1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (16184) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2016

Кезiнде “Жер сатылмасын!” деп жанұшырып алаңға шыққан азаматтарға күйе жағып: “Алаңға шыққаны үшiн олардың әрқайсысына 50 доллардан 150 долларға дейiн ақша берген”, – деп күстаналаған “Еуразия” бi­рiншi арнасы жақында тағы бiр күлкiлi жағдайға қалды. Телеарна жүргiзушiсi Аймира Шәукентаева Владимир Познерге “сұхбат” берiптi. Кiшiгiрiм роликте ресейлiк танымал тележүргiзушi: “Шы­нымды айтсам, телефон соққан кезде мен сiздiң бас тартатыныңызға 80 пайыз сенiмдi болдым”, – дейдi және оған бiрнеше сұрақ қояды-мыс. Осы көрiнiс эфирге шыққан бойда

Түркияда қастандықпен өлтiрiлген Ресей елшiсi Андрей Карловтың сүйегi кеше Мәскеуге жеткiзiлдi. Анкара әуежайындағы қоштасу рәсiмiне Түркия үкiмет басшысы, Iшкi iстер министрi, Анкара мэрi сынды көптеген лауазымды тұлғалар қатысты. Бұл кезде Стамбұлда болған Ережеп Эрдоған ауыр қылмысты үлкен күйзелiспен қабылдағанын тағы бiр мәрте айта келiп: “Мен оны дипломат ретiнде өте жоғары бағалаймын. Бүкiл түрiк халқы атынан қарулы шабуылды айыптай отырып, марқұмның алдында бас иемiн” дедi.

Ақтөбедегi заңсыз мұнай саудасына қатысты ҰҚК тергеу департамен­тiнiң бастығы Е.М.Айымбетов басқарған топ тергеу жүргiзуде. 12 желтоқсан­ға дейiн Ақтөбеде 12 адам тұтқындалды. Кенiш­терден 2013 жылдан берi зауытқа мұнай тасыған 2 жүргiзушi, “Нұрторғай ЖЛТ”, “Дейл Ойл Трейд”, “Сая-8” ЖШС-нiң ортақ директоры Саят Дүсiпов, “Дияр -2016”, “ОйлТрансЛогистик” ЖШС директоры Азат Амитов қамауға алынды. 41 жастағы Нұрлан Қазкенов пен 47 жас­тағы Бауыржан   Батыров. Шұбарқұдық пен Байғанин ауданындағы мұнай ке­нiштерiнен мұнай алып, облыс орталығындағы “Ақтөбе мұнай өңдеу” ЖШС-iне өткiз­ген. 2015-2016 жылы ел iшiнде 1 миллиард

Сейсенбiде әлеуметтiк желi ию-қию болды. ҚР Парламентiнiң Мәжiлiс депутаты Мұхтар Тiнiкеев Қарағанды қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Николай Полевойды пәрше-пәрше қылып қорлап жатса, ұлардай шуламай қайтсiн?!
Бейнекөрiнiс санаулы адамды қамтыған шағын отырыстан түсiрiлген. Арасында әлгi екеуi анық бар. Оңашада сыр тар­қатқан таныстың жеке басқосуы деп айта қою қиын. Одан гөрi өзара келiсе алмай, кеңiр­дек­тескен кездесуге келiңкi­рей­дi. Жұдырық жұмсамаса да, жақтан шапалақпен шатырлатқан

Күнi кеше мәлiм болған ресми ақпаратқа жүгiнсек, 11 ай­дың қорытындысы бойынша, бюджеттiк бағдарламалар әкiм­шiлерi 7,5 млрд теңгенi игермеген. Оның 1,2 миллиарды Денсаулық сақтау және әлеу­мет­тiк даму министрлiгiне, 1 миллиарды Iшкi iстер ми­нистр­лi­гiне тиесiлi. Қарап отырсақ, VI шақырылымдағы парламенттiң екiншi сессиясында сөйлеген сөзiнде президент Н.Назарбаев бюджет қаржысының игерiлуiн қатаң бақылауды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы жемқорлықпен “бiлек сыбанып күресiп” жатыр. Оның айқын белгiсi өздерiнiң ресми сайттарында айғайлап тұрған­ “қоғамдық маңызы бар тергеулер”. Тергеу маңызын арнайы айдарда айқындап қойған соң, ұлттық бюро қоғамдық маңызы жоқ жемқорлықпен күреспей жатыр деп түсiнсеңiз өз еркiңiз. Сiз үшiн “қоғамдық маңызы жоқ жемқорлық” қолында кiшкентай өкiлетi бар шағын бастыққа, дәрiгерге, жол полициясына берген “сыйлық” болар. Ал ұлттық бюро үшiн билiктiң ұшар басындағы тергеуге

Кейiнгi жылдары биiк мiнбелерден айтылып келе жатқан мәселелердiң бiрi – ел iшiнде туристiк кластердi дамыту. Басқасын айтпағанда, мұның мемлекет үшiн екi маңызы бар. Бiрiншiсi – ол тұрақты табыс көзi болса, екiншiсi – туристiк бизнес арқылы Қазақстан сыртқы елдерге танылмақ. Айталық, дүниежүзiнiң кез келген адамы Сейшель, Канар т.б. мұхит төсiнде орналасқан шағын аралдарды жатқа бiледi де, қайсыбiр iргелi мемлекеттер туралы

Менiң мамандығым – зоотехник. Ауылшаруашылығында аттай 45 жыл жұмыс iстедiм. Мамандығым бойынша аудандық ауылшаруашылығы басқармасында бас зоотехник болып 6 жыл жұмыс iстедiм. 10 жыл совхоз директоры болдым. Кейiннен аудандық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы, аудандық атқару комитетi төрағасының орынбасары, аудандық халықтық бақылау комитетiнiң төрағасы, аудан әкiмiнiң орынбасары қызметiн атқардым. Жекешелендiру басталып, совхоздар тарағаннан кейiн

Уа, “Жас Алашым!” Қызға сөз айтар бозбалаша көкейiм күптi болып, өрек­пiп отырғаным не?! Ол өзiңе деген ерекше сезiмiм болар. Алты Алаштың ақыны мен жазушысы айта алмаған ақиқатты өзiң айтып, жазып, мiскiндi мүсiркеп, жол, жөн таба алмағанды қолдан кел­се демеп, жебеп жүрген әр iсiң, сөзiң – нә­билер амалындай десем артық болмас. Әрине, мен үшiн. Осы газетте төрт-бес жылдың мұғдарында бiрдi-екiлi

Редакцияға жеке сот орындаушы Кайдаров Айдын Серiк­қа­зы­ұлынан (лицензия №103; 27.04.2014 ж) ескерту хабарламасы келдi. Онда былай делiнген:  «Алматы қаласы атқарушылық округiнiң жеке сот орындаушысы А.С.Кайдаров борышкер “Жас Алаш” газе­тiнiң кезектi санында “Жас Алаш” ЖШС-не ақпарат ре­тiнде “Академик отбасымен соттасып жүр” деген мақаласын өзiнiң ақиқаттығына сәйкес келмейдi деп, көпшi­лiкке жалған ақпарат ретiнде берiлгенiн терiске шығаруды мiндеттеуi туралы Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотымен

“Жас Алаштан” 400 миллион теңге өндiрiп алмақ болған Жасан Зекейұлының шағымы бойынша қаралған сот iсi бiр жылдан астам уақытқа созылғанын оқырман жақсы бiледi. Заңды белден басқан аудандық сот қыруар соманың бiр нөлiн ғана қысқартып, басылымды 40 миллион теңге төлеуге мiндеттеген. Қалалық сот осы шешiмдi күшiнде қалдырғанымен, Жоғарғы сот 5 миллионға төмендеткен едi. Осы тұста белсендi оқырмандар “5 миллионды бiз төлеймiз” атты бастама көтердi. “Көп түкiрсе – көл” деген, бүгiн “Жас Алашты” жауға бермей­мiз” деп бiлек

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПIЛI! 
Жаңа жыл отбасылық мереке. Бұл күнi әрбiр сәби сыйлық күтедi. Әлбетте, дүкен сөрелерiнен қаптаған сыйлықтың қайсыбiрiн алып, баланы қуантуға болады. Дегенмен, бала үшiн ең зор сыйлық – бұл оның болашағына жасалған сыйлық. Сондықтан да, ұрпақ келешегiн ойлаған ата-ана инвестицияны баланың бiлiмi үшiн жұмсаса игi. Ендеше өз мүмкiндiгiңiздi жоғалтып алмай, жыл соңына дейiн “Бiлiм беру жинағы” депозитiне салым жасаңыз. Оның артықшылығы –салымға келесi жылдың соңына қарай 5%-7% мөлшерiнде мемлекеттiк сыйлықақы төленедi. Ендеше, жыл соңына дейiн

Бiраз уақыт бұрын жолым түсiп, Мәскеуге бардым. Ресейге аяқ басқан қазақтардың әдетте тоқтайтын жерi – Чистопрудный бульварындағы, Қазақстан елшiлiгiне жақын маңдағы қонақ үй. Мен де сол жерге орналастым. 2005 жылы Абай Құнанбайұлы атамыздың 160 жылдығына орай сол бульвардан ескеркiш ашылды деп естiген болатынмын. Ат тер­летiп, алыстан келгеннен кейiн сол ескеркiштi көрiп қайтайын деп, арнайы бардым. Сондағы көрiнiс менi қатты қапаландырды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескеркiшiнiң айналасы тура бiр жын-ойнаққа

Алматы қаласы, Алатау ау­данына қарасты №153 бөбекжай-балабақшасы осы жылдың 1 қыркүйегiнде ашылған едi.
Аз уақыттың iшiнде бө­бекжай-балабақша ұжы­мы көп шаруаны атқарып, балаларды тәрбиелеу iсiнде үлгi боларлық деңгейге жеттi. Заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған балабақша ел тәуелсiз­дi­гiнiң 25 жылдығына орай көрме өткiздi. Бұл қандай көрме дейсiз ғой? Балалар шығармашылығының көрме­сi. Осы 25 жылдың iшiнде
Тағдырдың тәлкегiне ұшырағандар арамызда, әрине, аз емес. Олар – әр топтағы мүм­кiндiгi шектеулi азаматтар мен азаматшалар. Бiрi қайғыдан құтыла алмаса, екiншiсi тағдырына мойымай, дүниенiң бiр кiрпiшi болып қаланып, өзiндiк тiршiлiгiн жасағысы келедi. Бiздiң өңiрде жалпы мүм­кiндiгi шектеулi жандыр саны – 27 мың, оның iшiнде 2 мыңға жуығы – 1-топ мүгедектерi. Солардың бiрi – осыдан 3-4 жыл бұрын қоларбаға таңыл­ған, менiмен тағдырлас Тамара Асқарқызы.
Тамара апаймен “Талсуаттағы” мүгедектердi оңалту орталығында

Осы уақытқа дейiн “Жас Алаш” газетiнде көше атауларын қазақшалау жайында талай рет оқырмандар өз пiкiрiн бiлдiрген-дi. Қарап отырсаңыз, қазақ жерiнде әлi күнге қазақша атау ала алмай келе жатқан көше, ауыл, аудан аттары жетерлiк екен. Солардың бiрi – Жетiсай қаласындағы 70 мыңға жуық тұрғыны бар “Ленин” көшесi. Қазақстан тәуелсiз ел атанғанына 25 жылдың жүзi болса да, Жетiсай қаласы социализммен

Он жылдан берi көршi тұрған Гүлшат Ермаханованың 1986 жылы желтоқсаншылар қатарында болғанын (Алматыда оқып жүрген ке­зiнде), қуғын-сүргiннен жапа шеккенiн жақында ғана естiп, қайран қалдым. Кейiн сол ызғарлы Желтоқсан кө­терiлiсi жайлы Гүлшаттың өз аузынан естiмек болып, әңгiмеге тарттым. Қанша дегенмен сол оқиғаны өз көзiмен көрген адам ғой. Ендi көршiмнiң айтқан әң­гiмесiн бұлжытпай өзде­рiңiзге ұсынып отырмын: “Желтоқсан оқиғасының алғашқы күнi бiз ешқайда шыққан жоқпыз. Тек кешкiсiн ғана мән-жайды

Жағы қушиып қалған, ұзын бойлы, шүңiрек көздi осы кiсiнi көптен берi бiлемiн. Жасы да онша уылжып тұрған жоқ. Елу бес пен алпыстың қақ ортасында. Мына әңгiме – сол кiсi айт­қан әңгiме едi. Қаз-қалпында берiп отырмын:
– Қылшылдаған қырыққа жаңа толған шағым. Астымдағы су жаңа КамАЗ-бен Түлкiбас стансасына астық тасимын. Жұмыс жайлы, ақша дегенiң қалтаға сый­майды. Дос-жаранға да сыйлымын. Қыз-келiншектерге қыр­ғидай тиiп жүрген кезiм. Содан бiр күнi қас қарайып қалған сәтте Ванновкадан Түлкiбасқа бұрылатын жолдың бойында бiр келiн­шек қолын көтердi. Қолында ауыр сөмкесi бар.

Марқұм Герольд Бельгер жазушы Тұрысбек Сәуке­таев­тың шығармашылығын жоғары бағалаушы едi. Бұл жөнiнде жазды да. “Қазақтың сыншыл ойы”, “ұлттың сыншыл ойы” деген ұғымдар Мағжан Жұмабаевпен, Жүсiпбек Аймауытовтармен бiрге үзiлiп қалмағаны, оның жалғаса беретiнi және жалғасып келе жатқаны да аян. Көркем әдебиет – ежелден қазақтың сыншыл ойының ұясы, iрi ошақтарының бiрi. Өзiнiң көркем шығармаларында ұлтымыздың сыншыл ойын өрiсте­тiп жүрген дарынды, зерделi жазушыларымыздың бiрi –   сөз жоқ,

Елiмiздегi мәнерлеп сырғанау спортының дамуына алдағы 28-шi Универсиада орасан ықпал еткелi отыр. Қазiргi күнi оңтүстiк астанамызда “Алматы арена” спорт кешенiнде сынақтық сайыстар өтiп жатыр. Бұл жарыстың беделi универсиада ойындарынан кем түспейтiн жағдайда. Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құраманың мүшесi Айза Иманбек «алдағы өтетiн аламан – универсиада сайысы спорттың осы түрiнiң   елiмiзде кеңiнен өркендеуiне септiгiн тигiзедi», – дейдi.

Алматыдағы дзюдо академиясында бапкерлерге арналған техникалық семинар өттi. Халықаралық олимпиадалық коми­тет­тiң талабына сай өткен шараны оны Ұлттық Олимпиадалық комитет пен Қазақстанның дзюдо федерациясы ұйымдастырды. Бес күнге созылған семинарды Дзюдоның халықаралық федерациясының өкiлi Дани Джордж өткiздi. Австриядан келген маманның ағылшын тiлiнде жүргiзiлген

Әуесқой бокстың халық­аралық ассоциациясының (AIBA)  Швейцарияның Лозанна қаласында өткен кезектi конгресiнде елiмiз­дiң бокс федерациясына марапат бұйырды. AIBA биылғы жылдың мамыр айын­да Астана қаласында әйелдер арасында өткен әлем чемпионатын ең үз­дiк шара деп бағалапты. Әйелдер боксынан әлем бiрiншiлiгi 15 жылдың iшiн­де бiрнеше рет өткiзiлдi. Бiрақ биылғы Астана қаласында өткен әлемдiк додаға қатысушы елдердiң де, боксшылардың да саны

Қазақ күресi федерация­сы, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерi конфедерация­сы мен Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң қолдауымен қа­зақ күресi федерациясының кубогы өттi. Тараз қаласындағы “Тараз-Арена” кеше­нiнде өткен тартыс Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай ұйым­дас­тырылды. 
Қазақ күресi федерация­сының кубогында жеңiске жеткен команда балуандарына – 10 миллион теңге, екiн­шi орын иегерлерiне – 6 миллион теңге, үшiншi орынға