1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016

Ресей Қорғаныс Министрлiгiнiң жексенбiде құлаған Ту-154 ұшағы ресейлiк әскердiң басты ансамблiнiң мүшелерiн, үш бiрдей федералды телеарна журналисi мен операторларын, тәжiрибелi ұшқыштарды, офицерлер мен әскери ведомствоның бiрқатар басшысын, бас-аяғы 92 адамды Қара теңiздiң құрдымына алып кеттi. Сирияға ұшып шыққан әскери ұшақтың сынықтары теңiздiң 10 шаршы шақырымнан астам аумағына шашылған. Ұшақтың қалдықтары мен мәйiттердi Абхазия республикасының жағалауынан да iздей бастады. Осы жағдайлар

Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Атыраулық азаматтар Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа қатысты шығарылған сот үкiмi Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйламағандық болып табылады. Жер Кодексiндегi дауға айналған және наразылық туғызған жайттарды атқарушы, заң шығарушы билiк орындары қайта қарады. Сiздiң жарлығыңыз бойынша құрылған комиссия жұмыс iстедi. Бес жылға мораторий жариялауыңыздың нәтижесiнде қақтығысқа бастайтын қатердiң жолы кесiлдi.
Жер – ата-бабамыздың ұрпақтарына қалдырған қасиеттi мұрасы, бай қазынасы. Оны қорғау, көздiң қарашығындай сақтау, тiршiлiктiң тiрегi ету баршаның парызы. Сiз мемлекеттiк шекараны рәсiмдеуге, жерiмiздiң тұтастығын қамтамасыз етуге байланысты атқарған еңбектерiңiздi айта келе, атыраулықтардың бастамасынан кейiн дүр көтерiлуге ниеттi халқыңыздың серпiлiсiн орынды бағаладыңыз. “Егер жерге дәл осылай көңiл бөлiнетiн

Естерiңiзде болса, газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде “Иманғали Тасмағамбетов қағандарға неге соқтықты?” деген мақала жариялаған едiк. Қисыны “Қыжыртпа” айдарына сұранып тұрған соң, “неге” деген сауалға жауап беруден гөрi президенттi қағандармен салыстыруға сан түрлi iлiк таба бiлген Иманғалидiң “қағылездiгiне” көбiрек мән берiлген-тiн. Дегенмен оқырман үшiн сол сауал әлi маңызын жоймаған екен. Оған редакциямызға түсiп жатқан қоңыраулар дәлел. Ақорда жақтан ызың еткен кез келген дыбыстан астар iздейтiн

Былтыр қазан айында Тараздағы “Нұр Отан” партиясы ғимараты жанында Ерлан Бектiбаевтың үстiне жанармай құйып, өзiн-өзi өртегенi елдiң есiнен шыға қойған жоқ. Ол оқыс қадамға барардың алдында полиция қызметкерлерiнiң қалтасына есiрткi салып, Данияр Райымбаев деген жiгiттiң өлiмi бойынша қыспаққа алғанын айтқан едi. “Басатын тауым, барар жерiм жоқ, өзiм жетiм баламын, шешем қайтыс болып кеткен...өзiме қол жұмсау себебiм сол. Өмiрден түңiлдiм, өмiр сүргiм келмейдi” деген болатын шарасыз жiгiт... Денесiн түгелдей күйiк шалған Ерланның

Тәуелсiздiктiң 25 жылдық мерекесiне орай, Қазақстан Журналистер одағы қаламы қарымды қайраткер тұлғаларды марапаттады. Журналистер одағының алтын медалiн алғандардың арасында белгiлi журналист Гүлжан Ерғалиева, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай, “ДАТ” медиажобасының жетекшiсi Ермұрат Бапи бар. “Азаматтық қоғамды дамытудағы айрықша еңбегi мен қосқан зор үлесi

 

Осы айдың басында БАҚ-қа берген кезектi бiр сұхбатында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев “келер жылы кейбiр банктер жұмысын тоқтатуы да мүмкiн, бiр-бiрiмен қосылуы да ықтимал” деп болжам жасаған едi. Сонысы шындыққа айнала бастағандай.


 “ҚАЗИНВЕСТБАНК” БАСЫНДАҒЫ ҚАРА БҰЛТ
Өткен апта соңындағы үш оқиға елдi елең еткiздi. Соның бiрi – Қазинвестбанктiң банктiк операциялардың барлық түрiн тоқтатуы болды. Бiрақ сол кезде бұл банктiң топ-менеджментi ешқандай түсiнiктеме берген жоқ. Бар-жоғы ақпарат порталдары банктiң колл-орталығына сiлтеме жасап, “Техникалық дефолт туындады. Осыған орай дүйсенбiге дейiн операцияның барлық түрi тоқтатылды.

Азғындықта шек жоқ. Екi аяқты хайуандардың көздерi ендi он екiде бiр гүлi ашылмаған бейкүнә балаларға түсе бастады. Жақында ғана Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылында орны толмас өкiнiштi жағдай орын ала жаздады. Қытайлық әлдебiр азғын 11 жастағы қызды саябаққа сүйреп бара жатқан жерiнен ұсталды. Бұл арада “киiм алып беремiн” деген сөзiне сенiп, баланы соған ертiп жiберген ата-ананың да кiнәсi шаш-етектен. Әлгi азғын солардың өздерiнiң танысы және үйден баланы алып шыққанда-ақ мас болған. Оның саябаққа жеткiзiп тастауын сұрағанынан

Белгiлi педагог Орынша Қарабалина – қоғам қайраткерi Кәкiмжан Қазыбаевтың жары әрi Бауыржан Момышұлы мен Жамал апайдың көзiн көрiп, осы кiсiлерге келiн болған. Ұ. Құлымбетовтiң 125 жылдығына Ақтөбеде өткен iс-шараларға қатысуға келген Бәукең мен Жамал апайдың қос келiнi Орынша, Зейнеп апайлардың жұртшылықпен кездесуде айтқан әңгiмелерiн оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдiк.

Сарыағаш ауданының бiлiм бөлiмi қызметкерлерi Оңтүстiк Қазақстан облыстық сотының азаматтық iстер жөнiндегi апелляциялық сот алқасы әдiл шешiм шығарады деген сенiмде. Ауданда 137 мектеп бар. Бұл дегенiңiз бiр аудандағы бiлiм ошақтары елiмiздiң кей облыстарындағы мектептерден көп. Яғни, осыншама мектепте бүгiнгi ұрпаққа сапалы бiлiм берiлуi, оқушыларға барлық жағдайдың жасалуы, мұғалiмдердiң өз мiндетiн мiнсiз

Жуырда Ұланбатыр сахнасында өнер көрсеткен 19 жасар қазақ баласы жұрт назарын ерекше аударған едi. Молдабайдың әнiн өзiндiк мақаммен ойнатып орындаған жас әншi телевизиялық шоуда тапқырлығымен де танылған болатын. Әлеуметтiк желi арқылы iздеу салып, шағын мақала жазсақ деген ойымыз кейiн өзгердi. Өйткенi әншiлiк өнер – Нұрбек Жанарбектiң бiр қыры ғана екен. Сегiз қырлы, бiр сырлы жiгiттiң әңгiмесiн үзiп-жұлмай толық жариялауды жөн көрдiк. Оның себебiн сұхбатты оқыған

Дарынды адамдарға жетiстiкке жету жолында қаржы қажет, ал кейбiреулерi парасатты ұстазға не адал досқа мұқтаж. Ал ендi бiреулерiне тек шығармашылық орта жеткiлiктi. Тума таланттар үшiн жоғары оқу орны – спорттан бастап бизнеске дейiнгi барлық идеяны жүзеге асыратын таптырмас орын. Өйткенi студенттiк өмiр – ата-ана құшағынан жыраққа кетiп, жылдам жетiлетiн шақ. Адам сол кезеңде өзiн тұлға ретiнде қалыптастырып, өмiрлiк мақсаттарын шыңдай бастайды. Кемеңгер кiсiлердiң арасында жүргенде қызықты да тың идеялар

Мен жақында Қытайдағы қазақ сайттарынан “Ғұлама ғалымға тағзым” атты мақала оқыдым. Нағыз тағзым, керемет естелiк. Мақала Марат Барманқұловты, оның өмiр жолын көз алдымызға әкелдi, оның фильмдерiн, ғалыми кiтаптарын зердемiзге салды. Мақала авторы М.Барманқұловтың шәкiртi әрi әрiптесi ғалым Әмiр Молдабеков екен. Риза болдым, мың алғыс мұндай шәкiртке. Ал бiз ше? Бiз М.Барманқұловтың еңбегiн дәрiптеуге тырысып жүрмiз бе? Әлде керiсiнше, атын өшiруге ұмтылып

Ресейде алдағы жылдан бастап абитуриенттер мен 1-курс студенттерi экстремизм қаупi бойынша тексеруден өтпек. Iшкi iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша құжат қабылдау кезiнде абитуриенттер мен 1-курс студенттерiне экстремизмге қатысты сұрақтар қойылған сауалнама қоса берiледi. Ресей билiгi жас талапкерлердiң экстремизм идеяларымен уланбағанын осылайша қадағаламақ. Бұл жүйенi алдымен

***
Аш бөрi оянғандай ұлып таңнан,
Боз боран ышқынып тұр, суық бар маң.
Топ қайың өрлеп келiп, қарға омбығып
Көтерем жылқылардай тұрып қалған.

Жалынан боз айғырдай ұстатпаған,
Не дейсiң боз боранға қысқы ақ табан?!
Сiресiп мұз құрсаған көл жиегiн,

Елiмiздiң баукеспе ұрылары төтенше жиналыс жасап жатыр. Әр облыстан келген “Жымқыру” партиясының делегаттары сөз сұрап, қиқуласып кеттi. Оңтүстiк Қазақстаннан келген атақты мал ұрысы Ұрыбай Қарақшыұлы сөз алды.
– Елiмiзде төменгi сатыдағы ұрыларға мүлде жағдай жасалмайды. Бiздi елемейдi де. Бiздi арнайы пәтер кезегiне қойды ма? Қыстың көзi қырауда халықтың малын ұрлап, тоңып, жадап-жүдеп жүргенiмiз сол. Бiздi марапаттап жатқан кiм бар? Журналистер мақтап емес, даттап, ар-намысымызды таптап, керек десеңiз қақтап жазады. Ал атақты, алпауыт ұрылар ше? Оларды шетелге қашырып жiберген. Миллиардтаған ақшаны бауырларына басып, қампиған қарындарын тыр-тыр қасып, шалқып өмiр сүрiп жатыр...
Одан кейiн Батыс Қазақстан облысының пәтер ұрысы Пәтербек Есiкбаев ашына сөйледi: – Мал ұрлайтын ағайындар! Сиырды атып ұрлағанды қойсаңдаршы! Ұры деген атымызға ұят қой? Әшейiн, сеспей қатыратын укол айдай салыңдар. Соған да миларың жетпедi ме! Мен де өз проблемамызды айтайын. Пәтер ұрлаушылардың да

Дала данышпаны, мемлекет қайраткерi, абыз баба, әйгiлi Әйтеке биге ескерткiш орнатылды. Қарабұтақ аулында (Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы). Биiктiгi 7 метр болатын Әйтеке бидiң ескерткiшi Қарабұтақ аулына кiреберiстегi үш жолдың тоғысына, “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық көлiк дәлiзiнiң Қызылорда бағытына және Қостанай бағытына

Сабаққа қызара бөртiп кiрген шәкiртiне налыған профессор оған мынадай сұрақ қойыпты.
– Егер есектiң алдына бiр шелек су және бiр шелек сыра қойса, есек соның қайсысын iшер едi?
– Әрине, суды

Қарағанды қаласындағы “Болашақ” университетiнде халқымыздың аяулы ұлы, адал перзентi, аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi, Қазақ үкiметiнiң тұңғыш төрағасы, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның биылғы 150 жылдық мерейтойына орай халықаралық ғылыми-тәлiмдiк конференция болып өттi. Конференцияда ҚР Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспондентi Мәмбет Қойгелдi,

ТМД-ының Парламентаралық ассамблеясы осыдан бiраз жыл бұрын Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлық тағайындаған-ды. Әдеби шығармашылық үшiн берiлетiн бұл сыйлық – ТМД кеңiстiгiнде үлкен беделге ие. Мiне, осы

Абайдың мұрасы – халқымыздың ескiрмейтiн, көнермейтiн рухани қазынасы. Ескiргенiңiз былай тұрсын, заман өзгерiп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын

 Алматылық “Қайраттың” шабуылшысы ивуарлық Жерар Гоудың клубпен жасасқан келiсiмшарт мерзiмi келесi жылдың желтоқсанына дейiн. Елiмiзде әлi де бiр жыл өмiр сүруiне болатын футболшы “Қайрат” жанкүйерлерiнiң сауалдарына жауап бердi. Былтыр да, биыл да ел чемпионатында соққан голдарының санын жиырмадан асырып, сұрмерген атанған Жерар Гоу “Қайратқа” бауыр басып қалыпты. “Клубтың басшысы Қайрат Боранбаев менiң әлi де осында доп тебуiмдi қаласа ойнаймын. Мен үшiн “Қайраттың” сапында соққан әрбiр гол ерекше ыстық. Алаңға шыққан сайын

“Астана арландары” клубы бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) 7-маусымын келесi жылдың ақпан айында бастайды. Жетiншi маусымда 12 команда үш топқа бөлiнiп сынға түседi. “Арландар” алғашқы айқасын Ресейде өткiзiп, клубтың боксшыларына қарсы тұрады. Серiк Сәпиев жетекшiлiк ететiн “Астана арландарының” жетiншi маусымда сайысқа

Қарағанды қаласында бокстан бiлiктi бапкер Ғалым Жарылғаповты еске түсiруге арналған халықаралық турнир мәресiне жеттi. Биыл бұл турнирге алғаш рет қыздар да қатысты. Бокстан қыздардың олимпиадалық салмағы (51, 60, 75 келi) бойынша сынға түскендер жүлдеге таласты. Екi дүркiн әлем чемпионы Назым Қызайбай 51 келiде топ жарып, финалда өзбекстандық Азизабон Мамырованы жеңдi. 60 келiде ақмолалық Карина Ибрагимова өзбек елiнiң

ҚР Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисi федерациянының президентi болып тағайындалды. Үстел теннисi федерациясының кезектен тыс конференциясы өтiп, жаңадан тағайындалған президент пен ұжымның алдына үлкен тапсырма жүктелдi. Үстел теннисiнен спортшыларымыз Олимпиада ойындарына биыл ғана қатысты. Кирилл Герасименко жолда алып Рио Олимпиадасына қатысқанымен, iрiктеуден