1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (16186) 29 желтоқсан, бейсенбі 2016

Он екi жылдан соң бiр айналып соғатын Мешiн бiзге не бердi деген сауалға жауап iздеуге әлi ерте. Себебi Наурыз келiп, Тауықтың дауысы естiлгенде ғана мерзiмi бiткен Мешiн тарих сахнасынан сырғып түседi. Оған дейiн әлi бақандай үш ай бар. Дегенмен жұрт 2017-нi қарсы алудың қамына кiрiскен бүгiнгiдей мерекелiк көңiл-күйдiң тұсында 2016-ның “келбетiнен” мешiнге тән “рең” iздеудiң ерсiлiгi жоқ секiлдi. Өйткенi кейбiр жағымсыз жағдаяттар жұртты күлкiге қарық қылып қана қоймай, ерекше таңданысын да тудырды. Және сол оқиғалар кiмнiң кiм екенiн

“ИМАНЖҮЗДIЛЕУ” ИНФЛЯЦИЯНЫ ҚОЛДАН ЖАСАҒАН СЫҢАЙЛЫ
Кейбiр сарапшылардың жазуына қарағанда, 11 айдың қорытындысы бойынша экономика 0,8 пайызға өскен. Ал ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев “өсiм жыл соңына дейiн 1 пайызға жетуi ықтимал” деп топшылайды. Жарайды өсiм 1 пайыз-ақ бола қойсын. Сонда осы ауыз толтырып айтатындай көрсеткiш пе? Мамандар 1 пайыздық көрсеткiш өткен ғасырдың 1994-1995 жылдары болғанын жазады. Осыдан бiздiң ұлттық экономика тоқсаныншы жылдардағы деңгейге түстi деуге негiз шығады. Айтпақшы, мемлекеттiң қолдауынан кейiн экономика 1 пайыз өсiмге қол жеткiзген. Қолдау болмаған жағдайда, -2 пайыздық көрсеткiшпен төмен

Көзiнiң тiрiсiнде конституциялық заң қабылдатпай-ақ, жалбақайлардың жағымпазданғанына салмай-ақ, қара халықтың өзi бiрауыздан Ұлт Көсемi атап кеткен жалғыз қазақ – Әлихан Бөкейханның Алаш үкiметiн құрған кезде жария еткен тұғырнамасы бар. Онда Алаш қайраткерлерi жаңа қазақ мемлекетiнiң iргетасы 5 идеядан тұратынын жазған едi. Және ең бiрiншi ұстаным – қазақтың қасиеттi жерi едi. “Жерсiз Отан жоқ” деген Алаш көсемiнiң ұйғарымынша: “Қазақтың байырғы жерiн қашан қазақтар өз бетiнше ғылым мен техникаға сүйенiп

Мешiн жылында дүйiм жұртты дүрбелеңге түсiрген жайттың бiрi – мектеп реформасы болды. Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиев мырзаның бұл тараптағы қиялы қырық құбылды. Оның 12 жылдық бiлiм беру жүйесiне көшу, жалпы бiлiм беретiн мектептерде ай сайын тест түрiнде емтихан алып тұру, бiр өзi бiрнеше пәндi қатар оқытатын әмбебап мұғалiмдер даярлау, оқу жылын шiлдеге дейiн созып, жазғы демалысты қысқарту, мектептердi мемлекеттiк мекемеден – шаруашылық есеппен жұмыс iстейтiн құқы бар аймақтық мемлекеттiк кәсiпорынға, былайша айтқанда, өз күнiн өзi көретiн мекемеге айналдыру сияқты шикiлi-пiсiлi долбарлары жұрт құлағын

Мешiн жылындағы Ақтөбе облысы жұртшылығын елеңдеткен оқиғалар – 30 сәуiрдегi Жер митингiсi және 5 маусымдағы террорлық акт. Атырауда, Ақтөбеде, Алматыда, Семей мен Қызылордада болған жер митингiлерi қазақ билiгiне қоғамдағы қарсылықты көңiл-күйдiң жалпыхалықтық сипатқа ауыса бастағанын айқын көрсеттi. Ал 5 маусымдағы 27 қылмыскердiң екi қару-жарақ дүкенi мен Ұлттық гвардияға шабуылынан соң елiмiзде террорлық акт болғанын ресми билiк бiрiншi рет мойындады. Ақтөбедегi теракт қазақ халқының билiктiң Қытайға жер саудасына қатысты қарсылығын басқа арнаға бұрып жiбердi. Мешiннiң дүрмегi ретiнде есте қалатын бұл екi оқиғаның

Кеңес Одағын қайта құруды көксейтiн Владимир Путиннiң посткеңестiк кеңiстiктегi жалғыз сенiмдi одақтасы — Қазақстан президентi Н.Назарбаев қана сияқты. Белоруссия президентi Александр Лукашенко “ауырып қалдым” деп сылтау да айтпастан Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚКҰ-ның дәстүрлi қорытынды саммитiне келмей қойды. Ал қырғыз президентi елдiң көзiнше еуразиялық интеграцияның iргетасын шайқалта жаздады. ЕурАзЭО-ның ең сүйектi екi құжаты: Кеден кодексi мен сауда-саттықты дамыту туралы келiсiмдерге қол қоюдан бас тартқан Алмазбек Атамбаев

2016 жылы билiк басында айтарлықтай ауыс-түйiстер болды. Және бұл ауыс-түйiстер қарапайым халықтың ықпалымен жасалды деуге негiз бар. Өткен күнге қысқаша шолу жасасақ, көктемде қайта сайланған ескi де, жаңа парламенттен кейiн халық жаңа үкiмет күткен едi. Бiрақ Ақорда да, парламент те ұзақ жыл үкiмет басында сүрленген Кәрiм Мәсiмовтен асқан премьер-министр таппады. Үкiмет құрамы iшiнара ғана жаңарып, Мәжiлiстен ұшып шыққан Дариға Назарбаеваның премьер-министрдiң орынбасары болуы жұрт iшiнде бiраз сөз шығарды. Алайда Дариға Назарбаева үкiметтi тiреп тұрған тұлға ретiнде көп жүре алмады. Анығында жүргiзбедi. Жүргiзбеген шеруге шығушылар. Сәуiр айының соңында жердi шетелдiктерге сатпау мен жалға беруге қарсылық ретiнде

Ызғарлы Желтоқсанның отыз жылдығы мен ел Тәуелсiздiгiнiң ширек ғасырлық мерейтойы қабаттасып, көпшiлiк қарбаласпен жүргенде желтоқсан бiздегi билiкке биыл тағы жайсыз соқты. Ақордаға жақпайтын жалқы емес, қос жаңалығын ала келдi. Оның бiрi — “бүлiкшiл” банкир Мұхтар Әблязовтiң бостандыққа шығуы. Екiншiсi — өмiрiнiң соңында “қашқын күйеу” атанған марқұм Рахат Әлиевтiң өлiмiне қатысты тың дерек.

ӘБЛЯЗОВТIҢ «ӘЛЕГI» ӘЛI ӘБIГЕРГЕ САЛАТЫН СЫҢАЙЛЫ
2013 жылғы шiлдеден берi темiрторда отырған М.Әблязовтi РФ-ның экстрадициялау жөнiндегi өтiнiшiне орай Франция премьер-министрi былтыр қыркүйекте Ресейге беру туралы шешiм
 

Ақтөбеде жергiлiктi кәсiпкер әрi дiни белсендi Санат Досов Ресей президентi Владимир Путиндi сынағаны үшiн үш жылға сотталды. Фейсбуктегi парақшасында С.Досовтың В.Путин саясатын жиi сынға алып, оны фашист ретiнде атағанын Қазақстанның қауiпсiздiк комитетi қоғамға қауiптi мәлiметтер деп тауып, “арандататын пiкiрi үшiн” қылмыстық iс қозғаған. Ақтөбенiң соты әлеуметтiк желiдегi пiкiрлерiмен 46 жастағы Қазақстан азаматы С.Досов “әлеуметтiк жiк салды” деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушыны кiнәсiн мойындағаны

Қадiрлi оқырман! 2016 жылдың соңғы – 104-нөмiрiн қолыңызға алып, кезектi рет дидарласып отырсыз. Бәрi жыл қорытындысын шығарып жатқанда, бiз де – журналистер мен газет шығарушылар – сiздердiң рухани қажеттiлiктерiңiздi өтей алдық па деген сұраққа жауап iздедiк.
1. “Жас Алаштың” қоғамдағы орнын қалай бағалайсыз?
2. Газеттiң ұстанған бағыты мен жарияланған материалдары көңiлiңiзден шықты ма?
3. Айтар тiлегiңiз бен ұсынысыңыз қандай? деген сауалдарға қайтарылған жауаптар төмендегiдей.

 

Күн санап, қысқы Универсиаданың ашылу салтанатына да жақындап қалдық. Екi апта бойы Алатау бөктерiн дүбiрлететiн айтулы спорттық жарысқа дайындалу туралы “Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-шi Дүниежүзiлiк қысқы Универсиадаға дайындалу және өткiзу жөнiндегi дирекция” мемлекеттiк қорының директоры Наиль Нуровтан сұрап

Қазақ халқының бiртуар азаматтарының бiрi, алаш арысы, ғалым, елiм, жерiм деп еңiреп өткен, кезiнде қараңғы қазақтың қара түнiнде жарық ай болып, болашаққа жол көрсеткен Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы елiмiзде неге лайықты түрде аталып өтiлмедi? Мiне, осы мәселеге байланысты “Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы неге ескерусiз қалды?” деген сұрақ менi әлi күнге мазалап келедi... Кешегi қызыл империя заманында “надан болдық”, “шындықты айта алмадық”, “мүмкiндiк бермедi” деп ақталдық. Ал бүгiн, тәуелсiздiк алғанымызға 25 жылдың жүзi

Менiң досымның азан шақырып қойған есiмi – Ғалым. Осыны кейбiр орыстiлдiлердiң ыңғайына бақсақ, “Ученый” деп ныспылаудан, не болмаса осылайша аударудан жүзi жанбайды. Олай дейтiнiм: Алматыда Абай мен Төлебаев көшелерiнiң қиылысында жер жаннаты Жетiсуды орысшаға аударып жазып қойған. Жер атын аударғандарға адам аты деген не тәйiрi?! Телеарналардың бiрiнен “Жетiсу-Семиречье” сауда комплексi” деген жарнаманы көзiм шалып қалды. Осы таяу күндерi ғана.

Менiң немерем қазақ балабақшасына барады. Балабақшаға барып жүрген бүлдiршiндер анда-санда бiздерге концерт қойып бередi. Әрине, тәрбиешiлердiң көмегiмен. Сонда бiр байқайтыным, бүлдiршiндерiмiз қазақтың әнiн айтып, биiн билемейдi. Көбiне, орысша ән айтады. Сонан кейiн өзбектiң, грузиннiң, Қапқаз халықтарының билерiн билейдi. Менiң немерем – 4-те. Қасындағы бүлдiршiндер де осы 4 пен 5 жастың аралығындағылар. Бұлар өзбектiң, грузиннiң, Қапқаз халықтарының биiн билеп, орыстың әнiн айтып, қай ұшпаққа жетпек? Оның мән-мағынасын да түсiнiп, ұғынып жатқан жоқ қой. Сондықтан да бұлардың буыны бекiгенше қазақша

Ерғали екеумiз ортақ достарымыз арқылы 1987 жылдың көктемiнде таныстық. Топ қыздың ортасында отырған менi көрсетiп, “мына қызбен таныстыршы” дептi. ...Көктемнiң бiр күнiнде құрбыма ерiп, бiздiң жатақханаға келгенi әлi есiмде. Студент дастарқаны белгiлi ғой, өзiмiзше iзеттiлiк көрсетiп, шай бердiк. Әңгiмемiз ә дегеннен-ақ жарасып кеттi. Мiнезi ашық, ойындағысын жасырмай айтады екен. Өте бiлiмдар көрiндi, шапшаң ойлайтындығы да ұнады. Нағыз жiгiтке тән мiнезi бар едi. Ол сол кезде ауылшаруашылық институтының

Адам бұл фәниде қанша өмiр сүрсе де өзiнiң елiне, жерiне, ұлтына, жұртына жасаған еңбегiмен еленедi. Қоғамға қосқан үлесiмен өлшенедi. Сондай адамның бiрi әрi бiрегейi – “Құрмет” орденiнiң және “Қазақстанның құрметтi құрылысшысы” атағының иегерi Ғалымжан Сейдахметұлы. Ғ.Сейдахметұлы – батаны, алғысты көп алған адам. Үлкеннен де, кiшiден де. Ата-анасына, бауырларына, туыстарына, таныстарына, жора-жолдастарына, көршi-қолаңға көмектескенi бiр бөлек, қыжалат көргендерге де, жетiм-жесiрлерге де көп жәрдемi тиген. Сүйеу болды. Тiреу болды. Сөйтiп, жұрттың алғысына бөленген Ғалымжан ағаны қазiр бала-шағасы, немерелерi алақандарына

Долы да долы, долы күн,
Жұртымның неге жолы мұң?
Билiктен бастап бәрiнiң,
Жалтақтық басқан көңiлiн.
Бiз – қазақ деген xалықпыз,
Заманы қалай құбылса,
Қисайтқан солай бөрiгiн.
 

Ендi бiр-екi күнде марқұм Зардыхан Қинаятұлының қырқы берiлмек. Осы айтулы күнге орай асыл азаматтың қайраткерлiгi, отаншылдығы, ғалымдығы туралы жазылған мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Зардыхан ағамен алғаш танысқанымнан берi 40 жылға таяу уақыт өтiптi-ау...
1980-жылдардың аяғы 1990 жылдардың басында Кеңес империясы ыдырай бастаған тұста, Кеңес елiмен 70 жылдай бiрге бiте қайнасқан Моңғолияда да саяси өзгерiстер орын ала бастады. Бұған түрткi болған жайт – Моңғолия халық революцияшыл партиясының Орталық комитетi жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясының бөлiм меңгерушiсi, философия ғылымдарының докторы

– Әй, оқымысты жиен, – дедi жасы сексендi алқымдап қалған Көбiк қарт үйiнде қонақта отырған Сандыбайға, – осы сен ғой, ғалымсың. Инстөтетте сабақ берiп, дүйiм жұртқа ақыл айтасың. Сен маған мынаны айтшы, мына заман, мына халiмiз күннен-күнге төменшiктеп, қайда шегiншектеп бара жатыр?Алдымызда не тұр?
– Нағашы, – дедi Сандыбай күлiмсiреп, – “көп екен көргенiмнен көрмегенiм, жақсы екен

Биылғы жылы командалық додада футзалшыларымыз табысты болды. Ақпан айында Сербияның Белград қаласында өткен Еуропа чемпионатында бiздiң құрама қола жүлдегер атанды. Одан кейiн

Тауық жылында қысқы спорт түрлерiнен де әлем бiрiншiлiгi өтедi. Шаңғымен жарысудан Финляндияның Лахти қаласында әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Биатлоншылар ақпан айында

Биыл өткен спорттық сайыстардың бастысы – Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасы. ХХХI жазғы Олимпиада ойындарына жолдама үлестiретiн лицензиялық турнирлерге қатысқан спортшыларымыздың алдына 100-ден аса жолдама олжалау мiндетi қойылған-ды. Спортшылар сенiм үдесiнен шыға бiлдi. Бразилия елi барын салып, сән-салтанатымен өткiзген Олимпиададан бөктергiмiзге 3 алтын, 5 күмiс, 9 қола медаль байланды. Рио Олимпиадасы да бұған дейiн