақында Твиттер парақшасына Головкин бүй деп жазды: “Бiздiң жекпе-жегiмiз­дiң мерзiмi нақтыланды. 18 наурызда Дэниэл Джейкобс­қа қарсы айқасты Нью-Йорктегi Madison Square Garden аренасында өткiзе­мiн. Айқасты НВО PPV арнасы таратады. Мен толқып та жүрмiн, кәсiпқой бокстағы кезектi айқасымды өткiзе­мiн. Бұл айқас

Футзалдан Алматының “Қайрат” клубы Қазақстан кубогында жеңiске жеттi. Талдықорғанда өткен тартыста алматылықтар “Жетiсу” клубын 3:1 есебiмен ұтты. Қазақстан кубогы жолындағы тартыста үшiншi орын “Аят” ойыншыларына бұйырды. Олар “Ақтөбе” клубын 5:3 есебiмен еңсердi. “Қайрат” клубы

7 желтоқсанда Ақтөбе қаласында жүргiзiлген арнайы iрi операция кезiнде мұнай ұрлады деген күдiкпен қылмыстық топтың бiрнеше мүшесi құрықталған едi. Сондай-ақ Алматыда да арнайы iс-шара ұйымдастырылып, Еркiн Iзбасар, көлiк жүргiзушiсi ұсталған болатын. 
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнайы ұшағымен Ақтөбеге жеткiзiлген күдiктiлердi тергеу, тағыл­ған айыптың қаншалықты дәлелдi, дәлелсiз екенiн анықтау тиiстi органдардың құзыретiндегi шаруа. Редакциямызға бiлiктi бапкер Бауыржан Нұрмаханов келiп, Еркiн Iзбасарды ұзақ жылдан берi танитынын айтып,